Жаратылыстану сабағында сыни тұрғыдан ойлауға үйрету технологиясын пайдалану ерекшелігі Сын тұрғысынан ойлау технологиясы


«Пікірталас. Дәлелденген эссе» стратегиясы



бет3/4
Дата20.10.2023
өлшемі66.68 Kb.
#481257
түріСабақ
1   2   3   4
Жаратылыстану сабағында сыни тұрғыдан ойлауға үйрету технологиясын пайдалану ерекшелігі (копия)

«Пікірталас. Дәлелденген эссе» стратегиясы.

Бұл стартегияны оқушылардың жазбаша тілін дамыту барысында да қолдануға өте тиімді. Мысалы: таныс емес адамды қондыртуға бола ма? Иә Жоқ Әрбір дәлелге қарама-қарсы дәлел жазу. Белгілі бір тақырып бойынша екі оқушы шығып, пікірталас өткізеді. Бірі сол берілген тақырып бойынша теріс пікір айтса, ал екінші тура пікірде болады. Бұл оқушылар тоқтамастан, өз ойларын білдіріп, қарсыласына жауап қайтарып отыру керек. Ал сынып оқушылары болса, осы екі жақтың өзіне қайсысы ұнаса, сол топқа аусады. Себепті дәлелдер айтылған сайын оқушы да өз ойынан тайып, екінші топқа өтуі мүмкін. Оқушылар бөлініп, айтылған деректерді пайдалана отырып эссе жаздыру.

«Куббизм» стратегиясы

“Куббизм” стратегиясы

1. Суреттеу – түрі, түсі, формасы, көлемі, портреті. 2. Салыстыру – ұқсастығы, ерекшелігі, немен айналысуға болатындығы. 3. Талдау – қалай істелінген, неден жасалған, ненің нәтижесінде, зертте, не болуы мүмкін. 4. Таңдау – не туралы ойлануға жетелейді, талқылау немесе қарсы пікір айту. 5. Қолдану – бұдан не істеуге болады, қолданысы, қалай, қайда қолдануға болады. 6. Бағалау – оймен байланыстыру, жақсы-жаман жағы, мүмкін болатын жағдайлары, бірнеше себептері, келісу не қарсы шығу Side one- Describe it, recall, name, locate, list. Side two- Compare it, contrast, explain, write. Side three- Associate it, connect, make design. Side four- Analyze it ,review, discuss, diagram. Side five- Apply it, propose, suggest, prescribe. Side six –Argue for/against it, debate, formulate, support.

«Джигсо» стратегиясы

“Джигсо II” стратегиясы.

1. Оқушыларды үй топтарына 4 адамнан бөлеміз. (Оқушы санына байланысты). Жаңа тақырып жайында не білетіндерін ортаға салады, жазады. 2. Оларға 1-4 дейін нөмір бөлеміз. 3. Сол нөмірлері арқылы 4 жұмыс тобын құрамыз. 4. Мәтін немесе тапсырма тұтас бәріне таратылады, жеке оқытылады. 5. Әр жұмыс тобына эксперт парақтары таратылады. 6. Эксперт парақтары бойынша жауаптары дәптеріне жазады. 7. Қайта үй тобына оралады. 8. Алдымен 1 эксперт парағынан бастап жауаптарын тобына түсіндіреді. 9. Әр үй тобында эксперт парағы бойынша сұрақтар талданып болған соң, алғашқы жазғандарына басқа түспен толықтырулар енгізіледі. 10. Ортадан 1 спикер қорғайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет