Жанамаласқан жарақаттар



бет7/21
Дата03.01.2022
өлшемі136.6 Kb.
#451398
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21
Жаракаттык шок

Жарақаттық шок - ауыр механикалық зақымдануға жауап ретінде,тамырлар жүйесінің микроциркуляциялық бөлімінің перфузиясының жедел бұзылуын айтады. Капиллярлы қан тамырларының кенеттен тарылуынан, тіндерге оттегінің, пластикалық заттар мен энергетикалық субстраттардың жетіспеуі, алмасудың соңғы өнімдерінің кері қарай шығуының бұзылуы дамиды. Осының салдарынан пайда болатын ағзалардың қызметінің бұзылуы, науқастың жедел өліміне алып келеді.

Жарақаттық шоктың пайда болу себебі туралы теориялар

Тамырларды қозғалту теориясы (Крайль) - жарақатқа жауап ретінде, шеткі тамырлардың рефлекторлы салдануының дамуымен түсіндіріледі. Сол себептен венозды арнада қанның жиналуына және АҚ төмендеуіне алып келеді.

Акапния теориясы (Гендерсон) ауыру сезімі пайда болғанда, өкпенің гипервентиляциясы салдарынан қанда СО2 деңгейі төмендейді. Ол метаболизм мен қышқыл-сілтілік жағдайдың бұзылыстарына, жүрек-тамыр жетіспеушілігінің дамуына, қанның тұрып қалуы мен метаболиттік ацидоздың дамуымен қатар жүретін гемодинамиканың және микроциркуляцияның бұзылыстарына алып келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет