3. Мемлекеттік қызметті шағымдану тәртібі
11. Комитеттің және жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіруді, сондай-ақ шағым дайындауда жәрдемдесуді Комитеттің заң қызметінің мамандары Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36-үй, 604-кабинет мекенжайы бойынша немесе осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша орналасқан жергілікті атқарушы органдарының заң қызметінің мамандары жүзеге асырады.
Портал жұмысына шағымдану тәртібі туралы ақпаратты call-орталығының (1414) телефоны бойынша алуға болады.
12. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің немесе тиісті Әкімнің атына мемлекеттік қызмет алушының таңдауы бойынша:
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кеңсесіне Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36-үй, 301-кабинет мекенжайы бойынша немесе осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша орналасқан жергілікті атқарушы органның кеңсесіне;
2) www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында орналасқан Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің блогына немесе жергілікті атқарушы органның осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген интернет-ресурсында орналасқан Әкімнің блогына;
3) портал арқылы жүйіну жолымен беріледі.
Шағымды Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің немесе жергілікті атқарушы органдардың кеңсесіне тапсырған кезде шағым жұмыс күндері Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін беріледі, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері, жергілікті атқарушы органға сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін беріледі, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері.
13. Сыпайы қызмет көрсетілмеген жағдайда шағым Комитет Төрағасының атына Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36-үй, 605-кабинет мекенжайы бойынша жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін беріледі, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері, немесе Әкімнің атына осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін беріледі.
Портал дұрыс жұмыс істемеген жағдайда шағым call-орталығының (1414) телефоны бойынша беріледі.
14. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайларда мемлекеттік қызмет алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
15. Шағымдар жазбаша түрде пошта, электрондық пошта бойынша не қолма-қол жұмыс күндері осы стандарттың 12 және 13-тармақтарында көрсетілген ұйымдардың кеңселері арқылы қабылданады.
Шағым шағымда қойылған мәселелерді шешу құзыретіне не лауазымды тұлғаның атына жолданады.
Шағымда мемлекеттік қызмет алушының тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта болған кезде), пошталық мекенжайы, шағым беру күні және мемлекеттік қызмет алушының қолы көрсетіледі.
Шағым берілген кезде әрекеттері немесе әрекетсіздігі шағымдалатын лауазымды тұлғалардың лауазымы, тегі және аты-жөні, жүгіну себептері және талаптар көрсетіледі.
16. Шағым Комитеттің немесе жергілікті атқарушы органның кеңсесіне берілген кезде шағым қабылдануының растамасы шағым берген мемлекеттік қызмет алушыға күні және уақыты, шағымды қабылдаған лауазымды тұлғаның тегі және аты-жөні көрсетілген талонды беру болып табылады. Шағымды қарау барысы туралы ақпаратты тиісті ұйым кеңсесінің лауазымды тұлғаларынан алуға болады.
Шағым портал арқылы жіберілген кезде шағымды қарау барысы туралы ақпарат (жеткізілгені, тіркелгендігі, орындалуы, қарау нәтижесі туралы белгі) мемлекеттік қызмет алушының жеке кабинетінде қол жетімді болады.
Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін есепке алғандағы өзге талаптар
17. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат:
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында және Комитетте мемлекеттік қызмет алушыларды қабылдау жүзеге асырылатын үй-жайлардағы көрнекті орындарда орнатылған стендтерде;
2) жергілікті атқарушы органдардың интернет-ресурстарында және жергілікті атқарушы органдарда мемлекеттік қызмет алушыларды қабылдау жүзеге асырылатын үй-жайлардағы көрнекті орындарда орнатылған стендтерде;
3) порталда орналастырылады.
Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат сондай-ақ call-орталығының (1414) телефоны бойынша ұсынылуы мүмкін.
18. Мемлекеттік қызмет алушы қосымша ақпаратты Комитеттің және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың кеңселерінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрілігінің www.minagri.gov.kz, интернет-ресурсынан ала алады.
«Ветеринария саласындағы
қызметпен айналысуға лицензияны
беру, қайта ресімдеу,лицензияның
телнұсқасын беру» мемлекеттік
қызмет стандартына
1-қосымша
Облыстардың жергілікті атқарушы органдарының мекенжайлары
РР/с
№
|
Жергілікті атқарушы органның атаулары
|
Орналасқан жерінің мекенжайы
|
Байланыс деректері
|
Интернет-ресурс
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
1.
|
«Ақмола облысының әкімдігі» Мемлекеттік мекеме
|
Көкшетау қ-сы, Абай к-сі, 85-үй
|
тел.: 8(7162)25-07-72, 25-55-11, электрондық поштасы: economy_cx@mail.ru, kanz_akim@akmo.kz
|
www.akmo.kz
|
22.
|
«Алматы облысының әкімдігі» Мемлекеттік мекеме
|
Талдықорған қ-сы, Тәуелсiздiк к-сі, 38-үй
|
тел.: 8(7282) 27-08-18
электрондық поштасы: obl_dsh@almaty-reg.kz, tkoblakimat@ global.kz
|
www.zhetysu-gov.kz
|
33.
|
«Атырау облысының әкімдігі» Мемлекеттік мекеме
|
Атырау қ-сы, Әйтеке би к-сі, 77-үй
|
тел.: 8 (7122)35-45-03;
электрондық поштасы: atirauagro@mail.ru
|
www.atyrau.gov.kz
|
44.
|
«Ақтөбе облысының әкімдігі» Мемлекеттік мекеме
|
Ақтөбе қ-сы, Әбілхайыр хан д-лы, 40-үй
|
тел.: 8 (7132)56-03-07, 54-17-39
электрондық поштасы: sh_zemledelie@mail.ru, do.aktobe@minagri.kz
|
www.akto.kz
|
55.
|
«Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі» Мемлекеттік мекеме
|
Өскемен қ-сы, М. Горький к-сі, 40-үй
|
тел.: 8 (7232)26-42-48, 24-23-04, 20-42-42
электрондық поштасы: ispaevt@yandex.ru
|
www.akimvko.gov.kz
|
66.
|
«Жамбыл облысының әкімдігі» Мемлекеттік мекеме
|
Тараз қ-сы, Абай к-сі, 119-үй
|
тел.: 8 (7262)43-28-94, 45-88-31,
ф.: 45-42-05, 45-46-28
|
www.zhambyl.kz
|
77.
|
«Батыс Қазақстан облысының әкімдігі» Мемлекеттік мекеме
|
Орал қ-сы, Достық к-сі, 179-үй
|
тел.: 8 (7112)51-35-41, 45-29-27
электрондық поштасы: dshzko-zemotdel@rambler.ru, dshko-admotdel@rambler.ru
|
www.westkaz.kz
|
88.
|
«Қарағанды облысының әкімдігі» Мемлекеттік мекеме
|
Қарағанды қ-сы, Мир бул-ры, 39-үй
|
тел.: 8 (7212)42-10-80, электрондық поштасы: dsh_canc@krg.gov.kz
|
www.karaganda-region.kz
|
99.
|
«Қостанай облысының әкімдігі» Мемлекеттік мекеме
|
Қостанай қ-сы, Әл-Фараби д-лы, 66-үй
|
тел.: 8 (7142)57-50-03, электрондық поштасы: dsh-zem@kostanay.
|
www.kostanay.gov.kz
|
10.
|
«Қызылорда облысының әкімдігі» Мемлекеттік мекеме
|
Қызылорда қ-сы, Ы.Жақаев к-сі, 76-үй
|
тел.: 8 (7242)26-26-44, электрондық поштасы: sh_kyzyl@mail.ru
|
www.e-kyzylorda.gov.kz
|
11.
|
«Маңғыстау облысының әкімдігі» Мемлекеттік мекеме
|
Ақтау қ-сы, 14 ш.а., 1-үй
|
тел.: 8 (7292)31-17-77
электрондық поштасы: so.mangistau@rambler.ru
|
www.mangystau.kz
|
12.
|
«Павлодар облысының әкімдігі» Мемлекеттік мекеме
|
Павлодар қ-сы, Академик Сатпаев к-сі, 49-үй
|
тел.: 8 (7182)32-25-67, электрондық поштасы: kense.dsh@pavlodar. gov.kz
|
www.pavlodar.gov.kz
|
13.
|
«Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі» Мемлекеттік мекеме
|
Петропавловск қ-сы, Қазақстан Конституциясы к-сі, 58-үй
|
тел.: 8 (7152)46-24-52, 36-07-45
электрондық поштасы: akimat@sko.kz, dshag@mail.ru, akimat@petr.kz
|
www.sko.kz
|
14.
|
«Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі» Мемлекеттік мекеме
|
Шымкент қ-сы, Тәукехан к-сі, 6-үй
|
тел.: 8 (7252)53-03-33, электрондық поштасы: dsh_uko@mail.ru
|
www.ontustik.gov.kz
|
15.
|
«Астана қаласы әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекеме
|
Астана қ-сы, Бейбітшілік к-сі, 11-үй
|
тел.: (7172)55-69-80, 55-69-79, 55-54-85, электрондық поштасы: usx@astana.kz
|
www.astana.kz
|
16.
|
«Алматы қаласы әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекеме
|
Алматы қ-сы, Республика алаңы, 4-үй
|
тел.: 8 (727) 272-58-17, 271-65-89, электрондық поштасы: vet_otdelalmaty@rambler.ru
|
www.almaty.kz
|
«Ветеринария саласындағы
қызметпен айналысуға лицензияны
беру, қайта ресiмдеу,лицензияның
телнұсқасын беру» мемлекеттiк
қызмет стандартына
2-қосымша
В ___________________________________________________________
(лицензиар атауы)
от ___________________________________________________________
(занды тұлға атауы, реквизиты БИН)
ӨТІНІШ
Прошу выдать лицензию и (или) приложение к лицензии на осуществление_________________________________________________________________________________________________________________________
(указать вид деятельности и (или) подвид(ы) деятельности)
_________________________________________________________________
Адрес ______________________________________________________
(индекс, город, район, область, улица, номер дома, телефон, факс, е-mail)
_________________________________________________________________
Банковский счет ______________________________________________
(номер счета, наименование и местонахождение банка)
Филиалы (представительства, объекты, пункты, участки)______________
_________________________________________________________________
(местонахождение и реквизиты)
Прилагаемые документы:
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
Руководитель__________________________________________________ _________________________________________________________________
(подпись) (фамилия, имя, отчество)
Место печати ______________ 20__ года
Заявление принято к рассмотрению _______________ 20__ года
_________________________________________________________________
(подпись, фамилия, имя, отчество ответственного лица)
|
«Ветеринария саласындағы қызметпен
айналысуға лицензияны беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандартына
3-қосымша
|
Ветеринария саласындағы қызметті лицензиялау кезінде көрсетілген біліктілік талаптар
№ п/п
|
Біліктілік талаптар мыналардың болуын талап етеді:
|
Құжаттар
|
Ескертулер
|
1.
|
«Ветеринария» мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік білім (колледж) және (немесе) «ветеринариялық медицина», «ветеринариялық санитария» мамандары бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім және (немесе) жоғары білімді иеленетін мамандардың (бір ветеринариялық дәрігер немесе фельдшерден кем емес) жеке тұлғалар штатта (атын, фамилиясын, тегін кіргізетін,бірінші басшымен қол қойылған және кәсіпорынның мөрімен куәландырылған жиынтық кесте);
|
Оқу орнының атауы, бітірген жылы көрсетілген диплом бойынша мамандығы, аты, фамилиясы, тегі, дипломның болуы, маманның лауазымы туралы ақпаратты құрайтын мәліметтер формасы.
|
|
2.
|
«Ветеринария» мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік білім (колледж) және (немесе) «ветеринариялық медицина», «ветеринариялық санитария» мамандықтары бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім және (немесе) жоғары білімді жеке тұлғаларда;
|
Оқу орнының атауы, бітірген жылы көрсетілген диплом бойынша мамандығы, дипломның болуы туралы ақпаратты құрайтын мәліметтер формасы.
|
|
3.
|
Өндірістік үй-жайлардың негіздерінің басқа заңдарына немесе меншік құқығына (өндірістік үй-жайларға құқық беретін құжаттар көшірмесі немесе салыстырып көру үшін түпнұсқа көрсетілмеген жағдайда нотариалды расталған жалға берудің келісім-шарты).
|
Ақпаратты құрайтын төмендегілер жайлы мәліметтер формасы:
1. өндірістік үй-жайлардың меншік құқығына;
2. үй-жай иесінің меншік құқығын растайтын құжаттар немесе үй-жайды жалға беру келісім-шарты.
|
Жылжымайтын мүлікке және оның техникалық сипаттамасына тіркелген құқық туралы ақпарат «Жылжымайтын мүліктің регистрі» мемлекеттік дерекқорынан мәлімет алу мүмкіндігі болған жағдайда көрсетілмейді.
|
Ветеринариялық препараттардың өндірісі бойынша ветеринария саласындағы қызметтің тармағын жүзеге асыру кезінде қосымша мыналарды талап етеді:
|
4.
|
Ветеринариялық препараттарды бақылау және регламенттеуші өндірістің нормативтік-техникалық құжаттамалар (ветеринариялық препараттарды өндірісі бойынша нұсқау, ветеринариялық препарттарды өндіретін немесе жүзеге асыратындарға техникалық талап, ветеринариялық препараттарды қолдану бойынша өндірістің басшылығымен бекітілген, ветеринария саласындағы уәкілетті органдармен келісілген, техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органдармен тіркелген басшылық, микроорганизмдердің өндірістік және бақылау штамдарына төлқұжат);
|
Нормативтік-техникалық құжаттамалар туралы ақпаратты құрайтын мәліметтер формасы.
|
|
5.
|
Өндіретін ветеринариялық препаратқа техникалық талаптармен сәйкес ветеринариялық препарттардың өндірісі үшін Қазақстан Республикасы «Өлшеулердің бірыңғайлығын қамтамасыз ету туралы» Заңымен белгіленген тәртіпке калибрлеу және (немесе) тексерістен өткен технологиялық, өлшеу және сынау құрал-жабдықтары.
|
Калибрлеу және (немесе) тексерістен өткен технологиялық, өлшеу және сынау құрал-жабдықтары туралы ақпаратты құрайтын мәліметтер формасы.
|
|
Жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты ветеринариялық-санитариялық сараптау бойынша ветеринария саласындағы қызметтің тармағын жүзеге асыру кезінде
|
6.
|
Жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты ветеринариялық-санитариялық сараптау өткізу үшін Қазақстан Республикасы «Өлшеулердің бірыңғайлығын қамтамасыз ету туралы» Заңымен белгіленген тәртіпке калибрлеу және (немесе) тексерістен өткен өлшеу және сынау құрал-жабдықтары, сондай-ақ, сынау әдістерін регламенттейтін нормативтік құжаттар (стандарттар, әдістемелік нұсқау).
|
Калибрлеу және (немесе) тексерістен өткен өлшеу және сынау құрал-жабдықтары, нормативтік құжаттар туралы ақпаратты құрайтын мәліметтер формасы.
|
|
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы « »________
№ қаулысына
10-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2012 жылғы 31 тамыздағы
№ 1108 қаулысымен
Бекiтiлген
«Тиiстi аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердiң экспортына, импортына және транзитiне рұқсат беру» мемлекеттiк қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызмет стандартының атауы: «Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру».
2. Әзірлеуші мемлекеттік орган: Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық министрлігі.
3. Мемлекеттік қызмет:
‒ Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы немесе оның орынбасарларымен (бұдан әрі – қызмет көрсетуші);
‒ www.e.gov.kz «электронды үкімет» веб-порталы арқылы немесе www.elicеnse.kz «Е–лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет мынадай мерзімде көрсетіледі:
1) рұқсат беру:
импортқа, экспортқа – орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні транзитпен тасуға (30 жұмыс күніне дейін) және тірі жануарлардың карантиннен өтуіне (күнтізбелік 60 күнге дейін) басқа мемлекеттердің қызметтерімен транзиттік келісуді талап ететін рұқсаттарды қоспағанда, мемлекеттік қызмет алушы осы стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырған күннен бастап он жұмыс күнінен аспауы керек;
орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің транзитіне – Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитке рұқсат беру туралы импорттаушы елдің немесе экспорттаушы елдің ветеринария саласындағы уәкілетті органының жазбаша өтінішін алған күннен бастап бес жұмыс күнінен аспауы керек;
2) қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезекте күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты отыз минуттан аспауы керек;
3) мемлекеттік қызмет нәтижесін алу кезіндегі кезекте күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты отыз минуттан аспауы керек;
4) мемлекеттік қызмет алушы осы стандарттың 6-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру мерзімі – екі жұмыс күні ішінде көрсетіледі.
Осы тармақтың 1) тармақшасында белгіленген мерзімдерде келісу берілмеген немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап ұсынылмаған жағдайда келісу берілген деп есептеледі және екі жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет алушыға берілуге жатады.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: электрондық.
6. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне қағаз тасығыштағы рұқсат (бұдан әрі – рұқсат) не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
Тұтынушы қағаз нысандағы құжатты алу үшін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Аумақтық инспекциясымен (бұдан әрі – Аумақтық инспекция) байланысқан кезде, факсимилді мөрмен расталған және қызмет көрсетушінің қолы қойылған, электрондық нысанда ресімделген рұқсат шығарылып беріледі.
7. Мемлекеттік қызмет ақысыз түрде көрсетіледі.
8. Мемлекеттік қызмет жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін көрсетіледі, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша жүзеге асырылады
Порталда – тәулік бойы.
9. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына рұқсат беру жөніндегі мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызмет алушылар мыналарды ұсынады:
Аумақтық инспекцияға:
1) экспорт кезінде – ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің шығарылған (табылған) орны бойынша, импорт кезінде – әкелу орны бойынша осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес белгіленген үлгіде өтініш (бұдан әрі – Өтініш);
2) жеке тұлғалар үшін – жеке басын куәландырушы құжат;
3) заңды тұлғалар үшін – куәлік* немесе мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;
4) тұтынушының өкілі байланысқан кезде – уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжат және өкілдің уәкілеттігін куәландыратын құжат.
Осы стандартқа 3-қосымшада көрсетілген талаптарға сәйкес мәліметтер мен құжаттар.
Портал арқылы мемлекеттік ақпараттық жүйелерде уәкілетті лауазымды тұлғаның ЭСҚ куәландырылған электрондық құжаттар нысанындағы ақпаратты алу мүмкін болған жағдайда, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжат, жеке куәлік, куәлік* немесе анықтаманы беру талап етілмейді.
Порталда:
1) тұтынушының ЭСҚТ куәландырылған электронды құжат нысанындағы өтініш;
2) жеке тұлғалар үшін – жеке тұлғаны куәландыратын құжат;
3) заңды тұлғалар үшін – мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік* немесе анықтама;
4) тұтынушының өкілі байланысқан кезде – уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжат және өкілдің уәкілеттігін куәландыратын құжат;
Осы стандартқа 3-қосымшада көрсетілген талаптарға сәйкес мәліметтер мен құжаттар.
Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің транзитіне рұқсатты беру Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитке рұқсат беру туралы импорттаушы елдің немесе экспорттаушы елдің ветеринария саласындағы уәкілетті органының мыналар көрсетілген жазбаша өтінішінің негізінде жүзеге асырылады:
1) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдауды (орнын ауыстыруды) жүзеге асыратын: заңды тұлғалар үшін атауы, мекенжайы және өндіріс объектісінің Комитет берген есептік нөмірі; жеке тұлғалар үшін – тегі, аты, әкесінің аты, мекенжайы және есептік нөмірі
2) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің атауы;
3) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің мөлшері және оның өлшем бірлігі;
4) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің экспорттаушы елі немесе импорттаушы елі және шыққан елі;
5) көлік түрі;
6) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні әкелу және әкету жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінің тізбесі;
7) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің транзиті оның аумағы арқылы жүзеге асырылатын тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторымен немесе оның орынбасарымен келісілген жануарлардың жүру бағдары, аялдамалары, ауыстырып тиеу, азықтандыру (суару) орындары, тасу (айдау) шарттары.
Ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін қолданыста болады.
10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:
импортқа рұқсат беру кезінде:
1) импорттаушы елдің жануарлардың жұқпалы аурулары бойынша қолайсыздығына байланысты жекелеген елдерге (елдер өңірлеріне) қатысты шектеу шараларын енгізу;
2) импорттаушы елдің ветеринариялық-санитариялық талаптарын экспорттаушы елдің сақтамауы;
3) Кеден одағының кедендік аумағына әкелінетін, бақылауға жататын тауарлар өндіруді, қайта өңдеуді және (немесе) сақтауды жүзеге асыратын ұйымдар мен тұлғалардың Бірыңғай тізілімінде (бұдан әрі – Бірыңғай ұйымдар тізілімі) кәсіпорынның немесе тұлғаның болмауы;
экспортқа рұқсат беру кезінде:
1) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің шыққан (тұрған) жерінің жануарлардың жұқпалы аурулары бойынша қолайсыздығы;
2) импорттаушы елдің ветеринариялық-санитариялық талаптарын орындаудың мүмкін болмауы;
3) Бірыңғай ұйымдар тізілімінде кәсіпорынның немесе тұлғаның болмауы.
транзитке рұқсат беру кезінде – экспорттаушы елдің жануарлардың жұқпалы аурулары бойынша қолайсыздығына байланысты жекелеген елдерге (елдер өңірлеріне) қатысты шектеу шараларын енгізу.
Порталда:
1) сұралатын электрондық ақпараттық ресурсқа қатысты қол жетімділікке шектеу қойылады және сұранысты жіберген тұлға сұралатын электрондық ақпараттық ресурсқа қолжетімділік құқығына ие емес;
2) сұралатын электрондық ақпараттық ресурсқа ие емес және оған оның кімнің иелігінде екендігі белгісіз;
3) сұраныстың мәнін нақтылаған кезде, сұрап отырған тұлғаның тап қандай электрондық ақпараттық ресурсты беру туралы қолдау көрсетіп отырғанын анықтау мүмкін болған жоқ;
4) шығындар төлемі Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе шартта көзделмеген болса, электрондық ақпараттық ресурсты сұрап отырған тұлға сұранысты орындау шығыны төлемеген.
Мемлекеттік қызметті тұтынушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты Аумақтық инспекциядан немесе электрондық құжат нысанында «порталдағы жеке кабинеттен» алады.
Достарыңызбен бөлісу: |