Лексика бойынша берілетін білімнің мүмкіндік деңгейлері мынадай:
- лексикалық терминдерді дұрыс қолдану, лексиканың тіл білімі салаларымен байланысын, орнын ажырата алу
- ауыспалы мағыналы сөздерді дұрыс қолданып, олардың өзара қарым-қатынасын тани білу;
-синоним, антоним, омоним сөздердің ерекшеліктерін, өзара байланыстылығын түсіну, сөздерді мағыналық сипаттарына қарай ажыратып, топтай білу;
-синоним сөздердің эмоциялық-экспрессивтік мәнін ажыратып, олардың қолданыстағы орнына қарай синонимдес, антонимдес сыңыраларын да ажырата білу;
- сөздік құрам тармақтарының өсу, толығу жолдарын саралап, тілдің қоғамдық-әлеуметтік сипатын тани білу;
- диалект сөздердің тіл мәдениетіне қатысын тани отырып, әдеби тілдің толысуындағы диалект сөздердің рөлін білу, диалектілердің пайда болу жолдарын түсіне алу;
- көнерген сөздер мен этнолингвистиканың арақатынасын саралай білу, көнерген сөздердің қазіргі кездегі қолдану ерекшелігін дұрыс түсіну;
- термин сөздер арқылы ұғымдарды дәл атап, ғылыми стиль талаптарына сай қолдана алу және терминдер мен кәсіби сөздердің ерекшеліктерін білу;
- сөздік құрам тармақтарының баю, толығу жолдарын саралап, тілдің қоғамдық-әлеуметтік сипатын тани білу;
- неологизм сөздерді дұрыс қолдану және олардың тілдегі орнын түсіну, неологизмдердің жасалу жолдарын білу.
Фонетика бойынша берілетін білімнің мүмкіндік деңгейіне қойылатын талаптар:
- дыбыстардың фонемалық қасиеттерін білу, сөздің лексикалық мағынасы мен дыбыстардың өзара байланысын түсіну;
- фонетикалық терминдерді дұрыс пайдаланып, тілдік категориялардың мәнін ұғу;
- дауысты, дауыссыз дыбыстардың іштей жіктелуін білу, оларды артикуляциясына қарай айыра білу;
- қазақ тілінің халықтық сипатын танытатын тілдегі дыбыстық үйлесім мен үндестіктің (сингармонизм) тіл мәдениетімен байланыстылығын ұғыну және орынды пайдалану;
- қазақ әліпбиінің құрамындағы төл дыбыстар мен орыс тілінен енген дыбыстардың өзара қарым-қатынасын меңгеру;
- ауызекі сөйлеу және жазба тілдеріндегі сөздерді әдеби тіл нормаларына сай қолдана білу, орфоэпиялық, орфографиялық заңдылықтарды түсініп, оның коммуникативтік біліктілікпен байланысын тану.
2.2. Қазақ тілін оқытудың методикасының талдау әдістеріне тоқталсақ, фонетиканы не лексиканы оқытуда олардың бірнеше әдістері қолданылады. Ал талдау әдістері бірнеше түрге жіктеледі:
1.Түсіндірмелі талдаулар
1) лексикалық талдау әдісі
2) фонетикалық талдау әдісі
3) морфологиялық талдау әдісі
4) синтаксистік талдау әдісі
2) Анықтауыштық талдаулар
1. орфографиялық талдау әдісі
2. пунктуациялық талдау әдісі
3. орфоэпиялық талдау әдісі
4. стилистикалық талдау әдісі
Талдау әдістерінің формасы- сабақ түрлері
Талдау әдістері білім меңгеру, лекция, практикалық дағдыны қалыптастыру, практикум, семинар, сынақ сабақтарында қолданылады. Талдау әдістерінің материалы- дидактикалық материалдар. Олар екі топқа жіктеледі:
1) теориялық материалдар: тақырыптың термині, анықтамасы, ережелері, өзіндік ерекшеліктері
2) практикалық материалдар: сөздер, сөйлемдер, мәтіндер (фразалар, нақыл сөздер)
Жалпы талдау түрлеріне тоқталсақ, қазақ тілі бойынша талдау мазмұнына қарай.
а) қазақ тілі бойынша талдау. Оған тіл дыбыстары, дыбыс пен әріп, дауысты мен дауыссыздар: дауысты дыбыстардың еріннің қатысына қарай бөлінуі, тілдің қалпына қарай бөлінуі, үнді, ұяң, қатаң боп дауыссыздар тобы енеді.
ә) үндестік заңы бойынша талдау. Оған буын жігі, екпін, буын үндестігі, дыбыс үндестігі: түбір мен қосымша аралығындағы ықпал, біріккен сөздер сыңарларының аралығындағы ілгерінді ықпал, сөз тіркестері аралығындағы ілгерінді ықпал: түбір мен қосымша аралығындағы кейінді ықпал тақырыптары кіреді.
Қазақ тілі бойынша талдау көлеміне қарай екі түрге бөлінеді:
а) толық және жалпы талдау
ә) жеке түрдегі немесе тақырыптық талдау
Сонымен бірге орындалу тәсіліне қарай ауызша да, жазбаша да жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |