Жаратылыстану институты химия кафедрасы



бет2/3
Дата27.03.2023
өлшемі123.84 Kb.
#471218
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3
Жексембай Сабина тарих СРС 2

II.Негізгі бөлім
1.1.Поэзияның асқар шыңы Мұқағали Мақатаевтың өмірбаяны.
Қазақтың мұзбалақ ақыны Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысы, Райымбек ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. Азан шақырып қойған аты- Мұхаметқали. Ұлы жүздің Әлжан руынан шыққан әулие батыр Райымбектің тікелей ұрпағы.Мұқағали Мақатаев есімі бүгінде бар қазаққа мәшһүр. Ақын халқының сүйіспеншілігіне бөленген перзент. Қарасаздың сұлулығы Мұқағалидың ақындық талантының қайнар көзі болды.Ақынның азан шақырып қойған аты – Мұхамметқали. Бірақ ата-анасы Пайғамбардың есімімен жүру ауыр тиеді деген ниетпен бала күнінен Мұқағали деп еркелетіп кеткен. Ақынның әкесі Сүлеймен қарапайым шаруашы:колхозда сушы, шалғышы болып істеген. Ақынның балалық шағы қызықты өткенін Қарасазға арналған «Туған жер» өлеңінде армансыз өткен балалық шағын еске алып, өткен күнге саяхат жасағанынан аңғарсақ болады. Мұқағали балалық шағының бүкіл әлемін сүйді және сол күндерді қатты сағынды. Және оның поэзиясының көптеген суреттерін тудырған дәл сол балалық шақтағы естеліктер болды. Мұқағали Мақатаев 14-15 жасында ақын болуға біржола бел байлап, қазақ әдебиетінімен бірге әлемнің барлық классиктерін бір деммен оқып шығады. Соның ішінде Гейне, Гете, Шекспир, Данте, Бальзак, Драйзер, Байрон, Гюго сияқты классиктерді жоғары бағалайды.Мұқағали үйдің тұңғышы болған, оның артынан бір қыз және үш ұл туған. Ақынның қарындасы мен алғашқы інісі ерте көз жұмған. Соңғыларының есімдері – Тоқтарбай мен Көрпеш. Қазақ дәстүрі бойынша үйдің алғашқы баласы ата-әжесінен тәрбие алуы тиіс, сондықтан Мұқағали әжесі Тиынның қолында өсіп, анасын жеңгесіндей қабылдайды. Бірақ соғыс Мұқағалидың өміріндегі барлық нәрсені өзгертті. Мұқағали Мақатаевтың балалық шағы қазақтың басына төнген қайғы-қасіреттің бірнешеуімен тұспа-тұс келді. 1932-1933 жылдардағы ашаршылық кезінде ақын небәрі 1-2 жас шамасында болса, 1937 жылғы саяси қуғын-сүргін кезінде 6 жаста болатын. Екінші дүниежүзілік соғыс барысында, әкесі соғысқа кеткенде Мұқағали Мақатаев 10 жастағы бала екен. Соғыстың салқын қабағы ақынның шаңырағына оңай соққан жоқ. Ал өмірдің барлық ауыртпалығы балалық шағымен қоштасқысы келмеген жасөспірімнің иығына түседі. Жауынгер ұрпақтың барлық ұлдары сияқты, әйел мен балалар ғана қалған үйде ер адам ретінде қалғанын түсініп, ерте ер жетті. Мұқағалидің әкесі 1941 жылы Калининград майданындағы қаза тапқан. Сол уақыттан бері ол жай ғана сөніп, жоқ болып кетуге құқығы жоқ екенін түсінді. Ғажайып ақындардың бірі – Мұқағали Мақатаев кішкентай бала кезінен бастап қаншама қиыншылық көрсе де, мойымай өлең –жырға әуес болған. Алғашқы өлеңдерін он-он бір жасынан бастап жаза бастаған Мұқағали атамыз көптеген тақырыптарға қалам сермеген ақиық ақындардың біріне айналды. Ақынның ғұмырлы поэзиясы бүгінгі таңда барша жұрттың жүрегінен берік орын алып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін айнымас жан серігіне айналды. Мұқағалидың өлеңдері шын шабыттың, қиын күйзеліс пен шын қуаныштан, шын сағыныштан туған. Ақын ұлы сезімге бас иіп, өз өлеңдерінде махаббат тақырыбын кеңінен суреттеген. Мұқағали атаның әр өлеңі өзінің мағынасымен, шынайылығымен, тазалығымен оқырманын өзіне баурап алады және ой салады.
1948 жылы Мақатаев Нарынқолдағы мектеп-интернатты бітірді. Ол Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетіне, одан кейін Шет тілдер институтына және тағы да Қазақ мемлекеттік университетіне, бірақ заң факультетіне оқуға түскен. 1973 жылы Мәскеудегі Максим Горький атындағы әдебиет институтының студенті болды. Бірақ отбасылық жағдайға байланысты бірінші курста оқуды тастап кетті. Мақатаевтың жоғары оқу орындарына еш қиындықсыз түсіп кетуі оның қабілеті мен білімге ұмтылысын дәлелдейді. Мүмкін бұл Мұқағалидың жүрегінде мәңгі сақталып қалған әкесінің аманатынан шығар. Ақынның әкесі оған әжесі Тиін мен анасына, іні-қарындасына тіреу болып қана қоймай, сонымен бірге міндетті түрде оқы деп айтып кеткен.
Мақатаев ерте отбасын құрды. Ол 1949 жылдың көктемінде 17 жасында Лашынға үйленді. Ол кезде Лашын 21 жаста еді. Ақын болашақ әйелі Лашын Әлімжановамен Шибұт ауылында жұмыс істеп жүрген кезде танысты. Ерте отбасылы болған ерлі-зайыптылардың Ләззат, Майгүл, Жұлдыз, Айбар, Алмагүл, Шолпан есімді балалары дүниеге келді. Ауылда тұрып Мұқағали кеңес хатшысы болып жұмыс істеді, содан кейін мектепте орыс тілінен сабақ берді, аудандық газетте тілші болды.Ақын 1962 жылы отбасымен Алматыға көшіп келеді. Оның өлеңдерін оқыған Әбділда Тәжібаев Мұқағалидан үлкен ақын шығады деп, Алматыға өзі шақырған. Қалаға көшіп келген ақынның кәсіби қызметі әдебиетпен тығыз байланысты болды. Ол қазақ радиосында диктор, «Социалистік Қазақстан» газетінің журналисі, «Жұлдыз» журналының қызметкері, Жазушылар одағының жастар істері жөніндегі кеңесінің басшысы болды.
1.2.Қазақ жырының қара бурасы атанған Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығы.
Балалық шағы соғыспен тұспа-тұс келген Мұқағали өлеңді он-он бір жасынан жаза бастайды. Сыртқы жағдайлардың өзгеруіне қарамастан, Мақатаев ең бастысы поэзияға деген махаббатына тұрақты болды. Ол әрқашан өлеңдер жазып, жиі журналдар мен газет беттерінде жариялады. 1962 жылдан бастап, алғашқы кітап шыққан кезден 1976 жылға дейін ақынның сегіз өлеңдер жинағы жарық көрді. Олардың ішінде: «Аққулар ұйықтағанда», «Шуағым менің», «Өмір-дастан», «Жырлайды жүрек» және басқалар бар. Әдебиет саласында жиырма бес жылдай уақыт жұмыс істеген Мақатаев мыңнан аса өлең жазды. Ол «Ильич», «Райымбек! Райымбек!», «Қашқын», «Мавр», сондай-ақ әңгімелер мен повестердің, «Қош бол, махаббат» пьесасы мен заманауи қазақ поэзиясының мәселелері жарық көрген мақалалардың авторы. Поэзияның символы болған Мұқағали Дантенің «Құдіретті комедия» дастанының «Тамұқ» деген бірінші бөлімін аударды. Ол Шекспир, Уитман және шығыс ақындары мен орыстың заманауи жазушыларының шығармаларын қазақ тіліне аударумен айналысты. Өзінің шығармашылық дарынын көптеген жолдармен көрсетті. Ақынның шығармалары негізінен елге, туған халқына деген сүйіспеншілігін, махаббатын, өмірге деген құштарлығын жырлауға арналған. Көптеген өлеңдеріне ән де шығарылды.
Ақынның қалам тартпаған тақырыбы қалмапты.Ана мұңын, әже зарын, жетім-жесір қайғысын, ердің ерлігін, пәк махаббаты, адалдықты, достықты жырға қосты. Халқым, елім деп еңіреп өтті.Ақын бір күндік сәуледей ағып өткен қысқа ғұмырында ұрпақтарға ұлан-ғайыр мұра қалдырған. 
Ақынның тұңғыш өлеңдері «Қырман басында» мен «Қойшы бала – Әкітай» Райымбек (сол кездегі Нарынқол) ауданындағы қазіргі «Хантәңірі» («Советтік шекара») газетінде 1949 жылы жауапты хатшы қызметін атқарған кезде жарық көреді. «Інімнің ойы», «Шебер» өлеңдері 1951 жылы шыққан «Жастық жыры» атты жинаққа енген.Мұқағали Мақатаевтың дарынын алғашқылардың бірі болып байқаған ақын Әбділдә Тәжібаев: «Өзіңнен де жігерлілеу, оттылау жас жеткіншек жеткенде, мақтанбасқа бола ма?!»,-деп жазады («Қазақ әдебиеті», 18.3.1960). Ақиық ақын «Ильич» (1964), «Армысыңдар достар» (1966), «Қарлығашым келдің бе?», «Мавр» (1970), «Аққулар ұйықтағанда» (1973), «Шуағым менің» (1975) атты жыр жинақтарын көзінің тірісінде жариялап үлгерді. Жалпы оның «Ақ қайың әні», «Аққулар ұйықтағанда», «Арман», «Шолпан», «Райымбек! Райымбек!», «Қашқын», «Моцарт.Жан азасы» атты поэма толғауы мен 650-ден астам лирикалық өлеңі бар.Мұқағали Мақатаевтың алғашқы жыр жинағы 33 жасында шыққан. Бұдан кейін 1964-76 жылдар аралығында сегіз жыр жинағы жарық көреді. Бүгінде ақыннан 1 000-нан астам өлең мен поэма қалды. Дәлірек ақынның "Қырман басында", "Қойшы бала — Әкітай" өлеңдері 1949 жылы "Советтік шекара" газетінде басылып шықты. Бұдан кейін 1951 жылы "Інімнің ойы", "Шебер" өлеңдері "Жастық жыры" атты жинаққа енді. Мұқағали Мақатаев поэма мен поэзиядан бөлек, аударма да жасаған. Мұқағалидің «Саржайлау», «Сөнбейді әже, шырағың», «Кел, еркем, Алатауыңа» өлеңдеріне сазгер Нұрғиса Тілендиев ән шығарған. Сонымен қатар Шәмші Қалдаяқов, Бейбіт Оралұлы, Алтынбек Қоразбаев тағы басқа сазгерлер ән жазды.
1972 жылдың басында Мұқағалидың Алматыға көшіп келгеніне он жыл болды. Осы уақытта ол атақ-даңққа ие болады, сонымен бірге ақын ауыр сынақты бастан өткереді. Ақын өмірінде үлкен қайғы орын алды. Сол жылдары оның 11 жасар үлкен қызы Майгүлді мотоцикл қағып кетеді. Содан ақынның отбасы көптеген жыл бойы жалдамалы пәтерлерде күнелтіп жүреді.
Мұқағали 1969 жылдың қараша айында қолжазбалары бар портфелін жоғалтып, кейін Жазушылар Одағынан шығарылып, жұмыссыз қалады. Жұмыссыз жүргеніне біл жылдай болған ақын өзімен, өзінің әлсіз тұстары мен қорқынышпен, емі жоқ ауруымен күрес жүргізді.Мақатаевтың күнделіктерін оқи отырып, оқырман оның тек сезімтал және нәзік жанды ұлы ақын ғана болмағанын түсінеді.1973 жылы 20 наурызда жазылған күнделіктегі жазбада ақынның достары мен жолдастарының ол туралы көптеген жалған мәлімет пен бұрмаланған ақпарат таратқаны баяндалған. Мақатаевтың күнделіктерімен танысқан кезде ақынның жалаңаш жүрегін көргендей секілді күй кешесің.Күнделікті оқи отырып, ақының қайғы-қасіретін бірге сезінесің. Соңғы жазба 1976 жылдың 28 ақпанында – Мақатаевтың қайтыс болуына бір ай бұрын жазылған болатын. 1976 жылдың наурыз айының ортасында Мақатаевтың «Өмір дастан» атты соңғы өлеңдер жинағы жарық көрді. Емі жоқ ауруға шалдыққанына қарамастан, өле-өлгенше поэзияны сүйіп өткен ақын соңғы кітабы жарық көре сала жақындарына қойған қолтаңбасында, Мұқағали не себептен екені белгісіз «1976 жылдың 27 наурызын» белгіледі. «Поэзиям менің, мен өлсем де сен өлме» деп кеткен ақиық ақын дәл сол күні өмірден озды.
“Жазылар естеліктер мен туралы,
Біреулер жан еді дер өр тұлғалы.
Біреулер тұлпар еді дер де мүмкін,
Бүтінделмей кеткен бір ер-тұрманы…” деген ақын ақын Мұқағали Мақатаев 45 жылдық ғұмырында сан ғасырға асық болардай мол қазына қалдырды. 1976 жылдың наурызында Мақатаевтың досы М.Жомартбек Ақтөбе облысында іссапарда жүріп, автобустағы кездейсоқ оқиғаның куәсі болды. Онда қазақтың жап-жас сұлу қызы газетті құшақтап, қатты жылады. Жомартбек бойжеткеннен не болғанын сұрағанда, қыз: «Мен өлеңдерін сүйіп оқитын ақын қайтыс болды» деп жауап қатты. Бұл Мақатаевтың қайтыс болғаны туралы қайғылы хабар жазылған газет еді. Сол көктемде Мұқағалиды жақсы көрген барлық адамдар мен оның оқырмандары автобустағы қызбен бірге қайғырып жылады.Мұқағали Мақатаев қысқа, бірақ жарқын шығармашылық өмір сүрді. Ол отыз жылдай ғұмырын туған ауылы Қарасазында өткізді. Мәскеудегі әдебиет институтында өткен екі жылдық оқуын қоспағанда, оның соңғы он жыл өмірі Алматыда өтті. Ақынның достары мен замандастары оның оптимизмін, өміршеңдігін, ізденімпаздығын бағалады.Мұқағали Мақатаев – ХХ ғасырдың 60-70 жылдарындағы қазақ поэзиясының жарқын бейнесі. Ақын әдебиетке бәрін таңғалдырып, найзағай соққысы секілді енді.Ол ауыр қиындықтарға толы өмір сүрді, оны жиі түсіне бермейтін. Өлеңдер жинағының алғашқы жинағы ақын ретінде танылғаннан кейін он үш жыл өткен соң шықты. Бірақ Мұқағали орыс тіліне аударылған аудармаларын көрмей кетті. Ақын ешқашан өмірге түңіліп, шағымданбады. Өйткені ол үшін шығармашылық маңызды болды.Мұқағали Мақатаевқа атақ-даңқ қайтыс болғаннан кейін келді. Дантенің «Құдіретті комедиясы» аудармасының шығарылымы оның аудармаларының ерекшесі болды. Кейін поэзиялық жинақтары қазақ поэзиясының алтын қорына енгізілді. Ал нәзік поэтикалық өлең жолдары музыкаға қойылып, қазір әндетіліп жүр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет