7.ПӘНДІ ОҚЫТУ ЖӨНІНДЕГІ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР.
№ 1 практикалық сабақ
Тақырып:Геоморфологиялық карта.
Мақсаты: Геоморфологиялық карта легендасымен танысу және талдау жасау.
Практикалық сабақ мазмұны:
1.Геоморфологиялық карта легендасымен таныс. Картаны құрастыруда қандай принциптер негізінге алынған ? Геоморфологиялық картада:
а) материктік плейстоцендік мұздық облысына тән жаңарған таулар рельеф формалары
ә) жас платформалардағы аридті денудациялық рельеф формалары
б) кайназой қатпарлығы облысындағы криогенді вулкандық үстірттер рельеф формалары
в) жас платформалардағы аккумулятивті жазықтықтағы рельефтің флювиальды формалары қалай бейнеленген?
Әдістемелік нұсқау: Студентке геоморфологиялық карта таратылып беріліп, картаның шартты белгісімен танысып, тапсырмада берілген сұрақтарға жауап беріледі. Талдау қортындысы дәптерге жазылады.
Әдебиет:
Н.П.Неклюкова Практикум по общему землеведению. М, 1977. 130 бет, 1- тапсырма
№ 2 практикалық сабақ
Тақырып:Рельеф түрлерінің классификациясы.
Мақсаты:Рельеф түрлерінің классификациясымен танысу.
Дүние жүзі контур картасына әрбір материк үстіне негізгі алып жатқан геотектуралар мен морфоструктуралар: платформалы-жазықты және орогенді (таулы) типінің аудандарының проценттік қатынасын көрсететін дөңгелек диаграмманы құр. Диаграммаларды салыстыр.
Әдістемелік нұсқау:Тапсырмада берілген кестені пайдаланып, материк үстіндегі платформалы- жазықты және орогенді типін пропорция құру арқылы проценттік қатынасын есептеп, контур карта үстіне дөңгелек диаграмма салынады.
Әдебиет:
К.В.Пашканг. Практикум по общему землеведению. М, 1982 133 бет, 2 тапсырма
№ 3 практикалық сабақ
Тақырып:Планетарлық рельеф.
Мақсаты:Миллиметрлік қағазға жер бетінің биіктік және тереңдік деңгейін көрсететін гипсографиялық қисық сызықты тұрғызу.
Практикалық сабақ мазмұны
5 кестені пайдаланып жер бетінің биіктік және тереңдік деңгейін көрсететін гипсографиялық қисық сызықты тұрғыз. Гипсографиялық қисық сызық миллиметрлік қағазда тұрғызылады. Абцисса осіне жер беті ауданы, ордината осіне биіктіктер мен тереңдіктер салынады. Қолайлы масштаб: г 1см-25 млн.км², в 1см-1000м.
Әдістемелік нұсқау:Тапсырмада берілген кестені пайданып, есептеу арқылы миллиметрлік қағаз бетіне берілген масштабты пайдаланып жер бетінің биіктік және тереңдік деңгейін көрсететін гипсографиялық қисық сызықты тұрғызады.
Әдебиет:
Г.Ж.Абдушева Жертану практикумы. Орал, 2004. 9 бет.
№ 4 практикалық сабақ
Тақырып:Дүние жүзі мұхит түбінің морфоструктурасы.
Мақсаты: Дүние жүзі мұхит түбінің рельефімен танысу.
Практикалық сабақ мазмұны
Орографиялық картаны және атласты пайдаланып дүние жүзілік контур картаға төменде берілген номенклатура бойынша дүние жүзі мұхит түбінің рельеф формаларын шартты белгілермен сал.
Атлант мұхиты.
Жоталар Қазан шұңқырлар Шұңғымалар
Африкандық- Антарктикалық Ангола Пуэрто-Рико
Кит Аргентина Романш
Рейкъянес Африкандық-Антарктикалық Солтүстік-Сандвичев
Солтүстік-Атлант Бразилия
Оңтүстік –Атлант Гвиана Үстірттер
Оңтүстік- Антиль Кап Бермуд
Солтүстік-Американдық Гвиней
Солтүстік-Африкандық Риу-Гранди
Үнді мұхиты.
Жоталар ,көтерілу Қазан шұңқырлар Үстірт
Араб- Үнді Австралия-Антарктикалық Крозе
Шығыс-Үнді Батыс-Австралия Шұңғыма
Батыс-Үнді Корозе Ява
Кергелен Мадагаскар
Орталық Үнді Сомали
Автралия-Антарктика Орталық Үнді
көтерілуі
Тынық мұхиты.
Жоталар,көтерілулер Қазан шұңқырлар Шұңғымалар
Шығыс-Тынық мұхиты Беллинсгаузен Алеут
көтерілуі Перуан Бугенвиль
Гавай Солтүстік-Шығыс Кермадек
Император таулары Солтүстік-Батыс Курил-Камчатка
Лайн Филиппин Мариан
Туамоту Орталық Перуан-Чили
Оңтүстік- Тынық мұхит Чили Тонга
көтерілуі Оңтүстік Филиппин
Жапон
Солтүстік Мұзды мұхиты.
Жоталар Үстірт Шұңғымалар
Гаккель Норвег Бофорт
Ломоносов Макаров
Менделеев Нансен.
Әдістемелік нұсқау:Контур картаға тапсырмада берілген мұхит түбі рельефінің номенклатурасын пайдаланып, атластан тауып шартты белгі бойынша салынады.
Әдебиет:
Г.Ж.Абдушева Жертану практикумы. Орал, 2004. 38 бет.
№ 5 практикалық сабақ
Тақырып:Жазықтар мен таулар морфологиясы.
Мақсаты: Жазықтар мен таулар морфологиясымен танысу.
Практикалық сабақ мазмұны Жазықтардың негізгі генетикалық типтеріне сиапттама бер: платформалық, таулы, абразиялық.
Контур картаға негізгі ірі жазықтар мен тауларды шартты белгілер бойынша түсір.
Әдістемелік нұсқау:Дәптерге жазықтар мен таулардың генетикалық типтеріне жазбаша сипаттама беріліп, жазықтар мен таулар номенклатурасы бойынша контур картаға түсіріледі.
Әдебиет:
Н.П.Матвеев ред. басшылығымен Практикум по общему землеведению. М,1981. 83-85 бет
№ 6 практикалық сабақ
Тақырып: Вулкандық рельеф.
Мақсаты: Вулкандық рельефтің таралуымен танысу.
Практикалық сабақ мазмұны 1.Атластың көрсеткіші көмегімен 42 кестеде берілген жанартауларды тауып, шартты белгімен контур картаға белгіле, атауларын жаз.
Әдістемелік нұсқау:тапсырмада берілген кестедегі вулкандар сипаттамасын дәптерге жазып, кейін атластан тауып, контур картаға салынады.
Әдебиеттер:
1.Н.П.Неклюкова Практикум по общему землеведению. М,1977.114-115б; (151 тапсырма)
№ 7 практикалық сабақ
Тақырып: Флювиальды рельеф.
Мақсаты:Флювиальды рельеф түзуші фактормен танысу.
Достарыңызбен бөлісу: |