Ұраны: Ұлтарақтай болса да Ата қонысы жер қымбат. Ат төбеліндей болса да Туып өскен ел қымбат. Мазмұны



бет1/4
Дата22.02.2016
өлшемі386 Kb.
#155
  1   2   3   4
Тақырыбы: АЛАШ ҚОЗҒАЛЫСЫ ЖӘНЕ АЛАШОРДА ҮКІМЕТІНІҢ ТАРИХИ ДЕРЕКТЕРІ
Ұраны:

Ұлтарақтай болса да

Ата қонысы жер қымбат.

Ат төбеліндей болса да

Туып өскен ел қымбат.

Мазмұны
Кіріспе....................................................................................................................3-8

І-тарау. Алаш қозғалысы мен Алаш партиясының құрылуы бойынша деректер

...................................................................................................................................9

1.1. Алаш қозғалысы және Алаш партиясының құрылуы.....................9-30

1.2. Алашорда үкіметінің қызметі мен күйреуі.....................................31-40

ІІ-тарау. Алаш зиялыларының қызметі мен ұлттық баспасөзде жарияланған

мақалалары...............................................................................................41

2.1. Алаш зиялыларының қызметі мен соңғы тағдыр жолдары..........41-60

2.2. Ұлттық басылымдағы зиялылардың жарияланған мақалалары...61-78

Қорытынды..........................................................................................................79-80

Пайдаланылған әдебиеттер мен сілтемелер………………...………………..81-83

Кіріспе

Жұмыстың өзектілігі: Қазақстан ұлттық мемлекетінің идеяларының қалыптасуы Алаш қозғалысының идеясынан және Алаш партиясының бағдарламасынан бастау алады. Алаш партиясының бастау көздері, Алашорда үкіметінің саяси рөлі және қазақ зиялыларының халық бостандығы жолындағы күресін және олардың ғылыми саяси еңбектерінің маңызын зерттеудің қажеттілігі өзекті болуда. Алашорда үкіметінің саяси процестегі ақ гвардияшылдармен және Совет өкіметі арасындағы қарым-қатынастары, Алаш зиялыларының Алаш қозғалысындағы рөлі толық зерттелмеуде. Қазақ автономиясын құрған кеңес өкіметі емес, Алашорда кеңесі мен Алашорда үкіметі болатын. Алашорда үкіметі 1917жылдың желтоқсан айында құрылды, ал 1919 жылдың желтоқсан айында оны кеңес өкіметі ресми мойындады.

1919 жылдың сәуірінде А.Байтұрсынов Қазақ Өлкелік революциялық комитетінің мүшесі болып бекітілді. 1920 жылы қазанда Қазақ АССР-і болып өзгертіліп, әкімшілік атқару комитеті қайта құрылды. Біздің тәуелсіздік алу идеямыз 1917 жылы желтоқсан айында құрылған Алашорда үкіметінің құрылуынан басталады1.[№1,85б.]

ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялылары бүкіл қазақ халқы атынан іс-қимыл жасай отырып, отаршылықтың нәтижесінде елді экономикалық және рухани дағдарыстан шығару жолын іздестірді, қазақ халқының мемлекеттігін қалпына келтіріп, халықты жалпы адамзат құндылықтарымен таныстыруға ұмтылды.

Жұмыстың мақсаты: Алаш партиясы және Алашорда үкіметінің саяси тарих процесіндегі рөлі мен қазақ зиялыларының қызметін деректік материалдар негізінде тарихи зерттеулер тұрғысынан көрсету. Тарихшы ғалымдардың тұжырымдамалары мен берген бағаларын анықтау. Алаш партиясы мен Алашорда үкіметіндегі қазақ зиялыларының атқарған еңбектеріне деректік мазмұн беру.


Жұмыстың міндеттері:

1.Алаш қозғалысы, Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің құрылуы және саяси рөлін тарихи тұрғыдан кезеңдеу.

2.Алаш қозғалысының бастау көздерін және Алаш партиясының бағдарламасын тарихшы ғалымдардың тұжырымдамалары негізінде мәнін ашып көрсету.

3.Алашорда үкіметінің заңдары мен іс-қағаз құжаттарына тарих, саясат тұрғысынан баға беру.

4.Қазақ зиялыларының қазақ мүддесін көтерген қызметтеріне тоқталу.

5.Қазіргі таңда жарық көрген әдебиеттер мен материалдар негізінде тұжырымдамалар жасау.



Жұмыстың дерек көздері:

1.Архив материалдарынан Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік архивінен алынған №19,25,33,317,643 қорлары Ресейдің Қазақстандағы отарлау саясатының барысы мен нәтижелерін терең түсінуге мүмкіндік беретін деректер мен ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінде сақталған 20-30 жылдардағы ОГПУ архиві ІІ томнан тұратын №124, IV томдық №06610 тергеу және соттау істері материалдары көп мәліметтерді толықтыра түседі2.[№2, 27б.]

2.Оңтүстік Қазақстан облыстық саяси қуғын сүргін құрбандарының мұражайынан алынған «Алаш-Орда» құжаты Алаш әскерін құру және атты әскер құрамы туралы мәлімет береді3.[№3,1-7б.]

3.ҚРШҚО Қазіргі заман тарихының құжатнама орталығынан Р-37қор, 1-тізбе,126-ісі Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметінің құжаттары мен кеңселік іс-қағаз бланктері, мөрі баспаханалық әдіспен басылған құжаттары алынды4.[№4,44-47б.]

4.Құжаттар мен материалдар негізінде Алаш қозғалысының құжаттары мен материалдар алынды. Бұл құжаттар жинағында 1913-1918жылдар арасында «Қазақ», «Сарыарқа», «Бірлік туы»баспасөздерінде жарияланған мақалалар топтастырылған. [5.]

5.Интернет сайт материалынан: http:// www. Egemen.kz\? act Ж.Самрат. Қазақтың Мемлекеттік Думаға сайлануы, http://www. iie freent kz\ gazag tarih 8html Қойгелдиев М. Мемлекеттік Думада қызмет еткен қазақ зиялыларының еңбегін талдап, терең зерделеу керек материалдары жарияланған5.[№6, сайт]

6.Бұқаралық ақпарат құралдары бойынша Саясат, Қазақ тарихы, Абай, Арай, Егемен Қазақстан газет-журналдарында жарық көрген тарихшы ғалымдардың, зерттеушілердің К.Нүрпейісовтың, М.Қойгелдиевтің, Е.Сайлаубайдың Алаш қозғалысына байланысты жарияланған мақалалары пайдаланылды6.[№7,6-9б.]

Жұмыстың зерттелу деңгейі (тарихнамасы): Алаш қозғалысының тарихы бойынша жазылған еңбектерді екі кезеңге бөліп қарастырамыз. Бірінші кезеңі: ХХ ғасырдың басынан бастап- 50жылдарға дейін жарық көрген әдебиеттер; екінші кезең: ХХғасырдың 50 жылдардан қазіргі заман тарихшылардың еңбектері жатады.

1.ХХ ғасырдың басында жарық көрген А.Байтұрсыновтың «Ревлюция және қырғыздар» мақаласы 1917жылғы қазан, ақпан революцияларын қазақ халқының қалай қарсы алуына өз бағасын беріп, Алаш автономиясын жариялау мен оның үкіметін құрудағы себептерді ашып көрсетіп, Алашорданың Уақытша Сібір үкіметі, құрылтай жиналысы комитеті (комуч) және Колчак билігімен қандай қарым-қатынаста болғандығы туралы өз пайымдауларын баяндайды.[8.]

2.С.Сейфуллиннің «Манап Шамиль» деген бүркеншік атпен жазылған «Қазақ интелегенциясы туралы» мақаласы «Қырғыз интелегенциясының арасындағы партиялық» және «Қазақстанның кешегі революционерлері» деген екі бөлімнен тұрады. Мақала 1905-1912 жылдары қазақ зиялылар қызметіне арнаған.[9.]

3.Алаш қозғалысының тарихын ресми тұрғыдан таптық және партиялық тұрғыдан А.К.Бочагов 1971жылы жарияланған еңбегінде Алашорданың контрреволюциялық мәні жөнінде, деректер негізінде совет өкіметіне қарсы етіп жазған.[10.]

4.1929 жылы Алашорда тарихына арналған құжаттар жинағын құрастырған Қазақ Өлкелік Комитетінің Насихат бөлімінің меңгерушісі Н.Мартыненко, кітап редакциясын Қазақ АССР Халық комиссарлар Кеңесінің төрағасы Ораз Исаев жасады. Кітапқа енген құжаттарға берілген түсініктемелерден коммунистік идеология мен таптық принцип тұрғысынан Алаш қозғалысына теріс баға берілген. [11.]

5.1935 жылы С.Брайнин мен Ш.Шафиро «Алашорда тарихы бойынша очерктер» атты кітабы жарық көрді. Кітап «Алаш қозғалысының бастау көздері», «1916жылғы көтерілістегі алаш интелегенциясының ролі», «Алашорда- ұлтшыл контрреволюцияның үкіметі» Алаш қозғалысының тарихын дәріптеушілікке қарсы деген бөлімдерден тұрады.[12.]

6.М.Шоқайдың «1917 жылғы естеліктерден үзінділер» атты еңбегі 1917 жылы бүкіл Рессейдегі, бірінші кезекте Түркістан өлкесімен Қазақстандағы саяси хал-ахуалды жан-жақты, әрі терең түсінуге мүмкіндік береді7.[№13,106-181б.] 7.Американдық зерттеуші Марта Олкоттың 1987 жылы Стэнфорт университеті баспасынан ағылшын тілінде жарық көрген «Қазақтар» атты монографиясы үш бөлімнен көне дәуірден ХХ ғасырдан бастап, 80жылдарға дейінгі Қазақстан тарихының басты мәселелерін қарастырған. Үшінші бөлімі 1917-1920 жылдарға арналған тарауында 1917 жылғы екі ревоюция мен азамат соғысы жылдарындағы Қазақстанға арналған.Алаш партиясы мен Алашорда қозғалысының тарихының әртүрлі кезеңдеріне , 1917жылы болған жалпы қазақ сьездеріне шолу жасады.[№14]

Тәуелсіздік алған жылдары тарихшы ғалымдарымыз архивте сақталған құжаттармен жұмыс істеуге қол жеткізді. Зерттеушілер бұл мәселені белсенді зерттеп, мерзімді баспасөз беттерінде ғылыми нәтижелерін жекелеген мақалалар топтамалары етіп жариялады. 8.К.Нүрпейісовтың «Алаш һәм Алашорда» еңбегі бойынша «Алаш» қозғалысының бастаулары, Алаш партиясының құрылуы, Алашорда мен Кеңес үкіметінің өзара қатынастары деген бөлімдерге бөліп қарастырған.[№2.]

9.М.Қойгелдиевтің «Алаш қозғалысы» атты монографиясында «1905-1916 ж.ж. қазақ зиялыларының қоғамдық саяси қызметі», «Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің құрылуы» бойынша тарауларға бөлініп қарастырылған.[15.]

10. М.Қойгелдиевтің «Ұлттық саяси элита. Қызметі мен тағдыры»[16.] 11.С.Өзбекұлының «Арыстары алаштың: тарихи очерктер» еңбектері қазақ зиялылардың өмірі мен қызметіне арналған көлемді шығармалар қатарына жатқызамыз8.[№16,24б.]

12.Г.Дулатова, С.Иманбаеваның «Міржақып Дулатұлы» еңбегі М.Дулатұлының қазақ баспасөзінде жарияланған «Жер мәселесі», , «Алаш азаматтарын», «Қайтсек жұрт боламыз» т.б. мақалалары топтастырылып, авторлар әр мақала бойынша түсініктеме берген9.[№17, 44-46б.]

Жұмыстың мотодологиялық негіздері: Алаш қозғалысы, Алаш партиясының құрылуы мен Алашорда үкіметінің тарихын және қазақ зиялыларының ұлттық идеяларын жандандыруға байланысты күресін тарихилылық, партиялық, обективтік принциптерге сүйеніп, тарихи-салыстырмалық, проблемдік және нақты логикалық анализ әдістері арқылы зерттеулік жұмыстар жасалынған. Қазіргі таңда тарих ғылымында тарихи процестерді бағалауда тақырыпты хронологиялық шегін анықтауда ғалымдардың тұжырымдамалар негізі ретінде алынды. ҚР тұжырымдамасы Алаш қозғалысының ұлттық идеясы методология ретінде алынған. Дүние жүзінде Ұлттық тарихи мектептердің тарихи оқиғаларды баяндауда өркениеттік, мәдениеттік, фармациялық принциптер негізінде баяндалған. Алаш қозғалысы және Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің методологиясы осы принциптерге сүйеніп, қазақ ұлттық идеяларын негізі ретінде асырылған, бағаланған. Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметін сипаттап бағалауда тоталитарлық, модернизациялау, кооперативтік клиентализмдік топтардың идеясы тұжырымдамалық моделдер арқылы зерттеп баяндалған.

Жұмыстың құрылымы: кіріспе, екі тараудан: бірінші тарауы Алаш қозғалысы мен Алаш партиясының құрылуы бойынша деректер деп аталып мынадай бөлімнен тұрады: Алаш қозғалысы және Алаш партиясының құрылуы, Алашорда үкіметінің қызметі мен күйреуі. Екінші тарау: Алаш зиялыларының қызметі мен ұлттық баспасөзде жарияланған мақалалары Алаш зиялыларының қызметі мен соңғы тағдыр жолдары, Ұлттық басылымдағы зиялылардың жарияланған мақалалары бөлімдерінен және қорытынды бөлімінен тұрады.


І-тарау. Алаш қозғалысы мен Алаш партиясының құрылуы бойынша деректер

1.1. Алаш қозғалысы және Алаш партиясының құрылуы.

Рухани жұбанышымызға орай, «ағылшын экономикасы», «француз утопиясы», «неміс философиясы», «славян идеясы» іспетті ұлттың саналық рухани болмысын анықтайтын «Алаш идеясы» қазақ топырағында да аса күрделі жағдайда қалыптасты. Ұлттық азаттығың, рухани тәуелсіздігің, жерің-Отаның, тілің- құдіретің, тарихың-тағдырың, саяси бас бостандығың мен экономикалық дербестігің – Алаштың Азаттығында дейтін Ортақ ұлттық мүддені ұран еткен, оны жүзеге асырған Ұжданды Ұлдар туды10. [№1, 87б].

XX ғасырдың бас кезінен өрістей бастаған қазақ қауымына тән қоғамдық қозғалыс өз алдына буржуазиялық-демократиялық мәні бар жалпыұлттық мақсат-міндеттерді: ұлттық тең құқылық, халықтың мәдениетін көтеру, оқу-ағарту ісін жетілдіру, әйел теңдігін қамтамасыз ету, көшпелілерді отырықшыландыру сияқты міндеттерді қойды. Басқа сөзбен айтқанда бұл істің басы-қасында болған жаңадан қалыптаса бастаған қазақтың ат төбеліндей аз ғана тұңғыш интеллигенттері жалпы ұлттық сұраныстарға жауап беруге және оларды шешуге тырысты.

Бірінші орыс революциясы дүмпуі Ресей империясының шет аймақтарында да ұлт-азаттық қозғалыстың өрши түсуіне әсер етті. Осы жылдары қазақ зиялылары жалпы ұлттық мүдде арнасында іс-әрекеттерге көшіп, ұлттық бірлікті орнықтыруға, әрі тәуелсіздік жолында ұлттық, мұсылмандық, түркілік бірлік идеясы негізінде діндес, бауырлас, тағдырлас елдер өкілдерімен бірлесе кіріскенді11.[№19, 4б].

Олардың саяси көзқарастарының қалыптасып, қоғамдық-саяси қызметке араласуына бірінші орыс революциясы белгілі дәрежеде ықпал жасады. Мәселен, 1903-1909 жылдары Петербургтегі әскери-медициналық академияда оқыған, кейін Алаш козғалысының белгілі жетекшілерінің-бірі болған Халел Досмұхамедовтың саяси көзқарасының қалыптасуы мен саясат саласында белсене көріне бастауы оның осы Петербургте өмір сүрген кезеңіне дәл келді. Бұған Халел Досмұхамедовтың 1931 жылғы қыркүйектің 14-інде ОГПУ-дің тергеушісіне өз қолымен жазып берген мәлімдемесі дәлел бола алады. "Мен, — деп жазды өз мәлімдемесінде Халел Досмұхамедов, — Петербургке бірінші орыс революциясының қарсаңында келдім. Бұл кезде демократиялық күштер, оның ішінде студенттер қауымы да, жиі-жиі наразылық білдіріп жататын. Қым-қиғаш студенттік өмірге араласумен қатар саяси білімімді жетілдіруге кірістім. Әртүрлі саяси партиялардың бағдарламаларымен таныстым... Мені және басқа қазақ студенттерін ешбір саяси партия бағдарламасы қанағаттандырмады. Социал-демократтар тек қана жұмысшылар туралы айтса, социал-революционерлер шаруалар жөнінде сөйлеп жататын Кадеттер орыс халқының ұлылығы жөнінде сайрап, басқа халықтар туралы жұмған аузын ашпайтын, ал оңшылдар болса орыс емес халықтарды жамандап, оларды қудалаумен болатын. Сол кезде жолдастарыммен бірге митингіге кездейсоқ тап болғанымызда сонда сөйлеген Милюковтың айтқан сөздерін осы күнге дейін ұмытқан жоқпын. Ол "патша үкіметі орыс емес халықтарды аса дөрекілікпен және үятсыздықпен қанап отыр" деп еді ...

1905-1906 жылдары мен кейбір қазақ студенттерімен бірге Орал қаласында үгіт жұмыстарын жүргізіп, халықка елде болып жатқан оқиғаларды түсіндірдім. "Фикр" және "Уральский листок" газеттерінде мақалалар жарияладым. 1906 жылы қырдағы ауылдарды аралап жүргенімде полицляның көзіне іліктім де саяси жұмыс жүргізуіме тиым салынды12.[№20].

Бұл құжат қазақ интеллигенциясының алғашқы легінің Халел Досмұхамедов, Әлихан Бөкейханов, Мұметжан Тынышбаев, Жақып Ақбаев, Жаһанша Досмұамедов сияқты белгілі өкілдерінің көпшілігі ғасыр басындағы Россияда орын алған саяси хал-ахуалға сергектікпен әрі сын көзімен қарағандығын, ал содан кейін барып қандай саяси ұйымнан үлгі алу мәселесін шешкендігін көрсетеді.

Солардың алғашқы көрінісінің бірі 1905 жылдың соңында Орал қаласында өткен Ә.Бөкейханов, Жаһанша Сейдалин, М.Дулатов, Б.Қаратаев, Б.Сыртанов сияқты қазақ зиялылары өкілдерінің "бес облыстық делегаттар съезі" аталған бас қосуда жасаған "қазақ конституциялық- демократиялық" партиясын құру жөніндегі әрекеті болды. Бұл әрекет сол кезде Петербургте оқуда болған Халел Досмұхамедов тарапынан да қолдау тапты.

Демек, бірінші орыс революциясы жылдарында Ә.Бөкейхановтың төңірегіне топтасқан қазақ зиялылары өздерінің саясатқа араласқан алғашқы қадамдарында сол кезде патша үкіметіне оппозицияда болған кадеттер пар-тиясын өздеріне белгілі дәрежеде үлгі тұтты.

Бұл пікірімізді Әлихан Бөкейхановтың 1910 жылғы жарияланған "Қырғыздар" (қазақтар — авт.) атты әйгілі мақаласындағы ой — тұжырымдары растай түседі13.[№21,14б]. Бұл мақала 1910 жылы Петербург қаласында А.И.Костелянскийдің редакциясымен жарық көрген "Формы национального движения в современных государствах" деген кітапқа енген болатын. "Қырғыз (қазақ — авт.) халқының арасында, — деп жазды Ә.Бөкейханов осы еңбегінде, — саяси партиялар әлі пайда бола қойған жоқ ... орыстандыру саясатының ауыртпалығын көтерген басқа шет аймақтардың халықтарындай, қырғыз халқы да үкіметке қарсы пікірде және орыстың оппозициялық партияларына көңіл қояды. Жақын болашақта қырғыздар арасында қалыптасып келе жатқан екі саяси бағытка сай екі саяси партия құрылуы мүмкін. Оның бірін ұлттық-діни бағыттағы деп атауға болар, ал оның мақсаты қырғыздарды басқа мұсылмандармен біріктіру болмақ. Екіншісі қырғыз келешегі кең мағынадағы батыс мәдениетін енгізуге байланысты деп есептейтін бағыт. Бірінші бағыт мұсылман — татар партияларын үлгі тұтар, екіншісі — оппозициядағы орыс партияларын, атап айтқанда, халық бостандығы партия-сын үлгі етпек". Осы үзіндіден анық көрініп тұрғанындай, XX ғасырдың алғашқы он жылдығында Ә.Бөкейханов пен оның пікірлестері қазақтың ұлттық саяси партиясын әуел баста патша үкіметіне оппозицияда болған либералдық орыс буржуазиясының өздерін халық бостандығы партиясы деп анықтаған конституциялық демократтардың (кадеттердің) үлгісінде құруға бейім тұрғандығын аңғару қиын емес.

Европа мәдениетінжәне оның озық ойлы саяси-құқықтық ой-пікірлерін Ресей университеттерінде білім алу арқылы меңгерген қазақ зиялылары Ресейдің оппозициялық партиялардың ықпалы арқылы парламенттік, өкілетті демократиялық тетіктермен танысып, қоғамды реформаторлық, эвлюциялық даму жолымен жетілдіруді қабылдағандарға бір табан болса да жақын болды14.[№17,29б]. 1905 жылдың күзінде Ақмола облысының орталығы Омбы қаласындағы митингтен кейін Ж.Ақбаев Павлодар — Қарқаралы бағыты бойынша үгіт жүргізу сапарына шықты. Осы сапар барысында ол 1905 жылы қарашаның 7-сінде Павлодарда болған қалалық митингіде бостандық идеясын уағыздаған және жергілікті әкімшілікті қайта сайлауды талап еткен сөз сөйледі, осы мазмұнды сөздерді ол қарашаның 11-інде Баянауылда, 14-інде Қарқаралыда көп адам қатынасқан жиналыстарда да айтты. Қаркаралыдағы митинг 14,5 мың адам қол қойған Россия министрлер кеңесінің төрағасы С.Ю.Виттенің атына жолданған петиция (арыз-тілек, арыз-талапты) Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Жақып Ақбаев сияқты ұлттык-либералдық қазақ зиялылары дайындағаны айдан анық. Петицияда патшаның 1905 жылы қазанның 17-сінде жарияланған Манифесінде халыққа бсргсн уәдслсрдің орындалуы, ал қазақ өлкесі жағдайында жер мәселссінің әділ шешілуі, халықтың өшпснділігін тудырған патшаның жергілікті озбыр чиновниктерінің аластатылуы қазақ тілінде ұлттық басылым-дар шығару, т.с.с. талап етілді. Осы петиция туралы және оны дайындап, көптеген адамдарға қолдатудағы Ахмет Байтұрсыновтың ерекше еңбегін жоғары бағалаған Мұхтар Әуезов 1923 жылы жазган "Ахаңнын елу жылдық тойы" деген мақаласында былай деп баса керсетті: "1905 жылы Қарқаралыда Ақаңмен басқа біраз оқығандар бас қосып, кіндік хүкіметке қазақ халқының атынан петиция (арыз-тілск) жіберген. Ол петициядағы аталған үлкен сөздер: бірінші — жер мәсслесі. Қазақтың жерін алуды тоқтатып, переселендерді жібермеуді сұраған. Екінші — қазақ жұртына земство беруді сұраған. Үшінші — отаршылардан орыс қылмық саясатынан құтылу үшін, ол күннің құралы барлық- мұсылман жұртының қосылуында қазақ жұртын муфтиге қаратуды сұраған. Петициядағы тілек қылған ірі мәселелер осы. Ол күндегі ой ойлаған қазақ баласының дертті мәселелері осылар болғандықтан, Ақандар бастаған іске қыр қазағының ішінде тілеулес кісілер көп шыққан, көпшіліктің оянуына себепші болған'".

Б.Нәсенов пен А.Исиннің «1905 жылғы Қарқаралы петициясына және патшаға жіберілген телеграммаға қол қойған қайраткерлер» мақаласы Орталық мемлекеттік мұрағатынан алынған және тың деректер береді15.[№22,26-29б] Құжаттар топтамасы «Дело об агитации среди киргиз Каркаралинского и Павлодарского уездов о посылке в Петербург депутатции для представления от киргизского народа петиции царю» деп аталады. Петицияға қол қойған қайраткелер: Павлодар уезі Атағазы болысының қазағы Омархан молда Мүсәпіров, Семей уезі Сейтен болысынан Темірғали Нұрекенов және Қарқаралы уезі едірей болысынан Апық Жолшарин.1905 жылдың 21 шілдесінде Қарқаралы уезінің бастығы халық өкілдігіне (Мемлекеттік Дума) уезд қазақтарынан Ә.Бөкейханов пен Ж.Ақбаев сенім өкілдері ретінде белгіленгендігі туралы хабарлайды.

1905-1907 жылдар Қазақстанның саяси өмірі мен ұлттық интеллигенциянын тарихында І жәнс II мемлекеттік Думаға сайлауға дайындық пен оны өткізуге байланысты оқиғалар ерскшеленді. Бұл науқандарға ұлттық интеллигенцияның белгілі өкілдері белсенді түрде араласты.Бұл тақырып көптеген ғалымдарымыз зерттеп, өздерінің үлкенді-кіші еңбектер жазды.Солардың ішінде Ғ.Ахмедовтың таңдамалы шығармасы осы тақырып бойынша жазылған деректер болып отыр16.[№23,204-211б.]

І Мемлекеттік Думаға Семей облысынан депутаттыққа түскен Ә.Бекейханов кептеген кедергілерді және отырып, депутат болып сайланды.

Алайда Ә.Бекейханов небәрі бірнеше ай ғана I Мемлекеттік Думаның депутаты болды, тіпті ол оның бірде-бір мәжілісіне қатынасып та үлгерген жоқ. Өйткені ол I Дума өз жұмысын бастаған кезде Омбы генерал-губернаторының негізсіз жарлығымен үш айлық мерзімге Павлодар абақтысына отырғызылған болатын.

Өз жұмысын 1906 жылы сәуірдің 27-сінде бастаған I Мемлекеттік Думаны Николай II патшаның тікелей нұсқауымен елдің ішкі істер министрі П.Столыпин шілденің 9-нда күштеп таратып жіберді. Ә.Бөкейханов Петербургке Дума таратылғаннан соң жеткен еді. Патшаның осы әділетсіз жарлығымен келіспеген мемлекеттік Думаның либералдық, және социалистік ағымды жақтайтын депутаттарымен бірге Ә.Бөкейханов Финляндияның Выборг қаласына келіп, онда "Выборг манифесі" аталған наразылык, үндуіне қол қояды. Онда патша жарлығына наразылық ретінде халық жеңіл түрдегі қарсылық жасауға: салық төлемеуге, әскер қатарына адам бермеуге, т.с.с. шақырылды. Полиция осы үндеуге қол қоюшыларды, олардың қатарында Әлихан Бөкейхановты да тұтқындады.

Екінші Мемлекеттік Дума депутаттары қатарында Ақмола облысынан Ш.Қосшығұлов, Орал облысынан Б.Қаратаев, Торғай облысынан А.Бірімжанов, Жетісу облысынан — М.Тынышбаев, Семей облысынан — Норакенов те болды.

II Мемлекеттік Думаның аз-ақ уақыт (1907 жылгы акпанның 20-сынан маусымның 2-сіне дейін) жұмыс істегеніне қарамастан, оның қазақ депутаттары Россия парламентін өлкедегі жағдайдың шындығын жеткізуде мүмкін болғанның бәрін істеді. Осыған орай Бақытжан Каратаевтың II Мемлекеттік Думаның 1907 жылы мамырдың 16-сында өткен мәжілісінде сөйлегсн сөзін ерекше атау керек. Өзіне берілген 10 минут ішінде столыпиндік аграрлық реформаны, оның негізгі бағыттарының бірі — Орталық Россиядан Қазақстанның далалық облыстарына орыс шаруаларын жаппай көшіру ісін әшкерелеп, мұны Қазақстан мен Орта Азияны отарлауды күшейтетін және жергілікті халықтарды тонауды шырқау шегіне жеткізетін мемлекеттік саясат ретінде айыптады.

Б.Қаратаев өз сөзінде қазақ депутаттарының орыс шаруаларының "... жерге мұқтаждықтарын жақсы түсініп, сезетіндерін" айта келіп, Қазақстанда қоныстанушыларға "ығысып бере қоятын" "басы артық" жердің өте аз екендігін ескертті. Сонымен қатар ол "қоныстандыру қазіргі кездс қырғыз-қайсақ халқын көшіріп жіберумен қат-қабат жүргізіліп жатқанын ... қырғыздарды жерінен емес, олардың тұрғын үйінен көшіріп жатыр" деп мәлімдеді. Б.Қаратаев патша үкіметінің осы саясатының нәтижесінде қазақтар өз ата қонысынан жаппай айырылып, өз жерінде босқындарға айналып отырғандығын ашық қанады. Сондықтан да деді ол Мемлекеттік Думадағы қазақ өкілдері үкіметке оппозициядағы фракциялдрдьң бәріне іш тартып отырды17.[№6, сайт.] 1-кесте.

І Мемлекеттік Думаға сайланған депутатар тізімі.

ІІ Мемлекеттік Думаға сайланған депутаттар тізімі.

Семей облысынан-Ә.бөкейхан,

Торғай облысынан-А.Бірімжан,

Орал облысынан-А.Қалменұлы,

Ақмола облысынан-Ш.Қосшығұлұлы,

Жетісу облысынан- М.Тайынұлы,

Астрахан губерниясынан-Б.Құлманұлы мен ДәуітНоян-Тұндұт ,

Уфа губерниясынан- С.Жантөре.


Ақмола облысынан-Ш.Қосшығұлұлы,

Торғай облысынан-А.Бірімжан,

Семей облысынан-Т.Нұрекенов,

Жетісу облысынан- М.Тынышбаев,

Сырдария облысынан- Т.Аллабергенұлы,

Орал облысынан-Б.Қаратаев,

Астрахан губерниясынан-Б.Құлманұлы


1905 жылы желтоқсанда Оралға кадеттердің Орталық комитеті басшыларына етене таныс Әлихан Бексйханов,оған бас иуші Ж.Сейдалин, жетісулықтар атынан Б.Сыртанов және М.Тынышбаев келді. Қазақ интеллигенциясының аға, орта және жас буынының екілдері бас қосқан осы мәжілісте (жоғарыда айтылғандай, "Қазақстанның бес облысы өкілдерінің бас қосуында") Россиялық кадеттер партиясының үлгісімен қазақтың ұлттық саяси ұйымын құру әрекетін жасалды .

Жаңадан дүниеге келген осы саяси ұйымның жетекшісі болып Ә.Бөкейханов бір ауыздан мойындалды. Зерттеуші Қойгелдиев өзінің Ә.Бөкейханов туралы зерттеуінде: қазақ кадеттерінің бағдарламасы... сол кезде Оралда Камиль Тухватуллиннің басқаруымен шығып түрған "Фикер" газетінде жарияланған", — дей келіп, "онда қазақ жерін бүтіндей сол елдің меншігі етіп жариялайтын заң қабылдау, ішкі Ресейден көшіп келіп қоныстану толқынын тежеу, кедей жұмысшыларға еркіндік, теңдік беру, оларға пайдалы заңдар шығару, қазақ балалары үшін мектеп, медресе, университеттер ашу туралы, , т.с.с. талап-тілектер айтылған", — деп жазды18.[№7,7б.] Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов 1913 жылдан бастап Орынборда жалпы ұлттық биресмилік "Қазақ" газетін шығара бастады. Көп ойланудын, жақсы дайындық жұыстарының нәтижесіндс дүниеге келген осы газет бірден жалпы ұлттық мәнге ие болған басылымға айналды. Оны Қазақстанның барлық аймақтарының өкілдері жаздырып алып оқи бастады. Газет 1913 жылы ақпанның 2-сінн 1918 жылы наурызға дейін шығып тұрды. Осы кезеңде оның 265 саны жарық көрді. Алғашқы жылғы оның таралымы 3 мың дана болса, кейінгі жылдары 8 мыңға жетті. "Қазақ" газеті алғашқы санынан бастап халықты ағарту, онңн саясатқа деген ынтасын арттырып, тарихи зердесін ояту және ұлттық сана-сезімді тәрбиелеу міндеттерін қойды.

Бірінші дүние жүзілік соғыстың басталуы, оған байланысты отарлық езгінің күшеюі, соғыс мұқтатдарына жиналатын алым-салықтардың қисапсыз өсуі "Қазақ" төңірегіене топталған ұлттық-демократиялық интеллигенцияның жағдайын күрделендірді. Соғысқа оның барысында 1916 жылы майданның қара жұмыстарына Қазақстан мен Орта Азияның жергілікті халықтарының өкілдерін шақыру жөніндегі патша жарлығына жән осылардан туындаған салдарларға байланысты өз көзқарастары мен позицияларын анықтау ұлттық-де-мократиялық қазақ интеллигенциясы үшін оңай болған жоқ.

Қазақ қауымында патшаның маусым жарлығы мен көтеріліске көзқарас бірдей болған жоқ ауылдың феодалдық-байшыл билеуші тобы мен жергілікті әкімшіліктің ("Туземная администрация") белгілі бөлегі патша жарлығын толығымен қолдап, оны белсенді түрде жүзеге асырушылар болды; қазақ интеллигенциясының радикалды батыл іс-қимылға бейім аз ғана өкілдері (мәселен, Тоқаш Бокин, Жанабай Ниязбеков, Тұрар Рысқүлов, Әубәкір Жүнісов, Әліби Жангелдин, Сейітқали Меңдешев, Бәймен Алманов т.б.) халықты қарулы көтеріліске шакырып, оған өздері де қатынасты.

Ал "Қазақ" газетінің төңірегіне топтасқан либералды-демократиялық интеллигенция өкілдерінің жетекшілері (мәселен, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов) патша жарлығы мен 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысына байланысты радикал интеллигенттер сияқты батыл әрекеттерге бара қойған жоқ. Олар, бір жағынан, халықты жарлықты орындауға қарсы шықпауға үгіттеп, оны орындамаған жағдайда қазақтар қантөгіске ұшыруы мүмкін деп санады және осыған байланысты үлкен аландаушылық білдірді19. [№24,150б.]

«Қазақ» газеті 1916 жылы шілденің 6-сындағы санында патшаның жарлығы — ақиқат, сондықтан оған қарсы тұруға болмайды, деп жазса, сол жылғы тамыздың 11-індегі санында Ә.Бөкейхановтың, А.Байтұрсыновтың және М.Дулатовтың атынан халықты ешбір қарсылықсыз патша жарлығын орындауға шақырды, ал бұлай етпеген жағдайда үкімет органдары елге жазалаушы жасақтарын шығарып, қантөгіске дейін баруы мүмкін деп сақтандырды. "Қазақ" газетінің 1916 жылғы 192-ші санында осы үш қайраткер "Алаштың азаматы" деген мақала- хаттарында:" ... қазақ қарсылық қылса, елге отряд шығады, отряд шықса, елдің берекесі кетеді, бас пен малға әлегі бірдей тиеді, елдің іргесі бұзылады", — дей келіп, қантөгіс болдырмау үшін халықты патша жарлығын орындауға шақырды. Осы газеттің 1916 жылы 207-санында "Торғай һәм Ырғыз уезінің халқына" арналған Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Сейітәзім Қадырбаев және Мүхамедияр Түңғашин қол қойған үндеу мақала жарияланды. Онда атап айтқанда былай делінді: "... біздің Торғай һәм Ырғыз уездерінен қазанның 15-інен бастап кісі алынбақшы еді, жастар келмеді. Сондықтан елге неше мың әскер зеңбірек шығып тұр ... көнбесеңдер Жетісу, Жизақтың күні сендердің де бастарыңа туады. Қырғын болады, босқа кан төгіледі, шаруа күйзеледі ... Қатын-бала бір қырылады, жігіт екі алынады... Бұл хатты жазушы біздер — өз балаларың, тумаларың. Бұл Кеңес осыған дейін айтылып жүргендей патша жарлығы шығысымсн "қазақтың буржуазияшыл ұлтшылдарының лидерлері ... өкімет органдарына көмек көрсету"' үшін шақырылған жоқ, керісінше, мүмкіндік болғанша қазак, жігіттерін майдан жұмыстарына жіберуді кешеуілдетудің жолдарын іздестіруге, ал майдан жұмысына алынғандар мен олардың отбастарына мемлекет тарапынан жеңілдіктер жасау мүмкіндіктерін қарастыруға арналды20.[№25,45б.]

Бұған архив қорларында сақталған және бірнеше рет жарияланған жоғарыда айтылған Қазақстанның бес облыс өкілдері мәжілісінің 1916 жылғы тамыздың 7-сінде жазылған хаттамасы дәлел бола алады.

Патшалық үкіметке тапсырылған осы қүжатқа мәжілістің төрағасы Ә.Бекейханов және оның хатшылары О.Алмасов пен М.Дулатов қол қойған.

Осы қүжатқа байыппен баға берсек, кейінірек (1917, жылғы шілдсде) "Алаш" партиясын кұрып, Алашорда үкіметін үйымдастырған (1917 жылғы желтоқсанда) қазақтың көрнекті зиялылары патшаның маусымның 25-дегі жарлығын сөз жүзінде қолдап, ал іс жүзінде оған қарсы болғандықтарын аңғару қиын емес.

Осының бәрін керіп, біле отырып, ең бастысы халықтың дәрменсіздігін, қарусыздығын ескере отырып, біз казақ халқын өкіметке қарсылық керсетпеуге шақырдық. Өйтпеген жағдайда қазақ даласы қанға бөгер еді деп санадық. Қазіргі кезде кейбір жолдастар ... сол кезде қазақ интеллигенциясы көтеріліеті басқара алмады ... патша үкіметінің соңынан ерді, онымен бірге әрекет жасады деген сияқты пікірлер айтады. Менің ойымша сол кездегі жағдаймен жақсы таныс адам осылай айтпаған болар еді.

Қазақ еңбекшілерінің 1916 жылгы ұлт-азаттық қозғалысы 1917 жылғы ақпанда жеңіске жеткен буржуазияшыл-демократиялық революцияға ұштасты.

1917 жылы ақпаннын 27-сінде басталған Петроградтың солдаттары мен жұмысшыларының стихиялық көтерілісі нәтижесінде монархия құлатылып, елде республикалық тәртіптің орнатылуы бүкіл елдегі, оның ішінде Қазақстандағы қоғамдық-саяси жағдайды түбірімен өзгертті.Қазақ зиялыларының ұлттық интеллигенция өкілдерінің жаңа өмір құру ісіне белсенді түрде араласа бастауы елдің жоғарғы басшылығы тарапынан қолдау тапты. Уақытша үкімет жаңадан құрылып жатқан қазақ комитеттерін өлкедегі өзінің аса маңызды тіректерінің бірі деп есептеді. Уақытша үкімет құрыла салысымен Әлихан Бөкейханов 1917 жылы наурыздың 3-інде онын Торғай облысындағы комиссары болып тағайындалды. Сонымен қатар ол сәуірдің 7-сінде Уақытша үкіметтің Түркістан комитетінің мүшесі болып бекітілді. Мұхаметжан Тынышбаев та үлкен қызметке тағайындалып, Түркістан комитетінің құрамына енгізілді. Мүндай жағдай үзаққа созылған жоқ. Көп кешікпей жер-жерлерде буржуазияшыл уақытша үкіметтің органдары қүрула бастады. Бүлармен қатар ақпан төңкерісінің барысында жүмысшылар мен солдаттар өздсрінің тікелсй революциялық өкімет органдары болып табылған Советтер жүйесін үйымдастырды.

Уакытша үкімет империяның Қазақстан сияқты отарлы аймақтарында кадеттерден, эсерлерден және өзінің саяси бағытын жүзеге асыруға сенімді деп табылған қазақтың ұлттық-либералдық интеллигенциясының жекелеген өкілдерінен өз комиссарларын тағайындады. Мәсслен, 1917 жылғы сәуірдің 7-сінде кадет Н.Щепкин басқарған құрамында М.Тынышбаев, Ә.Бөкейханов бар Уақытша үкіметтің Түркістан комитеті қүрылды. Көп кешікпей Ә.Бөкейхнов Семей облысындағы, ал халықшыл социалист О.Шкапский мен М.Тынышбаев Жетісу—облысындағы Уакытша үкіметтік комиссарлары болып тағайындалды. М.Шоқаев, А.Бірімжанов, А.Кенесарин сияқты қазақ зиялыларының өкілдері де Түркістан өлкесі мен Торғай өңіріндегі Уақытша үкіметтің жергілікті органдарында жауапты қызметтер атқарды. Облыс, уезд орталықтарында Уақытша үкіметтің жергілікті органдары-атқару комитеттер, коалициялық комитеттер, азаматтық комиттеттер жүйссі қалыптасты.

Ақпан революциясы женіске жетісімен Ә.Бекейханов бастап қазақ зиялыларының 15 өкілі "Қазақтарға, жаңарған Россияның ерікті азаматтарына" арналған мәлімдеме жариялады. Онда атап айтқанда былай делінді: "... Россияның барлық халықтары үшін бостандықтын, тендіктің және туысқандықтың күні туды. Жаңа қоғам мен жаңа үкіметті қолдау үшін қазақтар ұйымдасуы керек. Жаңа коғамды қолдайтын барлық ұлттармен байланыса жұмыс істеу қажет.

Қазақтар Қүрылтай жиналысына дайындалып, лайықты кандидаттарды белгілеуі керек. Біз сіздерді ескі казакшыл айтыстар мен отбасының ұрыс-керісін тастауға шақырамыз, халықтың ұраны-бірлік пен әділеттілік.

Жер мәселесін тез арада талкылаңыздар. Біздің ұранымыз: демократиялық республиканы жәнс жерді одан мал шаруашылығы мен егіншілік арқылы табыс алатындарға беру. Құдайдан басқадан қорықпаңыздар ... Әділет жолымен жүріп, жаңа үкіметті қолдаңыздар. Министірліктін азық-түлік ісі жөніндсгі өкілдері мен майдандағы өзіміздің жұмысшыларға көмек көрсетушіз керек. Халықтың пікірін жеткізіңіздер..."

Үндеу авторларытгың біразы көп кешікпей Петроградқа келіп, онда Мемлекеттік Думаның мүшесі И.А.Ахтянов шақырған мұсылмандар мәжілісіне қатынасты. Мәжілісте Қазақстаннан Н.Қүрбанғалиев, Ә.Бөкейханов, А.Кенжин, Ж.Сейдалин, М.Дулатов және М.Бозтаев болды. Пікір алыса келіп, мәжіліске қатынасушылар Россия мұсылмандарының іс-әрекеттерін үйлестіру органы — Орталық мұсылман бюросын құру және бүкілроссиялық мұсылмандар съезін шақыру қажет деп тапты.

Қосөкметтілік өзінің дүниеге келуі арқылы ақпан төңкерісінің ішкі қайшылықтарын бейнеледі, елдің қоғамдық-саяси өмірінің тұрақсыз екендігін көрсетті. Мұндай жағдай ұзаққа бармайтын еді: ерте ме, кеш пе, қосөкіметтілік жойылып, барлық билік империалистік буржуазия мен оның одақтастарының мүддесін қорғайтын Уақытша үкіметтің немесе әлеуметтік жәнс ұлттық езгінің ауыртпалығын көтерген халықтың басым көпшілігі болған жұмысшылар мен шаруалардың революцияшыл-демократиялық өкімет органы болған кеңестердің қолына кешуге тиіс еді.

Қазақстандағы саяси күштердің топтасуы мен жіктелуініц орталық аудандармен салыстырғанда айтарлықтай ерекшсліктері болды. Қазақстандағы саяси күштердің оң қанаты мен аралық (центристік) топтарының құрамы құбылмалы болды, кейде тіпті олардың ара жігін ажырату қиынга түсетін еді. Оның саяси тірегі кадеттер партиясының жергілікті ұйымдары мен топтарынан, Орал, Орынбор, Сібір және Жетісу казачестволарының билеуші элементтерінен, Қазақстанның оңтүстігіндегі (Әулиеата, Черняев, Түркістан, Қазалы) "Шуро-и-Ислам" партиясының жергілікті комитеттерінен тұрды. "Шуро-и-Ислам" партиясының Қазакстандық комитеттері кейде оңшылдардан іргесін аулақ, салып, эссрлермен одақтаса отырып центристік саясат жүргізді.

Мұхаметжан Тынышбаев пен Мұстафа Шоқайұлы Уақытша үкіметтің Түркістан комитеті құрылып, өз қызметін бастаған алғашқы кезенде бүкіл Түркістан өлкесіндсгі барлық басқару жүйесінін жүұмысын жолға қойып, оны үйлестіру ісімен тікелей шүғылданды. М.Тынышбаев 1917 жылгы 9-16 сәуір аралығында Ташкентте мемлекеттік құрылыс процесін тездету мақсатымен Түркістан елкесіндегі (оның ішінде Сырдария мен Жетісу облыстарындағы) атқару комитеттері делегаттарының съезін шақырып, оның алғашқы үш күндегі мәжілісін басқарды. Съезге Түркістан елкесі облыстары мсн Бұқара хандығы атқару комитеттерінің 171 делегаты қатнасты. Қатарларында Г.Бройдо, Махмут Бекбуди, Ғубайдулла Ходжаев, Серәлі Лапин сияқты белгілі қайраткерлер бар съезд делегаттары көпұлтты өлкенін демократиялық бірігіуінің курделі мәселелерін жан-жақты қарастырды.

1917 жылы негізінен сәуір-мамыр айларында өткен облыстык, және уездік қазақ съездерінде құрылды. Атап айтқанда, мұндай съездер сәуір айында Орын-борда (Торғай облыстық), Оралда (Орал облыстық), Семейде (Семей облыстық), 27-сәуір — 7-мамыр аралығында Омбыда (Акмола облыстық), т.б. қалаларда болды21.[24,234б].

Торғай облыстық казақтары өкілдерінің Орынбор қаласында 1917 жылы сәуірдің 2-8-інде аралығында өткен съезінің жұмысына тоқталсақ. Мәжілістің төрағасы болып А.Байтұрсынов, оның орынбасарлары болып І-мемлекеттік думаның мүшесі Алпысбай Қалменев және Уәлихан Танашев, хатшылар бо-лып Ссйітәзім Қадырбаев, Омар Алмасов және Шафхат Беиухамедов сайланды.

Атап айтқанда, съездін күн тәртібі 14 мәселеден тұрды:

1. Жер-жерлердегі азаматтық комитеттер.

2. Жалпы қазақтық және жалпы мұсылмандық съездер.

3. Мемлекеттік басқару формалары және құрылтай жиналысы.

4. Дін басқарма.

5. Халыққа білім беру.

6. Аграрлык мәселе.

7. Сот.


8. Земство.

9. Баспасөз.

10. Почта...

11. Қоғамдык қаражат.

12. Уездік бастықтар мен зиянды чиновниктер.

13. Соғысқа көзкарас.

14. Қазақтарды тыл жұмысына шақыруға байланысты Торғай облысында болған оқиғалар.

Осы маңызды мәселелер бойынша қабылданған шешімдердің мәні мен мазмұны мынаған саяды:

"I). Уакытша үкіметтің жаңа құрылысты, тыныштық пен тәртіпті ... нығайтуға ... бағытталған іс-әрекетін қолдау мақсатында жер-жерлерде азаматтық комитеттер кұру кажет. Комитеттерді кұру еркі халықтың өз қолында болады.

...2). Бүкіл қазак халкын біріктіру, оның мүқтаждықтарын анықтап, шешу үшін жалпы қазақтық съезд шақырылсын. Бұл үшін ерекше ұйымдастыру бю-росы құрылсын. Оған сьезд бағдарламасын жасау мен оның шакыру уақытын және өтетін орнын анықтау тапсырылсын. Бюро қүрамына Әлихан Бекейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Сейтәзім Қадырбаев, Омар Есенқұлов, Имам Өлімбеков, Иса Тұрмұхамбетов, Керей Тұрымов сайлансын.

3). 7-8 мамыр аралығында Москвада өтуге тиіс жалпы мұсылмандық съезге ... Торғай облысынан төрт делегат — Ораз Татиев, Сейтәзім Қадырбаев, Акқағаз Досанов және Сұлтанғазы Ысқақов — жіберілсін.

...6). Міндетті түрде бастауыш білім алу керек... мектептерде алғашкы үш жылда оқу ана тілінде жүргізіледі ... Мектептсрде ұл балалар мен кыздар бірге оқытылады. Мектептер земстволық және мемлекеттік қаражатпен қамтамасыз етіледі.

...8). Торғай облысында ... земстволық баскару енгізілсін ....". Съезд өз жүмысының соңында 1916 жылғы Торғай облысындағы тылдың қара жүмысына адамдар алуда және Торғай облысындағы үұлт-азаттық көтерілісті басып-жаншуда орын алған заңсыздық пен қатыгездікті тексеріп, айыптыларды жазалау үшін ерекше тсргсу комиссиясын құруды Уақытша үкіметтен талап етті.

Жетісу облыстық қазақ съезі сәуірдің 12-сі мен 13-і аралығында Верный (Алматы) қаласында болды. Оған облыстың барлық уездерінен 81 делегат катынасты, олардың үштен екісі — 54 адам Верный уезінің өкілдері еді. Жетісу съезінің делегаттары көп жағдайда Торғай съезі талқылаған мәселелерді қайталады. Оған 17 мдәселеден тұратын съездің төменгі күн тәртібі дәлел болды. I). Соғысқа көзқарас. 2). Уақытша үкіметке көзқарас. 3). Жергілікті және өлкелік өкіметке, сонымен бірге атқару комитеттері мен басқа қоғамдық ұйымдарға көзқарас. 4). Россияны басқарудың келешектегі жоғарғы түрі. 5). Рухани-діни іс. 6). Азық-түлік мәселесі. 7). Жергілікті басқару. 8). Сот. 9). Партиялық араздықтыкты тоқтату шаралары. 10). Білім мен оқу ағарту. 11). Облыстағы жер мәселесі. 12). Су мәселесі. 13). Мал шаруашылығы. 14). Отырықшылыққа көшу. 15). Заттай салық. 16). Қырғыздар мен орыстардың қарым-қатынастарын рсттеудін жолдары. 17). Босқындарды Қытайдан қайтару тәсілдері.

Съезд төрағасы болып Жетісуға кеңінен белгілі қоғам кайраткері Ибраим Жайнақов, оның орынбасарлары болып Ғ.Удербаев пен А.Қүдайбергенов сайланды. Съездің хатшылык міндеттері Қ.Шегіров пен Н.Жақыпбаевқа жүктелді.

Съезд шешімдерінде басқару жүйесінің барлық деңгейлерінде міндетті түрде екі комиссардан — "бір орыс, екіншісі мүсылман" — тағайындау қажеттілігі көрсетілді. Бұл шешім Уақытша үкімет пен оның Түркістандық комитетінің (бірінші қүрамы) Жетісуга облыстық комиссарлар етіп Мұқаметжан Тынышбаев псн Орест Шкапскийді жібермек болған бағытына дәлме-дәл келдім.

Бұл облыстаты жер мәселесін жан-жақты әрі қызу талқылай келіп, жетісулықтар торғайлықтардан өзгеше шешім қабылдады: "облыс шеттен қоныс аударушылар үшін мүлде жабық деп саналсын".

Съезд күн тәртібінің соңғы мәселесі Қытайға ауып кеткен босқындарды қайтаруға байланысты болды. Осы мәселеге байланысты съезд шешімдері

Жалпы алғанда осы сьездер шешімдері Уақытша үкімсттің сыртқы және ішкі саясатын қолдағанына қарамастан, оларда бүкілхалықтық ұлттық мүддеге сай келетін талаптар да аз болған жоқ. Ол талап-тілектер атап айтқанда ең алдымен жер-су (аграрлық), ұлттық теңдік, ұлттық мемлекеттік, оқу-ағарту мәселелеріне тікелей қатынасты болды. 1917 жылы мамырдың 1-інен 11-іне дейінгі аралықта Москва қаласында өткен Бүкілроссиялық мұсылмандар съезі империяны мекендеген мұсылман халықтарына ортақ көптеген проблемаларды қарастырды. Съезге жиналған 800-ге жуық делегаттар маңызды мәселелердің төмндегі үлкен тобын талқылады: мұсылмандарға үндеу, мұсылмандардың орталық органы туралы; Россияның мемлекеттік қүрылысы, аграрлық; әйел және жүмысшы мәселелері; Қүрылтай жиналысы сайлауына дайындық; әскери мәселе; діни мэселе; оқу-ағарту; жергілікті басқару; соғысқа көзқарас; Россиялық мүсылмандардың Орталық бюросы туралы.

Мұсылмандар сьезі облыстық қазақ съездерінің дін мәселесі туралы қабылдаған шешімдерін жақтады.

Съезд мұсылмандық Кеңес құрды, ол өзінің құрамынан атқару комитетін сайлады. Атқару комитетке мүше болғандардың қатарында Жаһанша Досмүхамедов, Уәлихан Танашев, Жақып Ақпаев және Көлбай Тоғысов болды.

Аты аңызға айналған барлық түркі халықтарының атасы-«Алаш» атын алған партия –қазақ даласындағы алғашқы дербес партия болды. Бұл партия саясаттанушы Ғ.Телебаевтың «Алаш партиясы- Қазақстандағы алғашқы либералдық партия» деген мақаласында «либералдық көзқарасты жақтайтын ұлт зиялыларынан құрылды және идеялық қағидасы жағынан Ресей кадеттер партиясына (конституциялық демократар) жақын болды» көрсеттілген22.[№26,3б.]

1917 жылдың жазына қарай қазақтың либералдық-демократиялық қозғалысы жетекшілерінің Уақытша үкіметке деген сенімі әлсіреді. Өйткені Уақытша үкімет Қазақстанда түбірлі әлеуметтік-саяси мәселелер бойынша іс жүзінде құлатылған патша үкіметінің саясатын жүргізумен болды. Осыдан кейін Уақытша үкіметтегі шешуші позицияға ие болып отырған кадеттерге деген Ә.Бекейхановтың көзқарасы күрт езгерді. Мүны Ә.Бөкейханов кейінірек "Қазақ" газетінің 1917 жылғы 23 желтоқсандағы 256-санында жарияланған "Мен кадет партиясынан неге шықтым?" деген ашық хатында (хат "Сарыарқа" газетінің 1918 жылғы 25 қаңтарындағы № 29 санында көшіріліп басылды) жан-жақты негіздеді. Осы "сұраққа Ә.Бөкейханов негізгі үш мәселеге оқырмандардың назарын аударған: "кадет партиясы жер адамға меншікті болып берілсе жөн" дейді. Біздің қазақ жерді меншікті қылып алса, башқұртша көрші мұжыққа сатып, біраз жылда сытырылып, жалаңаш шыға келеді. "

Кадет партиясы ұлт автономнясына қарсы. Біз Алаш ұранды жұрт жиналып, ұлт автономиясын тікпек болдық.

Француз, орыс һәм өзге жүрттың тарихынан көрінеді, молда хүкіметтен ақша алса, сатылып кетеді. Рухани іс аяқ асты болмақ. Жалование алған молдалар хүкіметке жетекшіл болып, еріп кетеді. Біздің қазақ-қырғыз дін ісін көркейтетін болса, хүкімет ісінен бөліп қойған оң бола-ды. Мұны орысша "отделение церкви от государства" дейді. Кадет партиясы менің бұл пікіріме өзгеше қарайды.

Осы үш жол айырылғаны биыл ашыққа шықты. Мен сонан соң қазаққа Алаш партиясын ашуға кірістім. Мен мүны июлдегі жалпы қазақ съезінде айтқан едім"23.[№21,174б].

Бірінші бүкілқазақтық съезд 1917 жылғы 21-26 шілдеде Орынбор қаласында өтті. Оған Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария облыстары мен Бөкей ордасынан, сонымен қатар Фергана облысының қазақтар мекендеген аудандарының өкілдері қатынасты. Съезге қатынасушылар саны аса көп болмағанына қарамастан (20-дан аса адам), оның күн тәртібіне сол кездегі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өміріне тікелей қатынасы бар аса маңызды 14 мәселе енгізілді. Бұл мәселелердің басым көпшілігі 1917 жылғы сәуір-мамыр айларында болған облыстық қазақ сьездерінде алдын ала талқыланған болатын және олардың ең маңыздылары болып саналғандары жалпықазақтық құрылтайға ұсынылар еді. Олар мыналар: " 1) Мемлекет билеу түрі. 2) Қазақ облыстарында авто-номия. 3) Жер мәселесі. 4) Халық милициясы. 5) Земство. 6) Оқу мәселесі. 7) Сот мәселесі. 8) Дін мәселесі. 9) Әйел мәселесі. 10) Учредительное собрание сайлануына даярлану һәм қазақ облыстарынан депутаттар. 11) Бүкіл Россия мүсылмандарының кеңесі (Шура и ислам). 12) Қазақ саяси партиясы. 13) Жетісу облысынан Петерградта болатын оқу комиссиясына қазақтан өкіл жіберу24.[№5,187б]. Халел Досмүхамбетовтың төрағалығымен, Ахмет Байтұрсыновтың, Әлмұхамбет Көтібаровтың, Міржақып Дулатовтың және Асылбек Сейітовтың хатшылығымен өткен бірінші жалпықазақтық сьезд делегаттары осы 14 мәселенің ішінде өздерінің басты назарын ұлттық автономия, жер, құрылтай съезіне дайындық және қазақтың саяси партиясын құру проблемаларына аударды.

Съезде А.Байтұрсынов пен М.Дулатов "автономиялы тәуелсіз қазақ мемлекетін құру" идеясын ұсынды, ал Ә.Бөкейханов "демократиялық, федеративтік және парламенттік Россия республикасының құрамындағы" қазақтың ұлттық-территориялық автономиясы болуын қолдады.Съезд делегаттары күн тәртібіндегі жер туралы мәселені аса ұқыптылықпен әрі жан-жақты талқылады. Осы мәселе бойынша съезд 14 тармақтан тұратын шешім қабылдады. Оның бастылары мынаған саяды: "қазақ халқы өзіне еншілі жерге орналасып болғанша қазақ жері ешкімге берілмесін. Қазақ даласында жарамды жер аз болғандықтан қазақ пайдасынан алынып кеткен мынандай учаскалар қазақтың өзіне тоқтаусыз қайрылсын: дворянский, скотоводческий, торгово-промышленный, курортный, монастырский, переселенец... Бос учаскелерге жазылу тоқтатылсын ... Қазақтан алынған қыстаулар, тоғайлықтардағы қазак, шабындығы өзіне қайтарылсын ... Жер хақында қазақ өз алдына жер жобасын жасасын. Съезд Құрылтай съезінің болашақ депутаттарына "жер мәселесі туралы басқа саяси партиялармен келісуді" тапсырды.

Бірінші жалпықазақтық съезд Құрылтай жиналысына сайлау туралы мәселені талқылап, оның депутаттығына кандидаттыққа әр облыстан ұсынылган 81 адамның тізімін бекітті. Олар Қазақстанның барлық облыстары мен Орта Азиядагы (Бұхара, Ферғана және Хиуа) қазақ қауымдастықтарының өкілдері болды. Депутаттыққа кандидаттар ішінде бірінші қатарда қазақтың либералды-демократиялық қозғалысының көпшілік таныған көсемдері. Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, облыс жетекшілері Әлімхан Ермеков, Халел Ғаббасов, Жақып Ақбаев (Семей), Айдархан Тұрлыбаев, Асылбек Сейітов (Ақмола), Міржақып Дулатов, Ахмет Бірімжанов, Сейітәзім Қадырбаев (Торғай), Халел Досмұхамбетов, Жаһанша Досмұхамбетов (Орал), Мұхаметжан Тынышбаев, Ыбырайым Жайнақов, Садық Аманжолов (Жетісу), Мұстафа Шоқаев, Әзімхан Кенесарин (Сырдария), Қоңырқожа Қожықов, Ғабдалрахман Оразаев (Ферғана облысынан), Бақыткерей Құлманов, Уәлихан Танашев (Бөкей), Алдабек Мангелдин (Самарқанд) т.б. болды. Бұлармен қатар Құрылтай жиналысы депутаттығына кандидаттар болып жалпықазақтық съезд бекіткендердің қатарында Ақмола облысынан Сәдуақас (Сәкен) Сейфуллин мен Мағжан Жұмабаевтың, Сырдария облысынан Сұлтанбек Қожанов пен Санжар Асфендияровтың, Ферғана облысынан Нәзір Төреқұловтың, Семей облысынан ғалым, қоғам қайраткері Григорий Николаевич Потанин, Ферғана облысынан Уақытша үкіметтің Түркістан комитетінің мүшесі Вадим Чайкиннің болғандығын ерекше атау керек.Бұл әсіресе дін, оқу--ағарту және әйел мәселелері жөнінде қабылданған съезд қарарларынан айқын көрінеді. Атап айтқанда съезд шешімдеріне сәйкес осыған дейін көп жағдайда діндарлардың ықпалында болып келген ескі сот жүйесі ("народный сот") таратылып, олардың орнына "қазақ тұрмысына лайық айрықша сот құрылуға" тиіс болды; "міндетті түрде бастауыш оқу енгізу", "бастапқы екі жылда оқу баланың ана тілінде" жүргізілуі білім алудың тегін болуы талап етілді; "әйелдер саяси құқықта ерлермен тең", "күйеуге тию еркі әйелдің өзінде" болып, "қалың малдың жоғалу" қажеттігі баса көрсетілді; "тұл қатын сүйгеніне тисін, әмеңгерім деп зорлық қылу болмасын", "жеті атаға келмеген жерден қазақ қыз алмасын" — делгнді.

Бірінші жалпықазақтық сьезд өзінің күн тәртібіндегі аса маңызды мәселелердің бірі — қазақ саяси партиясын құру мәселесін талқылау барысында іс жүзінде осы партияны ұйымдастыруға арналған Құрылтай жиналысына айналды. Осы мәселе жөнінде съезд қабылдаған қарарда былай делінеді: "Қазақ халқының өз алдына саяси партиясы болуды тиіс көріп, бұл партияның жобасын жасауды съезд шораи исламға сайланған қазақ өкілдеріне тапсырды. Партияның негізгі демократическая федеративная парламентарная республика құрылмақ.

Партия жобасын жасап болған соң өкілдер қазақ областной комитеттерінің қарауына жібереді. Онан кейін Учредительное собраниеге жиналған қазақ депутаттары қарап бекітеді.

Қазақ саяси партиясының жобасы жасалғанша осы съездің қаулылары Учредительное собраниеге баратын қазақ депутаттарына наказ-аманат болады".

Жаңадан құрылған партия "Алаш" деген атқа ие болды.Бүкілроссиялық мұсылмандар кеңесше (шорои-ислямға) съезд шешімімен Ақмоладан Айдархан Түрлыбаев, Семейден Әбікей Сәтбаев, Торғайдан Әлжан Байғарин, Оралдан Жаһанша Досмүхамбетов, Бөкейден Уәлихан Танашев, Жетісудан Базарбай Мәметов, Сыр-дариядан Мүстафа Шоқаев, Ферғанадан Ғабдалрахым Оразаев сайланды. Өлихан Бөкейханов, Ахмет Байтүрсынов сияқты қазақтың либералды-демократиялық интеллигенциясының көсемдері басқарған Алаш партиясының құрамына әуел бастан-ақ қазақтың ғылыми және шығармашылық зиялыларының белгілі өкілдері — М.Тынышбаев, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев, Ғ.Қарашев, С.Торайғыров, Х.Ғаббасов, Ә.Ермеков, Жаһанша Досмұхамедов, М.Дулатов, т.б. кірді.

Съездің күн тәртібіндегі 14 мәселе бойынша қабылданған қарарлар тізбегі кейінірек, 1917 жылғы "Қазақ" газетінде қарашаның 21-күні жарияланған Алаш партиясы бағдарламасы жобасында өз бейнесін тапты.

Сондықтан да 1917 жылғы Ақпан револю-диясынан кейін құрылған Алаш партиясының идеялық бастау көздерін бірінші орыс революциясы кезеңінен іздеген жөн.

Осындай жағдайда 1917 жылы шілденің 21-26-сында Орынбор қаласында өткен бірінші бүкілқазақтық съезде Алаш партиясы құрылды. Осы партия құрылған 1917 жылдан бастап ол саяси ұйым ретінде өмір сахнасынан кеткен 20-шы жылға дейін Алаш немесе Алашорда қозғалысы Қазақстан тарихынан орын алды. Алаш партиясының құрылуы қазақ халқы өміріндегі елеулі оқиға болды, өйткені ол тұңғыш ұйым еді. Зерттеулердің бірі Алаш ұсақ буржуазияшыл партия десе, екіншісі либералдық-байшылдық пен ұсақбуржуазиялық демократиялық партия деп бағалады, ал үшіншісі Алашты партия деуден гөрі коғамдық-саяси қозғалыс деп анықтауды жақтайтынын білдірді. Алаштың әлеуметтік тегі туралы пікірдін осылайша болуы занды да, өйткені оның құрамында алгашқы кезде бай, жартылай феодалдық топтардың, "ақсүйектердің" өкілдсрімен қатар қазақ топырағының "әртектілерінің" (разночинцы), енбекші шаруалардың өкілдері болды. Сөз жоқ, бірінші жалиықазақ съезінде Алаш партиясының құрылғандығын жариялау оның дәстүрлі ұғымдағы саяси партия болып қалыптасуының алғашқы және аса маңызды қадамы боды. Алайда ол өзінің бірнеше айларға созылған қысқа ғұмырында шын мәніндегі саяси партия ретінде қалыптасып үлгермеді. Ол құрылған 1917 жылдың шілде айында оның нағыз саяси партияға тән Жарғысы да, Бағдарламасы да болған жоқ. Оның мүшелеріне партиялық билеттер берілгендігі жөнінде де архивте сенімді деректер кездеспейді. Демек, Алашты саяси ұйым ретінде қоғамдық қозғалыс дәрежесінен әдеттегі партияға ауысу (айналу) "кезеңін" бастан кешірген өтпелі саяси ұйым деп қарастырған Алаштың әдеттегі саяси партияға айналу процесі 1917 жылғы шілдеден сол жылдың соңына, яғни Алаш автономиясы мен Алашорда үкіметі қүрылғанға дейін айтарлықтай қарқынмен жүргізілді. Оның жергілікті комитеттері жекелеген облыстарда 1917 жылғы қазан-қараша айларында құрылғандығы жөнінде құжаттар да сақталған. Дей тұрсақ та, Совет өкіметінің орнауына байланысты, 1918 жылдың квктемінің соңы — жазының басында азамат соғысының басталуына орай Алаштың партия болып қалыптасуы аяқсыз қалды. Ал азамат соғысы жылдарында Алаштың, М.Дулатов дәл айтқанындай, "Алашорданың көлеңкесінде қалғаны" тарихи шындық.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет