Жанр. Шешендік сөздер қазақ халқының даналық үлгісі


татулық, қадір-қасиет, адамдар арасындағы қарым-қатынастарға



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата15.11.2023
өлшемі63.25 Kb.
#483314
1   2   3   4
sesendik sozder qazaqtyn bi sesenderi sesendik sozderdin zanrlyq tekteri 1819

татулық, қадір-қасиет, адамдар арасындағы қарым-қатынастарға арналған. Мысалы,
«Кім жақын, не қымбат, не қиын?» деген сұраққа Қазыбек би аса тапқырлықпен былай
жауап берген екен:
Тату болса, ағайын жақын,
Ақылшы болса, апайың жақын.
Бауырмал болса, інің жақын,
Алдыңа тартқан адал асын –
Қимас жақын қарындасың.
Сыбайлас болса, нағашың жақын,
Адал болса, досың жақын.
Жан серігің жас кезіңнен
Бәрінен де әйелің жақын.
Алтын ұяң – Отан қымбат,
Құт-берекең – атаң қымбат.


Аймалайтын анаң қымбат,
Асқар тауың – әкең қымбат.
Мейірімді апаң қымбат,
Туып-өскен елің қымбат.
Ұят пенен ар қымбат,
Өзің сүйген жар қымбат.
Арадан шыққан жау қиын,
Таусылмайтын дау қиын.
Шанышқылаған сөз қиын,
Жазылмаса дерт қиын,
Іске аспаған серт қиын,
Ақылыңнан адасып,
Өзің түскен өрт қиын!
Қазыбек бидің шешендік сөздері бата, тілек түрінде де келеді. Мысалы,
Өркенім өссін десең, кекшіл болма, кесепаты тиер еліңе.
Елім өссін десең, өршіл болма, өскеніңді өшіресің.
Басына іс түскен пақырға қастық қылма, қайғысы көшер
басыңа.
Бүгін сағы сынды деп, жақыныңды басынба!
Қазыбек бидің сөздері мақал-мәтелге де айналып кеткен. Мысалы, «Бір қолың ұрысшы
болса, екінші қолың арашашы болсын», «Ашу – дұшпан, ақыл – дос, ақылыңа ақыл қос»,
«Жауға сілтер қаруыңды жақыныңа сілтеме»
Қазақ халқының әйгілі де айбарлы билерінің бірі Әйтеке Бәйбекұлы 1644 – 1700
жылдары өмір сүрген. Әйтеке деген есіммен ел арасына танымал болған бидің шын аты –
Айтық. Әйтеке би Тәуке ханның тұсында өмір сүріп, қазақ жұртының бір орталыққа бағынып,
іргелі ел болуына ісімен де сөзімен де зор үлес қосқан. Әйтекенің ел мүддесін көздеп


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет