Жаратылыстану институты химия кафедрасы



бет3/3
Дата27.03.2023
өлшемі123.84 Kb.
#471218
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3
Жексембай Сабина тарих СРС 2

III.Қорытынды
Поэзия әлемінде өз ойын көркемдікпен, асқан шеберлікпен бере білу екінің бірінің қолынан келе бермейді. Бұл тек шабыты өте жоғары, өлең шығару дарыны бар үлкен талант иесінің қолынан ғана келеді. Сондай таланттардың бірі, поэзия әлемінің асқар шыңы – Мұқағали Мақатаев.Мұқағали аға - өмірінің соңына дейін қолынан жүйрік қаламы түспеген, қазақтың қара өлеңінің құдіретіне, терең сырына қаныққан ақын. Сөз құдіретінің мән - мағынасын терең түсініп, сөз маржанын бейнелі өрнекпен кестелейтін Мұқағалидай ақын кемде - кем.Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев - Шынайы поэзия өкілі, ғажайып ақындардың бірі Мұқағали Мақатаев қазіргі Алматы облысы, Райымбек ауданындағы Қарасаз аулында 1931 жылы 9 ақпанда дүниеге келді. Балалық шағы соғыспен тұспа - тұс келген Мұқағали өлеңді он - он бір жасынан жаза бастайды. Алғашқы өлеңдері аудандық газетте жарық көрген Мұқағали шығармалары 1960 - 1970 жылдары үздіксіз басылады, бұл жылдарды ақынның қазақ поэзиясының биік шыңына көтерілген уақыты деп санауға болады.Мұқағали Мақатаев поэзиясы жұмыр жердің барлық мәселесіне араласқан, кең, ауқымды тақырыпты қамтиды. Оның туған жер, адамдар тағдыры, өмір мен өлім, ана мен бала, ақын мен ақындық, соғыс тауқыметі т. б. тақырыптағы лирикасы қайталанбас ұлттық сипатта, ұлттық зермен кестеленген.

IY.Пайдаланылған әдебиет
1. Мақатаев М. Жырлайды жүрек: Өлеңдер мен поэмалар.//Құраст. Б.Айдарова.-Алматы: Жазушы,1989.- 496 б.
2. Мақатаев М. Өмір-өзен: Өлеңдер мен дастандар.-
3. Алматы: Раритет, 2005.- 288 б.
4. Ағыбаева А.Мұқағалимен кедесіп едім.: 9ақпан-
5. М.Мақатаевтың туған күні.//Заң газеті.-2008.-9 ақпан.
6. Ахметқали Ж.Мұқағали лирикасындағы антонимдердің қолдану ерекшелігі.//Қазақ тілі мен әдебиеті.-2008.-
7. «Егеменді Қазақстан» газеті ,9 ақпан, 2001 жыл.
8. «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы ,2000 жыл.
9. «Егеменді Қазақстан» газеті ,9 ақпан, 2002 жыл.
10. «Жас Алаш» газеті 19 маусым 2003 жыл.
11. https://stan.kz/kazak-poyeziyasynyn-simvoly-mukagali-m/

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет