Жатыр түтікшесі жарылуы. Ұрық жатыр түтікшесіне еніп, өскенде, белгілі бір мезетте оның жарылуы болады, содан соң іш қуысына массивті қан кетіп, шокқа алып келеді.
Жатыр түтікшесі жарылуының негізгі белгілері:
Іштің төменгі бөлігінің кенеттен өте қатты ауруы.
Ауру эпигастрийге, тік ішекке берілуі мүмкін.
Жүрек айнуы, құсу.
Салқын тер, бозару, аз уақыт естен тану.
Пульс жиі, әлсіз, ҚҚ төмендейді.
Іштің төменгі бөлігінде перитониалдық белгілердің анықталуы.
Қынаптық зерттеуде: жатыр мойнының қозғалуы бірден ауырсынады, жатыр мойнынан қою қанды бөліністер бөлінеді.
Диагноз қою үшін УДЗ, артқы күмбездің пункциясын, жатыр қуысына диагностикалық қыру жасау керек. Гистеросальпингография, лапароскопия және зәрдегі хорионалдық гонадотропинді анықтаудың маңызы өте зор. Диагноз қоюда анамнез мәліметтері негіз болады: бірінші етеккірдің кеш басталуы, олардың ретсіздігі, ұзақ бедеулік, ішкі жыныс мүшелерінің қабынулары, аборт және босанудың асқынулары өте жиі жатырдан тыс жүктілікке әкеледі.
Емі: Әйелді ауруханаға жатқызу керек. Диагноз дәл қойылған болса, операцияға алу керек – лапароскопия, тубэктомия немесе жүкті жатыр түтікшесінде пластикалық операция жасау.
Аналық бездің апоплексиясы
Апоплексия – аналық бездің жыртылуы. Көбіне етеккір циклінің II кезеңінде кездеседі. Бұл патология аналық бездің бүтіндігінің бұзылуы салдарынан кенеттен іш қуысына қан кетумен сипатталады.Бұл сары дененің гематомасының жарылуы немесе фолликуланың гематомасының жарылуына байланысты.
Себептері:
Овуляция.
Аналық бездің қызаруы (етеккір алдында).
Аналық бездің қабынуы.
Аналық бездің склерозы.
Эндокриндік өзгерістер.
Қанның ұюының бұзылуы.
Жарақат алу.
Жыныстық қатынас кезінде.
Клиникасы: Белгілері жатырдан тыс жүктіліктегідей, бірақ жүктілік белгілері болмайды.
Іштің ауыруы.
Жүрек айну, құсу.
Бас айналу, суық тер.
Дене қызуы қалыпты.
Пальпация жасағанда іштің төменгі бөлігі ауырсынады.
Жатырдың көлемі мен консистенциясы қалыпты.
Қынап бөліндісі ақшыл.
Егер құрсақ қуысына қан көп кетсе келесі белгілер байқалады:
Қынап пен жатыр мойны көкшіл емес.
Әйелдің тері қабаттары мен шырышты қабаттары бозарады.
Тахикардия.
Гипотония.
Құрсақ қуысында перкуссия кезінде перкуторлық дыбыс тұйықталады.
Артқы немесе оң, сол жақ күмбездер шығыңқы болады.
Диагностика – анамнез жинау:
Объективті зерттеу.
ҚҚ, Ps, t өлшеу.
Гемастазиограмма.
Қан мен зәрді ХГ деңгейін анықтау.
УДЗ.
Кульдоцентез.
Лапароскопия.
Достарыңызбен бөлісу: |