Жас ғалымдар, магистранттар, студенттер мен мектеп оқушыларының «хxi сәтбаев оқулары»



Pdf көрінісі
бет212/224
Дата28.12.2022
өлшемі4.43 Mb.
#468019
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   224
XXI Сәтбаев оқулары - ХХІ Сатпаевские чтения 7 том (Студенты)-2021-06-02 15 29 35pm

«XXI Сәтбаев оқулары»
«СТУДЕНТТЕР»
сериясы
Ыбырай Алтынсарин шығармаларын оқи отырып, әр баланы 
жеке тұлға ретінде қарастырып, оның жас ерекшелігіне қарай 
мінездеме беріп, сол жеткіншекті дұрыс жолға салу жолдарын, оны 
тәрбиелеу бағытын анық көрсеткендігіне көз жеткіземіз. Мысалы, 
«Талаптың пайдасы» әңгімесі қарапайым ғана шағын мысал, бірақ 
идеясы терең. «Даңқты І Петр шіркеудеғибадат етіп тұрғанда, 
сурет салып жатқан бір баланы көреді де, оның не жасап жатқанын 
сұрайды. Бала: «Сіздің суретіңізді салып жатырмын», – дейді. Петр 
суретті көрсе, мәз ешнәрсесі жоқ екен. Бірақ ақылды Петр патша ол 
баланың суретке талабы бар екенін аңғарып, сурет салуға үйрететін 
орынға бергізеді. Кейін ол бала үлкен суретші болады. Жазушының 
бұл арадағы мақсаты –Петрдің ақылдылығын көрсету ғана емес, 
жас баланың талабын, сол талаптың арқасында неге қол жеткендігін 
көрсету, кім талап етсе, сол мақсатына жететіндігін дәлелдеу.
«Мейірімді бала» әңгімесінде 13 жасар қыз патшаның үкімі 
бойынша қолы кесілуге бұйырылған әкесі үшін патшаға арыз 
жазып, өз қолын кесуге ұсынады. Қыз: «Тақсыр, жұмыс жасап, 
бала-шағасын асырайтын атамның қолын қалдырып, мына менің 
қолымды кесіңіз», – дейді. Мұнда жас қыздың тек қана атасы емес, 
анасы мен бауырларына деген де махаббаты суреттеледі.
Ананы қандай түрде бағалап, қалай сүюдің айқын үлгісін 
жазушы «Аурудан аяған күштірек» деген әңгімесінде айқын 
көрсеткен. Бұл әңгімеде аяғы сынған Сейіт деген бала жанына 
аяғының ауруы қанша батса да, анасын ренжітпеу үшін қабақ 
шытпағандығы айтылады. Автор оны былай суреттейді: «Сейіт 
орам-ораммен жүгіріп бара жатқанда, бір арбалы келіп, аңдаусыз 
соғып кетіп, аяғын сындырыпты. Ойбайлап жылап жатқан баласын 
көріп, шошығаннан шешесі талып қалыпты. Мұны көрген Сейіт 
жыламақ түгілі, сынған аяғын таңып жатқанда дыбысын да 
шығармайды. Сонда сынықшы кісі: «Аяғың ауырмай ма, қабағыңды 
да шытпайсың?» – депті. Сейіт болса, «Ауырмақ түгілі, жаным көзіме 
көрініп тұр амал жоқ, шыдаймын» деген екен. Сейіт шын мәнінде 
мейірімді бала болып суреттеледі. Мұндай жастардан жалпы адамды 
сүйетін көркем мінезді бала қалыптасады. Бала кезінен әлпештеп 
өсірген анасының қадірін білген жас, Отанын сүйетін, ол үшін де 
ештеңені аямайтын патриот шығатыны сөзсіз. Ыбырай әңгімесінің 
басты идеясы осы. Адамгершіліктің негізі мінез-құлық нормалары 
мен ережелерінен тұрады. Ыбырай шығармаларындағы мәселелер-
күні бүгінге дейін өзекті.
«Бай баласы мен жарлы баласы» әңгімесінің де тәрбиелік 
мәні зор. Асан – бай баласы,Үсен – жарлы, кедейдің баласы. 
Өйткені Асан мен Үсендердің тағдыры қазіргі кезде де сол қалыпта, 
түк өзгерген жоқ. Иә, ол кезде техника дамымаған заман еді, 
ғасырлар өтсе де қазіргі заманның Үсендері бар екенін білеміз. 
Қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ағамыз да кезінде 
«Токарь» мамандығында оқып, қарапайым жұмысшы болған ғой.
Атақты Назым Хикмет айтқан ғой: «Сен жанбасаң лапылдап, мен 
жанбасам лапылдап, аспан қалай ашылмақ?!» деп айтқандай, біз 
сол Ыбырайдың Үсендері келешекте адал еңбекпен алға шығып
қазақ елінің болашағын нұрландыратынына сенеміз!
Ыбырай шығармаларын оқи отырып, қарапайым оқиға 
құбылыстары арқылы түйінді идея, зор тәрбиелік мән берген 
ұлы ағартушы туындыларындағы ерекшелікті байқауға болады.
Ол жазушы туындыларының өне бойынан орын алған. Ыбырай 
атамыздың «Мұсылманшылдықтың тұтқасы» атты оқулығы 1883 
жылы Қазан қаласында басылған. Бұл кітапта имандылық, ораза, 
намаз, зекет, қажылық секілді құлшылықтарға жеке дара тоқталады.
«... енді құдай басыма не салса да, мен күшімнің жеткенінше 
туған еліме пайдалы адам болайын деген негізгі ойымнан
талабымнан еш уақытта да қайтпаймын» деген Ыбырай Алтынсарин 
соңғы сәтіне дейін патша әкімдерінің отарлау, қазақтарды 
орыстандыру, тіпті шоқындыру саясатына барынша қарсылық 
білдіріп, өзінің ұлтжандылығымен халқына өшпес мұрасын 
қалдырды.
Сонау уақытта Кеңес үкіметінің жүргізген жетпіс жылдық 
құдайсыз дәуірі қазаққа теріс ықпалын тигізіп, асыл дінінен едәуір 
ажыратқаны белгілі. Алла бұйыртып, халқымыз тәуелсіздік алып, 
мәңгілік егемендігіне қол жеткізді.
Қорыта айтқанда, Ыбырай әңгімелерімен таныса отырып, ең 
басты назар аударатын бір жағдай – кейіпкерлерінің қарапайым 
халық өкілдерінен болуы. Олар оқырманға өте таныс ата, әже, 
әке, бала, немере түрінде кездеседі. Ата, әке, ана бейнесі – ақылға 
шақырушы, көпті көрген ақылшы адамдар. Ыбырай атамыздың 
шығармаларында отбасылық татулық, жарасымдылық қасиеттері 
жоғары орынға қойғанын байқауға болады. Қазіргі интернет 
желісінен, теледидар арналарынан зұлымдылық, қатігездік 
көрсетіліп жатыр. Ыбырай әңгімелерінің оқиғалары – қазіргі 
таңдағы сабақ барысында қолданылып жүрген жағдаяттар. 
Бұл шығармаларды талдау арқылы оқушының өзіндік сыни 


382
383


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   224




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет