«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі



бет1/33
Дата23.09.2022
өлшемі132.62 Kb.
#461209
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
жасыл экономика


«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі
Бүгінгі таңда әлемде экологияға қатысты көптеген проблема бар. Күн сайын табиғи ресурстар азайып, қоршаған орта бүлінуде. Сондықтан да адамзат үшін жасыл экономика көшу міндетті болып отыр.
«Жасыл экономика» ұғымы салыстырмалы түрде беріде пайда болды. Алайда бұл бағыт постиндустриялық әлемдік шаруашылықтағы негізгі трендтердің бірі болып табылады. ЮНЕП (United Nations Environment Programme – БҰҰ Бас Ассамблеясының 15.12.1972 ж. № 2997 резолюциясы негізінде құрылған БҰҰ-ның айналадағы орта жөніндегі Бағдарламасы) баяндамасында берілген анықтамаға сәйкес «жасыл экономика» – бұл халықтың әл-ауқатын көтеретін және әлеуметтік әділеттікті қамтамасыз ететін экономика [1].
Соған байланысты, қоршаған орта үшін тәуекелдер елеулі түрде төмендейді. Жасыл экономиканың негізгі қағидаларына мыналарды жатқызуға болады:

  1. теңдікті қамтамасыз ету (әділдік қағидасы);

  2. барлықтарының әл-ауқатының жақсаруы мен өркендеуі (ар-намысты құрметтеу қағидасы);

  3. табиғатты сақтау және қалпына келтіру (сақтандырушылық қағидасы);

  4. инклюзивтік және шешім қабылдау процесіне кеңінен қатысу (қатысу қағидасы);

  5. есептілік (басқару қағидасы);

  6. экономикалық, әлеуметтік және экологиялық тұрақтылық (тұрақтылық қағидасы);

  7. тұрақты өндіріс және тұтыну (нәтижелілік қағидасы);

  8. болашақта инвестициялау (түрлі ұрпақтар байланысы қағидасы).

Әдетте «жасыл» экономика концепциясы тұрақты даму концепциясымен тығыз байланыста қарастырылады, оның үстіне тұрақтылық жетістіктері «дұрыс» экономиканы құруға толығымен байланысты.
Шет елдерде «жасыл» технологияның қарқынды дамуы 1980-1990 жылдары басталды. Бұл кезең экологиялық модернизация идеяларының белсенді түрде алға басуымен байланысты. Бұл идеяның негізгі алғышарты – «екі есе ұту», яғни, экологиялық факторды есепке ала отырып экономикалық өсім мақсатқа сай ғана емес, сонымен бірге пайдалы да, яғни, біріншіден, ресурстарды үнемдеуге мүмкіндік береді, ал екіншіден, «жасыл» инновацияны ендіруші компаниялардың бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Бұл идея тек бизнесқауымдастықта ғана емес, сонымен бірге дамыған елдерде үкіметтік деңгейде де тез жанданды, соған сәйкес экологиялық және экономикалық мүдделер арасындағы дәстүрлі қарама-қайшылықтарды нақты бір дәрежеде өзгертті, технологиялардың дамуы арқылы экономикалық өсім мен оның экологиялық салдары арасындағы міндетті байланысты үзді.
Ары қарайғы дамуды бұл идея тұрақты даму концепциясынан алды. Ақырында, 2009 жылы Бүкіләлемдік экономикалық форум «жасыл экономикаға» дамудың жалғыз жолы ретінде жаңа жаһандық бағыт алды, бағдарламаны жүзеге асыруға $ 750 млрд. (әлемдік жалпы ішкі өнімнің 1%) бөлінді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет