Жас ғалымдар, магистранттар, студенттер мен мектеп оқушыларының «хxi сәтбаев оқулары»



Pdf көрінісі
бет204/224
Дата28.12.2022
өлшемі4.43 Mb.
#468019
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   224
XXI Сәтбаев оқулары - ХХІ Сатпаевские чтения 7 том (Студенты)-2021-06-02 15 29 35pm

«XXI Сәтбаев оқулары»
«СТУДЕНТТЕР»
сериясы
тақырыптық-мазмұндық астарды сәулелендіріп тұрады. Суреткер
туындыларында өмір шындығы мен көркемдік егіз ұғым, ерекше 
бірлікте танылады. Заман тартысы, дәуір тынысы, уақыт өрнегі 
әңгімелерінде реалистік ракурста суреттеліп, қоғам шындығын
анық айнадай көрсету жазушының асыл мүддесі екені байқалады. 
Қаламгер өз туындыларында қоғам тағдырын адам 
тағдырымен астастыруды өмір шындығы етіп алады. Ол дәуірі 
мен заманының өмірлік шындығын көркемдікпен өре білген. ХХ 
ғасыр басында қаламгер қаламынан туған әңгімелердің басты 
тақырыбы – ел тағдыры, қоғамдағы тартыс пен қайшылықтар, 
әлеуметтік теңсіздіктер. Көркем әдебиет шығармаларына өз өмірін 
тақырып ету, автобиографиялық этюдтарын толықтай қолдану әлем 
әдебиетінде бар тәжірибе [1, 196 б.].
Енді бірде шығарма жазушының өмірінен тыс басқа 
шытырман оқиғаларға арналып жасалады. Мұндай құбылыстардың 
ХХ ғасырдың басындағы Әуезовтің әңгімелерінде жазылуы 
кездейсоқ емес. Басқа қарым-қатынас шеңберінен алынған әңгіме 
негізінде жатқан фабула немесе лейтмотив, традегиялық бояуға 
қанық тағдырлар тоғысы «Қаралы сұлу», «Қорғансыздың күні», 
«Жуандық», «Қайғылы жетім» әңгімелерінде шебер өрілген. Ал 
автобиографялық оқиғаларға құрылған «Үйлену», «Кінәмшіл 
бойжеткен», «Сөніп-жану», «Оқыған азамат» сынды бірқатар 
әңгімелері де көркем шындықтың бейнесі ашылған. ХХ ғасырдың 
басындағы оның әңгімелерінің басқадан айырмашылығы - 
адамзаттың нәзіктігі мен оның ішкі әлеміне тереңірек еніп
психологизм мен сыршылдыққа құрылуы. Ұлттың биік арманы мен 
адамдардың еркі сол дәуірдің тыныс ырғағына бейімделген өмірді 
бейнелеу объектісіне негіз болды. 
Қазақ халқының мәдени даму тарихында жазушы, драматург, 
публицист, зерттеуші, аудармашы Мұхтар Әуезовтің алатын 
орны ерекше. Әдебиеттің әр жанрын биік кемелдікке көтерген, 
қазақ әдебиетінің профессионалдық мүмкіндігін кеңейтіп
бойын өсірген, оның әлемдік даңқын асырған саңлақ суреткер –
М. Әуезовтың өнерпаздық жолы халқымыздың советтік дәуірде 
өсіп-өрлегендігінің көркемдік куәсі, анық айғағы.
Ұлы жазушының творчествосы туралы дуалы ауыздардан 
шыққан лебіздер жұртшылыққа мәлім. Бір кезде академик Қ. Сәтбаев 
«Абай» романын сөз ете келіп, оны қазақ халқынъң өткендегі 
өмірінің энциклопедиясы деп атаған еді. Ал қырғыз жазушысы
Ш. Айтматов Мұхтар Әуезовтың Орта Азия халықтарының 
мәдениетіне тигізген әсерін Пушкиннің кейінгі орыс мәдениетіне 
жасаған ықпалымен теңеді. Орыс драматургі Н. Погодин М. Әуезовті 
«Шығыстың Шолоховы» деді. Бұл пікірлер қазақ қаламгерінің 
Қазақстандық, Орта Азиялық, Бүкіл одақтық көлемдегі орнын 
әдемі тұжырымдайды. Көрнекті француз жазушылары және т.б. 
М. Әуезов шығармаларының әлемдік маңызын биік бағалай келіп, 
«Абай» романын XX ғасырдағы әдебиеттің ең тандаулыларының 
қатарына қосты. Осы іспеттес бағаны жер жүзіне аты мәлім өзге де 
көп қайраткерлер қайталап айтты. М. Әуезовтың шығармалары жер 
жүзінің отыздан астам тіліне миллиондаған тиражбен аударылып 
басылды [1, 93 б.]
М. Әуезовтің творчестволық сапарын ой көзімен шолсақ, 
тамаша үлгілі, терең мағыналы өнер жолын көреміз. Сонау 
жиырмасыншы жылдардың басында жазылған «Қорғансыздың 
күнінен», «Абай жолы» эпопеясына, отызыншы жылдардағы 
«Білекке – Білектен», «Өскен өркен.» романына, «Еңлік – Кебек» 
трагедиясынан «Дос, Бедел Дос», эпос, әдебиет тарихы туралы 
мақалаларынан әдебиеттегі дәстүр мен жаңашылдық, жаңа 
қаһарман жайындағы теориялық тексерулеріне дейінгі аралық тұтас 
көркем, ізденіс пен табыстың титандық сорабы, сөз зергерлерінің 
жетілудің, өмір диалектикасын зерттеудің, азаматтық, отаншылдық 
борышты өтеудің өнегесі. Суреткердің үздіксіз еңбегін, орасан 
тәжірибесін, көркемдік есею эволюциясын еске алмай, оның теңдесі 
жоқ туындыларының, озық зерттеулерінің жазылу сырына көз 
жеткізе алмаймыз.
20-жылдар Әуезовтің өте өнімді жазған, суреткерлік
«тыңын», көптеген ізденістер мен тәжірибелер жинақтаған 
кезеңі болды. Бұған дейін автор жүйелі білім алып, әдебиетпен 
жақсы танысып, дала өмірінің шежіресін жасауға кіріседі. Ол 
халықты тәрбиелеудің орасан көп дерттерін көрсетіп, әшкерелеу, 
«әлеуметтік өмір докторы» болу қажет деп санайды. Мәселен, 
жазушының «Қорғансыздың күні», «Оқыған азамат», «Қыр 
суреттері», «Қыр әңгімелері», «Үйлену», «Сөніп-жану», «Кім 
кінәлі», «Ескілік көлеңкесінде», «Жетім», «Барымта», «Кінәмшіл 
бойжеткен», «Қаралы сұлу», «Жуандық», «Қараш-Қараш оқиғасы», 
«Көксерек» сияқты әңгімелері мен повестерінде сол тұстағы қазақ 
елі тіршілігінің түрлі қыры мен сырлары елестейді.
Әуезовтің әдебиеттік сапарын осындай үлгіде бастауына 
орыстың классикалық әдебиетінің айрықша әсері болғанын 
есте тұту керек. Орыстың майталман суреткерлері: И. Тургенев,


366
367


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   224




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет