Жұлын ОЖЖ ең ерте түзiлген бөлiгi, организмнiң өте күрделi қозғалыс қызметiн атқарады. Ж. омыртқа жотасының өзегiнде орналасады, түрi жұмыр желiдей, ортасында сұйыққа толы жұлын өзегi өтедi. Тең екi бөлiктен тұрады. Оны алдында орналасқан саңылау, артын-жүлге бөледi. Ж. сегменттi құрылысымен сипатталады. Әр сегментi қос алдыңғы (iшкерi, вентральдi), қос артқы (арқа тұс, дорсальдi) түбiрiмен байланысады. Ж. ортасында сұр заты, шетiнде ақ заты жатады. Ж. ақ заты төменгi бөлiгiне қарағанда, жоғары бөлiгiнде көп болады. Сұр заты көлденең кесiнде көбелек тәрiздi, қос алдыңғы, артқы, бүйiрлiк (латералды) ашалардан тұрады. Ж. тең екi бөлiгiндегi сұр зат ашалары бiр-бiрiмен орталық сұр комиссуральды жабыспа аймағында қосылады. Сұр зат нейрондар денесiнен, дендриттер, жартылай аксондар мен глия жасушаларынан тұрады. Нейрондар денелерiнiң арасында жүйке талшықтары мен глия жасушаларының өсiндiлерiнен құралған тор - нейропиль орналасады. Ж. сұр затында айқын шектелген нейрондар тобын көру қиын. Нейрондардың орналасуына, цитологиялық ерекшелiктерiне, байланысы мен қызмет түрлерiне сүйенiп, Б. Рексед жұлын сұр затын тұмсығынан артқы жақ бағытында зерделеп, он тақташаға бөлдi. Алғашқы I-V тақташалар-жұлынның артқы ашасына, VI-VII тақташалар - бүйiрлiк ашаларға, VIII-IХ тақташалар - алдыңғы ашаларға, Х тақташа - орталық өзек аймағына сәйкес келедi. I тақташа нейрондары ауырсу, қызу шамасын сезiнедi, талшықтарын қарама-қарсы жаққа жiбередi. II тақташа нейрондары сұр зат орталық бөлiгiндегi iрi нейрондар қозғыштығына әсер етедi. IV тақташа нейрондары жанасу, қысым, соққы, шайқалу арқылы пайда болатын тiтiркенiстердi қабылдайды. IХ тақташа нейрондарының дене ортасына жақын ядролар тобы қаңқа бұлшық етiн жүйкелендiредi. Қалған бұлшық еттер бүйiрлiк ядролар тобынан жүйкеленедi. Ж. нейрондарының аксоны орналасуына байланысты үш топқа - түбiрлi, iшкi, будалы деп бөлiнедi. Түбiрлi нейрон аксондары алдыңғы түбiрдi құрады. Iшкi нейрондар өсiндiлерi жұлын сұр заты шегiнде аяқталады. Будалы нейрондар өсiндiлерi өткiзгiш жолдары құрамында, жұлын ақ затында талшықтар будасын құрады. Артқы ашалар ұсақ, орташа мөлшерлi көп өсiндiлi байланыстырушы нейрондардан құралған бiрнеше жүйке ядроларынан тұрады. Оларда әртүрлi хабарларды қабылдағыштардан әкеле жатқан жұлындық түйiндердегi жалған бiр өсiндiлi жасушалардың аксондары аяқталады. Байланыстырушы нейрондар аксондары - жұлын сұр затының алдыңғы ашасында жатқан қозғағыш нейронда аяқталады; жұлын сұр заты шегiнде сегмент аралық байланысын түзедi; жұлын ақ затына кiрiп, онда жоғары, төмен бағытталған өткiзгiш жолдарын құрады. Аксондардың бiраз бөлiгi жұлынның екiншi жағына ауысады. Бүйiрлiк ашалар жұлынның кеуде, сегiзкөз сегменттерi деңгейiнде жақсы байқалатын, дербес жүйке жүйесiнiң симпатикалық және парасимпатикалық бөлiмдерiне жататын байланыстырушы нейрондар денесiнен құралған ядроларды сақтайды. Бұл жасушалар дендриттерi мен денелерiнде iшкi ағзаларда орналасатын жалған бiр өсiндiлi, денесi сопақша мида жататын дербес қызметтi реттейтiн орталықтар нейрондарының аксондары аяқталады. Дербес нейрондар аксондары жұлыннан, оның алдыңғы түбiрiмен шығып, симпатикалық және парасимпатикалық түйiндерге бағытталған түйiн алды талшықтарын құрады. Бүйiрлiк аша нейрондары негiзгi селбестiргiштерiне ацетилхолин жатады. Алдыңғы ашаларды көп өсiндiлi қозғағыш жасушалар (мотонейрондар) түзедi. Олардың өсiндiлерi, денелерiнде өте көп түйiспелер болады. Қозғағыш нейрондарда - жұлындық түйiндердегi жалған бiр өсiндiлi жасушалар аксоны тармақтары; жұлын артқы ашасында жататын байланыстырушы нейрондар аксоны; тежегiш аксо-денелiк түйiспе құратын жасушалар аксондары; тiтiркенiстi ми қыртысынан, ми дiңiндегi ядролардан әкелетiн пирамида және экстрапирамида жүйесiнiң төмен түсетiн талшықтары аяқталады. Орталық жұлын өзегi сұр зат орталық сұр комиссуральды жабыспасынан өтедi. Ол жұлын - ми сұйығымен толы болады, эпендиманың бiр қабатты текше, немесе призма жасушаларымен төселген. Бұл жасушалардың жоғары бетiнде микробүрлерi, жартылай талшықтары байқалып, бүйiрлерi жасушааралық байланыс кешендерiмен қосылады. Ж. ақ заты сұр затын қоршап тұрады, оның алдыңғы, артқы түбiрлерi ақ затты тең арқа тұс (дорсальдi), бүйiрлiк (латеральдi), iшкерi (вентральдi) бауларға бөледi. Ақ зат жүйке талшығынан (көбiнесе миелиндi) тұрады, ол ұзына бойда орналасып, өрлеме, төмендеушi өткiзгiш жолдарын құрады. Кейiнгiлер бiр-бiрiнен дәнекер ұлпа жұқа қабаты, астроциттермен бөлiнедi. Өткiзгiш жолдар проприо-, супраарқалық жолдар аталып, екi топ құрады. Приприоарқалық өткiзгiш жол - жұлынның меншiктi өткiзгiш жолы, байланыстырушы нейрондар аксонынан құрылып, жұлын әр бөлiгi арасындағы байланысты iске асырады. Меншiктi жол бүйiрлiк, iшкерi баулар құрамында, негiзiнен ақ, сұр зат шекарасында өтедi. Супраарқалық өткiзгiш жол жұлынды бас миы құрылымымен байланыстырып, өрлеме жұлын-ми, төмендеушi ми-жұлын жолдарын қосады. Үлкен ми өз дiңгегiнен тұрады. Ол жұлын жалғасынан (сопақша, артқы, орта, аралық миларды қосады), үлкен ми сыңарлары мен мишықтан құралған, жамылма бөлiгiнен тұрады. Үлкен ми дiңгегiндегi сұр затты көптеген ядролар бередi, оны ақ зат қоршап, тек сопақша мидың артқы жақ бөлiгiнде жұлынның алдыңғы, артқы ашаларының жалғасы байқалады, бiрақ алдыңғы жағында жеке нейрондар шоғыры өткiзгiш жолдармен бөлiнiп, ядроларды қалыптастырады. Дiңгектен он жұп ми жүйкелерi шығып, олардың ядролары сопақша, орта ми шектерiнде орналасады. Ми дiңгегi ядролары сезгiш, қимыл, байланыстырушы болып бөлiнедi. Сезгiш ядролар жұлын артқы ашасындағы ядролардай, онда көп өсiндiлi байланыстырушы нейрондар денелерi, дендриттерi орналасқан, оларда сезгiш хабарларды әкелетiн жалған бiр, екi өсiндiлi жасушалар аксоны аяқталады. Қимыл ядролары қозғағыш нейрондардан тұрады, аксондары қаңқа бұлшық ет талшықтарында аяқталады. Бұл ядроларға нейрон денелерi жататын сопақша, орта милардағы вегетативтiк ядроларды жиi қосады, олардың аксондары түйiн алды талшықтарын құрып, ми жүйкелерi парасимпатикалық жүйке түйiндерiне бағытталады. Байланыстырушы (релелiк) ядроларда байланыстырушы көп өсiндiлi жасушалар шоғыры болады, олар жүйке тiтiркенiсiн ауыстырып қосу жолын құратын көп нейронды рефлекс доғаларын қалыптастыруды қамтамасыз етедi. Тiтiркенiстер сыңарларға, мишық қыртыстарына барады, немесе қайта бағытта қыртыстан ми дiңгегiне, жұлын орталықтарына өтедi. Ми дiңгегiндегi ақ зат гистологиялық құрылысы жұлындағыдай, жүйке талшықтары будасынан тұрады, өрлеме және төмендеушi жолдар құрады, олар орталық жүйке жүйесiнiң әр бөлiмдерiн байланыстырады. Ми дiңгегiндегi кейбiр ядролардың орналасу, құрылыс ерекшелiктерiне орай, оның өткiзгiш жолдары нейроселбестiргiштерi арнайы химиялық құрамымен ерекшеленедi. Орталық жүйке жүйесiндегi ерекше бөлiмге, арнайы құрамына ие, әр деңгейiн байланыстыратын торлы құрылым жатады. Ол ұсақ, орташа, iрi көп өсiндiлi байланыстырушы нейрондар топтарынан құралады, өсiндiлерi түрлi тармақталады, әр түрлi нейроселбестiргiштердi ұстайды, жүйке талшығы торларымен қапталады. Торлы құрылым жұлында басталып, аралық миға дейiн созылады, алдыңғы жағында тiптi жақсы дамиды. Нейрондар орталыққа бағытталған байланыстар саны көптiгiмен сипатталады, олар сезгiш құрылымнан келедi, шетке бағытталған кескiндерге бай болады. Өсiндiлерi үлкен ми сыңарлары қыртысына, дiң әр бөлiмiндегi ядроларға, шеткi миға, мишыққа бағытталып, оларды бiр жүйеге бiрiктiредi. Торлы құрылым ауырсынуды сезiп, озбырлыққа қатысады деген пiкiр бар. Таламус асты ядролар сақтайтын аралық ми үлескiсi, бiраз бөлiгi нейрогормон өндiруге арнайы бағытталған ерекше нейрон денесiн бiрiктiредi. Нейрогормондар аксон арқылы тасымалданып, нейрогипофиздiң қылтамырлар торына бөлiнедi. Орталық жүйке жүйесi, ағзалар-нысаналар арасындағы байланыстардың бәрi тек жүйке талшықтарымен iске аспайды.
Мишық - көпiр, сопақша ми, төртiншi қарынша үстiнде, төрт төмпешiк артында орналасып, тепе-теңдiк, бұлшық ет ширығуын қолдау, қозғалыстарды үйлестiру, қозғалыс өздiгiнен, ерiксiз жүзеге асуын бақылау орталықтары болып табылады. Ол бетiнде жүлгелер, қатпарлар саны көп қос сыңардан, ортасы тар бөлiктен құралған, ми басқа бөлiмдерiмен үш жұп аяқтарымен байланысады. Сұр заты м. қыртысын, ядроларын құрып, ақ зат түбiнде жатады. М. қыртысы жүйке орталығының қалқанды түрi, нейрондар, жүйке талшықтары, глия жасушалары тәртiпте орналасуымен сипатталады. М. (сыртынан iшiне қарай) молекулалық, түйiндiк (ганглиондық), түйiршiктi қабаттар ажыратады. Молекулалық қабат бiршама саны аз ұсақ жасушалардан тұрады, себет, жұлдызша жасушалардың денелерiн сақтайды. Себет жасушалар қабаттың iшкi бөлiмiнде орналасады, қысқа дендриттерi оның сыртқы бөлiмiндегi паралель талшықтармен байланыс құрады, ұзын аксоны қатпарға көлденеңiнен барып, белгiлi аралықтан кейiн бүйiр тармақтар берiп, Пуркинье жасушалары денесiне түсiп, тармақталып, оны себет тәрiздi қоршап, тежеушi аксо-сомалық түйiспе құрады. Жұлдызша жасушалар ұсақ нейрондар, қысқа, ұзын аксонды болып екiге бөлiнедi. Денелерi себет жасушалар денелерiнен жоғары жатады. Қысқа, аксонды жұлдызша жасушалары дендриттерi паралель талшықтармен байланыс құрады, тармақталған аксоны Пуркинье жасушалары дендриттерiнде тежеуiш түйiспе қалыптастырады. Ұзын аксонды жұлдызша жасушалар аксоны Пуркинье жасушалары денесi айналасында себет құруға қатыса алады. Түйiндiк қабатта Пуркинье жасуша денелерi бiр қатар құрады. Оларды себет жасушалар аксондары бүйiр тармақтары қоршап жатады. Пуркинье жасушалары (алмұрт тәрiздi нейрондар), iрi жасушалар, денелерi түрi алмұрт тәрiздi, жақсы дамыған тұрақты қосындылары болады. Молекулалық қабатқа қатпар бағытына перпендикуляр жазықтықта қарқынды тармақталатын 2-3 алғашқы (дiңгектi) дендриттерi бұрылып, молекулалық қабат бетiне жететiн соңғы дендриттердi құрады. Дендриттерде паралель (түйiршiктi жасуша аксоны), өрмелеушi талшықтардан құралатын-тежеуiш түйiспе түзетiн көп қоздырушы түйiспелер жанасуынан тiкенектер қалыптасады. Пуркинье жасушалары аксоны дене негiзiнен шығып, миелин қабығымен жабылып, түйiршiктi қабаттан өтiп, ақ затқа кiрiп, оның қыртысындағы жалғыз шетке бағытталған жол түзедi. Аксон жол бойында бүйiр тармақтарын бередi, Пуркинье жасушаларының денесi орналасқан аймаққа қайта қайтып, көршi Пуркинье, Гольджи (үлкен түйiршiктi жасушалар) жасушалары денелерiнде тежеуiш түйiспелер құрады. Түйiршiктi қабатта жақын орналасқан түйiршiктi, Гольджи жасушаларының денелерi, м. шумақшалары сақталып, мүк тәрiздi талшықтар, түйiршiктi жасушалар дендриттерi, үлкен түйiршiктi жасуша аксоны арасындағы ерекше дөңгөлек күрделi түйiспе жанасуының аймағы болып келедi. Түйiршiктi жасушалар ең көп м. қыртысындағы нейрондар. Олар ұсақ, тұрақты қосындылары аз, дендриттерi қысқа, түрi «құс аяғына» ұқсас, м. шумақшалары мүк тәрiздi талшықтар жертағаны көптеген түйiспе жанасуларын құрады. Аксондары молекулалық қабатқа бағытталып, Т-тәрiздi екi тармаққа бөлiнiп, қатпар ұзындығына паралель (паралель талшықтар) жүрiп, Пуркинье, себет, жұлдызша, үлкен түйiршiктi жасушалар дендриттерiнде қоздырушы түйiспелер құрады. Гольджи жасушалары түйiршiктiлерден iрi, жақсы жамыған тұрақты қосындылары болады. Аксоны м. шоғыры шегiнде түйiршiктi жасуша дендриттерiнде түйiспелер құрып, ұзын дендриттерi молекулалық қабатқа көтерiлiп, тармақталып, паралель талшықтармен байланысады. Үлкен түйiршiктi жасушалар түйiршiктi жасушалар белсендiлiгiн өсiрмейдi.
Үлкен ми сыңары қыртысы (неокортекс) ең жоғары, күрделi құралған жүйке орталығының қалқанды түрi, қызметi организмнiң әртүрлi мiндетiн, аса күрделi мiнез - құлқын реттеудi қамтамасыз етедi. Неокортекс қатпар бетi (30%), жүлге түбiндегi (70%) сұр зат қабығынан құралған. Сұр затта жүйке жасушалары, жүйке талшықтары, нейроглия жасушалары болады. Неокортекс нейрондары көп өсiндiлi, әртүрлi көлемдi, 60 астам түрлi. Кейiнгiлердiң iшiнде екi негiзгi - пирамида тәрiздi, пирамида тәрiздi емес түрлерiн ажыратады. Пирамида тәрiздi жасушалар неокортекске ғана тән түр, төбөлiк бетiнен, қыртыс бетiне қараған конус тәрiздi денесiнен ұзын (төбелiк) тiкенешектермен жабылған дендрит шығып, қыртыс молекулалық қабатына бағытталып, онда тармақталады. Дененiң негiзгi, бүйiрлiк бөлiктерiнен қыртыс түбiне, нейрон денесiнiң жан-жағына 5-16 қысқа бүйiрлiк дендриттер таралып, тармақталып, осы қабат шегiнде таралады. Дененiң негiзгi бетi ортасынан ұзын, жұқа аксон, 60-90 мкм қашықтықта бүйiр тармақтар бере, шығып, ақ затқа барады. Пирамида тәрiздi жасушалар алыпты, iрi, орташа, кiшi болып бөлiнедi. Олардың негiзгi қызметi-қыртыс iшiнде (орташа, кiшi) бiрiгу, шетке бағытталған жолдарды қалыптастыру (алып, iрi) болып келедi. Пирамида тәрiздi емес жасушалар қыртыс қабаттарында орналасады, түсетiн орталыққа бағытталған хабарларды қабылдайды, тiтiркенiстi пирамида тәрiздi нейрондарға жеткiзедi. Бұл жасушалар әртүрлi, көбiнесе жұлдызша жасушалар түрлерiне жатады. Оларға тiкенектi жұлдызша, себет, аксо-аксонды, тағы басқа жасушалар кiредi. Олардың негiзгi қызметi - неокортекс iшiнде нейрондар тiзбегiн бiрiктiру. Неокортекс нейрондары қабаттармен (цитоархитектоника) ажыратылып, 6 топқа бөлiнiп, рим сандарымен (сыртынан iшiне қарай) белгiленедi. I - молекулалық қабат, iшкi тамырлы қабық астында жатып, бiршама саны аз ұсақ нейрондарды - ұршық тәрiздi денесiнен көлденең жазықтыққа шығатын ұзын тармақталған дентриттерi бар көлденең жасушаларды сақтайды. Олардың аксоны қабаттағы талшықтардың тангенс өрiмiн құруға қатысады. Бұл қабатта нейрон аралық байланыс түзетiн терең орналасқан қабаттардағы жасушалардың көптеген дендриттерi және аксондары өтедi. II - сыртқы түйiршiктi қабат көптеген ұсақ пирамида және жұлдыз тәрiздi жасушалардан құралған, дендриттерi тармақталып, молекулалық қабатқа көтерiледi, аксондары ақ затқа, доға құрып, молекулалық қабатқа бағытталады. III - пирамида қабаты енi өзгерiп тұрады, барынша ендiлiгi неокортекс байланыстырушы (ассоциативтi), сезiммоторлы аймақтарда жақсы байқалады. Пирамида тәрiздi жасушалар басым болады, көлемi, қабат түбiне ауысқан сайын ұсақтан iрiге дейiн ұлғаяды, төбелiк дендриттерi молекулалық қабатқа бағытталады, бүйiрлiк дендриттерi осы қабаттағы жасушаларда түйiспе құрады, аксондары өзiнiң сұр затында аяқталып, ақ затына бағытталады. Бұл қабат көбiнесе бiр сыңарда, әрi екi сыңарларда байланыстырушы қызмет атқарады. IV-iшкi түйiршiктi қабат ұсақ пирамида, жұлдызша тәрiздi жасушалардан құралады, неокортекс көру, есту аймақтарында кең мөлшерде байқалып, сезiммоторлы аймағында болмайды. Бұл қабатта көру төмпешiгi орталығына бағытталған талшықтардың негiзгi бөлiгi аяқталады. Қабаттағы ұсақ пирамида, жұлдызша тәрiздi жасушалардың аксондары неокортекстiң жоғарғы, төмен қабаттарындағы жасушалармен байланыс құрады. V - түйiндiк қабат iрi, неокортекс моторлы аймағында - алып пирамида тәрiздi (Бец жасушасы,перикарион көлемi 100 мкм артық, пирамида жолын түзетiн iрi миелиндi аксондар бастамасын бередi) жасушалардан тұрады. Төбелiк дендриттерi молекулалық қабатқа жетiп, төбелiк «гүлшоғын» құрады, бүйiрлiк дендриттерi осы қабат шегiнде таралады. Алып, iрi пирамида тәрiздi жасушалар аксондары бас миы, жұлын ядроларында проекциеленедi, iшiндегi ең ұзыны пирамида жолы құрамында жұлынның артқы жақ сегментiне жетедi. VI - көппiшiндi жасушалар қабаты әр түрлi пiшiндi, көлемдi нейрондардан (ұршық, жұлдызша тәрiздi) құралған. Қабаттың сыртқы бөлiгi iрi, iшкi бөлiгi - одан ұсақ, сирек орналасқан жасушалардан тұрады. Жасушалардың аксондары шетке бағытталған жол құрамы мен ақ затқа барады, дендриттерi молекулалық қабатқа өтедi. Неокортекс жүйке талшықтары үш топтан тұрады. Оларға-орталыққа бағытталған, байланыстырушы (ассоциативтi), комиссуральды жабыспа, шетке бағытталған талшықтар жатады. Орталыққа бағытталған талшықтар тарамдалған сәуле құрамында буда түрiнде қыртысқа мидың төмен орналасқан бөлiмдерiнен, әсiресе, көру төмпешiгi мен иiндi денелерден келедi. Талшықтар iшкi түйiршiктi қабат деңгейiнде аяқталады. Байланыстырушы, комиссуральды талшықтарды қыртыс аралық деп атайды. Өйткенi олар қыртыстың әр сыңарындағы әртүрлi аймақтарды өзара қосады. Бұл талшықтар қыртыс бетiне паралель өтетiн будалар құрады. Шетке бағытталған талшықтар қыртысты қыртыс асты құрылымдарымен байланыстырады. Үлкен ми - сауыт сүйектерi, жұлын - омыртқалар және омыртқааралық дискiлермен қорғалып, сыртынан iшiне қарай үш: сыртқы, қатты; ортадағы, өрмелi (торлы); iшкi, жұмсақ (тамырлы) ми қабықтарымен қоршалып жатады. Олар қорғаныш, соққыны (дiрiлдi) бәсеңдету, жұлын - ми сұйығын өндiрiп, сiңiрiлуiн қамтамасыз етедi. Сыртқы қатты қабық тығыз талшықты дәнекер ұлпадан тұрады, коллаген талшықтары басым болады. Қатты, өрмелi қабықтар арасындағы субдуральдi деп аталатын кеңiстiкте жұлын-ми сұйықтығынан ерекше, бiраз сұйықтық кездеседi. Қатты қабық сыртын көп көктамырлары бар борпылдақ дәнекер ұлпа жауып тұрады. Бұл қабық қатпар түзiп, сүйек қабымен бiрiгiп, эндотелиймен қапталған және көктамыр қанын сақтайтын қойнаулар қалыптастырады. Өрмелi (торлы) қабық жұқа дәнекер ұлпа перделерiнен түзiлген тор, көбiнесе коллаген, бiршама эластин талшықтарынан тұрады. Оның сырты, iшi үздiксiз жұқа жайпақ жасушалар қабатымен жабылған. Перделер арасындағы кеңiстiк жұлын-ми сұйықтығымен толы болады, оны субарахноидальдi деп атайды. Бұл кеңiстiктен iрi қан тамырлары өтедi, олардың тармақтары миды қоректендiредi. Iшкi (жұмсақ, тамырлы) қабық айқасып жатқан коллаген талшықтары будаларынан, эластин талшықтары торларынан, көптеген бiркелкi орналасқан қан тамырларынан тұрады. Сырты жайпақ жасушалар қабатымен жабылады. Бұл қабық құрылысы ми жүлге жолы, қатпарлар құрылысындай болып келедi.
Өзін - өзі бақылау сұрақтары:
-
Рефлекторлық доға қандай тiзбе-топтардан тұратынын атап, күрделi рефлекторлық доғаның қарапайым түрiнен қандай айырмашылығы барын түсiндiр?
-
Жұлынның сұр затында ядролар бола ма? Болса оларды атап, әр ядроның орналасқан жерiн көрсет.
-
Жұлындағы қозғалғыш ядро нейроциттерiнiң аксондары қайда барып аяқталады және олар не түзедi?
-
Жұлын түйiнi нейроциттерiнiң дендриттерi қайда бағытталады және соңғы тармақтары ненi құрайды?
-
Жұлынның ақ және сұр затының негiзiн қандай глиоциттер түзедi?
-
Жұлынның өткiзгiш жолдарын атап, олардың қайсысы сопақша мида, қайсысы мишықта аяқталатынын баянда.
-
Вегетативтiк түйiндердiң микроскоптық құрылысын жұлын түйiндерiмен салыстыра отырып, олардың ерекшелiктерiн түсiндiр.
-
Жүйке жүйесiнiң орталық және қиян бөлiмдерiндегi ағзалар арасындағы байланыс қалай жүредi?
-
Химиялық түйiспе қандай бөлiмдерден тұрады және оны қандай құрылым белгiлерiне қарап ажыратуға болады?
-
Неге түйiспе арқылы тiтiркену бiр бағытта ғана жүредi?
-
Жұлындағы қозғалғыш ядро нейроциттерiнiң аксондары қайда барып аяқталады және олар не түзедi?
-
Жұлын түйiнi нейроциттерiнiң дендриттерi қайда бағытталады және соңғы тармақтары ненi құрайды?
-
Жұлынның ақ және сұр затының негiзiн қандай глиоциттер түзедi?
-
Жұлынның өткiзгiш жолдарын атап, олардың қайсысы сопақша мида, қайсысы мишықта аяқталатынын баянда.
-
Вегетативтiк түйiндердiң микроскоптық құрылысын жұлын түйiндерiмен салыстыра отырып, олардың ерекшелiктерiн түсiндiр.
-
Жүйке жүйесiнiң орталық және қиян бөлiмдерiндегi ағзалар арасындағы байланыс қалай жүредi?
-
Мишық қыртысының үш қабатын атап, оның қайсысында қиыршықты торшалар мен Пуркинье торшаларының денесi жататынын көрсет.
-
Мишықтың ақ затындағы сезгiш талшықтарды атап, олар қай жерде аяқталатынын көрсет.
-
Себет тәрiздi торшалар қай жерде жатады және оларды неге осылай деп атайды?
-
Ми сыңарының қыртысындағы қабаттарды ата.
-
Периневральды қынаптың құрылысын сипаттап, оның неге орталық жүйке жүйесiн зақымдайтын ауру қозғыштарын таратудағы рөлiн түсiндiр.
-
Қиян жүйкесiнiң құрылымы қандай? Оның құрамына қандай жүйке талшықтары кiредi?
-
Нейросекреция дегенiмiз не және оның гипоталамус атқаратын қызметiндегi маңызы неде?
-
Мишықтың атқаратын қызметтерi қандай?
Әдебиеттер. Бірінші дәрістің соңында берілген.
№ 15 дәріс тақырыбы – СЕЗIМ АҒЗАЛАРЫ
Жалпы сұрақтары: Сезiм ағзаларының жалпы сипаттамасы, құрылысы. Талдағыштар (анализаторлар) туралы түсiнiк, олардың түрлерi, құрылысы және қызметi.
Дәрістің қысқаша жазбасы. Организм тiтiркенудi қабылдап, хабарды сыртқы, iшкi ортадан арнайы сезгiш құрылымдар-ұлпадағы қабылдағыштар, сезiм ағзаларынан алады. Ұлпадағы қабылдағыштар жанасу (қысым, соққы, шайқалу, созылу), дене қызуы, ауырсыну, басқа хабарларды қабылдауға жауапты.
Сезiм ағзаларына-көру, есту, иiс, дәм сезу, тепе-теңдiк сақтау, жанасуды қабылдауға арналған сезiмтал құрылымдар, көз, құлақ, мұрын, тiл, терi ағзалары жатады. Сезiм ағзалары жүйке жүйе құрамына кiрiп, И.П. Павлов айтқандай, талдағыштардың шеткi бөлiмiн (сезгiш жүйелер) құрады. Әр талдағыш рефлекс доғасының орталыққа бағытталған бөлiгi есептелiнiп: тiтiркенiстi қабылдайтын шеткi-қабылдағыштан (рецептор); жүйке тiтiркенiсi жүретiн (жүйке, ми өткiзгiш жолдары)-аралық, сезiмтал хабарды қабылдап, өңдейтiн-орталық (ми қыртысы, қыртыс астындағы орталықтар) бөлiмдерден тұрады.
Хабарды сыртқы ортадан алатын қабылдағыштар-беткей (сипап, иiс, дәм сезу, көру, есту ағзалары), iшкi ағзалардан-iшкi (iшкi ағза, ұлпа, тамырлар), қимыл жүйесiнен (сүйек, бұлшық ет, буын)-проприорецепторлар (тепе-теңдiк, ауырлық, дене бiрқалыптығын сезетiн) деп аталады.
Тiтiркенiс көзiне орай қабылдағыштар-механо-, хемо-, фото-, жылу- және ауырсыну деп жiктеледi. Жасушалардың хабарды қабылдауына байланысты қабылдағыштар: алғашқы (нейросезгiш), екiншi (эпителийлi сезгiш) сезгiш болып бөлiнедi.
Алғашқы сезгiш қабылдағыштар шеткi өсiндiлерi арқылы сезгiш хабарларды қабылдап, жүйке тiтiркенiсiне айналдырып, орталық жүйке жүйесiне өткiзедi. Омыртқасыздарға тән, омыртқалылардың көру, иiс сезу ағзалары құрамында кездеседi.
Екiншi сезгiш қабылдағыштар арнайы эпителий жасушалары, сезгiш хабарларды кiрпiкшелерiмен қабылдайды, бiрақ шеткi өсiндiлерi болмайды. Тiтiркенiс орталық жүйке жүйесiне кiрпiкшелерiн қоршап жатқан нейрон дендриттерi көмегiмен өткiзiледi. Омыртқасыздарда болмайды, омыртқалылар дың есту, тепе-теңдiк, дәм сезу ағзалары құрамына енедi.
Көру ағзасы - көз көру талдағышының шеткi бөлiгi болып келедi. Ол фото қабылдағыш (нейросезгiш) жасушалар сақтайтын көз алмасынан, қабақ, көз жасы аппараты, көздi қозғалысқа келтiретiн бұлшық етi бар аппараттан тұрады.
Көз алмасы қабырғасы: сыртқы - фиброзды (ақ, мөлдiр қабықтар), ортаңғы - тамырлы (меншiктi тамырлы қабық, кiрпiктi дене, нұрлы қабық), ми мен көру жүйкесi арқылы байланысқан iшкi - торлы қабықтардан құралған. Көз алмасы құрамына кiрпiктi денеге кiрпiктi белдеу талшықтарымен бекитiн көз бұршағы кiредi. Мөлдiр, нұрлы қабықтар, көз бұршағы арасында сулы затқа толы бос орын - көзалды камерасы, нұрлы қабық, кiрпiктi дене, белдеу, көзбұршағы арасында-артқы бөлiм орналасады. Екi бөлiмде кiрпiктi денеде өндiрiлетiн шылауықпен толып, ақ қабық көк тамыр қойнауында сiңiрiледi. Көз бұршағы мен кiрпiктi белдеуден кейiн торлы қабықпен қоршалған, шыны тәрiздi денемен толы кеңiстiк орналасады. Көздiң қызмет атқаратын аппараттарына: жарық сәуле сынуын, торлы қабыққа байқалатын зат кескiнi түсуiн қамтамасыз ететiн жарық сындырғыш (мөлдiр қабық, шылауық, көз бұршағы, шыны тәрiздi дене); торлы қабыққа көз бұршағы түрiн өзгерту жолымен кескiнiн түсiрудi қамтамасыз ететiн, торлы қабыққа жарық түсу қарқындығын реттейтiн көруге икемдейтiн (нұрлы қабық, кiрпiктi белдiгi мен кiрпiктi дене); жарық хабарын қабылдап, оның алғашқы өңдеуiн қамтамасыз ететiн қабылдағыш (торлы қабық) жатады.
Онда он қабат (сыртынан iшiне қарай) ажыратады:
бояутектi эпителий - ең сыртқы қабат, тамырлы қабық тақташасымен тығыз байланысып, торлы қабық басқа қабаттарымен тығыз байланыспайды. Бұл ерекшелiктiң клиникада маңызы зор, себебi торлы қабық әртүрлi ауытқуда бояутектi эпителийден бөлiнiп, фотосезгiш қабаттың жоюылуына жеткiзедi. Бояутектi эпителий текше (торлы қабық шетiнде), призма тәрiздi (ортасында) жасушалардан құралған, ядросы негiзгi бетiнде орналасады, түзу, лизосома аппараттары жақсы дамыған, митохондрийi, меланин түйiршiктерi көп болады. Ол мына қызметтердi атқарады: қайта қалпына келуiне мүмкiндiк туғызатын фотоқабылдағышқа А витаминiн жинап, тасымалдайды; фотоқабылдағыштар сыртқы сегментiнiң ұштары әртүрлi заттарды жұтып, қорытады; торлы қабық сырт қабаттары қоректi затты тамырлы қабық хориоқылтамырлар қабатынан диффузия жолымен таңдап, қамтамасыз етедi; жарықты сiңiру, меланиндердi түзу, өсiндiлерге ауыстыру арқылы қабылдағыштарды артық жарық түсуiнен қорғайды. Жарықта меланин түйiршiгi жасуша денесiнен фотоқабылдағыштар сыртқы сегменттерiн қоршап жатқан өсiндiге ауысады, ол көз сезiмталдығын төмендетiп, көру қабылеттiлiгiн арттырады. Қараңғыда меланин түйiршiктерi өсiндiден жасуша денесiне қайтады, сондықтан көз сезiмталдығы артып, көру қабылеттiлiгi төмендейдi. Бояутектi эпителий астында жарық сезiмталдығы бар нейросезгiш таяқша және сауытша тәрiздi көру жасушалары жатады. Олар түрi өзгерген биполярлы нейрондар, бояутектi эпителийге бағытталған дендриттерi таяқшалар және сауытшалар қабатын құрады. Таяқшалар - өте жоғары сезiмтал, ымырттағы жарықты қабылдайды, сауытшалар - түрлi түстi күндiзгi жарықты қабылдайтын жасушалар. Сауытша тек күндiз кемiрушiлер, тауық, көгөршiндер торлы қабығында, ал түнде көретiн жапалақта негiзiнен таяқшалар болады;
Достарыңызбен бөлісу: |