«Жамбыл орта мектебі» мм тақырыбы: (тәрбие сағаты) Өткізген:Қуанышова Д. О



бет2/2
Дата08.01.2024
өлшемі60.5 Kb.
#488641
1   2
Қарты бардың қазынасы ба

1 – жүргізуші
«Өткен менен кеткенді, көп жасаған қарт білер» деген нақыл сөздің мазмұнына үңілер болсақ, қариялардың болашақ үшін төккен тері мен еткен еңбектерінің зор екендігі баршамызға мәлім.
2 - жүргізуші
«Адам алдына қарап өседі, артына қарап ойланады»,- деп Ғ. Мүсірепов айтқандай, ата – дәстүрімізге зер салсаң, ежелден – ақ халқымыз балаларын үлкенге құрмет көрсетуге тәрбиелеген.
1 – оқушы
«Қарттардың адамдық осалдықтарына кешірімді бола біліңдер» Сухамлинский.
2 – оқушы
Қарт адамдардың үйретуге де, ақыл айтуға да қақысы бар. Бұл моральдық қақыны құрметтей біл» Сухамлинский.
3 – оқушы
Қартайған шағында өзіңді басқалар құрметтеу үшін жас кезіңде қауқары қайтып, сақал – шашы ағарған кісіге ізет қыл» Фарид – ад-дин Аттар.

Өткен менен кеткенді,


Көп жасаған қарт білер.
Ауылыңда қартың болса,
Жазып қойған хатпен тең.

Жер бастырмай баласын ,


Желкесіне мінгізген .
Өсіріп ар санасын,
Аталығын білгізген.

Балам бар деп марқайып,


Бар өмірін өткізген .
Қарт мұңлыққа шалқайып,
Болып жүрме тексізден .

Бала деген бал екен,


Бал дегенің бала екен.
Немеренің бойында
Бар жақсылық бар екен .
Туған балаң жай ғана ,
Демесеңде жат бөтен .
Нағыз бала ойласаң.
«Немере »екен,тәтті екен.
Ән: «Немерем» орындайтын Нуржан.Б
1-жүргізуші._Кеше_ол_да_дәл_сендей,_Жас_болғанын_ұмытпа_._Дүние_кезек_құрбылар._Қартардың_көңәлән_суытпа_._2-жүргізуші.'>1-жүргізуші.
Кеше ол да дәл сендей,
Жас болғанын ұмытпа .
Дүние кезек құрбылар.
Қартардың көңәлән суытпа .
2-жүргізуші.
Біздің аңыз бабаларымыз бүгінгі ұрпаққа ұлан-байтақ даланы,құс ұшырса қанаты талатын қазыналы жерді,ақыл парасат ,ойлы да арлы адамгаршілік қасиеттері арқасында ғана мұра етіп қалдырған.
1-жүргізуші.
Олардың өнегесін ұлағат тұтқан ұрпақтары да өмір көшінде бабалар арманын жалғастырып келеді. Болашағымыз деп өткен жетістіктеріміздің алтын қазығы қариялар ортамыздың берекесін артырып, аман есен жүре беріңіздер
Аталар-асқар таудай қорғанымыз
Аналар-саяси мол орманымыз
Қызығын ұрпағыңның көре берші
Жортқанда бола берсін жолдарыңыз
Осымен 1-қазан қарттар күні арналған мерекелік концертіміз өз мәресіне
жетті .

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет