Мектепте қазақ тілі бойынша талдауды жүргізудің жүйесі осындай:
1. Алдымен мәтін не сөйлем алынып, ондағы сөздер буынға бөлінеді;
2. Сөздегі әрбір буында , неше әріп барлығы ажыратылады;
3. Бөлінген буындағы дауыстылардың еріннің қатысына қарай, иектің қызметіне қарай, тілдің қалпына қарай бөлінуін талдай отырып, буын түрлері анықталады;
4. Буындағы дауыссыздардың үнді, ұяң, қатаң түрлері ажыратылады;
5. Дауысты мен дауыссыз дыбыстарды жинақтап талдау жүргізіледі;
6. Буын түрлері анықталады да, екпіннің қайсысы буынға түсіп тұрғандығы қарастырылады;
7. Сөздер буынға бөлініп, буын үндестігіне талданылады;
8. Дыбыс үндестігі, яғни түбір мен қосымша аралығындағы ілгерінді ықпал анықталады;
9. Біріккен сөздер сыңарлары және сөз тіркестері аралығындағы ілгерінді ықпал талданады;
10. Түбір мен қосымша аралығындағы кейінді ықпал дәлелденеді;
11. Біріккен сөз сыңарлары және сөз тіркестері аралығындағы ілгерінді ықпалдар ажыратылады.
Сонымен бірге қазақ тілі бойынша талдау мынадай орындарда қолданылады:
1) жаңа материалды түсіндіру процесінде жұмсалады;
2) материалды бекіту кезінде қолданылады;
3) оқушылардың өздігінен істейтін класс жұмыстарында жұмсалады;
4) үй тапсырмаларын орындауда қолданылады;
5) оқушылар білімін есепке алу жұмыстарында жұмсалады;
6) түрлі дағдыландыру, жаттығу жұмыстарын жүргізу үстінде пайдаланылады;
7) материалды пайдалану кезінде орындалады.
Қазақ тілін оқытуда оқушылардың құштарлығын арттырып, өздігінен жұмыс істеу дағдысын дамытып, оқушыларды қазақ тілі бойынша талдауға белсенді қатыстыратын амал-карточкалы дәптер бойынша жұмыс істеу. Карточкалы дәптер оқушылардың ұқыптылық дағдысын арттырып, баяндамалар жасауына, келешекте ғылыми жұмыспен шұғылдануына жол сілтейді. Ол оқушыларды практикалық жұмысқа дағдыландырады, олардың сөздік қорын молайтып, көру мен есту қабілетін күшейтеді. Карточкада талдап үйрету үшін мұғалім әуелі екі тақтада талдап көрсетеді, карточканың үлгісін сызады, карточкадағыдай схемада талданады.
Карточкадағы «Балық суда жүзеді» сөйлеміндегі балық сөзін буынға бөліп, төмендегі үлгіде талдау жасайды:
-
1- карточка
Дауысты дыбыстар
Балық суда жүзеді.
Ба-лық
А: ез (езілік), аш (ашық), жу (жуан)
Ы: ез (езулік), қы ( қысаң), жу (жуан)
немесе
ез., аш., жу;
ез., қы., жу;
|
Кейін мұғалім оқушыларға карточкалы дәптер арқылы талдау болатынын, қандай тақырыптар қамтылатындығын хабарлап, талдауға кірістіреді:
Жұмысшылардың жалақысы артты.
Мұғалім бір оқушыға бұл сөйлемді дауыстап оқытып, сөйлемде неше сөз бар екендігін анықтайды. Бұл сөйлемдегі сөздерді оқушылар ұжымды түрде буынға бөледі. Себебі, оқушыларды белсенді түрде сабаққа ынтасын арттырып, өз бетінше жұмыс істеуге кірістіру. Содан соң, бұл буындардағы дыбыстар ауызша талданады: жұ буынындағы ұ дыбысы еріннің қатысына қарай еріндік, иектің қызметіне қарай қысаң, тілдің қалпына қарай жуан дауысты дыбыс.
2- карточка
Дауысты дыбыстар
Жұмысшылардың жалақысы артты
Жұ-мыс-шы-лар-дың жа-ла-қы-сы арт-ты.
ЖҰ:
ұ: е. қе ер. (еріннің қатысына қарай еріндік)
ұ: и. қ. қы (иектің қызметіне қарай қысаң)
ұ: т. қ. жу (тілдің қатысына қарай жуан)
|
Бұл берілген талдаулар сөйлем ішінен бір сөзді алып, ол сөздің тек бір буынын сатылай талдап үйретеді. Олар әбден жаттығып, үйренгеннен кейін мұғалім алынған сөйлемдегі сөздердің барлығын буынға бөлдіріп, түгелдей карточкада талдатады:
3-карточка
Дауысты мен дауыссыздар
Дауысты дыбыстар
Оқушылар сыныпты безендірді.
О-қу-шы-лар сы-нып-ты бе-зен- дір-ді.
О-қу-шы-лар
о: ер., аш., жу.
у:ер., қы., жу
ы: ез., қы., жу.
а: ез., аш., жу
ы: ез., қы., жу.
безендірді:
е: ез., аш., жі.
і: ез., қы., жі.
|
Оқушылар дауысты дыбыстарды карточкалы дәптерде машықтандырғаннан кейін дауыссыздар сатылай талданады да, дауыстылар жинақтауға машықтанады.
4-карточка
Дауысты дыбыстар
Оқушылар сыныпты безендірді.
О-қу-шы-лар сы-нып-ты бе-зен- дір-ді.
О-қу-шы-лар
о: ер., аш., жу.; қ: қд (қатаң дауыссыз)
у:ер., қы., жу.; ш: қд (қатаң дауыссыз)
ы: ез., қы., жу.; л,р: (үнді дауыссыз)
сы-нып-ты:
ы: ез., қы., жу.; л,р: (үнді дауыссыз)
т: қд; ы: ез., қы., жу
безендірді:
б: ұд., е: ез., аш., жі
з: ұд; е: ез., аш., жі.
Т: қд; т: қд
І: ез., қы., жі.
|
Карточкалы дәптерде қазақ тілі бойынша талдау өткізудің тағы бір тәсілі- сатылы басқыштар бойынша талдау.
5- карточка
1 басқыш
Колхозды ауыл қауымды келеді.
Еңбек екпіні дауылды келеді.
колхозды:
о, о, ы- дауысты дыбыстар.
к, л, з, д- дауыссыз дыбыстар.
|
6- карточка
2 басқыш
колхозды ауыл:
колхозды бірінші басқыштағыдай талдаймыз.
Ауыл:
А, ы- дауысты дыбыстар.
У, л- дауыссыз дыбыстар.
Бірінші сөзде үш буын бар:
Кол-хоз-ды
Екінші сөз екі буынды:
А-уыл
|
7- карточка
3 басқыш
Колхозды ауыл қауымды
Қауымды:
А,ы,ы- дауысты дыбыстар.
Қ, у, м, д- дауыссыз дыбыстар.
Бұл сөз үш буынды қа-уым-ды
Екпін- ды септік жалғауына түседі.
Мұнда буын үндестігі мен дыбыс үндестігі кездеседі.
Қауым-ды, қауым-ды.
|
8- карточка
3 басқыш
кел-ді
Бұл түбір мен қосымша аралығында ілгерінді ықпал заңы бойынша үндеседі. Түбірдің үнді л дыбысы, қосымшаның басқы дыбысын ұяңға айналдырады.
|
9- карточка
4 басқыш
Колхозды ауыл қауымды келеді.
Еңбек екпіні дауылды келеді.
Колхозды ауыл қауымды...
Келеді:
Е: ез., аш., жі; і: ез., қы., жі.
Қ: қд., л: үд; д: ұд.
Үш буынды ке-ле-ді
Бұлар жинақтала талданады
Кол-хоз-ды:
Қ- қатаң дауыссыз
О: ер., аш., жк.
Л: үнді дауыссыз; х- қатаң дауыссыз.
З- ұяң дауыссыз
Ы: е., қ., ер; и: қ., қы., т. қ. жу
Үш буынды: кол-хоз-ды
Буын үндестігі: колхоз-ды
Дыбыс үндестігі-колхоз-ды
Екпін- ды буынына түседі.
|
Сөйтіп теориялық білімді практикалық жұмыспен ұштастыру осы карточкалы дәптер негізінде үйретіледі.
Сондай-ақ үндестік заңына байланысты да сатылы басқыштар бойынша түсіндірмелі талдау жүргізіледі.
Мысалы: Тұрманбек Аманқарағайдан келді.
10- карточка
2 басқыш
А-ман-қа-ра-ғай-дан:
Аманқарағайдан- екі сөзден біріккен сөз.
Біріккен сөз аралығында үндеседі:
Аман-қарағай
Түбір мен қосымша аралығында үйлеседі:
Аманқараайдан
Жазылуы: Аманқарағайдан
Жазылуы: Амаңқарағайдан
|
Сөйтіп қазақ тілі бойынша талдау түрліше тәсілдермен жүргізіледі. Қазақ тіліндегі келесі әдіс- дайын материалды талдау. Ол жаттығулар бойынша өткізіледі. Дауысты дыбыстарды тұтас өтіп болған соң, өтілгенді бекіту мақсатында жүргізуге болады. Орындалу тәсіліне қарай түсіндірмелі талдау 2-ге бөлінеді:
Достарыңызбен бөлісу: |