Жарақаттық шоқтың емі: - 1. Ауыру сезімін жою:наркотикалық анальгетиктер- промедол, омнопон, морфин; наркотикалық емес анальгетиктер, азоттың асқын тотығымен ингаляционды анестезия; жергілікті анестетиктермен блокада жасау- олар ауыру сезімін жоя отырып, жарақаттанған ішкі ағзалардың клиникалық көрінісін өшірмейді;
- 2. Қансырауды тоқтату,иммобилизация, науқасты абайлап тасымалдау;
- 3. Өкпедегі газ алмасуды демеп тұру (оксигенотерапия, ауа жүретін жолдардың обструкциясын жою, жасанды тыныс алдыру);
- 4. ЦҚК-ң тапшылығының орнын толтырғаннан кейін, кардиотоникалық заттарды, вазодилятаторларды, вазопрессорларды тағайындайды;
- 5. Кортикостероидтарды ,антибиотиктерді тағайындау.
- 6. Гемостаз бұзылыстарын қалпына келтіру;
- 7. Шұғыл хирургиялық көмек.
Терминальды жағдайлар: - Терминальды жағдайлар- артериялық қысымның кенеттен төмендеуімен, газ алмасу мен метаболизмнің терең бұзылыстарымен сипатталатын, өмір сүру қабілетінің өзгерістерінің ең қатерлі деңгейі.
Терминальді жағдайлар: - Олардың мынадай түрлерін ажыратады:
- Агония алдындағы жағдай- АҚ біртіндеп төмендеуімен, тахикардиямен, ауыспалы брадикардиямен, есінің және мидың электрлік белсенділігінің жоғала бастауымен, бағаналық рефлекстердің бұзылыстарымен сипатталады.
- Агония- мидың жоғары бөлімдері толық жұмыстан шығып, кенеттен бульбарлық орталықтардың белсендірілуімен сипатталатын, өлімнің соңғы сатысы болып табылады. Ол уақытша болатын АҚ-ның көтерілуімен, жүректің синустық ырғағының қалпына келуімен және бұлшықеттердің тырысып жиырылуынан, тыныс алу қозғалыстарының күшеюімен байқалады.
Терминальді жағдайлар: - Клиникалық өлім- тынысы және жүрек қызметі тоқтайды, орталық нерв жүйесінің функциональді белсенділігі жоғалады, қарашықтары кеңейіп, жарыққа жауап қайтармайды. Бұл өмірден өлімге өту жағдайы, ол 3-5 минутқа созылады. Негізгі алмасу үрдістері күрт төмендейді, бірақ анаэробты гликолиз механизмінің арқасында толық жойылмайды. 5-6 минуттан кейін , ОЖЖ-де қайтымсыз бұзылысмтар дамып, клиникалық өлім биологиялық өлімге ауысады.
Назарларыңызға рахмет!!!
Достарыңызбен бөлісу: |