Жас ғалымдар, магистранттар, студенттер мен мектеп оқушыларының «хxi сәтбаев оқулары»



Pdf көрінісі
бет177/224
Дата28.12.2022
өлшемі4.43 Mb.
#468019
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   224
XXI Сәтбаев оқулары - ХХІ Сатпаевские чтения 7 том (Студенты)-2021-06-02 15 29 35pm

«XXI Сәтбаев оқулары»
«СТУДЕНТТЕР»
сериясы
мақсаты біреудің бойынан көрген мінді өлең жолына өрнектей 
отырып, сол қылықтан, мінез-құлықтан арылту. Ақынның осындай 
мақсаттағы «Қалжыңшыл қылжақпас», «Еріншек», «Құмарлық», 
«Ызақорлар», «Сәнқойлар» т.б. әжуаға құрылған арнауларының 
өзі зор махаббатпен жазылған деуге болады. Адам бойындағы 
жағымсыз әрекетті сынға ала отырып, түзетуді мақсұт етеді. Бұл 
ойымызды Шәкәрімнің мына бір өлең жолдары дәлелдей түседі: 
Жаман әдет тастауға ұнасалық!
Мына мінез қалай деп сынасалық!
Тұп-тура бетімізге айтысалық!
Ашуланбай, ақылмен шыдасалық!
Шәкәрім Құдайбердіұлы – қазақ әдебиетінің классигі, 
ұлы гуманист, ойшыл, ірі ақын. Абайдың бас шәкірті Шәкәрім 
шығармашылығы ұстазының ұстанымымен толық сәйкеседі. 
Шәкәрім де өзінің барлық шығармаларында адамгершілік
махаббат мәселесін негізгі өзек ете білді. Шәкәрімнің «қыз, қызық, 
батырды айтар кезім емес» деп отырғандай, махаббат жайлы 
шығармаларының өзінде Шәкәрімнің гуманистік, адамгершілік 
идеяларын-адал еңбекті, әділеттілікті, мейірімділікті жақтауы, 
зорлық-зомбылықты, қиянатшылдықты әшкерелеуі прогресшіл
жаңашыл қоғамдық күштердің озат ой-санасының жарқын көрінісі 
болғаны және халықтың түпкі түбегейлі арман-мүделерін терең 
түсінуден туғаны анық. Шәкәрімнің дүниетанымы, қоғамдық ой-
пікірлері, философиялық, эстетиялық көзқарастары Х1Х ғасырдың 
екінші жартысында негізінен қалыптасты. ХХ ғасырдың бас 
кезіндегі әдебиетпен мәдениет қайраткерлері ішінде Шәкәрім 
ойшыл, ақын-жазушы ретінде жұртшылыққа кеңінен танылған
Абай заманына өзгелерден бір табан жақын тұрған, екі ғасыр арасын 
жалғастырушы ірі тұлға болды.
Шәкәрім Құдайбердіұлының махаббат тақырыбына арналған 
өлеңдері, «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек», «Нартайлақ пен 
Айсұлу» сияқты оқиғалы дастандар, «Әділ-Мәрия романы сияқты 
прозалық туындылар туды. Бұлардың барлығында негізгі тақырып 
махаббат болды. 
Ақын поэмаларындағы тақырыптық жүйенің, ақынның 
көркемдік шешімі мен ақын позициясының зерттеу нысанына 
алынып отырған барлық поэмаларында ортақ болып келетіндігі 
осындай тұжырым жасауға басты мұрындық болды. Мәселен, ақын 
тарихи оқиғаның ізімен жазған, не болмаса нәзира дәстүрімен 
сюжетін өзге жұрттан алып жырлаған поэмаларының қай-
қайсысында да сезім қылын селт еткізбей қоймайтын махаббат 
атты құдіретті, мәңгілік қуатты тақырыпты таңдап алады. Сүйіскен 
жастардың трагедиялы тағдыры ешкімді де бей-жай қалдырмасы 
анық. Шәкәрім жастар махаббатының қанды оқиғаға ұласу себебін 
немесе олардың тағдырларының бір арнаға тоғыспауының
дәм-тұздарының қосылмауының себебін қоғамдағы сан алуан 
жағдаяттардың құрбаны болуынан деп көрсетеді. «Қалқаман-
Мамыр» поэмасында екі жастың құрбанға шалынуына жеті атаға 
дейін қыз алыспайтын ата салттың бұзылуын желеу еткендігін, 
«Еңлік-Кебек» поэмасында «дегенше жесір кетті өлген артықты» 
медеу тұтқан ру адамдарының адам өлімін әділетті деп тапқан 
кеудемсоқ әрекеттерін бейнелейді. Махаббат мәселесін тірек 
ете отырып, соның негізінде өрбіген оқиғалар арқылы өткеннің 
озығын үлгі етіп, тозығын тәркі қылуға үндейді. Бір ортақ тақырып 
төңірегінде сан алуан ой өрбіту шеберлігі ақын шығармаларының 
құндылығын еселей түскен. 
Шәкәрім Құдайбердіұлы қоғамда орын алып отырған өзекті 
мәселелердің барлығын махаббат тақырыбындағы эпикалық 
шығармаларына енгізе білген шебер суреткер. Сонымен қатар
өзінің бүкіл шығармашылығында Жаратушыны, бүкіл адамзат 
баласын сүйе білуді уағыздаған.
ӘДЕБИЕТТЕР
1 Мағауин М. Шәкәрімнің шеберлігі // Жұлдыз. – 1988. №10, 
178–185 б.
2 Құдайбердіұлы Ш. Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі. 
–Алматы: Қазақстан; «Сана», 1991. – 80 б. 
3 Құдайбердіұлы Ш. Үш анық. – Алматы: Қазақстан: Ғақлия 
ғылыми-әдеби орталығы, 1991. – 80 б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   224




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет