Бүйректегі қан айналымының төмендеуі, рениннің шығуына және оның ангиотензин II айналуына алып келеді, бұл артоериолоспазмды одан әрі күшейтеді. Вазоконстрикцияның әрі қарай жалғасуы микроциркуляциялық капиллярлы арнаның өшуіне және қанның артерио - венулярлы шунттар арқылы кетуіне ықпал етеді. Капиллярлардың жалпы қан айналымынан шығарылуы, қан ағысының баяулауына, тұтқырлығының жоғарылауына, формалық элементтердің агрегациясына себепші болады. Оттегінің жетіспеушілігінен, тіндік зат алмасу анаэробты жағдайға ауысады, осының салдарынан метаболиттер (лактат, сутегінің иондары, кетоқышқылдар) жиналып, ацидоз дамиды.Өте айқын тіндік гипоксия мен ацидоздың әсерінен, жасушалық және тіндік құрылымдар бұзылады.
Достарыңызбен бөлісу: |