сен енді іргеңді көтер, бөтен елге көш,– дейді. Жаман риза болып көшетін болады. Хан бірнеше түйеге жасау, асыл зат арттырып, Жаманды Ақша ханның еліне көшіріп салады. Жаман Ақша ханның елінде бір қадірлі адам болып тұра береді. Күндердің күнінде хан Жаманның сөзі көкейінен кетпей, шалқасынан шаңыраққа қарап, ойланып жатыр еді, қырық уәзір кіріп келеді. Хан басын көтеріп алып:
— Жау шапты, ел бүлінді, апат соқты. Осыны ойлап табыңдар! Болмаса, жазалаймын, – дейді. Уәзірлер ақылдасып, өздері таба алмайтын болған соң Жаманды іздеп барып, оған ханның айтқанын айтады. Жаман қырық уәзірді құрмет етіп болған соң:
— Жақсы, мен жауабын берейін. Хан мені ойлап, қапаланып жатқан шығар, қай-қайдағы есіне түскен шығар, сендерге де өкпесі болса керек. Сөйтіп жатқанда, ханның ордасының күлдіреуішінің бір басы шыққан болар. «Жаман болса, осыған бір нәрсе айтар еді, сынайын», – деп, сендерге айтқан ғой. Барып күлдіреуішінің басын салып берсеңдер, ханның қызметі тамам болады, – деп кеңес береді.
Уәзірлер ханға келіп:
— Тақсыр! Мына бір күлдіреуішіңіздің бас жағы шығып кеткен екен, соны салып берейік, – деп, рұқсат сұрайды. Хан рұқсат берген соң, күлдіреуішінің басын салып береді. Хан күліп:
— Мұны кім үйретті сендерге? – деп сұрайды. Уәзірлер шынын айтады, хан уәзірлеріне:
— Ол Жаман болса да, қысылғанда айла табатын ақылды, данышпан еді. Әркімнің пайдасына жарайтын еді. Сендер күндеп, ақырында екеумізді айырдыңдар. Егерде ол сендерге ақыл таппаса, сендер өлетін едіңдер. «Біреуге ор қазба, өзің түсерсің» деген мақал бар, – дейді. Қырық уәзір ханға жағамыз деп, ханның көңілін аулап, күнде ойын-той жасап жатса да, ханның көңілі көншімейді. Жаманды сағынады. Бәрі де Жамандай бола алмайды. Бір күні хан ерігіп, уәзірлерімен аңға шығады. Аң іздеп келе жатып, таудың етегінде қой жайып жүрген бір шалға ұшырап, сәлем беріп:
— Уа, ата, мына таудың басын қырау шалғалы неше жыл болды? – деп сұрайды.
— Бір жиырма жыл болған шығар, – дейді шал.
— Бұл
Достарыңызбен бөлісу: |