Магистранттардың білімдерін бақылауға арналған сұрақтар:
1. Қазіргі кезеңдегі мінез-құлқында ауытқуы бар жасөспірімдер тұлғасының өзіндік сана-сезімдерінің ерекшеліктерінің жалпы сипаттамасы
2. Қазіргі кезеңдегі мінез-құлқында ауытқуы бар жасөспірімдер
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1 .Бартол, Курт . Психология криминального поведения. 7-е междунар.изд. Еврознак: Олма-Пресс,2004.-352с.
2. Селецкий А.И. Тарарухин С.А. Несовершеннолетние с откланяющимся поведением. Киев, 1981.-238с
3 .Ратинов А.Р. , Ефремова Г.Х. Правовая психология и преступное поведение: Теория и методол. исслед. Красноярск 1988.-253с.
4. Немов Р.С. Психология.Книга 2. - М., 2000.
5. Образцов В.А. Криминалистическая психология: Методы, рекомедации. Москва, Юнити-дана, Закон и право. 2002.-447с.
6 .Мұқанов М. Педагогикалық психология очерктері. - Алматы,1962
Дәріс №10 Жасөспірімдердің өткір аффективті реакциялары және саналарының өзгеру ерекшеліктері
Мақсаты: Жасөспірімдердің өткір аффективті реакциялары және саналарының өзгеру ерекшеліктері жайлы түсінік беру.
Жоспары:
1. Жасөспірімдердің өткір аффективті реакциялары және саналарының өзгеру ерекшелігі
2. Жасөспірімдердің өткір аффективті реакциялары
Қазіргі кезеңдегі мінез-құлқы ауытқушылғы бар балалар мәселесі кең шеңберде зерттеушілердің, яғни психолог, педагог, социолог және дәрігерлердің назарын аудартуда. Сонымен қатар, мұғалімдердің, тәрбиешілердің және ата-аналардың негізгі көкейтестік мәселесінің бірі болып саналады.
Өйткені қандай болмасын ата-ана, өзінің баласының парасатты, білікті, мәдениетті, білімді және дүниетанымы жоғары болып еліміздің мәртебелі азаматы болуын қалайды. Өкінішке орай, бүгінгі қоғамның әлеуметтік-экономикалық өзгерістеріне байланысты бұл мәселе, яғни жеткіншектердің мінез-құлықтары қалыпты дамып ізгі жолда жүруі күмәндатады.
Сондықтан да, біздің ғылыми зерттеуімізде болашақ ұрпақтың теріс жолға түспеуін, адемгершіліктік-өнегелі қасиеттерінің жоғары және ізгі ниетті азамат болуына, жеткіншектердің тұлғасының дұрыс қалыптасуы үлкен ықпалын беретіні жүйелі тұрғыда қарастырылады. Жасөспірімдердің мінез-құлықтарының ауытқығаны жөніндегі мәселе, психология-педагогикалық, әлеуметтік, дәрігерлік-және заң тұрғысында әртүрлі қарастырылады. Мінез-кұлық - адамның күнделікті өміріндегі тұлғалық қасиеттерінің көрініс беру формаларының бірі болып саналады.
Негізінде мінез – бұл адамның әлеуметтік мінез – құлқының ерекшелігі. Ол әлеуметтік топтағы жеке адамның өмір қалпын бейнелейді. Және жүктелген іске адамдарға қарым – қатынасынан көрініп отырады. Күнбе - күнгі тіршілікте адам әдетте менмен не көпшіл, қайырымды не сараң, биязы не дөрекі, батыл не солқылдақ, табанды, ержүрек не байбалаңшыл болып сипатталады
Бұл сөздер арқылы адамның бір нәрсеге, не мінез –құлық амалына қатысы аталады. Олай болса, мінез негізінде жеке адамның моральдық - еріктік қасиеттері жатады.
Жеке адамға не адамдар тобына тән өзіндік қарым-қатынастар, мінез – құлық пен қимыл – қозғалыстардың тәсілдері кісінің танымы мен іс-әрекетінде, тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеу үрдісінде қалыптасады.
Іс-әрекеттің әр түрлі болуына және одан алатын әсерге мінездің толысуы мен күшітәуелді болады. Жеке адам тіршілігінің өрісі тар, ол қоғамдық дамудың негізгі бағытынан оқшау жүріп жатса, (отбасынан әрі аспайтын болса) онда біртіндеп оралымсыз, тартқыншақ мінез қалыптасады.
Бала мінезінің қалыптасуына отбасы мен мектеп өмірінің моральдық-психикалық жағдайы үлкен әсер етеді. Жолдастық өзара жәрдем, ынтымақшылдық, өріс алған қоғамда кеңес адамдарының бойында ұжымдық, сергектік, ілтипаттылық мақсаттылық және табандылық сияқты тамаша қасиеттер қалыптасып отырады
Олай болса нақты адамның мінезіне талдау жасағанда, ол өмір сүріп отырған қоғамдық-тарихи жағдайды ескере алумен бірге, оның тәрбиеленуі бағытиын да ескеріп отырған дұрыс, өйткені бұл екеуі адамның белгілі мінез бітімін қалыптастыратын өзара байланысты себептер болып есептеледі деп тұжырымдаған.
Қазіргі кезде, әсіресе ауытқушы болған балалардың мінез – құлықтарында балалардың тұлғасы, яғни эмоциялық аймақтары, өзін-өзі бағалау, қарым –қатынас деңгейі жөніндегі мәселе кең шеңберде зерттеушілердің назарын аудартуда. Өйткені, бала есейген сайын қоршаған ортаның пікіріне емес, өзінің пікіріне құлақ салады. Оқушы мен мұғалімдердің, оқушы мен ата – аналардың, жолдастарының арасындағы қарым – қатынастарды қалыпқа келтіру үшін маңызды.
Психологиялық коррекциялау жұмысының мазмұны балалардың мінез – құлық ауытқуларын, өзін-өзі бағалау, талаптану деңгейі мен мазасыздану деңгейін сипатын ескертетін, көп жобалы және көп деңгейлі құрылымнан тұрады. Психокоррекция - деп жасөспірімдердің ортамен әрекеттестік жасауы кезінде әлеуметтік бейімделуін бұзатын психикалық механизмдерге бағытталған, тәрбиешіленуге психологиялық ықпал ету тәсілдерін түсінеміз. Психокоррекцияның мақсаты психика дамуының ауытқуларын түзету, қалыптасып келе жатқан тұлғаның үйлесімділігін және жүйкелік - психикалық ауытқуларын алдын алуын ұйымдастыру.
Кеңес психологиясында мінез-құлықтың ауытқығанын қоғамдағы құқыққа немесе адамгершіліктік - өнегелі қалпына қарсылық білдіретін жеке қылықтар және қылықтардың жүйесі деп түсіндіреді. Мінез - құлықтың ауытқуы алғашқы пайда болуы, балалық жаста, әсіресе жасөспірім жаста жиі байқалады
Бұл ақыл-ой даму деңгейінің біршама төмендігін, тұлғаның толық қалыптаспаған процесін, қоршаған ортаның және отбасының теріс әсерін, сонымен қатар, топтардың талаптарынан және осындағы қабылданған құндылы бағдарлардан жасөспірімдердің тәуелдігін сипаттайды. Мінез-құлқы ауытқушы болған жасөспірімдердің өз ісінің дұрыстығын дәлеледеп беру тәсілімен жиі қызмет етіп, үлкендердің шындықтарына немесе әділсіз болып көрінуіне қарсылық көрсетеді. Кейбір жағдайларда, ауытқушы мінез-құлык адамгершілікті - өнегелік қалыптарын жеткілікті білімдермен үйлесуі мүмкін, яғни бұл ерте жастан бастап адамгершілікті-өнегелік дағдыларын қалыптастыруының қажеттілігін көрсетеді
Белгілі психолог Л.С. Выготский "қиын балалық шақ" кезеңін талдау кезінде, оның барлық факторларының болу мүмкіндіктерін, яғни "жеткіншектердің биологиялық, әлеуметтік-мәдени және психологиялық жетілуін ескеру қажет, деп белгіледі. Өйткені, қандай да бір аймақта ауытқылардың болуы, әлеуметтік ауытқушыділікке әкеледі. Сонымен қатар, Л.С.Выготский әр түрлі факторларды бағалауының қауіптілігі жөнінде-ескере отырып, факторлардың барлық жиынтығының ықпалын кешенді түрғыда қарастырылуының маңыздылығын дәлелдеді.
Балалар мен жасөспірмдердің мінез-құлықтарының ауытқығаны — бұл өзінің негізінде түрлі биологиялық және әлеуметтік себептерге ие болған ауытқылардың ауқымды тобы. Ауытқушы мінез - құлықтың дамуының негізгі себебі биологиялық факторлар бола бермейді, бірақ олардың алдын болжаушы негіз ретіндегі орны аса маңызды.
Ауытқушы мінез-құлықтың биологиялық негізі, тұқым қуалаушы факторлар және ананың ауыр аяқ кезіндегі түрлі сыртқы жағымсыз жағдайлардың әсер ету салдары да болуы мүмкін. Ана ағзасына кері әсер ететін аса зиянды факторлар қатарына ішімдік, темекі шегу, токсикологиялық, нашакорлық заттардың пайдалануы бірінші кезекке өз үлесін тигізеді.
Соңғы жылдары кері экологиялық факторлар, әсіресе жоғары радиация әрекеті өзекті мәселелердің біріне айналуда. Аталған факторлар ата ананың генетикалық аппараттын өзгеруіне әкелуі ықтимал, соның салдарынан әртүрлі аурулардың пайда болуы айдан анық.
Мұндай жағдайларда тума және тұқым қуалаушы ауру, соңында сыртқы себептерге байланысты болады. Көптеген зерттеушілер мінез-құлық ауытқуының биологиялық негізі тұқым қуалаушы факторлар болуы мүмкін және ананың ауыр аяқ кезінде түрлі сыртқы жағымсыз жағдайлардын салдарының ағзаға әсер етуі (әр түрлі дәрі – дәрмектер, ішімдік, нашақорлықтарды қолдану, үнемі күйзелістік жағдайлар, инфекциялық аурулар, психикалық, физикалық травмалар және т.б.) деп дәріптеді.
Р.Г.Иьлешева мінез-құлық ауытқуының мүмкіндігін туғызатын биологиялық факторларға психикалық және физикалық даму, жетілу қарқындылығының үйлеспеу кезінде пайда болатын "қайшылық"' жатады деп белгіледі. Қалыпты жағдайда бұл үрдістер қатар жүреді. Мұндай мысалдардың біріне психофизикалық инфантилизм, яғни балалық шаққа тән психикалық, мінез-құлық ерекшеліктерінің жеткіншек жастағыларда (ересек адамдарда) сақталуы жатады.
Мінез-құлықтың ауытқыған генезінде маңызды орын алушы әлеуметтік факторлар қатарына тәрбие мен қоршаған ортаның жағымсыз жағдайлары да жатады. В.В. Ковалевтің мәліметі бойынша, қоршаған ортаның ұзақ уақыт бойындағы жағымсыз әсерінің салдарынан жеткіншектердің "тұлғасының патологиялық дамуы" қалыптасуы мүмкін. Әлеуметтік факторлар түрткі болған мінез-құлық ауытқылары арасында шағын әлеуметтік және педагогикалық тұрғыдан қараусыз қалған құбылыстармен байланысты патологиялық тұрғыға жатпайтын түрлер маңызды орын алады [43.52].
Бұл кезеңде, ұзақ уақыт бойында көбінесе ерте балалық шақтан келе жатқан, қоршаған орта мен тәрбиенің жағымсыз жағдайлары ерекше орын алады. Ол әсіресе, қараусыз қалу жағдайларымен және тұрақты түрде ақпараттардың жетіспеушілігімен байланысты болады. Мұның салдарынан баланың танымдық іс-әрекеті, еңбектің жүйелі, дербес дағдылыры, еріктік және адамгершіліктік-өнегелі нұсқауларының қалыптасуы баяулай түседі.
Шағын әлеуметтілік пен педагогикалық тұрғыда қараусыз қалу құбылыстарымен байланысты жасөспірімдерде мінез-құлықтың ауытқығаны мен әлеуметтік ортаға қарсылық білдіру түрлері жиі кездеседі. Жасөспірімдердің мінез-құлықтарының ауытқығанына себепкер болатын әлеуметтік факторлар қатарына педагогикалық тұрғыдан қараусыз қалған жағдайлар кіреді. Бұл термин көбінесе педагогикалық үрдістің кемістігімен байланысты жүйелі тұрғыда үлгермеушіліктің нәтижесінде болатын аффективті сфераларындағы ауытқуларыдың қалыптасуымен сипатталады.
Магистранттардың білімдерін бақылауға арналған сұрақтар:
1. Жасөспірімдердің өткір аффективті реакциялары және саналарының өзгеру ерекшелігі
2. Жасөспірімдердің өткір аффективті реакциялары
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1 .Бартол, Курт . Психология криминального поведения. 7-е междунар.изд. Еврознак: Олма-Пресс,2004.-352с.
2. Селецкий А.И. Тарарухин С.А. Несовершеннолетние с откланяющимся поведением. Киев, 1981.-238с
3 .Ратинов А.Р. , Ефремова Г.Х. Правовая психология и преступное поведение: Теория и методол. исслед. Красноярск 1988.-253с.
4. Немов Р.С. Психология.Книга 2. - М., 2000.
5. Образцов В.А. Криминалистическая психология: Методы, рекомедации. Москва, Юнити-дана, Закон и право. 2002.-447с.
6 .Мұқанов М. Педагогикалық психология очерктері. - Алматы,1962
Дәріс №11 Қарым –қатынастағы қиындықтың жалпы сипаттамасы
Мақсаты: Қарым –қатынас кезінде кездесетін қиындықтарға жалпы сипаттама беру
Жоспары:
1. Қарым –қатынастағы қиындықтар анықтамасы
2.Қиындықтар саласының жалпы сипаттамасы
3.Қиындықтардың жас ерекшеліктер саласы
Педагогикалық қарым-қатынас барысында кездесетін қиындықтар:
- Байланыс орната алмау:
- Сабақта оқушылардың қарым-қатынасын басқара алмау;
- Педагогикалық міндеттерге сәйкес қарым-қатынасты құрастыра және өзгерте алмау;
- Оқушының ішкі психологиялық позициясын түсінбеу;
- Өзінің психикалық жағдайын басқара алмау т.б.
Психология ғылымындағы негізгі ұғымдардың біреуі – қарым-қатынас. Қарым-қатынассыз жеке адамды түсіну, оның дамып жетілуін талдау мүмкін емес. Қарым-қатынаста адамдар өзін көрсетеді, өзі үшін және басқалар үшін психологиялық қасиеттерін аша түседі. Сонымен бірге ол қасиеттері қарым – қатынаста қалыптасады да. Адамдармен қарым-қатынаста адамның адамзаттық тәжірибені игеруі, қалыптасқан мораль, құндылықтар, білім мен іс-әрекет түрлерін игеруі, жеке адам және дара адам түрінде қалыптасуы іске асырылады. Яғни қарым-қатынас адамның психологиялық дамуының маңызды факторы. Егер мұғалімдер ортасында болатын конфликтілерді жалпылайтын болсақ,онда қарым қатынас проблемасы, мысалы,әдептіліктің жоқтығы, ашуланшақтық, басқалардың оқу орындарын басқаратын жүйенің ескіруі,«бастық-жұмысшы» принципі бойынша жүреді, «Мұғалім-оқушы» арасындағы бірлескен әрекетте конфликт туындауының басты объектісі
-
баласының сабағын жаман оқуы;
-
сабақпен аз айналысып, көп ата-ана мен баланың бірін-бірі түсінбеуі;
-
қатынастарындағы дөрекілік, ұстамсыздық; баланың өз еркімен өмір сүрүге талпынуы;
-
ата-аналар оны балалардың ата-аналарының жұмыстарын орындамауы;
-
отбасындағы әлеуметтік-психологиялық жағдайдың қолайсыздығы «Мұғалім-оқушы» арасындағы конфликттің себептері (оқытушы көзқарасы);
-
Сабақта тәртіпті бұзу;
-
Үй жұмысын дұрыс орындамау;
-
Оқушылар арасындағы жаман қарым-қатнастар;
-
Оқушылар көзқарасы бойынша конфликтінің туындау себептері;
-
Оқытушы тарапынан балағаттау, тіл тигізү, дөрекілік, шыдамсыздық;
-
Білімді бағалау кезіндегі әдлетсіздік;
-
Үй тапсырмасына дайындалмау;
-
Сабақты босатуы.
-
Әлеуметтік – педагогикалық үрдістегі конфликтіні реттеу жолдары.
-
Әлеуметтік зерттеулер көрсеткендей конфликтілі жағдайда оқытушылардың 40 пайызы «Мұғалім-оқушы» темпіндегі конфликтіні шешуде репрессивті әдісті қолданады. 66,7 «Ата-ана- оқушы» типінде конфликтіні шешуде репрессивті әдіс басым «Оқытушы-оқушы» конфликтісінде ата-аналар өз балаларын қорғаймын деп конфликтіге ұшырайды.Бұндай тәрбиенің ақыры жақсы болмайды.
Магистранттардың білімдерін бақылауға арналған сұрақтар:
1. Қарым қатынастағы қиыншылықтың туындауының себебі
2. Қиыншылықты шешу жолдары
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Бартол, Курт . Психология криминального поведения. 7-е междунар.изд. Еврознак: Олма-Пресс,2004.-352с.
2. Селецкий А.И. Тарарухин С.А. Несовершеннолетние с откланяющимся поведением. Киев, 1981.-238с
3. Ратинов А.Р. , Ефремова Г.Х. Правовая психология и преступное поведение: Теория и методол. исслед. Красноярск 1988.-253с.
4. Немов Р.С. Психология.Книга 2. - М., 2000.
5. Образцов В.А. Криминалистическая психология: Методы, рекомедации. Москва, Юнити-дана, Закон и право. 2002.-447с.
6 .Мұқанов М. Педагогикалық психология очерктері. - Алматы,1962
Дәріс №12 Агрессивті және агрессивті тәртіп: психологиядағы теория негізі, түрлері
Мақсаты: Агрессивті және агрессивті тәртіп: психологиядағы теория негізі, түрлеріне анықтау
Жоспары:
1. Агрессивті және агрессивті тәртіп
2. Агрессивті және агрессивті тәртіп: психологиядағы теория негізі, түрлері
«Мінез-құлық ерекшелігінің себеп салдарын анықтау және оны қалыпқа келтіру үлгісі» Жеткіншектер ортасындағы агрессивті беталыстың өсуі біздің қоғамымыздың соңғы жылдары көбейіп кеткен жастар арасындағы қылмыстық істер, әсіресе жеткіншектер қылмысы ең күрделі де қиын әлеуметтік мәселеге айналады. Сонымен қатар, денеге зиян келтіретін тұлғаға бағытталған қылмыстық әрекеттер санының көбею деректері де бізді алаңдатуда. Сондай-ақ, жеткіншектер арасындағы жауыздық сипатқа ие топтық төбелестер жиіледі. Психологтар кәсіби қызығушылығы кәмелетке толмаған тұлғаның өзгеру деңгейіне және оның мінез-құлық ерекшеліктерінің сипаттау мәселесіне тұрақтанған.
Мінез-құлық ауытқушылығы мәселесі — педагогикалық психологияның басты әрі маңызды проблемаларының бірі. Егер өсіп келе жатқан өскелең ұрпақтың тәрбиесінде қиындық болмаған жағдайда жас ерекшелік және педагогикалық психология пәнінің қоғамдағы қажеттілігі оны оқуға деген сұраныс болмас еді.
Жеткіншектік жас — адам дамуындағы өте қиын кезеңдердің бірі. Өзінің қысқа уақытында (14-18 жасқа дейін) ол адамның тұлға болып қалыптасуында көп нәрсені анықтайды. Дәл осы жеткіншектік жаста тұлға болып қалыптасуға негіз болушы мінез-құлық құрлымы жүреді.
Бұл жағдайлар: баланың ересек болуға өзіндік әрекетке көшу кезеңі әдеттегі мек-теп оқуынан түрлі әлеуметтік іс-әрекетке ауысу; сондай-ақ ағзаның белсенді гармо-налді қайта құрылуы жеткіншекті жағымсыз ортаға осал, көнгіш, көңілшек етіп жібереді. Сонымен қатар жеткіншектерге тән: туыстарының басқаруынан, мұғалімдерінің және т.б. тәрбиөшілдердің қарамағынан тыс шығуға талпынысын ескерген жөн.
Бұл талпыныс жиі рухани құндылықтардың және жалпы үлкен ұрпақтың тұрақты өмірінің жойылуына әкеледі. Бір жағынан жеткіншектермен тәрбие жұмысындағы кемшіліктерді айқындай түседі. Бұған қатысты ерекше ескеретін маңызды жағдай жанүядағы дұрыс емес қарым-қатынас ажырасу деңгейінің жоғарылауы.
Кәмелетке толмаған балалардың девиантты мінез-құлқы әр түрлі мақсатқа бағытталған. Жас өспірімдердің тұлға болып қалыптасуына әсер ететін социопо-тогенез нәтижесі ретінде қарастырылады. Сондай-ақ әр түрлі ауытқушылық себептерінің арасында үлкен рөл ойнайтын әлеуметтік-психологиялық, педагогикалық және психобиологиялық іс-әрекет үшін қажетті білімдер. Осылайша, кәмелетке толмаған балалардың мінез-қүлқын зерттеу психологиялық білімді қажет етеді. Осы білім негізінде жеткіншектердің ауытқыған мінез-құлқын зерттейді. Ассоциялдық көріністерге ескерту жасалынып, практикалық амалдар жасалынады.
Девиантты мінез-құлық қазіргі кезде өте кең тараған проблемалардың бірі. Бүрын мінез-құлық ауытқушылығы тек ер бала жеткіншектеріне тән десе, соңғы жылдары қыз баланың да мінез-қүлқы көңіл аудартуды талап етеді. Сонымен қатар, бүл жұмыс қыздардағы тек ұсақ құқық бұзушылық, алкогольдік немесе токсикомакцияның деңгейінің өсуімен ғана шектелер емес. Ең маңызды әлеуметтік мағынаға ие мінез-құлық ауытқушылығы және соған сәикес оның ауыр түрлері де болады. Сонымен бірге, жеткіншек қыздар жеткіншек ұлдардың мінез-қүлқының бұзылуына түрткі болушы яғни оларға ті-келей әсер ететін «рухтандырушы » болып табылады.
Мінез-құлық ауытқуының көрінуіне түрткі болатын білім беруімен байланысты әр түрлі факторлардың келесідей түрлерін бөліп көрсетуге болады:
Ассоциальді мінез-құлық психобиологиялық деңгей негізінде әсер етуші индивидуальды фактор реттінде индивидтің әлеуметтік жағдайының бейімделуін қиындатады.
Жанұялық және мектептегі тәрбиенің кемшілігінің әсерінен көрінетін психологиялық-педогогикалық фактор.
Оқу-тәрбие ұжымында, көшеде, жеткіншектің жанүясының адамдарымен біріккен іс-әрекетіндегі жағымсыз ерекшеліктерін ашушы әлеуметтік психологиялық фактор.
Индивидтің белсенді қарым-қатынас орнатуға өзі таңдаған қоғам ортасы, нормаларға және өзін қоршаған құндылықтарға, педагогикалық әсері мол жанүя, мектеп, қоғам. Сондай-ақ өзінің мінез-құлқын езі реттеуші қабілөтінің түлғалық бағасының бағытын көрсетуші жеке тұлға факторы.
Әлеуметтік экономикалық және әлеуметтік шартардың қоғамдағы алатын орнын анықтаушы әлеуметтік фактор.
Негативті (теріс) әсерді бөліп шығару қиындау, біріншіден өйткені олар оқшауланып көрінбейді яғни әр түрлі факторлар бірігіп әсер ететін негатив негізін қүрушы ауытқыған мінез-қүлық дамуына әсер етеді: адам дамуы көптеген факторлардың бірігіп әсер етуімен шартталған түқымқуалаушылық, орта (әлеуметтік, биогенді, абиогенді) тәрбие (яғни тұлғаның қалыптасуына бағыталған әрекеттердің түрлері), адамныңісәрекетіндегі өзіндік практикалық жұмыстар.
Ескеретін жайт, 12-13 жаста мінез-құлық микроәлөуметте (микросоциум) болатын бақылаусыздық және сын көзбен қарамаушылық факторлы жағдайына тікелей байланысты.
Агрессияның және жоғарғы алаңдау-шылықтың негізі жиі ерте балалық шақта пайда болып, түрақталынып кейінгі кештеу жаста бекітіледі.
Агрессия реакциялар формаларын келесі түрде бөліп көрсетуге болады:
Физикалық агрессия (шабуыл) — біреуге қарсы физикалық күш көрсету.
Жанама агрессия — бүрма жолдарымен жасалынатын бір адамға бағытталған (өсек, орынсыз қалжың) әрекет, сондай-ақ ешкімге бағыталмаған долылық көрністері (айғай, аяғымен тепсіну, жұдыруқпен стол үстін үру, есіктерді қатты серпу, т. б
Вербальді агрессия — негативті сезімдерін белгілі бір форма ретінде (айғай, үрысу, у-шу, бүлдіру, сондай-ақ сөздік жауаптар арқылы қорқыту, қорғау, сөгу) білдіреді.
Тітіркенушілікке бейімділік — кішкене ғана көрінетін қызбалық қозуға шамданғыштық дөрекілікке қарсы дайын болу.
Негативизм — әдетте беделдікке немесе басшылыққа қарсы бағытталған оппозциондық мінез-құлық мәнері. Ол қалыптасқан заң мен дәстүрге қарсы белсенді күресті үйымдастыруға дейін өсуі мүмкін.
Мінез-қулық ауытқушылығы бар балалар-мен коррекциялық жүмыстың өз ерешелігі бар. Жеткіншекпен жеке жүмыс өте тиімді. Ең бірінші, жанұямен жұмысты қатар жүргізу қажет. Жанүялық қарым-қатынас диагности-касынан кейін үйлесімсіздік сатысына қарай психокоррекциялық жұмысты жеке және топтық түрінде жүргізуге болады. Бірақ негізгі жұмыс жеке жеткіншекпен бірге жүргізілгені дүрыс.
Агрессивті балалардың мінез-құлқын тәртіпке келтіруде мына бағыттарда жұмыс істеу қажет:
Ашу-ызаны қолдануға болатын жағдайды үйрөту;
Балаларды әр түрлі өзін-өзі ұстай алуға, өзін-өзі басқару әдісіне үйрету;
Шиеленіскен жағдайларда сөйлесу дағдыларын қалыптастыру;
Адамдарға сену, жаны ашу сияқты қасиеттерді қалыптастыру.
Магистранттардың білімдерін бақылауға арналған сұрақтар:
1. Агрессивті және агрессивті тәртіп
2. Агрессивті және агрессивті тәртіп: психологиядағы теория негізі, түрлері
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1 .Бартол, Курт . Психология криминального поведения. 7-е междунар.изд. Еврознак: Олма-Пресс,2004.-352с.
2. Селецкий А.И. Тарарухин С.А. Несовершеннолетние с откланяющимся поведением. Киев, 1981.-238с
3 .Ратинов А.Р. , Ефремова Г.Х. Правовая психология и преступное поведение: Теория и методол. исслед. Красноярск 1988.-253с.
4. Немов Р.С. Психология.Книга 2. - М., 2000.
5. Образцов В.А. Криминалистическая психология: Методы, рекомедации. Москва, Юнити-дана, Закон и право. 2002.-447с.
6 .Мұқанов М. Педагогикалық психология очерктері. - Алматы,1962
Дәріс №13 Жасөспірімдердің мінез-құлқының өзгеруі
Мақсаты: Жасөспірімдердің мінез-құлқының өзгеруіне түсінік беру.
Жоспары:
1. Жасөспірімдердің мінез-құлқы
2. Жасөспірімдердің мінез-құлқының өзгеруі
Адамның психикалық қасиеттерін зерттеп, оның қыр-сырына түсінуге қызығушылық адам өмірінде барлық уақытта үлкен орын алады. Адам өзі өмір сүретін ортаның қасиеттерін, тірі табиғат қасиеттерін, жеке тұлға ерекшеліктерін зерттеуді ежелде басталған. Қазіргі кезде Жер бетінде өмірдің пайда болуы, олардың эволюциялык дамуы заңдылықтарын түсінгеніне сүйене отырып, өсімдіктер мен жануарлардың көптеген табиғатта жоқ жаңа қасиеттері бар түрлерін адамдар жасап шығарып жатыр. Дегенмен адам өзінің психикалық ерекшеліктерін әлі де болса терең және жан-жақты танып біліп алуға шамасы келген жоқ.
Психофизиологиялылық зерттеулер нәтижесінде барлық жекелік қасиеттердің көптеген ерекшеліктерін сандық және сапалық жағынан толық бағалауға, сол қасиеттердің дамыу нормада, немесе одан ауытқуы бар екенін бағалауға мүмкіндік жасалған. Жеке тұлға, оның психикалық қасиеттерінің ерекшеліктерін ғылыми тұрғыда зерттеу және оны анықтау әдістемелерін жасау 19 ғасырдың ортасынан басталып қазірге дейін жетілдіруде. Осы зерттеулер нәтижесінде жеке тұлға анықтамалары, адамдардың жекелік ерекшеліктеріне байланысты оларды типологиялау, әр адамның жан дүниесінің профилін жасау т.б. өте күрделі зерттеу жүргізуге арналған әдістемелер қалыптасты.
Типологиялық зерттеулер 20 ғасырдың басында Кречмер, Шелдон зерттеулерінен басталды. Бұл ғалымдар адамның мінез ерекшеліктерінің дене құрылысымен байланыстыты деп болжамдап, осы болжамды дәлелдеу үшін көптеген зерттеулер жүргізді. Кречмер Еуропе елдері мен АҚШ-тағы психоз ауруға ұшырағандарды зерттеу барысында адамның дене қрылысы мен оның психикалык; ауруының түрі арасында корреляциялық байланыс бар екенін анықтады. Осы байланыстың заңдылықтарын зерттей отырып ол адамдар мінездерінің типологиясын жасады.
Мінез деген - адамның іс-әрекетінде және мінез-құлқында тұрақты көрініс беретін жеке ерекшеліктерінің жиынтығы. Мінез адамның барлық тіршілігіне әсерін тигізіп тұратын қасиет болғандықтан типологиялық зерттеулерді мінез сипатынан бастаған.
Адамға мінездеме бергенде оның не істегенін ғана айтып қоймай жұмысының сапасын, басқа адамдармен қарым-қатынасын ерекше көрсетеді. (қалай орындағаны үлкен роль атқарады). Біреулер жалқау, үяң, бірақ сиысымды, көпшілікті сыйлайды, ізеттілік көрсетеді. Ал біреулер іскер, қатал, тілектестік білдіреді, бірақ жұмысты сапалы орындауды талап етеді. Үшіншілер аз нәрсені шала істеп оны жұртқа түгел мәліметтеп шығады, басқалардың табысын көре алмайды, ашушаң, ызақор, сыйымсыз болады.
Басқа адамға ескерту бергенде басшылардың кейбіреулері жылатып айтады, ал біреулері кеңес беріп, тез үйренуге жәрдемін тигізеді. Адамның жекелік қасиеттерінің барлығына мінез үлкен әсерін тигізіп, оның жалпы адамгершілігін, іскерлігін, қарым-қатынасқа икемділігін, сыйысымдылығын анықтап отырады. Мінез адамның барлық психикалық қасиеттерімен тығыз байланысты, сондықтан оның ерекшеліктерін көптеген жекелік қасиеттердің көрінісі бойынша сипаттауға болады.
Егер адамды танитын, білетін болсаңыз ол өмірдің әр түрлі жағдайында қандай мінез көрсететінін болжамдап айтуға болады. Мінез-құлықты басқаруға, оны басқаларға ыңғайлы, сыйысымды етіп, дұрыс жол көрсетіп отыруға болады. Сондықтан мінез тәрбиеленетін қасиеттерге жатады. Адамдардың мінез-құлқы тарихи-әлеуметтік жағдайға байланысты көрініс береді. Мысалы: өзінің намысын, отбасының намысын қорғау үшін дуэльге шақырып, намысына тиген адамға қастандық, қатыгездік көрсетіп, оны атып тастаған. Вендетто - қанға-қан, жанға-жан деген кек алу дәстүрі т.с.с. қалыптасқан әдет-ғұрып кеңінен орын алады. Қазіргі кезде цивилизацияның дамуымен байланысты ең үлкен құндылық адам өмірі болып саналады. Сондықтан адам өміріне қауіп туғызу немесе өлтіру ең үлкен қылмыс болып есептеледі. Сондықтан өрескіл мінез көрсеткендерге дәл сондай дөрекілік көрсетіп, балағаттап немесе басқа түрлі қастандықтар көрсету кеңінен орын алады. Оның барлығы мінездің теріс көрсеткіштері, сыйысымсыздық, арамзалық деп бағаланады.
Адамның мінзінің қалыптасуына отбасы, қоршаған ортадағы жетекші салт-дәстүр мен әдет-ғұрып, өзінің қарым-қатынас жасайтын кіші тобы, сынып оқушылары, группадағы студенттер, жолдастар мен достар, оқыған кітап, көрген кино кейіпкерлері үлкен әсерін тигізеді. Өйткені адам басқаларға қарап, олардың тәжірибесін меңгеріп адам болады.
Мінез детеминиз ұстанымына сай барлық психикалық қасиеттермен тығыз байланысты. Мінезге темпераменттің тигізетін әсері өте үлкен. Холериктің жеңілтектігі мен қызбалығы, сангвиниктің сөзшеңдігі, флегматиктің байсалдылығы, меланхоликтің тұйықтығы мен ұстамадылығы мінезге әсерін тигізіп тұрады. Мінез бен темпераменттің өте тығыз байланыстылығы психиканың динамикалық ерекшеліктерімен анықталады. Дегенмен темпераментті өзгертуге болмайды, ал мінез тәрбиеленеді. Холерик пен сангвиникке белсенділікті, шығармашылық қасиетті қалыптастыру оңай, ал флегматик ерінбестен оның бәрін меңгеруге шамасы келеді, меланхоликке ашық-жарқын болу өте қиын. Осы ерекшеліктерді ескерсе отырғанда тәрбие нәтижелі болады. Мінез - тәрбие және өзін-өзі тәрбиелеу нәтижесі.
Психолог өз қызметін ұйымдастыру үшін психолог басқа адамдардың мінезін біліп, ол адамның неше түрлі жағдайларда өзін қай жағынан көрсететінін болжамдауға болады. Сондықтан мінез ерекшеліктерін біліп алу негізінде ол адамды тәрбиелеуге, жекелік ерекшеліктерін ескеруге мүмкіндік туады.
Мінез өзі өте күрделі психикалық қасиет. Ол бірнеше көрсеткіштермен сипатталады. Сондықтан жеке тұлғаға мінездеме бергенде оның ерекшеліктерін басқалармен салыстыра отырып қарама-қарсы көрсеткіштермен сипаттайды: кеңпейілді - іші тар; жеңілтек - байсалды; адал арам; сыйысымды - сыйысымсыз; қоқақ - батыл, сезімтал - катыгез т.с.с. Бұл жеке көрсеткіштер мінездің құрамды бөліктері, оның көрсеткіштері болып табылады. Осы көрсеткіштердің ішінде біреу жетекші, доминанта болады. Адамды бағалағанда сол доминантасы бойынша мінездеме береді.
Мінездің барлық көрсеткіштері бір-бірімен тәуелді байланыста. Сондықтан егер адам қорқақ болса ол көп жерде белсенділік көрсетіп жүруі өте қиын. Қорқақтың сыйсымдылығы, басшыларға ерекше ізет көрсетіп, иланушылық (ұйып сенуі), тілалғыштықпен көзге түсіп жүруі мүмкін. Олар өте сараң, материалдық байлықты қорғау үшін басқаларды сатып кетуі, сөзінен айнып кетуі жиі кездесіп тұрады.
Сондай ақ, батыл, шешім қабылдағыш, адам қорқақ болуы мүмкін емес, ол мырзалық көрсете алады, басқалардың пікірін сыйлайды, бірақ кейде тік мінездік көрсетуіп, керек емес жерде тәуекелшіл болып, өз өміріне қауіп тудыруы мүмкін.
Мінездің бір-бірімен тәуелді байланыстағы көрсеткіштерінің ішінде біреуі доминанта болып, барлық басқа көрсеткіштеріне әсерін тигізіп тұрады. Доминантасының ерекшелігі: мінездің құрамды бөліктерінің ішінен біреуі жетекші және барлығына бағыт беріп тұратын болады, ал қалғандары қосалқы болып негізгінің көрінісін тереңдетіп, құлпыртып тұрады. Оны келесі мысалдармен дәлелдеуге болады:
а) кең пейілділік доминанта, жетекші көрініс берген адамның басқа мінез сипаттарының барлығы жалпы ол адамды «жақсы адам» деп қабылдатады. Ол тірлікті асығыс, шала, үстіртін істейтін, кейде сөзінде тұрмайтын болса кеңпейілділігі бұл осалдылығын жұмсартып көрсетеді;
б) сыйымсыздық, қатыгездік доминанта болса ол адамның барлық басқа қасиеттеріне теріс белгі береді. Доминантасы қатыгез болса ол адам іскер, білімі терең, барлық мәселені шешу жолдарын тез анықтайтын болғанымен қоршағандар жалпы оның мінезі теріс деп қабылдайды.
в) доминантасы сыйысымдылық, кешірімді, ұрысқақ емес, басқалардың жағдайын түсінетін болса, ол адам шалағай, сөзінде тұрмайтын болса да оны басқалар оң қабылдайды, жақсы адам деп санайды.
Доминантадан басқа мінез құрылымының келесі көрсеткіштері бар.
1. Қоршаған ортаға көзқарасы. Қоршаған ортадағы ең маңызды құндылық - басқа адамдар. Егер әр адам басқа адамдарды сыйласа, олармен тіл табысып өмір сүргісі келсе, ешкімге зиян келтірмесе, туған-туысқандарына қамқорлық білдірсе оны басқаларда силайды.
2. Өзіне деген көзқарасы. Адам өзін сыйлап, өзінің беделін, іскерлігін, қоршаған өмірге икемділігін барлық уақытта жетілдіріп жүрген адамның өзін-өзі бағалап, сыйлағанын көрсетеді. Эгоизм, эгоцентризм, өзін ерекше деп есептеп, өзінен басқа ешкімді сыйламау - теріс көрсеткіш.
3. Іс-әрекетке, еңбеккке көзқарасы. Адамды адам қылған еңбек. Жұмысқа ынталы болу, тілалғыштық, өз мамандығының барлық қыр-сырына жақсы түсініп, шебер, іскер болу - оң көрсеткіштер. Барлық уақытта тәртіп бұзып, тапсырманы уақытында орындамай жүрген теріс көрсеткіштер, өзін сыйламағандықтың белгісі.
4. Заттарға көзқарас. Барлық заттар адамның еңбегінің нәтижесі. Оны ұқыпты ұстау керек. Заттарға деген салақтық, өзіңікі емес заттарға, киім-кешекке, оқу құралдарына көзқарастар адамгершіліктің көрсеткіштері.
Мінезінің оң көрсеткіштері басым келсе ол адамды адамгершілігі күшті, жақсы адам деп бағалайды. Сондықтан, мінез адамдық қасиеттердің қалыптасқандығын, адамдар ортасында өмір сүруге икемділігін анықтайтын қасиет болып табылады.
Мінез адамның барлық басқа жекелік қасиеттерімен тікелей байланысты.
1. Ерікпен тығыз байланыстылығы адамның барлық істеген тіршілігін тиянақты, уақытында орындауы, іс-әрекет барысында басқа адамдармен қарым-қатынасын қалыптастыруы, ұйымдастырғыштық, іскерлік, жауапкершілік т.б. көрсеткіштермен сипатталады.
2. Сезіммен байланыстылығы оның іс-әрекет барысында күйгелек немесе жайбарақаттығы, байсалдылықпен мәселелерді шешу жолдарын іздеуі, өзінің және басқалардың табысына қуанатындығы, ашушаңдығы, көңіл-күйінің тұрақты немесе тұрақсыздығы, тілектестіктің көрініс беруі.
3. Ақыл-оймен байланыстылығы интеллектуалдық қабілеті, іс-әрекетте пысықтық, іскерлік, ізеттілік, жеңілтектік, шалғайлық көрсетуі.
Сондықтан мінездің анықтамасында бұл қасиет көптеген жеке ерекшеліктер жиынтығы екені көрсетілген. Мінез көп аспектілі қасиет. Мінездің осы көріністері әр адамда әр түрлі вариантта болады. Дегенмен адамның өмірінде қалыптасқан мақсаттарға байланысты әр адамның өмірге деген көзқарасы және бағыттылығы болады. Адам мінезінің бағыттылығы дегеніміз оның қызығушылығының, идеалдарының және сенімінің жиынтығы (неге сенеді, нені көздейді). Екі адамның мақсаты, бағыттылығы бірдей болуы мүмкін ал сол мақсатқа жету үшін қолданған әркеттері және әдіс-тәсілдері әр түрлі болады.
Адам мінезінің көрсеткіштері көп түрлі. Дегенмен әр ортада мінез ерекшеліктеріне, тәртіп сақтауға, үлкен-кішілер қарым-қатынас ерекшеліктеріне қойылатын талаптар бар. Мінездің әр құрамды бөлігі адам өмір сүретін ортада қалыптасқан салт-дәстүр, әдет-ғұрыпқа сай болуы керек. Дәстүрлі қалыптасқан нормалардың бұзылуы адамдар ортасында басқаша бағаланады және норма шегінен асып немесе одан төмен көрсеткішке ие болған жеке адам мінезінің акцентуациясы анық байқалады.
Балалық шақтан өткен, бірақ ересектікке әлі жетпеген 11-15 жас аралығындағы балалрды психологияда жеткіншек жас кезеңіңдегілер деп атайды. Бұл жас кезеңі «өтпелі кезең», «қиын жас», «проблемалың т.б. көптеген қосымша белгілерге бай. Оның барлығы осы жас кезеңінде жүретін психофизиологиялың процесстермен байланысты. Бұл жас аралығында бала ағзасы дамының бір сатысынан екінші сатысына өтіп, ал әлеуметтік статусы бойынша олар әлі балалық шақта жүрген кезең. Психологияда мұндай құбылыс даму дағдарысы деп аталады.
Жеткіншек жас кезеңінде баланың бойында бұрын қалыптасқан қасиеттерге жаңа сапалар немесе жаңа құрылымдар қосылады. Бұл құрылымдар бұрынғы психологиялың және физиоллогиялық көріністерге жаңа сапа беріп, олардың бір-бірімен бітісуі әлі аяқталмаған кез болғандықтан, көптеген екі жақтылық орын алады. Сондыңтан бала көптеген қиналыстарға ұшырайды: болашақта кім болатынын, өмірде орындайтын әлеуметтік ролін, қарым-қатынас ерекшеліктерін анықтау қажеттілігі туғанынан бала уайым шегіп, өз орнын іздейді.Үлкендер баланы барлық уахытта түсіне бермейді. Қарым-қатынас барысында жеткіншектерді өздеріне бағындыру, үстемдік көрсету, тіл алуды талап ету орын алады да, мұндай көзқарас баланың қырсықтығын туғызып, нәтижесінде үлкендер мен баланың арасында текетірестік орын алуы мүмкін.
Жеткіншектердің дене мүшелерінің дамуында да үлкен үйлеспеушілік орын алады. Мәселен, олардың аяқ-қолдары, бет-мойыны тез ұзарады да, кеудесінің өсуі, бұлшық еттерінің ұзаруы кешеуілдейді. Дене мүшелерінің бір келкі дамымауы салдарынан жеткіншекте «өзін жарым-жан сезінуң деп аталатын комплекс пайда болады. Ол денесін тік ұстауға қиналып, көбінесе бүкшейіп, немесе бір жағына қисайып жүреді.
Жеткіншек жас кезеңінде балалардың эндокриналық жүйесі де өзгеріске ұшырайды. Гипофиздік гармондар жыныс безінің жұмысын әсерлендіріп, күшейтіп, жеткіншекті жыныстық өмірге дайындайды. Ми қабығының жасушалары жыныс гармондарының тітіркендіруіне әсерленгіш. Сондықтан жеткіншектер көп мәселелердің байыбына үңіліп жатпайды, сөзді аяғына дейін тыңдап болмастан, морт кететін қылықтары осының салдарынан туады.
Жеткіншек жас кезеңіндегі мінездің кейбір көрсеткіштерінің шамадан тыс дамып кетуін акцентуация деп атайды. Акцентуацияның байқалу ерекшеліктерін Леонгард жан-жақты зерттеп, оның типологиясын жасаған. Сонымен қатар осы жас кезеңінде мазасыздану да бала өмірінде едауыр орын алады.
Осы жас кезеңінің ерекшеліктерін ата-аналар, мектеп мұғалімдері, сынып жетекшісі, басқа да жеткіншіктің айналасындағылар жақсы түсінетін болса, барынша төзімдік көрсетіп, түсінушілік білдірсе, балалар жас қиындығын оңайырақ көтереді.
Достарыңызбен бөлісу: |