Жаратылыстану-математикалық факультетінің



бет12/21
Дата24.02.2016
өлшемі0.82 Mb.
#16703
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21

Дәріс мазмұны:


  1. Ноосфераны зерттеуші ғалымдар.

  2. Биосфераның ноосфераға айналуы.

  3. Тұрақты даму концепциясы.

Дәрістің мақсаты: Ноосфера туралы жалпы түсінік беру.

Негізгі сөздер: ноосфера, Б.Комонердің 4 заңы.


1. В.И.Вернадский табиғаттағы зат айналымдарының тұрақты даму процесіндегі адамның рөліне ерекше мән берді. Болашақтағы биосфераның тағдыры адамзаттың ақыл-ойының сапасында немесе деңгейінде екенін болжай келе өзінің өте маңызды теорияларының бірін тұжырымдады. Ол – биосфераның жаңа тұрғыдағы ұғымы мен сипаты – ноосфера туралы болжамдар жасады. Академик Вернадский өзінің 1944 жылы жазған еңбегінде: «Болашақ планетаның ұсқыны мен тыныс тіршілігі адам баласының ақыл-ойы мен парасатына байланысты дамиды және тәуелді болады. Адамзаттың санасы биосфераның тағдырын шешеді», - деген болжам айтты.

Ноосфера – сана, ақыл-ой қабаты. Ал «ноосфера» деген терминді ең алғаш 1927 ж. ғылымға фрранцуз (математик, философ, палеонтолог және антрополог) Эдуард Леруа енгізді. Ал Теьяр Шарден өзінің 1959 жылы жарық көрген «Адам феномені» деген еңбегінде ноосфераны «жаңа қабат», «ойлайтын қабат» деп анықтады.

Ғылыми техникалық прогресс қазіргі биосфераның тағдырын басқаша шешуде. Небәрі соңғы 70-100 ішінде адам баласыныың іс-әрекеті мен ықпалы табиғаттың геологиялық жылдар бойы қалыптастырған келбетін мүлдем өзгертті. Жер шарында тіршілік жоқ жерлер, тіршіліксіз құмдар, шөлдер, тақырлар пайда болды. Ауа райы өзгеріп, табиғат байлықтары сарқыла бастады. Жаппай қырып-жоятын атом қарулары, улы химиялық препараттар, канцерогеньді, т.б. тіршілікке зиянды заттар табиғаттың тепе-теңдік заңдылықтарын бұзып, планетаның өзіне қауіп төндіре бастады. Биосфера шегінде ғаламдық климаттық ауытқулар байқалып, экологиялық апаттар (су тасқыны, топан су, құрлықты су басу, ауа райының күрт өзгеруі, жер сілкіністері, өрттер, құрғақшылық, жұттар мен ашаршылық, т.б.) мұның бәрін дәлелдеп отыр.

2. Ағылшын ғалымы Б.Комонер ноосферадағы тірі және өлі табиғаттың арасындағы өзара қарым-қатынасты 4 заңға біріктірген.



1. Барлығы барлығымен байланысты. Бұл заңның негізінде тірі табиғаттың жалпы байланыстар принципі жатыр. Аталған принцип бойынша табиғаттағы күрделі трофтық немесе басқа да байланыстардың қандай да бір бөлігінің жойылуы күтпеген нәтижелерге әкеліп соқтыруы мүмкін. Әрбір түр көптеген басқа түрлермен байланыста болады.

Адамның табиғатқа араласуы күтпеген қолайсыз жағдайларға әкеліп соқтыруы мүмкін. Мысалы, оңтүстік аралдардыңң бірінде ДДТ ппрепаратының көмегімен масаларға қарсы күрес жүргізілген. Масалар толық жойылды. Бірақ, біраз уақыттан соң осы бунақденелілермен қоректенетін кесірткелер қырыла бастаған. Содан соң, осы жорғалаушылармен қоректенетін жабайы мысықтардың саны кеми бастаған. Нәтижесінде тышқандардың саны күрт артып кеткен. Кесірткелердің жойылуы нәтижесінде термиттер көбейіп, үйлердің ағаш тіреулерін зақымдаған. Олай болса, масалар да қалыптасқан экожүйенің маңызды құрам бөлігі болып табылады.



2. Материя жойылмайды жоқтан пайда болмайды, ол бір түрден екінші түрге өтеді. Кез-келген табиғи жүйеде бір ағзалардың экскременттері мен қалдықтары екіншілері үшін азық болып табылады. Жануарлардың тыныс алуы нәтижесінде бөлініп шығатын қалдық көмірқышқыл газы жасыл өсімдіктер үшін қорек. Өсімдіктер жануарлар тыныс алуы кезінде сіңіретін оттегіні бөліп шығарады. Жануарлардың қалдықтары – оларды ыдырататын бунақденелілер мен бактериялар үшін азық. Ал, олардың қалдықтары – бейорганикалық заттар - өсімдіктер үшін азық көзі болып табылады.

3. Табиғат өзі жақсы біледі. Табиғи жүйеге кез келген ірі антропогенді әсер зиянды. Табиғатта егер оны ыдырату жолы болмаса, ешқандай да жаңа органикалық зат жасалмайды.

4. Тегін ешнәрсе жоқ. Ғаламдық экожүйе біртұтас бүтінді құрайды. Адамның еңбек қызметі нәтижесінде экожүйеден алынған нәрсенің барлығы қайтарылуы тиіс. Біздің көптеген қателіктеріміз табиғаттағы барлық құбылыстардың өзара байланысын практикада пайдалана білмеуімізге байланысты туындап отыр.
3. Қазіргі кезең адамының ерекше биосфералық қызметі – биосфераны қорғау мен сақтап қалу. Тұрақты даму дегеніміз - адамзат қоғамының дамуы үздіксіз, бірқалыпты жағдайда, табиғи және әлеуметтік дағдарыссыз болуы. Бірақ бұл үшін адамдардың сана-сезімі, олардың мақсаты мен адамгершілік бағыттылығы өзгеруі тиіс. Планетадағы тіршілікті қорғау бүкіл адамзаттың бірігуін талап тетеді. 1987 жылы БҰҰ –ның Дүниежүзілік қоршаған орта мен даму комиссиясы «қоршаған орта үшін қауіпсіз экономикалық дәуірге» аяқ басуға шақырды. Алғаш рет «тұрақты даму» концепциясы ұсынылды. «Тұрақты даму» дегенде қазіргі уақыттың қажеттілігін қамтамассыз ете отырып, болашық ұрпақтардың өзінің қажеттіліктерін қамтамассыз етуіне қауіп туғызбайтын даму деп түсіну керек. Қоршаған ортаны қорғауға арналған алғашқы халықаралық отырыс Найроби қаласында 1972 жылы болды. «Біз ата-бабаларымыздың Жерін мұраға алған жоқпыз. Біз оны өзіміздің балаларымыздан қарызға алдық» (БҰҰ материалдарынан) Конференцияда екі концепция – климаттың өзгеруінің алдын алу, және ормандарды қорғау мен биологиялық алуантүрлілікті сақтау мәселелері бойынша қабылданды.

Республика президенті Н.Ә. Назарбаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясында жасаған баяндамасында тұрақты дамуға жетудің түйінді мсәелелерін шешудегі еліміздің белсенді қызметін дәлелдейтін нақты мысалдар келтірді. 1992-1998 жылдар аралығында Қазақстан тарихта бірінші болып ядролық полигонын жауып, ядролық қарудан бас тартты. Қоршаған ортаға әсер ететін соғыс ашу мақсатындағы құралдарды қолдануға тыйым салу ғаламдық келісімдерге жатады. Аралды сақтап қалуға арналған интеграциялық процестердің ұйтқысы болды. Қазіргі уақытта экологиялық, экономикалық әлеуметтік мәселелерді интеграциялау саласындағы саяси іс-шараларды анықтау жолдары іздестірілдеуде.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1.Ноосфераны зерттеуші ғалымдар.

2.Биосфераның ноосфераға айналуы.

3.Тұрақты даму концепциясы.

Әдебиет:

1. Горелов А.А. Экология. Уч.Пос.- М: Центр, 1998. 49 б.

2. Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. Экология.- А., Экономика, 2002
Кредит сағат 9

Дәріс № 9

Тақырыбы: Табиғат ресурстар дағдарысы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет