Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы


мемлекеттiк басқарудың ерекшелiктерi



бет2/5
Дата04.07.2016
өлшемі342 Kb.
#176224
1   2   3   4   5

             мемлекеттiк басқарудың ерекшелiктерi

      Балық ресурстарының және басқа су жануарларының пайдаланылуын мемлекеттiк есепке алу, кадастры, мониторингi және бақылау, сондай-ақ олардың зерттелуi, қорғалуы мен өсiмiн молайту мемлекеттiк басқарудың бiртұтас жүйесiн құрайды және балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерiнде бассейндiк принцип бойынша жүзеге асырылады.

      8-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жануарлар
              дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану
              саласындағы құзыретi

      Қазақстан Республикасының Үкiметi:


      1) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi және iске асырылуын қамтамасыз етедi;
      2) жануарлар дүниесiн иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығын жүзеге асырады;
      3) уәкiлеттi органның және жергiлiктi атқарушы органдардың жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану мәселелерi жөнiндегi қызметiне басшылық жасауды жүзеге асырады;
      4) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөнiндегi мемлекеттiк бағдарламаларды әзiрлейдi;
      5) уәкiлеттi органды белгiлейдi;
      6) Жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң халықаралық саудасы туралы конвенция бойынша мiндеттемелердi орындау үшiн әкiмшiлiк орган мен ғылыми ұйымды айқындайды;
      6-1) тiрi күйiнде бекiре тұқымдас балықтарды, олардың ұрықтандырылған уылдырығын (будандастырылған түрлерiн қоспағанда) Қазақстан Республикасынан тысқары шығару туралы шешiм қабылдайды;
      6-2) сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген жануарлардың түрлерiн, олардың бөлiктерiн немесе дериваттарын алып қою туралы шешiм қабылдайды;
      6-3) уәкiлеттi органның ұсынымы бойынша сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген жануарлардың түрлерiн интродукциялау, реинтродукциялау мен будандастыру туралы шешiм қабылдайды;
      7) жануарлар дүниесi объектiлерiн алып қою лимиттерiн бекiтедi;
      7-1) жануарлар дүниесi объектiлерiн алып қою квоталарын бөлу қағидасын бекiтедi;
      8) халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерiнiң тiзбесiн бекiтедi;
      8-1) су айдындарын халықаралық және республикалық маңызы бар сулы-батпақты алқаптарға жатқызу тәртiбiн бекiтедi;
      9) аң аулау, балық аулау ережелерiн бекiтедi;
      10) аңшылық шаруашылығын жүргiзу ережелерiн және балық шаруашылығын жүргiзу ережелерiн бекiтедi;
      11) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңдарын бұзудан келтiрiлген зиянды өтеу мөлшерiн бекiтедi;
      12) алып тасталды - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
      13) сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген жануарлар түрлерiнiң тiзбесiн бекiтедi және оларды басқа санаттарға ауыстырады;
      14) алынып тасталды - 2008.12.10 N 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
      14-1) табиғи мекендеу ортасынан алып қойылған бекiре тұқымдас балықтарды және олардың уылдырығын сатып алуға төлемақы белгiлейдi, оның мөлшерi балық шаруашылығы субъектiлерiнiң мүдделерi ескерiле отырып анықталады;
      14-2) табиғи мекендеу ортасынан алып қойылған бекiре тұқымдас балықтарды және олардың уылдырығын мемлекеттiк монополия субъектiсi болып табылатын мемлекеттiк кәсiпорынның өткiзу қағидасын бекiтедi;
      15) жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат беру ережелерiн бекiтедi;
      15-1) жануарларды интродукциялау, реинтродукциялау мен будандастыруды жүргiзуге, сондай-ақ жаңадан жерсiндiрiлген жануарларды алып қоюға рұқсаттар беру тәртiбiн бекiтедi;
      15-2) жануарлар дүниесiн мемлекеттiк қорғау туралы ереженi бекiтедi;
      16) жануарлар дүниесi объектiлерiн, олардың бөлiктерi мен дериваттарын пайдалануға шектеулер мен тыйым салуларды белгiлеу ережелерiн бекiтедi;
      17) Алынып тасталды - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңымен.
      17-1) ерiксiз немесе жартылай ерiктi жағдайларда өсетiн жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiн, олардың бөлiктерiн және дериваттарын халықаралық саудалауға шектеулер енгiзедi;
      17-2) жануарлар дүниесi объектiлерiн, олардың бөлiктерi мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салу енгiзу туралы шешiм қабылдайды, тиiстi ғылыми ұйымдар берген, мемлекеттiк экологиялық сараптамадан өткiзiлуге тиiс биологиялық негiздеменiң негiзiнде оларды пайдалану орындары мен мерзiмдерiн белгiлейдi;
      18) жануарлар дүниесiн мемлекеттiк есепке алуды, оның мемлекеттiк кадастры мен мониторингiн жүргiзу қағидасын бекiтедi;
      19) зоологиялық коллекциялар жинау мен мемлекеттiк есепке алу ережелерiн бекiтедi;
      20) аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру жөнiндегi конкурс өткiзу ережелерiн және конкурсқа қатысушыларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiтедi;
      21) аң аулау және балық аулау объектiлерi болып табылатын жануарлардың құнды түрлерiнiң тiзбесiн бекiтедi;
      22) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы нормативтердi бекiтедi;
      23) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi орган мен аумақтық бөлiмшелердiң лауазымды адамдарының, сондай-ақ жануарлар дүниесiн қорғауды тiкелей жүзеге асыратын мемлекеттiк мекемелер мен ұйымдардың айырым белгiлерi бар нысанды киiм (погонсыз) киюге құқығы бар қызметкерлерiнiң тiзбесiн бекiтедi;
      24) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
      24-1) аңшылық және балық шаруашылықтары субъектiлерiнiң қорықшылық қызметi туралы үлгiлiк ереженi бекiтедi;
      24-2) жануарлар дүниесiнiң объектiлерiн, олардың бөлiктерi мен дериваттарын, оның iшiнде сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген санаттарға жатқызылған жануарлар түрлерiн әкелуге және әкетуге рұқсат беру тәртiбiн бекiтедi;
      24-3) жолдаманың үлгi нысанын, сондай-ақ оны беру тәртiбiн бекiтедi;
      24-4) дериваттар тiзбесiн бекiтедi;
      24-5) жануарларды ерiксiз және жартылай ерiктi жағдайларда ұстау қағидасын бекiтедi;
      24-6) аңшылықта пайдаланылатын аушы жыртқыш құстарды есепке алуды жүргiзу және тiркеу қағидасын бекiтедi;
      24-7) жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлардың және жануарлар дүниесiн қорғаумен айналысатын мамандандырылған ұйымдар инспекторларының арнайы құралдар мен қызметтiк қаруды қолдану, сондай-ақ қорықшылардың қызметтiк қаруды қолдану қағидасын бекiтедi;
      24-8) жануарларды интродукциялау және реинтродукциялау қағидасын бекiтедi;
      РҚАО-ның ескертпесi!
      8-бапты 24-9), 24-10) тармақшалармен толықтыру көзделген - ҚР 2012.01.25 N 548-IV (2013.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
      24-11) балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн акваөсiрудi дамыту үшiн пайдалану қағидасын бекiтедi;
      24-12) әкiмшiлiк органның құрып кету қаупi төнген жануарлар түрлерiн, олардың бөлiктерi мен дериваттарын Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсат беру қағидасын бекiтедi;
      24-13) балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн ерекше құнды объектiлерге жатқызу, олардың шекараларын белгiлеу қағидасын бекiтедi;
      25) өзiне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiмен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
      Ескерту. 8-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2007.01.09 N 213, 2008.12.10 N 101-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      9-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және


              пайдалану саласындағы қызметтi жүзеге асыратын
              уәкiлеттi органның, оның аумақтық бөлiмшелерiнiң
              және Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттiк
              органдарының құзыретi

      1. Уәкiлеттi орган:


      1) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асырады және салааралық үйлестiрудi жүзеге асырады;
      2) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөнiндегi салалық (секторлық) бағдарламаларды әзiрлейдi;
      3) тексерiлетiн субъектiлерге қойылатын талаптарды белгiлейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi қоспағанда, жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеп, бекiтедi;
      4) жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспектор актiлерiнiң нысандарын, оларды толтыру мен берудiң тәртiбiн әзiрлейдi және бекiтедi;
      5) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы нормативтердi әзiрлейдi;
      6) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органның және оның аумақтық бөлiмшелерiнiң лауазымды адамдарының, сондай-ақ жануарлар дүниесiн қорғауды тiкелей жүзеге асыратын мемлекеттiк мекемелер мен ұйымдар қызметкерлерiнiң айырым белгiлерi бар нысанды киiм (погонсыз) үлгiлерiн, киiп жүру тәртiбiн және онымен қамтамасыз ету нормаларын әзiрлейдi және бекiтедi;
      РҚАО-ның ескертпесi!
      7) тармақшаға өзгерiс енгiзу көзделген - ҚР 2012.01.25 N 548-IV (2013.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
      7) жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлемақы ставкаларын және Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзудан келтiрiлген зиянды өтеу мөлшерiн айқындаудың әдiстемесiн әзiрлейдi және бекiтедi;
      8) алып тасталды - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
      9) аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектiлерi қоғамдық бiрлестiктерi республикалық қауымдастықтарының, сондай-ақ балықшылардың және балық шаруашылығы субъектiлерi қоғамдық бiрлестiктерiнiң қатысуымен, бекiтiлген лимиттер негiзiнде жануарлар дүниесiн алу квоталарын бөледi;
      10) аңшы, балықшы және қорықшы куәлiктерiнiң нысанын және оны беру тәртiбiн айқындайды;
      11) балық аулаудың кәсiпшiлiк және кәсiпшiлiк емес құралдарының түрлерi мен тәсiлдерiн қолдануға рұқсат етiлген тiзбеге енгiзiлмеген балық аулау құралдарының жаңа түрлерi мен тәсiлдерiн (эксперименттiк аулау тәртiбiмен) қолдануға арналған рұқсаттарды беру тәртiбiн белгiлейдi;
      12) iшкi және сыртқы рыноктарда сату үшiн бекiре тұқымдас балықтардың уылдырығын таңбалау тәртiбiн әзiрлейдi және бекiтедi;
      13) алып тасталды - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
      14) аңшылық және балық шаруашылықтары субъектiлерiнiң қорықшылық қызметi туралы үлгi ереженi әзiрлейдi;
      15) жануарлар дүниесiнiң объектiлерiн, олардың бөлiктерi мен дериваттарын, оның iшiнде сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген санаттарға жатқызылған жануарлар түрлерiн әкелуге және әкетуге рұқсаттар бередi;
      16) жануарлар дүниесiн пайдалануға арналған биологиялық негiздеме дайындаудың тәртiбiн әзiрлейдi және бекiтедi;
      17) балық аулауға және балық шаруашылығын жүргiзуге арналған шарттардың үлгi нысанын әзiрлейдi және белгiлейдi;
      18) аңшылық және балық шаруашылықтары субъектiлерiн дамыту жоспарының үлгi нысанын бекiтедi;
      19) жолдаманың үлгi нысанын, сондай-ақ оны беру тәртiбiн әзiрлейдi;
      20) сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген санаттарға жатқызуды қоспағанда, осы Заңның 3-бабы 1-тармақшасының 4), 5) және 6) тармақшаларында көзделген санаттарға жатқызылған жануарлар түрлерiнiң тiзбелерiн айқындайды және оларды бiр санаттан екiншiсiне ауыстырады;
      21) қолдануға рұқсат етiлген кәсiпшiлiк және кәсiпшiлiк емес балық аулау құралдарының түрлерi мен тәсiлдерiнiң тiзбесiн әзiрлейдi және бекiтедi;
      22) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы ғылыми-зерттеулер мен жобалау-iздестiру жұмыстарын жүргiзудi ұйымдастырады және (немесе) қамтамасыз етедi;
      23) алып тасталды - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
      24) алып тасталды - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
      25) халықаралық және республикалық маңызы бар сулы-батпақты алқаптардың тiзiмдерiн әзiрлейдi және бекiтедi;
      26) жануарлар дүниесiн мемлекеттiк есепке алуды, оның кадастры мен мониторингiн жүргiзудi ұйымдастырады;
      27) сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген жануарлар түрлерiн интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру, сондай-ақ жасанды түрде өсiру жөнiндегi қызметтi ұйымдастырады;
      28) аңшылық алқаптары мен балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерiнiң резервтiк қорында жануарлар дүниесiн қорғауды, өсiмiн молайтуды және мемлекеттiк есепке алуды ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
      29) су тарту құрылыстарының балық қорғау құрылғыларына қойылатын талаптарды әзiрлейдi және бекiтедi және оларды орнатуды келiседi;
      30) аңшылық алқаптарының, балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерiнiң резервтiк қорын биологиялық-экономикалық тексерудi жүзеге асырады;
      31) ғылыми ұсынымдар негiзiнде балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн паспорттандыруды жүргiзедi;
      32) рекреациялық балық аулау аймағын белгiлейдi;
      33) уылдырық шашу кезеңiнде балық аулауға тыйым салынған, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерiнде су көлiгi қозғалысының тәртiбiн әзiрлейдi және бекiтедi;
      34) балық шаруашылығы учаскелерiнiң шекараларын белгiлейдi, ұйықтарды (ұйықтық учаскелердi) ашып, жабады;
      35) жануарларды интродукциялау және реинтродукциялау қағидасын әзiрлейдi;
      36) сыртқы нарықта сату үшiн бекiре тұқымдас балықтар түрлерiнiң уылдырығы маркасының нысанын әзiрлейдi және бекiтедi және оны iшкi нарықта сату маркасын берудi жүзеге асырады;
      37) балық аулаудың кәсiпшiлiк және кәсiпшiлiк емес құралдарының түрлерi мен тәсiлдерiн қолдануға рұқсат етiлген тiзбеге енгiзiлмеген балық аулау құралдарының жаңа түрлерi мен тәсiлдерiн (эксперименттiк аулау ретiнде) қолдануға арналған рұқсаттар бередi;
      38) бақылау үшiн аулауды, интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру мақсатында аулауды жүзеге асырады, балықтың қырылу қаупi бар су айдындарында және (немесе) учаскелерiнде аулауды жүзеге асырады;
      39) жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсаттар бередi;
      40) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын анықтау мақсатында жануарлар дүниесiн пайдаланушылардың қызметiн тексередi;
      41) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген құзыретi шегiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша iс жүргiзудi жүзеге асырады;
      42) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
      43) жануарлар дүниесi объектiлерiн, олардың бөлiктерi мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салу енгiзу жөнiнде ұсыныс жасайды;
      43-1) дериваттар тiзбесiн әзiрлейдi;
      44) аншлагтарының үлгiлерiн және аңшылық шаруашылықтар, өсiмiн молайту учаскелерi мен тыныштық аймақтары, балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерiнiң шекараларын, сондай-ақ аң аулау мен балық аулау үшiн тыйым салынған мерзiмдер мен орындарды, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды есепке алу журналының (кәсiпшiлiк журналдың) нысанын әзiрлейдi және бекiтедi;
      45) жануарлар үйiрiмен мекендейтiн жерлердi периметрi бойынша олардың iндерi орналасқан жерлерге жиырма метр жақындап немесе оларды алдын ала басқа жерге көшiрмей жыртуға келiсiм берудi жүзеге асырады;
      46) ұшақтардың, тiкұшақтардың және өзге де ұшу аппараттарының итбалықтар, тұяқты жабайы жануарлар мен топтасып ұшатын құстар жаппай мекендейтiн аумақтардың үстiнен бiр километрден төмен биiктiкте ұшып өтуiне келiсiм берудi жүзеге асырады;
      47) сирек кездесетiндерiн және құрып кету қаупi төнгендерiн қоспағанда, жануарларды интродукциялау, реинтродукциялау мен будандастыруды жүргiзуге, сондай-ақ жаңадан жерсiндiрiлген жануарларды алып қоюға рұқсат бередi;
      48) жерсiндiруге рұқсат бередi;
      49) балықтардың сөзсiз қырылуына әкеп соғатын қырылу қаупi туындаған және су объектiлерiн немесе олардың бөлiктерiн ағымдағы балық шаруашылық мелиорациялауды жүргiзу жолымен мұндай қауiптi болдырмау мүмкiн болмаған жағдайларда ғылыми ұсынымдар негiзiнде балықтарды мелиорациялық аулау туралы шешiм қабылдайды;
      50) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
      51) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық есептiлiктiң, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесiн бағалау критерийлерiн, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзiрлейдi және бекiтедi;
      51-1) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында құрметтi атақтар, төс белгiлерiн және құрмет грамоталарын беру қағидасын әзiрлейдi және бекiтедi;
      51-2) қорықшының төс белгiсiнiң және айыру белгiсi бар арнайы киiмiнiң нысанын әзiрлейдi және бекiтедi;
      51-3) Қазақстан Республикасының аумағында шаруашылықаралық аңшылықты ұйымдастыру жөнiндегi қағиданы әзiрлейдi және бекiтедi;
      51-4) Қазақстан Республикасының аумағында шаруашылықiшiлiк аңшылықты ұйымдастыру жөнiндегi қағиданы әзiрлейдi және бекiтедi;
      51-5) Қазақстан Республикасының аумағында жануарлар түрлерiн есепке алуды жүргiзу жөнiндегi нұсқаулықты әзiрлейдi және бекiтедi;
      51-6) аңшылық минимумды әзiрлейдi және бекiтедi;
      РҚАО-ның ескертпесi!
      9-бапты 51-7), 51-8) тармақшалармен толықтыру көзделген - ҚР 2012.01.25 N 548-IV (2013.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
      51-9) аңшы куәлiгiн беру жөнiндегi есептiлiктiң нысанын белгiлейдi;
      51-10) Жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң халықаралық саудасы туралы конвенцияның I және II қосымшаларына түрлерi енгiзiлген жануарларды жасанды өсiрудi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды әкiмшiлiк органда тiркеу қағидасын әзiрлейдi және бекiтедi;
      51-11) су қоймаларына балық жiберу, балықтардың жаңа түрлерiн жерсiндiру, су объектiлерiн балық шаруашылық мелиорациялау жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу қағидасын әзiрлейдi және бекiтедi;
      51-12) Қазақстан Республикасының Үкiметiне сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген жануарлар түрлерiн, олардың бөлiктерi мен дериваттарын алу жөнiндегi ұсынысты енгiзедi;
      51-13) жануарлар дүниесi объектiлерiн алу лимиттерiн әзiрлейдi;
      51-14) жануарлар дүниесi объектiлерiн алу квоталарын бөлу қағидасын әзiрлейдi;
      51-15) халықаралық, республикалық және жергiлiктi маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерiнiң тiзбесiн әзiрлейдi;
      51-16) су қоймаларын халықаралық және республикалық маңызы бар сулы-батпақты алқаптарға жатқызу қағидасын әзiрлейдi;
      51-17) аңшылық, балық аулау қағидасын әзiрлейдi;
      51-18) аңшылық шаруашылығын жүргiзу қағидасын және балық шаруашылығын жүргiзу қағидасын әзiрлейдi;
      51-19) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзумен келтiрiлген зиянды өтеу мөлшерлерiн әзiрлейдi;
      51-20) сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген жануарлар түрлерiнiң тiзбесiн әзiрлейдi және оларды басқа санаттарға ауыстырады;
      51-21) мемлекеттiк монополия субъектiсi болып табылатын мемлекеттiк кәсiпорынның табиғи мекендеу ортасынан алынған бекiре тұқымдас балықтарды, олардың уылдырығын өткiзу қағидасын әзiрлейдi;
      51-22) жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсаттар беру қағидасын әзiрлейдi;
      51-23) жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргiзуге, сондай-ақ жаңадан жерсiндiрiлген жануарларды алуға рұқсаттар беру қағидасын әзiрлейдi;
      51-24) жануарлар дүниесiн мемлекеттiк қорғау туралы ереженi әзiрлейдi;
      51-25) жануарлар дүниесi объектiлерiн, олардың бөлiктерi мен дериваттарын пайдалануға шектеулер мен тыйым салуларды белгiлеу қағидасын әзiрлейдi;
      51-26) жануарлар дүниесiн мемлекеттiк есепке алуды, оның кадастры мен мониторингiн жүргiзу қағидасын әзiрлейдi;
      51-27) зоологиялық коллекцияларды жасау және мемлекеттiк есепке алу қағидасын әзiрлейдi;
      51-28) аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру жөнiндегi конкурсты өткiзу қағидасын және конкурсқа қатысушыларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын әзiрлейдi;
      51-29) аңшылық пен балық аулау объектiлерi болып табылатын жануарлардың бағалы түрлерiнiң тiзбесiн әзiрлейдi;
      51-30) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi орган мен аумақтық бөлiмшелерiнiң лауазымды тұлғаларының,  ондай-ақ мемлекеттiк мекемелер мен ұйымдардың жануарлар дүниесiн тiкелей қорғауды жүзеге асыратын, айыру белгiлерi бар (погондарсыз) нысандық киiмдi киюге құқығы бар қызметкерлерiнiң тiзбесiн әзiрлейдi;
      51-31) жануарларды ерiксiз және жартылай ерiктi жағдайларда ұстау қағидасын әзiрлейдi;
      51-32) шетелдiктермен әуесқойлық (спорттық) балық аулауды ұйымдастыруға арналған шарттарды жасасу қағидасын әзiрлейдi және бекiтедi;
      51-33) аңшылықта пайдаланылатын аушы жыртқыш құстарды есепке алуды және тiркеудi жүргiзу қағидасын әзiрлейдi;
      51-34) жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар мен жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мамандандырылған ұйымдар инспекторларының арнайы құралдар мен қызметтiк қаруды қолдану, сондай-ақ қорықшылардың қызметтiк қаруды қолдану қағидасын әзiрлейдi;
      51-35) балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн акваөсiрудi дамыту үшiн пайдалану қағидасын әзiрлейдi;
      51-36) әкiмшiлiк органның құрып кету қаупi төнген жануарлар түрлерiн, олардың бөлiктерi мен дериваттарын Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсаттар беру қағидасын әзiрлейдi;
      51-37) балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн ерекше құнды объектiлер қатарына жатқызу, олардың шекараларын белгiлеу қағидасын әзiрлейдi;
      51-38) балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтама нысанын әзiрлейдi және бекiтедi;
      52) осы Заңда, өзге де заңдарда, Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
      Аумақтық бөлiмшелер өз қызметiн уәкiлеттi орган белгiлеген құзыретi шегiнде жүзеге асырады.
      2. Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы қызметтi жүзеге асыратын өзге де мемлекеттiк органдарының құзыретi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленедi.
      Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз), өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2010.03.19 № 258-IV, 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      10-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және


               пайдалану саласындағы жергiлiктi мемлекеттiк
               басқару органдарының құзыретi

      1. Қазақстан Республикасының жергiлiктi өкiлдi органдары:


      1) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөнiндегi өңiрлiк бағдарламаларды бекiтедi;
      2) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану мәселелерi бойынша жергiлiктi атқарушы органдар басшыларының есептерiн қарайды;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету жөнiндегi өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
      2. Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдары:
      1) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөнiндегi өңiрлiк бағдарламаларды әзiрлейдi және олардың iске асырылуын қамтамасыз етедi;
      2) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөнiндегi өздерiне ведомстволық бағыныстағы органдар мен ұйымдардың қызметiн үйлестiру мен бақылауды жүзеге асырады;
      3) жергiлiктi маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерiнiң тiзбесiн бекiтедi;
      4) жануарлар дүниесiн пайдаланушыларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттiлiктерi үшiн сервитуттарды белгiлеу жөнiнде шешiмдер қабылдайды;
      5) алып тасталды - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
      5-1) жануарларға ауырып қалған, бекiтiлiп берiлмеген аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерiнде олардың қырылу қаупi төнген жағдайда оларға көмек көрсету жөнiндегi iс-шараларды ұйымдастырады;
      6) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
      Ескерту. 10-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      11-бап. Жануарлар дүниесiн мемлекеттiк есепке алу,


               оның мемлекеттiк кадастры мен мониторингi

      Жануарлар дүниесiн қорғауды, өсiмiн молайтуды және пайдалануды қамтамасыз ету үшiн жануарлар түрлерiнiң жай-күйi мен географиялық таралуы туралы, олардың саны, жүйелi байқау нәтижелерi, оларды шаруашылықтағы пайдалану көлемдерi туралы мәлiметтер жиынтығын және басқа да қажеттi деректердi құрайтын жануарлар дүниесiн мемлекеттiк есепке алу, оның мемлекеттiк кадастры мен мониторингi жүргiзiледi.


      Ескерту. 11-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      11-1-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және


                 пайдалану саласындағы мемлекеттiк монополия

      1. Бекiре тұқымдас балықтарды табиғи мекендеу ортасынан алып қою, оларды сатып алу, олардың уылдырығын және өнiмiнiң басқа да түрлерiн өңдеу және экспорттау жөнiндегi қызмет мемлекеттiк монополияға жатады және оны мемлекеттiк кәсiпорын ғана жүзеге асырады.


      2. Өнiмдi мемлекеттiк монополия субъектiсiнен сатып алған жеке және заңды тұлғалар оны одан әрi қайта өңдеудi және өткiзудi жүзеге асыруға құқылы.
      3. Бекiре тұқымдас балықтар кездейсоқ ауланған жағдайда тiршiлiк етуге қабiлеттi дара нұсқалары – табиғи мекендеу ортасына жiберiлуге, ал тiршiлiк етуге қабiлетсiз (өлi) дара нұсқалары өтеусiз негiзде мемлекеттiк монополия субъектiсiне тапсырылуға тиiс.
      4. Бекiре тұқымдас балықтарды жасанды түрде өсiру мақсатында өсiмдi молайту кешенi мемлекеттiк кәсiпорындарының, сондай-ақ ғылыми-зерттеу үшiн аулау кезiнде заңды тұлғалардың оларды табиғи мекендеу ортасынан алып қоюы Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.
      5. Мемлекеттiк монополия субъектiсi өткiзетiн өнiмнiң бағасын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
      Ескерту. Заң 11-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет