«жас келсе, іске сәТ!» Жаңа ұжымға педагогтардың кірігуіне психологиялық бейімдеу мақсатында


«Сыйлық дорбасы» жаттығуы. презентация 5 слайд/ 2мин



бет3/3
Дата21.11.2022
өлшемі195.93 Kb.
#465365
1   2   3
жас маманға ТРЕНИНГ

5. «Сыйлық дорбасы» жаттығуы. презентация 5 слайд/ 2мин 
Мақсаты: Адам ретінде бір –бірін сыйлауға, құрметтеуге, бір –бірін бағалауға ықпал ету.
Шарты: Қатысушылар шеңбер құра отырады. Ортада сиқырлы дорба тұрады. Сыйлықтар – қағазға жазылған адамгершілік қасиеттер. 
Дорбадан әр қатысушы кезекпен бір сыйлықты таңдап алып, ішінде жазылған сөзді лайықты деп санаған адамға сыйлайды. Сыйлықтар үлестірілгеннен кейін, шеңбер бойынша өзінің сыйлығын айтады. 
Рефлексия: сонымен, қоршаған орта да осы қасиетке сізді лайық деп таныса, жеке-жеке қошемет көрсетейік. Сыйлықтарыңыз құтты болсын! 


6.«Еңбек ағашы » жаттығуы: презентация 6 слайд/ 5мин 
Мақсаты: Әр жас маманның өзіндік мүмкіндіктерін танып, бағалауына оларды қабілеттеріне қарай іске асыруына ықпал ету.
Шарты:Суреттегі талдың бұталарына, жемістерге, жапырағына сұрақтар бойынша өз ойларын жазу.
 - Бұталарға мұғалім қандай болу керек?
 - Жапырақтарға мұғалімнің мақсат-мұраты
- Жемістер мұғалім еңбегінің нәтижесі 

Психолог сөзі: Міне , сіздер«Еңбек ағашын» құрастырып шығардыңыздар. Сіздің еңбектеріңіздің жемісі осы емеспе? Керемет, өте тамаша! Рахмет!
Тренингтің қорытынды сәті:
Рефлексия: «Ашығын айтсам» 
1. Бүгінгі тренинг сіздерге ұнады ма? 
2. Тренингтен қандай әсер алдыңыз? 
3. Тренингтен қандай көңіл күймен кетіп барасыздар?
4. Тренингтен қандай кұнды ой пікірлер алдыңыздар?
Психолог сөзі: «жүректен шыққан сөз жүрекке жол табады» Ә.Науай. Осы шенбер бойынша тұрып, жүректі үлестіру арқылы бір-біріне тілек айту. Жылы сөз адамдарды достастырады, сабырлы болуға, денсаулығын сақтауға, көңілін көтеруге ашуын қайтаруға септігін тигізеді.Әр айтылған сөзді адам жүрегімен қабылдайды. Сондықтан, қолдан келгенше бір-біріңе жылы, жақсы сөздер айтқан дұрыс. Қорытынды: Адам өмірде екі нәрсемен қартаймайды, біріншісі-қайырымды ісі, екіншісі- жүректен шыққан жылы сөзі. Әрқашанда бір-бірімізге жылы сөздер айтып, бір-бірімізге қайырымды болайық.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет