Жарақаттың организмге жалпы әсері. Терминалдық жағдайлары



бет4/4
Дата16.02.2023
өлшемі3.14 Mb.
#469632
1   2   3   4
Хирургия жарақат

Жарақаттық шоқтың емі:

  • 1. Ауыру сезімін жою:наркотикалық анальгетиктер- промедол, омнопон, морфин; наркотикалық емес анальгетиктер, азоттың асқын тотығымен ингаляционды анестезия; жергілікті анестетиктермен блокада жасау- олар ауыру сезімін жоя отырып, жарақаттанған ішкі ағзалардың клиникалық көрінісін өшірмейді;
  • 2. Қансырауды тоқтату,иммобилизация, науқасты абайлап тасымалдау;
  • 3. Өкпедегі газ алмасуды демеп тұру (оксигенотерапия, ауа жүретін жолдардың обструкциясын жою, жасанды тыныс алдыру);
  • 4. ЦҚК-ң тапшылығының орнын толтырғаннан кейін, кардиотоникалық заттарды, вазодилятаторларды, вазопрессорларды тағайындайды;
  • 5. Кортикостероидтарды ,антибиотиктерді тағайындау.
  • 6. Гемостаз бұзылыстарын қалпына келтіру;
  • 7. Шұғыл хирургиялық көмек.

Терминальды жағдайлар:

  • Терминальды жағдайлар- артериялық қысымның кенеттен төмендеуімен, газ алмасу мен метаболизмнің терең бұзылыстарымен сипатталатын, өмір сүру қабілетінің өзгерістерінің ең қатерлі деңгейі.

Терминальді жағдайлар:

  • Олардың мынадай түрлерін ажыратады:
  • Агония алдындағы жағдай- АҚ біртіндеп төмендеуімен, тахикардиямен, ауыспалы брадикардиямен, есінің және мидың электрлік белсенділігінің жоғала бастауымен, бағаналық рефлекстердің бұзылыстарымен сипатталады.
  • Агония- мидың жоғары бөлімдері толық жұмыстан шығып, кенеттен бульбарлық орталықтардың белсендірілуімен сипатталатын, өлімнің соңғы сатысы болып табылады. Ол уақытша болатын АҚ-ның көтерілуімен, жүректің синустық ырғағының қалпына келуімен және бұлшықеттердің тырысып жиырылуынан, тыныс алу қозғалыстарының күшеюімен байқалады.

Терминальді жағдайлар:

  • Клиникалық өлім- тынысы және жүрек қызметі тоқтайды, орталық нерв жүйесінің функциональді белсенділігі жоғалады, қарашықтары кеңейіп, жарыққа жауап қайтармайды. Бұл өмірден өлімге өту жағдайы, ол 3-5 минутқа созылады. Негізгі алмасу үрдістері күрт төмендейді, бірақ анаэробты гликолиз механизмінің арқасында толық жойылмайды. 5-6 минуттан кейін , ОЖЖ-де қайтымсыз бұзылысмтар дамып, клиникалық өлім биологиялық өлімге ауысады.

Назарларыңызға рахмет!!!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет