Жатырдан тыс жүктілік


Дифференциалды диагностика



бет3/3
Дата06.04.2023
өлшемі22.99 Kb.
#471871
1   2   3
Жатырдан тыс жүктілік

Дифференциалды диагностика жатырдан тыс жүктілікпен, аналық бездің ісігінің жарылуымен, ісіктің аяқшасының бұралуымен, жедел аппендицитпен жүргізу керек.
Емі: Қанның ұюы бұзылған кезде емі консервативті – дицинон 2 мл 12,5% 2 рет б/е немесе көк тамырға 0,025% 1мл андроксон тері астына немесе б/е 10% 10мл кальций хлориді көк тамырға. Анемиялық түрінде емі хирургиялық – аналық бездің резекциясы.


Аналық без ісігінің аяқшасының оралуы.
«Аналық без ісігінің» аяқшасының түсінігіне аналық безге жататын: аналық без шажырақайы, аналық бездің өзіндік байламы, аналық без ілініп тұратын байламдарының анатомиялық түзілімі кіреді. Мұның барлығы аналық без ісігінің анатомиялық аяқшаларын құрайды. Аналық без ісігінің аяқшаларынан қан тамырлары, лимфа және нерв тамырлары өтеді. Оратылудан түзілетін хирургиялық аяқша, ол өзіне басқа да мүшелерді қосуы мүмкін. Керілген жатыр түтігі, май шарбысы, ішек ілмектері, көбінесе аналық без ісігінің аяқшарына жатыр түтігі оралып қалады.
Этиологиясы және патогенезі. Аналық без ісігінің аяқшаларының оралуының себебі көбінесе анық емес. Көп босанған, іш қабырғасы аса керілген әйелдерде аяқшалардың оратылуы тұлғаның айналуының қозғалысы бірден тоқтағанда, физикалық күш түскенде болуы мүмкін.
Клиникасы: аяқшалардың оратылуы ол ең алдымен ісіктің қорегін бұзады. Осының салдарынан оралуға сипатты симптомдар пайда болады. Оратылу жай және тез жүруі мүмкін. Ол толық және бөліктік те болады. Осыған байланысты клиникалық көрінісі әр түрлі болады. Егер оратылу жай басталса, онда қан ағысы бұзылады. Ісікте веналық іркілу болып, көлемі ұлғаяды, қан құйылуы тіпті іш қуысына ісік капсуласының жарылуынан қан кетуі мүмкін. Ісіктің түсі бастапқыда қою емен түсті, кейін қоңыр түсті болады.
Диагностикасы: Оратылудың жедел кезінде қиындықтар туындайды. Мұндай аурулардың анамнезінде киста және ісікке нұсқайды. Ауру ұстама тәрізді бірден басталады, ол белге және аяққа таралады. Жүрек айну, құсу, нәжістің тежелуі болады. Тамыр соғысы жиіленген, кейде шок туындауы мүмкін, температура қалыпты немесе субфебрилді. Іш керілген, пальпация кезінде іштің бетінің қабырғасының бұлшық еттерінің ригидтігі байқалады. Гинекологиялық тексеру жүргізгенде жатыр қосалқыларының аймағында ісік тәрізді түзіліс анықталады, ол тығыз эластикалық консистенциялы, қозғалысы шектелген, бірден ауырсынады. Жатыр және қосалқылары өзгере қоймаған. Ауырсынуына байланысты ісік тәрізді түзілісті анықтау қиын болғандықтан тексеруді пориоз көмегімен жүргізеді. Егер оратылу біртіндеп болатын болса, симптомдар жедел анықталады, ауырсыну ісік орналасқан жақта болады. Симптомдар кейде басылады, кейде қайта басталады.
Дифференциалды диагнозды жатырдан тыс жүктілік пен жедел аппендицитпен жүргізу керек.
Емі: оперативті ем. Ішті ашқан соң оратылған аяқшаларды айландырмай тұрып, эмболиядан болдырмау үшін қысқыштар қойылады. Ісікті алып болған соң, оны тез тіліп қарау керек. Ішкі бетінің тегістігі қатерсіз түзіліс екенін білдіреді. Әртүрлі тығыздалу, жіңішке емізікше, милы құрамды болса, жылдам гистологиялық зерттеулер жүргізу ұсынылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет