Жас ғалымдар, магистранттар, студенттер мен мектеп оқушыларының «хxi сәтбаев оқулары»



Pdf көрінісі
бет86/224
Дата28.12.2022
өлшемі4.43 Mb.
#468019
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   224
XXI Сәтбаев оқулары - ХХІ Сатпаевские чтения 7 том (Студенты)-2021-06-02 15 29 35pm

«XXI Сәтбаев оқулары»
«СТУДЕНТТЕР»
сериясы
Сонымен қатар туристерге демалу уақытына байланысты 
10 күндік маршрут ұсынылған болатын жәнеде бұл маршруттар 
туристерді күтіп алып қайтуына дейінгі аралықты қамтиды. Туристік 
маршруттардың бірнеше түрлерін қолданылады. Ұзақ жерлердегі 
тарихи орындармен табиғи ескерткіштерге автокөлік арқылы 
немесе жақын маңға жаяу, велосипед және атпен қатынайды. 
Сонымен қатар барлық маршруттарда арнайы даярланған нұсқаушы 
мамандар шетелдік туристер үшін ағылшын тілінде қарым-қатынас 
жасалынады [2, 173 б.].
Туристік бағдарлар Баянауыл табиғатының ең тамаша үлгілерін 
сақтай отырып, оларды адамдарға көрсету бұл саябақтың бөлінбес 
бөлшегі болуы тиіс. Туристік бағдарлар саябақтың рекреациялық 
қызметіне негіз болатын негізгі құрылымдық элемент болып 
табылады. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың экотуристік 
әлеуетін тиімді пайдалану және экологиялық туризмді оңтайлы 
дамыту үшін. Бірінші кезекте ұлттық саябаққа келуші туристер 
ағынын бақылап отыру қажет. Сонымен қатар экотуризмді дамыту 
үшін негізгі нысандардың аймақтарын тиімді түрде пайдалану 
қажет. Негізгі нысандардағы аймақтағы бағдарларды жоспарлай 
отырып, пайдалану режимі табиғат кешендерінің сақталуы және де 
жағдайын бақылап отыруды қамтамасыз етілуі қажет. Экотуристерді 
орналастыруды қорғалатын аймақта емес, сол аймаққа жақын елді-
мекендерде жүзеге асырған дұрыс. Экотуризмді оңтайлы дамыту 
қорғалатын аумаққа тигізетін кері әсерін барынша азайтуға ықпалы 
жоғары [5, 6].
Туристік бағдарлармен серуендеу барысында адамдардың 
өз өлкесінің табиғи және мәдени мұраларына деген азаматтық 
қарым-қатынасына байланысты тәрбие қалыптасады. Бағдарларды 
жүргізу барысында табиғаттың ғажайып көрінісі соқпақтың қажетті 
қасиеттерінің бірі екендігін аңғаруға болады. 
Сурет 2 – Баянауыл ауданында туризмнің жаңа бағыттары
Кесте 2 – Туристік жаңа бағдарлар

Жаңа бағыттары
№1 бағдар 
Қарағайлы бұлақ
№2 бағдар
Жұмбақ қыз тасы 
№3 бағдар
Сәрсенбай бұлағы 
№4 бағдар
Үкібай би кесенесі
№5 бағдар
Едіге бидің билік тасы 
№6 бағдар
Құлан әулиенің үңгірі 
№7бағдар
Дәндебайдың Сары шоқысы 
№8 бағдар
Түрік еске алу шарбағы 
№9 бағдар
Далба тауларындағы Тотия зираты
№10 бағдар
№11 бағдар
№12 бағдар
№13 бағдар
Баянауыл ауданының туризмнің жаңа бағыттарын аудан 
картасына түсіре отырып бағыттар құрдым. Бағдарларды (маршрут) 
жүргізу барысында осынау табиғаттың ғажайып көрінісі бағдардың 
қажетті қасиеттерінің бірі екендігін аңғаруға болады. Әрине тек қана 
табиғат көрікті жерлерімен ғана емес, жорықтардың, көпірлердің 
әр түрлі болуы, аялдамаларға нұсқаушылар және де марқалық 
белгілермен ерекшеленуі керек. 


164
165


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   224




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет