Жануарлар морфологиясы мен ветеринариялық латын терминологиясы” II


тақырып: Микроскопиялық техника негіздері Мақсаты



бет14/19
Дата14.06.2016
өлшемі1.32 Mb.
#134351
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

2 тақырып: Микроскопиялық техника негіздері

Мақсаты: Гистологиялық препараттарды дайындаудың негізгі әдістерімен танысу, оны өңдеудің басты кезеңдерін біліп, олардың әрқайсысының мәнін түсіну. Микротехникада қолданылатын аспап – құралдармен, бояғыштармен танысу. Гистологиялық препараттарға қойылатын талаптарды меңгеру.

1 тапсырма. Гистологиялық препараттың анықтамасын біліп алып, оған қойылатын талаптарды меңгеріп, дәптерге оны дайындаудың мына өңдеулер өткізу жолдарын жазып алу керек:

Жас объект

Бекіту Сүйекті немесе тісті кальцийсіздендіру

Мұздату микротоммен кесінділерді әзірлеу

Ағын суда жуу

Күштілігі өсе түсетін спирттерде сусыздандыру

Парафинде немесе целлоидинде қатыру

Микротомда (жұқа кесінді дайындайтын техника) кесінділер әзірлеу

Кесінділерді парафиннен немесе целоидиннен тазарту

Кесінділерді бояу

Кесінділерді сақтау үшін бальзамға немесе басқа ортаға салу



2 тапсырма. Кесіндіні парафиннен тазарту және гематоксилин–эозин әдісімен бояу:

  1. Ксилол I...........................................................................5 минут

  2. Ксилол II..........................................................................5 минут

  3. 96 градустегі спирт.........................................................1 – 2 минут

  4. 70 градустегі спирт.........................................................1 – 2 минут

  5. Тазартылған су................................................................1 – 2 минут

  6. Гематоксилин..................................................................1 – 2 минут

  7. Тазартылған су................................................................шаю

  8. Ағынды сумен жуу.........................................................5 минут

  9. Эозин................................................................................1 – 2 минут

  10. 70 градустегі спирт.........................................................1 минут

  11. 96 градустегу спирт........................................................1 минут

  12. Карбол – ксилол..............................................................1 минут

  13. Ксилол.............................................................................1 минут

  14. Бальзам (уақытша болса – глицерин)...........................

  15. Жабынды шыны

3 тапсырма. Кесіндіні парафиннен тазарту және Ван – Гизон әдісімен бояу:

  1. Ксилол I...........................................................................5 минут

  2. Ксилол II..........................................................................5 минут

  3. 96 градустегі спирт.........................................................2 минут

  4. 70 градустегі спирт.........................................................2 минут

  5. Тазартылған су................................................................2 минут

  6. Гематоксилин Вейгерта..................................................5 минут

  7. 2 рет ағынды (бояуы кеткенше) суда жуу.....................

  8. Пикрофуксин...................................................................5 минут

  9. Тазартылған су..................................................10 секунд, жылдам шаю

  10. 70 градустегі спирт.........................................................30 секунд

  11. 96 градустегу спирт............................................2 рет 30 секундтан

  12. Карбол – ксилол..................................................1 минут, жарықтану

  13. Ксилол.............................................................................1 минут

  14. Бальзам (уақытша болса – глицерин)...........................

  15. Жабынды шыны

Бақылау есебі:

  1. Зерттеушіге жасушадағы май тұрақсыз қосындыны зерттеу қажет болды. Ол үшін қандай бекіткішті және бояғыштарды қолдану керек?

  2. Зерттеушіге 0;2 мкм аз жасуша құрылымын зерттеу қажет. Оған қандай зерделеу әдістерін ұсынуға болады?

Өзін-өзі бақылау және зертханалық жұмыстарды қорғау сұрақтары:

  1. Гистологиялық препарат дегенiмiз не?

  2. Гистологиялық препаратты бекiтудiң мақсаты неде?

  3. Бекiту ретiнде ненi жиi қолданады?

  4. Гистологиялық материалды қатыру тәсiлдерiн ата.

  5. Микротом дегенiмiз не, ол не үшiн пайданылады?

  6. Гистологиялық препарат қандай талаптарға сай болуы керек?

  7. Қандай микротехникалық әдiстермен препараттың тазалығына және айқындығына (контрастылығы) жетуге болады?

  8. Қандай құрылымдарды оксифильдi, базофильдi және аргирофилдi деп атау ұйғарылған?

  9. Әзірленген препараттарда не бейнеленгенін қорғау.

3 тақырып: Тірі зат құрылымы. Жасуша. Симпласт, синцитий, жасуша аралық заттек.

Мақсаты: Цитоплазманың, белоктардың, майлардың, көмірсулардың, нуклеин қышқылдарының химиялық құрамын, осы заттардың жасушада түзілуін білу. Жасушаларды, жасушасыз құрылымдарды микроскоппен зерделегенде бір - бірінен ажыратып, таба білу.

1 тапсырма. Препараттан микроскоптың кіші ұлғайтқышында көп бұрышты жасушаларды тауып, оларды үлкен ұлғайтқышпен көріп, әр жасушада көк түске боялған ядросы, оның айналасында қызғылт цитоплазма барын, кейінгі сыртынан цитолеммамен қоршалғанын байқау қажет. Қос жасушалардың бейнесін дәптерге салып, мыналарды белгілеу керек: 1-цитолемма, 2-цитоплазма, 3-ядро.

2 тапсырма. Тақырыптың бақылау сұрақтарына жауап бере отырып, оларға сай ілімдерді талқылау.

3 тапсырма. Жасушасыз құрылымдардың түрлерін атау керек. Ол үшін борпылдақ дәнекер ұлпа препаратынан кіші ұлғайтқышта коллаген талшықтары шоғырын, жіңішке түзу, сәл бұратылып келетін эластин талшықтарын, араларындағы жасушалардың түрлерін тауып, ішіндегі тек фибробластар мен гистиоциттер ғана үнемі көрінетінін білу қажет. Фибро бластардың шеттері нашар байқалады, өйткені олар жасуша аралық заттектерді бөледі. Цитоплазмасының шет жағы желкен тәрізді, ақшыл – ол эктоплазма деп аталады.Ядроның айналасындағы цитоплазма қою түске боялған, ол – эндоплазма. Үлкен ұлғайтқышта препарат бейнесін салып, мыналарды белгілеу керек: 1-коллаген талшықтары; 2-эластин талшықтары; 3-аморфты зат, 4-фибробласт; 5-гистиоцит; 6-лимфоциттер ядросы.

Бақылау есебі: Препаратты зерделегенде плазмалеммасы, тұрақты қосындылары, көптеген ядролары бар құрылым байқалады. Оны қалай деп атайды?

Өзін - өзі бақылау және зертханалық жұмыстарды қорғау сұрақтары:

        1. Тірі заттар критерийін атаңыз. Тірі заттың өлі түрінен айырмашылығы неде?

        2. Қандай тірі зат түрлері сізге аян?

        3. Тірі зат құрамына қандай химиялық қосындылар енеді? Жай белок молекулалары неден тұрады?

        4. Күрделі белоктардың немесе протеидтердің молекулалары немен сипатталады? Оларды не құрады?

        5. Тірі зат құрамына қандай бейорганикалық қосындылар кіреді?

        6. Қандай құрылым құрамына ДНҚ және РНҚ кіреді?

        7. Симпласт және жасуша аралық заттек дегеніміз не?

        8. Есеп шешімін қорғау.

4 тақырып: Дене жасушасының құрылысы. Ядро.

Мақсаты: Жасушаларды, оның ядросын, цитоплазмасын, цитолеммасын ажырата білу; микро- және ультрақұрылым ерекшеліктеріне орай, ядро құрылымы ұқсастығын табу; белок түзілуіндегі ядроның рөлін түсіндіру; кезеңаралық дене жасушасының атауларын және маңызын меңгеру.

1 тапсырма. Алдымен, цитоплазма гиалоплазмадан, тұрақты, тұрақсыз қосындылардан тұратынын еске түсіріп, жасуша цитоплазмасының құрылысын меңгеру үшін гепатоциттерден Гольджи аппараты, тұрақсыз май қосындыларын кіші және үлкен ұлғайтқышта; арнайы көрсетілетін препаратта эпителий жасушасындағы митохондрийлерді, тұрақсыз көмірсу, боялмаған бояутек (пигмент) қосындыларын үлкен ұлғайтқышта қарау. Цитоплазма құрылысы препаратты түрлі бояғыштармен бояғанда байқалады. Сондықтан бір препаратта барлық тұрақты, тұрақсыз қосындыларды көру мүмкін емес. 1-2 жасуша бейнесін салып, мыналарды белгілеу керек: 1-цитолемма, 2-цитоплазма: а) май қосындылары, 3-ядро.

2 тапсырма. Препараттан кіші ұлғайтқышта көпбұрышты бауыр жасушаларын тауып, онда көк түске боялған ядро барын байқап, ондай бірнеше жасушаларды салып, мыналарды белгілеу қажет: 1-цитолемма, 2-цитоплазма, 3-ядро: а)кариолемма, б) кариоплазма, в) хроматин үйінділері (гетерохроматин), г) ядрошық.

3 тапсырма. Дәптерге салып алып, мына “кезеңаралық ядроның құрылысын, қызметі” кестесін толтыр:

Кезеңаралық ядро құрамбөліктерінің құрамы

Олардың атқаратын қызметі







Бақылау есебі:

а. Зерттеуде жасуша ядросындағы хроматин мен ядрошық ұқсастығын табу қажеттігі туды. Ол үшін қандай әдісті қолдануға болады?

б. Препаратта ірі ақшыл ядросы мен ядрошығы бар жүйке жасушасы байқалады. Жасушадағы белок түзілу қарқындығын айқындау керек.

в. Студент алдына ДНҚ, РНҚ бар құрылымды табу міндеті қойылған. Ол қандай әдісті қолдануы керек?



г. Құрылымында ДНҚ, РНҚ болуын қандай белгілерге негіздеп, анықтауға болады?

Өзін - өзі бақылау және зертханалық жұмыстарды қорғау сұрақтары:

  1. Атқаратын қызметіне орай, жасушалардың, оның ядроларының қандай түрлерін білесіз?

  2. Жасуша жарғағы дегеніміз не?

  3. Плазмалемманың құрылысы қандай?

  4. Жасуша аралық байланыстардың қандай түрлері бар?

  5. Жасушаға сұйық, қатты заттар қалай өтеді?

  6. Кезеңаралық ядроның құрамбөліктерін атаңыз.

  7. Гетерохроматин және эухроматин дегеніміз не?

  8. Ядрошықтың химиялық құрамы, құрылысы, қызметі неде?

  9. Хромосоманың құрылым элементтерін атаңыз.

  10. Есеп шешімін қорғау.

5 тақырып: Жасушаның тұрақты және тұрақсыз қосындылары.

Мақсаты: Жасуша цитоплазмасындағы тұрақты қосындыларды, олардың құрылымдық, цитохимиялық ерекшеліктеріне қарап, анықтауды; жасушаның тіршілік әрекетіндегі рөлін; жасуша цитоплазмасындағы –белок, май, көмірсу, бояутек тұрақсыз қосындыларының ұқсастығын табуды; заттек алмасуын, жасуша күйін сипаттап, жасуша құрамбөліктерінің субмикроскопиялық құрылысын білу.

1 тапсырма. Кестеден жасушаның субмикроскопиялық құрылысы сызбасын салып, мыналарды дұрыс белгілеу қажет: 1-цитолемма: а) белок молекуласының қабаты, б) билипидті қабат, 2-фагоцитоз, 3-пиноцитоз, 4-гиалоплазма, 5-лизосомалар, 6-жасуша орталығы, 7-митохондрийлер: в) сыртқы жарғақ, г) ішкі жарғақ, д) кристілер, е) матрикс, 8-Гольджи аппараты: ж) жарғақтар, з) түзінді көпіршіктері, 9-түйіршікті және 10-түйіршіксіз эндоплазмалық тор, 11-рибосомалар, 12-полисомалар, 13-ядро: кариолемма, й)ішкі ядролық жарғақ, к) сыртқы ядролық жарғақ, л) перинуклеарлы кеңістік, м) ядро саңылауы, 14-ядрошық, 15-хроматин, 16-кариоплазма, 17-микротүтікшелер.

2 тапсырма. Дәптерге тұрақты қосындылардың мына жіктелулерін жазып алу керек:

Тұрақты қосындылар

жарғақты

жарғақсыз

3 тапсырма. Ойланып, қандай тұрақты қосындылардың қатысуымен жасушада өтетін мына процесстерді жазып алу керек:

Процесстер

Тұрақты қосындылар

Липидтер, холестерин түзілуі




Гликоген түзілуі




Уларды уытсыздандыру




Ca, Cl иондарын жинақтау




Жасушада заттарды тасымалдау




Түзілген белоктарды шығару




Жарғақтар белогінің түзілуі




Түзінді өнімдерін жинақтау




Түзінділерді шығаруға қатысу




Жасуша цитоқаңқасын құру




Бөлу ұршығын құру




Жиырылу қызметі




Бақылау есебі:

  1. Иондау радиациясы әсерінен кейбір жасушаларда жеке тұрақты қосындылар бүліне бастайды. Жасушада бұл қалдықтар қалай пайдаланылады?

  2. Студентке жасушаның митохондрийлері мен лизосомаларын зерттеу міндеті қойылған. Оны қандай әдістерді қолданып, орындаған жөн? Аталған тұрақты қосындыларды қандай белгілеріне қарап, ажыратуға болады?

Өзін - өзі бақылау және зертханалық жұмыстарды қорғау сұрақтары:

  1. Жасушаның қандай тұрақты, тұрақсыз қосындыларын білесіз?

  2. Жасушаның тұрақты қосындыларын, олардың түрлерін, атқаратын қызметін сипаттаңыз.

  3. Жасушада заттардың түзілуіне, олардың тасымалдануына қатынасатын тұрақты қосындыларды атаңыз.

  4. Қандай тұрақты қосындылар майлар мен көмірсулардың түзілуіне қатынасады?

  5. Гольджи аппараты қандай қызметтер атқарады?

  6. Тұрақсыз қосындылар дегеніміз не? Олардың қандай түрлерін білесіз?

  7. Тұрақсыз қосындыларды қалай бір-бірінен ажыратады?

  8. Есеп шешімін қорғау.

6 тақырып: Дене жасушасының бөлінуі.

Мақсаты: Жасушаның клеткалық циклін суреттеу, оның әр кезеңі аттарын еске сақтап, сипаттап, жасушалардың бөліну түрлерін, ерекшеліктерін, байқалатын өзгерістерін және митоз бен амитоздың негізгі сатыларын анықтап, зерделей білу.

1 тапсырма. Ұзақтығы 11 сағат болатын клеткалық циклді дәптерге салып алып, ондағы митоздық, түзілу (синтез) алды, түзілу және түзілу соңы кезеңдерінің ұзақтығын дұрыс белгілеу керек.

2 тапсырма. Микроскоп кіші ұлғайтқышымен өсімдік жасушаларындағы митоз препаратын қарап, үлкен ұлғайтқышта, оның сатыларын тауып, олардың әрқайсысының суретін салып алып, мыналарды белгілеу керек: 1-бөлінбеген кезеңаралық жасуша: а) цитолемма, б) цитоплазма, в) ядро, 2-тығыз түйін сатысындағы профаза: г) цитоплазма, д) ядро, е) оралым тәрізді хромосомалар, ж) ядрошық, з) кариолемма, 3-түйіні қопсый бастаған профаза: и) цитолемма, к) миксоплазма, л) оралым тәрізді хромосомалар, 4-метафаза: м) жасушаның экваторында саны екі еселенген хромосомалар, 5-анафаза: н) жас жасушалар центриолилеріне ауысудағы хромосомалар, 6-телофаза: о) жас жасушалар ядросының қалыптасуы, п) жас жасушалар арасындағы перделер.

3 тапсырма. Әртүрлі иінді (субметацентрикалық) метафазалық хромосоманың суретін салып, мыналарды белгілеу қажет: 1-хроматидтер, 2-бірінші тартылу (центромера, кинетохор), 3-екінші тартылу, 4-хромосомалар матриксі.

4 тапсырма. Жануарлар жасушаларындағы митоз бен амитоз препараттарын көру.

Өзін - өзі бақылау және зертханалық жұмыстарды қорғау сұрақтары:

  1. Циклдiң қай кезеңiнде ДНҚ екi еселенiп, белок синтезi жүрiп, АТФ жиналады?

  2. Интерфазаның әр кезеңiне не тән?

  3. Митозда тұрақты қосындылар қалай өзгередi?

  4. Митоз кезiнде ядрошықпен ядро қабығы неге ұшырайды?

  5. Митоздың амитоздан айырмашылығы неде?

  6. Эндомитоз және полиплоидия дегенiмiз не?

7 тақырып: Жыныс жасушаларының құрылысы. Сүтқоректілер жұмыртқа клеткасы.

Мақсаты: Микроскопта жыныс жасушаларын, олардың құрылым құрам бөліктерін анықтай білу. Жыныс жасушаларының дене жасушаларынан негізгі айырмашылықтарын түсіну. Олардың құрылысы мен дамуына тән ерекшеліктерін ұғып алу.

1 тапсырма. Қошқардың шәует жағындысы препаратынан үлкен ұлғайтқышта көк түске боялған шәуеттерді тауып, бір шәует суретін салып, мыналарды белгілеу керек: 1-басы, 2-мойны, 3-құйрығы. Бұл суреттің жанына кестеден шәует құрылысы сызбасын салып алып, мына белгілерді қою қажет: 1-басы: а) ядро, б) Гольджи аппараты бар ұрық қандауыры (акросома), 2-мойны: в) үстіңгі жақ және г) төменгі жақ центриолилер, 3-денесі: д) өзекті жіп, е) оралым жіп, 4-құйрығы.

2 тапсырма. Мысық аналық безі препаратынан кіші ұлғайтқышта бірінші, екінші, үшінші көпіршіктерді (фолликулаларды) тауып, оларды үлкен ұлғайтқышта көріп, суретін салып алып, мыналарды белгілеу керек: 1-бірінші фолликул, 2-екінші фолликул: а) ұлғая өсудегі овоцит, б) ядро, в) цитоплазма, г) сары уыз түйіршіктері, д) цитолемма, е) мөлдір қабық (оолемма), ж) көп қабатты эпителий, 3-үшінші фолликул: з) жұмыртқа түзуші төмпешік, и) бірінші ретті овоцит, к) ядро, л) цитоплазма, м) сары уыз түйіршіктері, н) қыртысты (кортикальді) қабат, о) цитолемма, п) мөлдір қабық, р) фолликулалы қабық, 4-фолликула қабырғасы: с) фолликулалы эпителий (түйіршікті аймақ), т) шыны тәрізді қабық (қалыңдаған негізгі жарғақ), у) дәнекер ұлпадан тұратын қаптама.

Бақылау есебі:

  1. Препаратта әр түрлі даму сатысындағы жұмыртқа клеткасы көрінеді. Оның көлемі ұлғайған сайын, онда тұрақсыз сары уыз жиналып, ол цитоплазмада біркелкі орналасады. Бұл қандай жұмыртқа клеткасына тән, әрі жануарлардың қай түріне жататынын анықтау керек.

Өзін - өзі бақылау және зертханалық жұмыстарды қорғау сұрақтары:

  1. Сперматозоидтың қай жерiнде Гольджи аппараты, центриолилер және митохондрийлер орналасады?

  2. Сперматозоидтың құрылысы мен қызметiн баяндаңыз.

  3. Акросома дегенiмiз не? Оның атқаратын рөлi қандай?

  4. Омыртқалы жануарлардың жұмыртқа жасушалары қандай белгiлерi бойынша олиголецитальдық, мезолецитальдық және полилецитальдық, сондай-ақ изолецитальдық және телолецитальдық болып бөлiнедi?

  5. Жұмыртқа жасушаларының қосымша қабықтарын атап, олардың атқаратын қызметiн түсiндiр.

  6. Сары уыз мөлшерiне байланысты жұмыртқа жасушасы қалай жiктеледi?

  7. Сперматозоид пен жұмыртқа жасушаларының құрылысындағы айырмашылықтар неде?

  8. Есеп шешімін қорғау.

8 тақырып: Сперматогенез және овогенез.

Мақсаты: Жыныс жасушаларына тән даму ерекшеліктерін меңгеру.

1 тапсырма. Кестеден сперматогенез сызбасы суретін салып, мыналарды белгілеу керек: 1-көбею сатысы: а) бастапқы ұрықтар (сперматогонийлер), 2-өсу сатысы: б) 1-ші ретті сперматоцит, 3-пісу (жетілу) сатысы: в) 2-ші ретті сперматоцит, г) сперматидтер, 4-қалыптасу сатысы: д) қалыптасудағы сперматозоидтар. Ен препаратынан иректі ұрық өзекшелерінің қабырғасын көріп, суретін салып, мыналарды белгілеу қажет: 1-өзек қабығы, 2-сперматогонийлер ядролары, 3-Сертоли жасушаларының ядролары, 4-1-ші және 2-ші ретті сперматоциттер ядролары, 5-сперматидтер ядролары, 6-қалыптасудағы сперматозоидтар.

2 тапсырма. Кестеден овогенез сызбасын салып алып, мыналарды белгілеу керек: 1-көбею сатысы: а) овогонийлер, 2- өсу сатысы: б) 1-ші ретті овоцит, 3-пісу сатысы: в) 2-ші ретті овоцит, г) өзгеру денешіктері, д) жетілген жұмыртқаклетка.

3 тапсырма. Овогенез бен сперматогенез сызбаларын салыстырып, олардың айырмашылығын айқындау керек. Айырмашылықтарын келесі кестенің қажетті бағанына “+” белгісін қойып, көрсету қажет.

Сперматогенез және овогенез айырмашылықтары

№ реті

Белгілері

Сперма-тогенез

Овоге-нез

1

Дамуда 4 саты болады







2

Дамуда қалыптасу сатысы жоқ







3

Бастапқы ұрықтан 4 жетілген жыныс жасушалары пайда болады







4

Бастапқы ұрықтан тек 1 жетілген жыныс жасушасы, 3 өзгеру денешіктері түзіледі







5

Көбею сатысы туғанға дейін жүреді







6

Көбею сатысы туғаннан кейінде жүреді







7

Өсу сатысында шағын, ұлғая өсу фазалары болады







8

Пісу сатысы көбінесе ұрық безінен тыс өтеді







9

Мейоз соңында диплоидты хромосомалар гаплоидты түріне ауысады







Өзін - өзі бақылау және зертханалық жұмыстарды қорғау сұрақтары:

  1. Гоноциттер (гонобластар) қайда пайда болады, олар қайда және қалай көшедi?

  2. Сперматогенездiң дәуiрлерiн ата, оның жетiлу (пiсу) дәуiрiнiң биологиялық мәнi неде екенiн түсiндiр.

  3. Қандай жасушаларда хромосомалардың диплоидты жиынтығы, ал қандайында гаплоидты жиынтығы болады?

  4. Сперматогенез қайда өтедi?

  5. Жетiлген аналықтардың аналық бездерiнде овогенездiң қандай дәуiрi өтедi?

  6. Бiрiншi көпiршiктегi овоциттiң екiншi түрiнен айырмашылығы бар ма, болса ол неде?

9 тақырып: Құс ұрығы дамуындағы негізгі сатылар. Іштөлі қабықтары.

Мақсаты: Құс ұрығының даму сатыларын білу, жұмыртқаклеткасының құрылысына орай, олардың ерекшеліктерін түсіну. Құс іштөлі қабықтарының қалай қалыптасатынын меңгеру.

1 тапсырма. Салынған бейнеден құс ұрығы бөлшектенуінің ерекшеліктерін түсініп, ол жұмыртқаклеткадағы сары уыз түйіршіктерінің мөлшеріне және бөлшектену өтетін жағдайларға байланысты екеніне көңіл аудару қажет. Дәптерге мына кестені салып алып, құс ұрығы дамуының негізгі сатыларын жазып, әрқайсысының маңызын қысқаша белгілеу керек.

Даму сатылары

Даму сатыларының маңызы








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет