Өсу мен даму зат алмасудың нәтижесінде жасушадағы жай заттардан күрделі ағзалық заттар (нәруыздар, майлар, көмірсулар) түзіледі. Цитоплазма, ядро осы заттардан түзіліп, жасуша өседі. Цитоплазма мен ядро өзгеріп дамиды. Ересек жасушалардың жаңа пайда болған жасушалардан көптеген айырмашылықтары бар екені байқалады. Өсу мен даму зат алмасудың нәтижесінде жасушадағы жай заттардан күрделі ағзалық заттар (нәруыздар, майлар, көмірсулар) түзіледі. Цитоплазма, ядро осы заттардан түзіліп, жасуша өседі. Цитоплазма мен ядро өзгеріп дамиды. Ересек жасушалардың жаңа пайда болған жасушалардан көптеген айырмашылықтары бар екені байқалады. Жасушаның қоректенуі Өсімдік жасушасының цитоплазмасында жасыл түсті пластидтер өте көп. Оларда фотосинтез жүжеге асады. Осы процестің əсерінен өсімдік жасушасында түрлі қоректік заттар: нəруыздар, майлар, көмірсулар түзіледі. Өсімдіктерде қорек жасушасының қабықшасы арқылы сіңіріледі. Қоректік заттар қозғалып сабаққа, тамырға, жемісіне жəне т.б. мүшелеріне таралады. Өсімдіктердің тыныс алуы Өсімдіктер тыныс алу кезінде оттегін бойына сіңіріп, көмірқышқыл газын бөліп шығарады. Жапыраққа күн сəулесі түскенде хлоропластар ауадан көмірқышқыл газын сіңіреді. Яғни ауаны көмірқышқыл газынан тазартып, оттекпен байытады. Тыныс алу кезінде бөлінген энергия өсімдік мүшелерінің өсуі мен дамуына жұмсалады. Фотосинтез процесі мен тыныс алу бір-бірімен тығыз байланысты. Жасушаның химиялық құрамы Жасушаның құрамында 80-нен астам химиялық элементтер кездеседі. Олар жасушадағы зат алмасу процестеріне қатысады. Әрбір жасушаның құрамы ағзалық және бейағзалық қосылыстардан тұрады. Ағзалық қосылыстарға: нәруыздар (ақуыз), майлар, көмірсулар және нуклеин қышқылдары жатады. Бейағзалық қосылыстар: су және минералды тұздар. Ағзалық қосылыстар жасуша құрамының 20-30% үлесіне тең. 1. Нәруыздар - көміртегі, сутегі, оттегі, азот, күкірт және т. б. элементтерден тұратын күрделі ағзалық заттар. Нәруыздар 45°-80° С-да ұйиды. Олардың құрамы 20 аминқышқылынан тұрады. 2. Майлар үш элементтен құралған, олар: көміртегі, сутегі, оттегі. Майлар судан жеңіл, суда ерімейді. Май глицерин мен май қышқылынан тұрады. 3. Көмірсулар - майларға ұқсас, көміртегі, сутегі, оттегіден тұрады. Көмірсу деп аталу себебі, сутегі мен оттегінің арақатынасы сумен бірдей. Демек, сутегі атомы оттегі атомынан 2 есе көп деген сөз. Көмірсуларға әр түрлі суда тез еритін тәтті (кристаллы) қанттар жатады. Бұлардың ішінде көбірек таралғандары - глюкоза (жүзім қанты) мен гликоген (жануарлар крахмалы). Гликоген бауыр мен бұлшықеттер жасушаларында кездеседі. Нәруыздар, майлар және көмірсулар - жасуша цитоплазмасының, ядросының және органоидтарының негізгі құрылыс материалдары болып саналады. Нәруыздардың молекулалары жасушадағы химиялық реакцияларды тездетуге қатысады. Нәруыздар мен көмірсулар ыдырағанда энергия бөлінеді. Майлар жасуша жарғақшасының құрамында көп болады, әрі энергия көзінің негізгі қоры болып табылады. НАЗАРЛАРЫНЫЗҒА РАХМЕТ!
Достарыңызбен бөлісу: |