«жаратылыстану» институты


Желілік операциялық жүйелер



бет54/99
Дата04.10.2022
өлшемі2.45 Mb.
#461924
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   99
ОЖ УМКДд

Желілік операциялық жүйелер


Жоспар

  1. Желілік операциялық жүйелер 

  2. WINDOWS NT SERVER – ді қондыру

Желінің программалық жабдықтамалары - бұлар операциялық жүйелер немесе системалар (ОС).
Жергілікті немесе аймақтық желі ресурстарын басқару негізіне алынған ОС типіне қарай жалпы желінің жұмыс тиімділігі де өзгеріске ұшырайды.
Желіні жобалау кезінде таңдап алынған ОС-тің басқа ОС-термен қалай дұрыс байланыса алатындығы, оның мәліметтерді сақтау, қорғау мүмкіндігі, қай деңгейге дейін тұтынушылар санын көбейте алатындығы, ОС-тің басқа компьютерге жеңіл көшірілетіні және т.б. қасиеттері есепке алынады. 
Есептеу желілері операциялық жүйелер басқаруымен жұмыс істейді. Негізгі желілік, операциялық жүйелерге NovellWare, Windows NT, OS/2, Warp Unix кіреді. Windows 95, 98 операциялық жүйелерінде құрамдас желілік құралдар бар. 
Желілік операциялық жүйе пайдаланушыларға желілің бір компьютерінен басқасына файлдар көшіруге, желінің бір компьютерінен басқасында орналасқан деректерді өңдеуге, ал кейбір жағдайларда басқа компьютер жадында орналасқан программаны қосуға мүмкіндік береді.
Компьютерлік желілерді қолдану мыналарды жүзеге асыруға мүмкіндік береді:

  • ақпаратты өңдеу процесінің нақты бір компьютерден тәуелсіздігі;



  • желінің бір ДК-сында сақталу есебінен бір ақпаратты қосарлау мүмкіндігінің жойылуы; 



  • ақпарат сақталуы сенімділігінің жоғарылуы;



  • ақпаратты рұқсат етілмеген енуден қорғауды жақсарту;



  • ұйымның бөлімшелер және қызметкерлері мен арасында жылдам, қағазсыз ақпарат алмасу мүмкіндігі.



Компьютерлік желілерді аймақтық таратылу дәрежесі бойынша классификациялауға болады. Оларды ауқымды (глобальный)аймақтық (региональный) және жергілікті (локальный) желілер деп бөлуге болады. Желілік ОЖ бағдарламалық жабдығы екі негізгі компоненттен тұрады: клиенттің БЖ және сервер.


Сервер арқылы желі администраторы қолданушы мен желіні басқарады. Оның мүмкіндігі:

  • Желі қолданушы тізіміне жаңа қолданушыларды қосу;



  • Желінің жеке қолданушыларына мүмкіндіктер беру және оларды алып тастау;



  • Қолданушы тізімінен белгілі бір қолданушыларды өшіру.



WINDOWS NT SERVER – ді қондыру
Қондыру бағдарламасы – бұл желілік ОЖ қондыру жұмысын орындайтын қосымша. Қондыру кезінде ол келесі мәліметтерді сұратады:

  • Желі сегментінің атауы (мысалы, домен аты немесе жұмысшы топ атауы);



  • Сервер атауы



WINDOWS NT SERVER қондыру кезінде желілік адаптер платасын және протокол тізімінен протокол, мысалы TCP/IP протоклын таңдау қажет. 


WINDOWS NT үшін TCP/IP протоколы стандартты болып келеді, оны қогдыру үшін үш параметрлер қажет:
IP – адрес – екі бөліктен тұратын: желі идентификаторы және ID хост 32-биттік логикалық адрес. TCP/IP протоколы қондырылған әрбір компьютер ерекше ІР-адрестен тұруы қажет. 
Қосымша желі маскасы (subnet mask) ІР-адрестің бөлігін белгілеу үшін қолданылады.
Шлюз – ІРпакеттерді өшірілген желіге жіберу үшін қолданылады. Егер ол көрсетілмесе, онда жергілікті желімен байланысы шектеулі болаып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   99




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет