144. Науқаста айқын атаксия, бұлшықет әлсіздігі, үзілмелі сөйлеу, тремор байқалады. Сіздің болжамды диагнозыңыз? A)Миастения
B)Рейно ауруы
C)*Мишық ісігі
D)Мандай бөлігінің ісігі
Е)Самай бөліг
145. 23 жастағы әйел адам бронх демікпесі диагнозымен стационарлық ем алуда. Түскендегі шағымдары; тұншығу, жөтел, ысқырықты тыныс. Анамнезінен: ұстама дәлізде мысықты ұстағаннан кейін пайда болған. Осы аурудың қақырық анализіне тән: А)туберкулез микобактериясы
B)пневмококтар
C)хламидиялар
D)стафилакоктар
Е)*Шарко-Лейден кристалдары, Куршман спиралы
146. 63 жасар ер адам бақшада жұмыс жасаған кезде қолын жарақаттап алды.Травматологиялық пунктке келді.Сол қолының алақандық беткейін қараған кезде,көлемі 5см болатын терең кесілген жара анықталады,топырақпен ластанған,жалпы жағдайы қанағаттанарлық.Жараны біріншілік хирургиялық өңдегеннен кейін,науқасқа қандай екпе жасалуы тиіс? A)Сіреспеге қарсы вакцина
B)*Сіреспеге қарсы сарысу
C)Антирабиялық сарысу
D)Кенелік энцефалитке қарсы иммуноглобулин
E)Ботулинге қарсы сарысу
147. Қарау кезінде науқаста жайылған ісінулер анықталады.Бұл патология қалай аталады А) асцит
В) *анасарка
С) гидроперикардит
D) гидроторакс
Е) пневмоторакс
148. Жедел жүрек жеткіліксіздігі кезінде берілген дәрі дәрмектердің қайсысын қолданады A) антигистаминді
B)*жүрек гликозидтері
C) антибиотиктер
D) дәрумендер
E. гормондар
149. Науқасты оң жақ үлкен жыныс ернінің аймағындағы ауырсыну мазалайды. Жыныс ерні ісінген, күрт ауырсынады, оның үстіндегі терісі қызарған, тығыздану білінеді. Сіздің диагнозыңыз А) Жедел вульвит
В)артолин безінің кистасы
С)Жедел лимфоаденит
Д)*Бартолин безінің абсцесі
Е) Қысылған шап жарығы
150. Вирустарды жоюды қамтамасыз ететін дезинфекциялық заттың қасиеті қалай аталады A) бактерицидтік
B) бактериостатикалық
C) фунгицидтік
D) антиаллергендік
E)*вирулицидтік