Жапырақтың морфологиялық және анатомиялық кұрылысы


Күрделі жапырақтың түрлері



бет4/5
Дата07.07.2022
өлшемі4.02 Mb.
#459631
түріСабақ
1   2   3   4   5
Жанахметова №11

Күрделі жапырақтың түрлері:

  • 1 – қауырсын күрделі жапырақ
  • 2 – саусақ салалы күрделі жапырақ
  • 3 – үшқұлақ күрделі жапырақ
  • 4 – төрт рет қауырсын күрделі жапырақ
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4

Жапырақтың анатомиялық құрылысы.

Өсімдіктер жапырағының анатомиялық құрылысы.

  • 1- үстіңгі үлпекқабат
  • 2 - астыңғы үлпекқабат
  • 3 –лептесік
  • 4 – бағаналы мезофилл
  • 5 – хлорофилл
  • 6 – ксилема
  • 7 – флоэма
  • 8 – механикалық ұлпа

Жапырақ тақтасын сырт жағынан жабындық ұлпа – үлпекқабат жауып тұрады.

  • Үлпекқабат жасушалары тірі, тығыз орналасқан. Негізгі қызметі – жапырақтың ішкі жұмсақ бөлігін кеуіп кетуден, механикалық зақымданудан және микроорганизмдердің енуінен сақтау. Үлпекқабат жасушаларының сыртқы қабырғасын, әсіресе үстіңгі бетін, кутикула және балауыз дақ жауып тұрады.

Мезофилл ұлпасы атқаратын қызметіне қарай екіге бөлінеді:

  • Бағаналы ұлпа жасушаларының пішіні бағана немесе діңгек тәрізді болып, үстіңгі эпидерма жасушаларына көлденең бағытта, өзара тығыз орналасады.
  • Борпылдақ ұлпа жасушалары дөңгелек, сопақтау және басқа да әр түрлі пішінді, олар бір-бірімен тығыз жанаспай жасушааралық кеңістіктер қалдырып, астыңғы үлпекқабатқа таяу орналасады.Бұларда хлоропластардың саны бағаналы ұлпамен салыстырғанды кем. Бұл ұлпа арқылы негізінен ауа алмасу және транспирация жүзеге асады.

Өткізгіш шоқтар, әдетте жүйке аталып жапырақтың мезофилл бөлімінде тор түзіп орналасады. Жапырақтағы өткізгіш шоқ – тұйық коллатералды.

  • Кейде негізгі жүйкенің флоэмасы мен ксилемасының арасында камбий сақталады. Шоқтың ксилемасы жапырақтың үстіңгі бетіне, флоэмасы астыңғы бетіне қарай орналасады. Бұл өткізгіш шоқтың сабақтан жапыраққа өту барысында тік қалыптан көлбеу қалыпқа ауысуынан.
  • Өткізгіш шоқтар қоректік заттарды жылжытып қана қоймай механикалық қызмет те атқарады. Флоэма мен ксилеманың сырт жағында, кейде шоқты қоршай склеренхима орналасады. Үлпекқабатты астарлай, шоқтың үстіңгі және астыңғы жақтарында колленхима жатады. Жапырақ құрамында тасты жасушалар – идиобластар да бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет