Мұрынға енгізілген оттегі бетпердесі және канюляның артықшылықтары мен кемшіліктері:
|
Артықшылығы
|
Кемшілігі
|
Бетперде
|
Жедел оксигенотерапияны орындау мүмкіндігі
|
Оксигенотерапияны ас-суды, энтеральды дәрілерді ішу, қақырық бөлу, ауыз қуысы гигиенасы, құсу үшін үзу қажеттігі. Қолайсыз сезім, бетперде исі. Ыстықтау сезімі, мұрын, құлақ тұсын қысу сезімі. Сөйлесу мүмкін емес. Бетпердені дұрыс кимеу оттегі концентрациясын төмендетеді.
|
Канюля
|
Ас-су ішу, ауыз арқылы қабылданатын дәріні ішу, жөтеліп қақырықбөлу, құсықты алып тазалау мүмкіндігі. Сөйлесу, ауыз қуысы гигиенасын орындау мүмкіндігі.
|
Жедел жағдайларда қолдану мүмкіндігі жоқ. Оттегінің үлкен мөлшерін беру мүмкін емес. Бекітілуі сенімсіз (бетке лейкопластрьмен жапсырылады). Түшкіргенде түсіп қалуы мүмкін.
|
Ескерту: Оттегі ингаляциясының кестесі мен оның концентрациясын дәрігер
анықтайды.
Оттегі жастығы оксигенотерапия әдісі ретінде тиімсіз.
Ірі емдеу мекемелерінде пациенттің кереуеті қасына жеткізілген, арнайы қамтамасыз ететін жүйеге орталықтандырылған оттегі беру жолы бар.
Шағын емдеу мекемелерінде оттегі баллондарынан тікелей редуктор және канюлясы бар ылғалдандырылғыш (катетер, бетперде) аспап арқылы ингаляция орындалады.
Оттегі қысымы 150 атм көкшіл түсті баллондарда сақтанлады және тасмалданады.
Әр баллонда дайындаушы зауыт көрсетілген, нөмірі, массасы, дайындалған жылы, техникалық куәлігі, мерзімі және басқа деректер көрсетілген таңбасы болуы тиіс.
Ескерту! Сығылған оттегінің жарылу қаупі жоғары. Оттегі баллондарын пайдаланғанда ережелер қатаң сақталуы тиіс.
- Баллон металды ұяда орналасуы және белдіктермен, шынжырмен бекітілуі тиіс.
- Баллон жылыту аспатарынан кем дегенде 1м және ашық от көзінен 5м қашықтықта орналасуы тиіс.
- Баллон тікелей түсетін күн сәулесінен қорғалуы тиіс.
- Баллон штуцеріне май тамуына жол бермеу керек.
- Баллоннан газды басқа жүйеге тек осы жүйе қысымына есептелген редуктор арқылы шығаруға болады.
- Баллоннан газ шығарылған сәтте, штуцердің шығар тесігі жұмысшыдан басқа бағытқа бағытталуы тиіс.
- Баллонды пайдалану техникалық куәлік мерзімі өткен жағдайда, корпусы не вентильінде зақымы бар болса, бояуы не жазуы ережелерге сай келмесе тоқтатылады. Оттегі баллонымен жұмыс жасарда қолды майлы креммен майлауға болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |