Жапырақтың морфологиялық және анатомиялық кұрылысы


Жүйкелер жапырақ негізінен, оның ұшына қарай жақындаған сайын шоқтардың гистологиялық элементтерінің құрамы өзгеріске ұшырап жатады



бет5/5
Дата07.07.2022
өлшемі4.02 Mb.
#459631
түріСабақ
1   2   3   4   5
Жанахметова №11

Жүйкелер жапырақ негізінен, оның ұшына қарай жақындаған сайын шоқтардың гистологиялық элементтерінің құрамы өзгеріске ұшырап жатады.

  • Алдымен механикалық ұлпалар, одан кейін сүзгілі түтіктер, соңында трахеялар жоғала бастайды. Жүйкенің жапырақ жиегнідегі ұсақ тармақтары тек қана трахеидтерден тұрады.

Өсімдік жапырағының анатомиялық құрылысы.

  • Тегеурінгүл жапырағының көлденең кесіндісі.
  • А – орталық жүйке тұсы, В – жапырақтың орташа жүйкесінің тұсы.
  • 1-үстіңгі үлпекқабат
  • 2–бағаналы мезофилл
  • 3–механикалық ұлпа
  • 4-астыңғы үлпекқабат
  • 5– лептесік
  • 6-ксилема
  • 7-флоэма
  • 8-ауа қуысы

Дара жарнақтылардың жапырақ тақтасының екі бетінен үлпекқабат жауып тұрады.

Дара жарнақтылардың жапырағының мезофилі бірыңғай ассимиляциялық ұлпа – хлоренхимадан тұрады.

  • Астық тұқымдастарда лептесік құрылысының өзіндік ерекшеліктері – жанаспалы жасушалардың гантель пішінді болуы.
  • Астық тұқымдастардың жапырағында өткізгіш шоқтардың ірілері бір-біріне параллель орналасады да, ұсақтары олардың арасында көптеген анастомоздар түзеді.
  • Астық тұқымдастардың жапырағында механикалық ұлпалар дамыған, әсіресе құрғақшылық жағдайда өсетін өкілдерінде склеренхима жақсы жетілген.
  • Жапырақтың үш формациясы бар: төменгі жапырақ, ортаңғы жапырақ және жоғарғы жапырақ.
  • Төменгі жапырақтар – қорғаныштақ немесе қор жинаушы қызметтерін атқаруға бейімделіп, түрін өзгерткен және толық жетілмеген жапырақтар. Сол сияқты тұқым жарнақтарының жапырағы, бүршіктердің жабын қабыршақтары және тамырсабақтар мен жер бетіндегі өркендердің қабыршақ жапырақтары да төменгі жапырақтар саналады.
  • Ортаңғы жапырақтар – нағыз жасыл жапырақтар. Олардың негізгі қызметі- фотосинтез, транспирация және ауа алмастыру.
  • Жоғарғы жапырақтарға гүл жапырақтар, гүл жапырақшалар жатады.
  • Жапырақ формациялары


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет