«Жасыл экономикаға» көшуді жүзеге асыру үшін, жеткілікті деңгейде құралдар шоғыры ұсынылды:
нәтижесіз субсидиялардан бас тартуды, табиғи ресурстарды ақшалай түрде бағалауды және қоршаған ортаға зиян келтіргендерге салықты енгізуді қоса отырып тұрақты даму критерилеріне сәйкес баға белгілеу;
экологиялық тауарлар мен қызмет көрсетулерді көтермелейтін өндіріс мемлекеттік сатып алу саясаты;
«экологиялық» салық салу жүйесін реформалау;
«жасыл» инфрақұрылымға (қоғамдық көлік, жаңартылған энергия көздерін, энергонәтижелі ғимараттар құрылысын қоса) және қалпына келтіру, қолдау үшін табиғи капиталға мемлекеттік инвестицияны көбейту және бұл қай жерде қажет, солардың көлемін ұлғайту;
экологиялық таза технологияларды жасауды дайындау мен зерттеуді қолдаудың мақсатты мемлекеттік бағдарламалары;
әлеуметтік, экологиялық және экономикалық стратегияларды келісу;
Бір қарағанда барлық экономикалық жүйені толық масштабты қайта құру міндеті ауыр болып көрінгенімен, «жасыл» экономикаға көшу арагідік жекелеген елдер мен аймақтар аумағында болып жатыр. Егер қоршаған ортаның бағасы туралы шетелдік баяндамаларға талдау жасасақ, онда экономиканың «көгалдануының» басым бағыттарын атауға болады: энергия тудыру және сақтау, энергетикалық инфрақұрылым тұтастай және энергонәтижелілік, көлік, су және ағынды сулар, құрылыс және материалдар, өндіріс және өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, рециклинг және қалдықтар.
Кейбір жағдайларда болып жатқан трансформацияның қозғалыс күші үкіметтік саясат емес, ал «төменнен», яғни бизнестен, қоғамдық бейресми қауымдастықтан, интернет-қауымдастықтан, жеке азаматтардан келетін бастама болып табылады. Экологиялық модернизацияның бұндай типі «шөптің өсуі» (grassroots) – қоғамның өзінде тосыннан пайда болған идеялар, технологиялар, бастамалар ағыны деген атауды иемденді. Көптеген елдерде өз энергияларын өндіретін және оларды жергілікті электр желілеріне сататын, өз азықтарын өндіретін және сол сияқты іс жүзінде автономды қоныс-мекендер болып есептелетін түрлі экоағаштар мен экокоммуналар пайда болды. Осындай көптеген мысалдардың бірі Шотландиядағы Финдхорн экоағашы.
Алайда, бұндай жобалар қаншалықты сәтті болғанымен, оларды бәсекеге қабілетсіздікке және тапшылыққа ұшырататын объетивтік нарықтық және институционалды кедергілер бар. Бұндай тәжірибені алдын-ала болжау, айту қиын, оларға басқару және ұлттық және жаһандық деңгейде де ұдайы өндіру қиын [2].
Сондықтан «жасыл» экономикаға көшу мемлекеттің белсенді араласуын қажет етеді. Саяси ерік-жігер бұл процесте белгілі бір рөл ойнайды. Бірінші кезекте, экономиканың «жасыл» өсімін ынталандырудағы мемлекеттік пакеттер туралы айтылып отыр. Бұл бағыттағы көшбасшылар азиялық елдер болып табылды.
Экологиялық таза экономиканы ынталандыруға Оңтүстік Корея үлгі болды, ол ұлттық стратегия ретінде «жасыл өсімді» таңдаған бірден-бір мемлекет және ұлттық стратегия ретінде «жасыл өсім» концепциясын жүзеге асыруды жариялаған бірінші ел болып табылады. Бұл стратегия шеңберінде үш элементке ерекше көңіл бөлінеді: өнеркәсіпке, энергетикаға және инвестицияға. Стратегия энергиялық ресурстар мен өзге де ресурстардың барынша аз қолданылуы кезінде өндірілетін экономикалық қызмет масштабтарын сақтауды; барлық қолданылған энергия мен ресурстар түрлерінің қоршаған ортаға ең төменгі қысым деңгейіне жинақтауды және табиғатты қорғау қызметі мен экономикалық өсімнің қозғалыс күшіне инвестиция тарту үшін шаралар қолдануды көздейді.
Қытайда жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) 3% жел және күн энергетикасын дамытуға, энергияны үнемдеуге жұмсауда шешімін тапты. «Жасыл даму» бөлімі Қытайдың 12-ші бесжылдық жоспа-рында (2011-2015 жж.) елдің неғұрлым «жасыл» экономикаға алға басу бағытын өте нақты көрсетеді. Бұл жоспар салалық және субұлттық деңгейдегі саясаттың мақсаты мен бағдарын белгілейтін ұлттық стратегиялық жол картасы болып табылады. Жасыл даму мынандай алты стратегиялық бағытты көздейді: климатты өзгерту, ресурстарды үнемдеу және оларды басқару, экономикадағы ауыспалы айналым, қоршаған ортаны қорғау, экожүйені қалпына келтіру және қорғау, су ресурстарын қорғау және табиғи апаттардың алдын алу. Бұл бағыттармен бірнеше жаңа міндеттемелік мақсаттар байланысты, мысалы, 11ші бесжылдық жоспардан сақталған мақсатқа қоса 2015 жылға жалпы ішкі өнім бірлігіне 17% көміртек шығындыларын қысқарту қажеттілігі, 2015 жылға ауаға азот шығындылары мен оның тотықтарын 10% қысқарту қажеттігі [4].
Қабылданған 5 жылдық жоспар сонымен бірге нақты саяси бағдарларды да айқындап берді, сондай-ақ энергонәтижелі технологияларды көрсету және тарату бағдарламалары энергияны үнемдеу сияқты, жаңа өсу мүмкіндіктерінің де қозғаушы күші болып табылатындығы көрсетілген.
Еуроодақта сондай-ақ төмен көміртекті экономикаға көшуге байланысты 2050 жылға дейінгі кезеңге бағдарлама қабылданды. Бағдарлама 2030 және 2050 жылға дейінгі секторлар бойынша парниктік газ шығындыларын қысқарту мақсатын қояды (сәйкесінше 40-44 және 79-82% ). Одан басқа бағдарламада осы және басқа да мақсаттарға жету үшін жасалатын шаралар қарастырылған, мысалы, жанар-жағар майға шығындарды азайту (жыл сайын 175 – 320 млрд евроға).
Одан соң, Ұлыбританияның бизнес-қауымдастығының өкілі ретінде «жасыл» өсімге қатысты мемлекеттік бағытты декларацияда анықтап көрсету, оның негізгі бағыттарын айқындау және осы саланы экономикалық реттеудің жаңа құралдарын қабылдауға қатысты дайындалып жатқан жоспарлар туралы бизнесті хабардар ету туралы үкіметке өтініш білдірді, 2011 жылы осы елдің «жасыл» экономикаға көшуге қатысты
«маршрут картасы» жасалды және жарияланды. Көбісі бұл құжатты нақтылығы жеткіліксіз деп айтқанымен, онда бизнес пен мемлекеттің «жасыл» экономикаға көшудің қандай нысанына ықпал ете алатындығы туралы ұсынымдар берілген. Мысалы, британдық бағдарламада «жасыл» сала үшін оқыту мен біліктілік жетілдіру бағдарламасын дамытуда жергілікті кәсіпкерлік серіктестіктің (LEP) рөліне көңіл аударылған. Бұл қызық тәжірибе аймақты дамыту мен инновацияны дамыту стратегиясын айқындауда түрлі аудан-дардың бәсекелестік басымдықтарын айқындау үшін жергілікті билік пен бизнес арасында серіктестік құрумен байланысты. Мысалы, Жаңа Англияның LEP-і «жасыл» өсімнің көшбасшысы рөліне берілген. Бұл серіктестіктің міндетіне «жасыл» өсім үшін негізгі тәуекелдерді анықтау, экологиялық инновацияларды қолдау механизімін жасау және т.б. кіреді. Серіктестіктің мақсаты экологиялық тауарлар мен қызмет көрсетулер нарығы үшін инфрақұрылымды қолдау болып табылады, осыған байланысты бес жылға оның нарықтық құнын 617 млн фунт стерлингке көтеру ғана емес, сонымен бірге 4 мың жаңа жұмыс орнын құру да жоспарланған.
«Жасыл» технологияның әлемдік нарығындағы көшбасшылардың бірі сөзсіз Германия болып табылады. Оның үлесіне әлемдегі барлық патенттелген экологиялық технологиялардың 20% жуық және жаңартылмалы энергетика саласындағы технологиялардың 30% астамы кіреді. «Жасыл» секторда елдің барлық экономикалық белсенді тұрғындарының 4,5% жұмыс істейді және де бұл көрсеткіш үнемі өсіп тұрады. Бұдан басқа, қазір Германия экологиялық жағынан таза өнім саудасы көлемі бойынша бірінші орынды алады (бұл барлық әлемдік нарықтың 16%).
Әлемдік нарықтағы қоқыс сұрыптаудың автоматизацияланған жүйесінің үлкен бөлігі де Германияға тиесілі. Германиядағы негізгі және табыстырақ дамып келе жатқан «жасыл» сала жаңартылмалы энергетика саласы болып табылады. Бұл елде жаңартылмалы энергетика көздерінің қарқынды дамуын алдын ала анықтайтын негізгі себеп болып, әрине энергоресурстардың импорттық жеткізіліміне тәуелділік табылады. Энергиятасымалдаушылардың негізгі түрлері бойынша Германия іс жүзінде 90% шетелдік жеткізілімге тәуелді.
Германияда жасыл экономиканың дамуы мемлекетпен қатаң түрде бақыланады. Алайда, мемлекеттік реттеу жоспарлық тапсырмаларды жоғарыдан жеткізуге емес, тиісті инфроқұрылымдарды құруға, түсіндірме жұмыстарын ұйымдастыруға, ынталандырудың нарықтық механизімдерін қолдану мен құқықтық қамтамасыз етуге бағытталған. Жасыл технологияларды энергетикаға ендіру елдің барлық тұрғындарын іс-жүзінде қамтитын қарқынды насихат жұмыстарымен қоса жүреді. Жаңартылмалы энергетика, оның экономика және экология үшін маңыздылығын, альтернативті энергияларда жұмыс істейтін құрылымдар әрекетінің принциптері мен түрлерін түсіндіру бойынша сабақтар бала бақшаларда, мектептерде және жоғары оқу орындарында ұйымдастырылған. Жаңартылмалы энергетика тақырыбы телевизорлар экранынан түспейді, қоғамдық-саяси пікірталастар мен ел басшыларының сөздерінен маңызды орын алады. Мемлекеттік биліктің барлық органдарының дерлік вебсайттарынан (федералды және жер министрлерінен бастап муниципалды кеңестерге дейін) елдегі және аймақтағы альтернативтік энергетиканың дамуы, оның құқықтық негіздері мен қолдау нысандары (қаржылық және консалтингілік) туралы статистикалық мәліметтерді табуға болады. Германияның заманауи жетістіктері альтернативті энергетиканың дамуын мемлекеттік көтермелеу жүйесі үшін үлгі боларлық айқын және сауатты құқықтық нормаларды қабылдау мен орындауға негізделген.
Жасыл экономиканы дамыту Б. Обама әкімшілігі басымдықтарының бірі болып табылатын Америка Құрама Штаттарының «жасыл» экономика саласы бойынша қабылдаған жоспары барынша асқақтаушылық болып табылады. 2011 жылдың қаңтарында АҚШ президенті Барак Обама Конгрестегі жыл сайынғы жолдауында американдықтар Кеңестік Одақ жердің бірінші жасанды серігін ұшыру арқылы Американы басып озған 1957 жылғы оқиға тәріздес өз тарихының бетбұрысты сәттерін бастан кешіріп жатыр – деп мәлімдеді. Оның көзқарасынша, АҚШ-та қазір дамуда секіріс жасайтын мүмкіндік бар. АҚШ президенті АҚШ-ты әлемдегі бірінші мемлекет етуді ұсынды, яғни, 2015 жылға өз жолдарында 1 млн. электромобильдер болады; 2035 жылға елдегі өндірілетін электроэнергиялар «таза» пайда болады, яғни оны өндіру үшін жел, күн, ядролық материалдар, «таза» көмір және табиғи газ пайдаланылады – деді [3].
Жасыл экономика өнімдері үшін құрылымдалған нарық құру, қолайлы инвестициялық климат құру, алдыңғы қатарлы технологияларды жасауға және жергілікті деңгейдегі жасыл бастамаларды қолдауды қамтамасыз етуге ықпал жасау американдық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен дамуын қамтамасыз етуге шақыратын АҚШ федералдық билігін күшейтудің негізгі бағыттары ретінде көрінеді. Үкімет өз қажеттіліктері үшін, бірінші кезекте, жасыл экономиканың өнімдерін барлық деңгейде сатып алуға талпыну керек деп болжанады. Жаңартылмалы энергетиканы дамытуға дағдарысқа қарсы шараларды қаржыландыру пакетінің жалпы көлемінің 20% бөлінді. Осылайша, әлемдік қауымдастықта «жасыл» экономикаға көшу құрғақ қиял емес, бұл ақиқат шындық деп сенімді түрде айтуға болады. Мемлекеттің бұл процеске қосылу дәрежесін айқындаушы негізгі факторлардың қатарына ресурстардың жеткіліксіздігі мен олардың ластану деңгейін, саяси еріктің ең жоғары деңгейде болуы және үкіметтің бастамаларын қоғамдық қолдауды жатқызуға болады.
Қазақстанда да «жасыл экономикаға» көшудің алғышарттары жасалып жатыр. Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2013 жылдың 30 мамырында біздің мемлекетіміздің «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі Тұжырымдамасын бекіту туралы Жарлыққа қол қойды. Ел алдында тұрған «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі негізгі басым міндеттер: ресурстарды (су, жер, биологиялық және басқа) пайдалану мен оларды басқару тиімділігін арттыру; қолда бар инфрақұрылымды жаңғыртып, жаңаларын салу; қоршаған ортаға қысымды жұмсартудың рентабельдік жолы арқылы халықтың әл-ауқаты мен қоршаған ортаның сапасын арттыру; ұлттық қауіпсіздікті, соның ішінде су қауіпсіздігін арттыру болып табылады [4].
«Елдің дамуының «жасыл» жолына көшуіне Астанадағы алда тұрған «ЭКСПО-2017» қуатты серпіліс беруі тиіс. Астанада ғылым мен техниканың үздік әлемдік жетістіктері ұсынылатын болады. Көптеген қазақстандықтар біз қол созып отырған «болашақтың энергиясын» өз көзімен көре алады» деді Елбасымыз «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында.
Елді индустриялық-инновациялық дамытудың және Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу жоспарының аясында жаңаша сипат алған «Жасыл экономиканы» игерудегі алғашқы қадамдар жасалды. Елбасы Қазақстан Республикасының Үкіметіне «жасыл» экономикаға көшу стратегиясын дайындауды тапсырды. Премьер-министрдің өкімімен стратегияны әзірлеу үшін жұмыс тобы құрылды. Оның құрамында барлық мемлекеттік және жергілікті органдардың, ұлттық холдингтердің, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың өкілдері бар.