5. Денсаулық институты (медицина мекемелері, спорт және туризм).
6. Ақпарат және коммуникация институты (коммуникация мен ақпараттың бұқаралық құралдары). Бұл әлеуметтік институттар арасында тығыз байланыс бар. Мәселен, мемлекет тек саяси билікті ғана жүзеге асырып қоймайды, сонымен қатар экономикалық, рухани және отбасы салаларының қызметтеріне де елеулі ықпал етіп отырады. Қоғам ілгерілеп дамыған сайын әлеуметтік институттар да дамып, жетіліп отырады. Кез келген әлеуметтік институттардың негізгі мазмұндық қызметі әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыру, өйткені олар сол үшін құрылды және сол үшін өмір сүреді. Осы бағытта әлеуметтік институттар қанша болса, олардың соншалықты қызметтерін айтуға болады:
1. Кәсіби іс‑әрекеттің жалпы ережелерін жасау жолымен субъектілердің әлеуметтік қажеттіліктерін қамтамасыз ету.
2. Әлеуметтік функция. Бұл адамдар арасындағы байланыстар мен қатынастарды анықтайды, нығайтады және қайта пайда етеді. Әрбір институт өзінің мүшелерінің мінез-құлқын қалыпқа түсіреді, нығайту үшін құндылықтар жүйесін, мінез-құлық нормалары мен үлгілерін жасайды. Институт шеңберінде оның мүшелерінің қызметін, өзара байланысы мен қарым-қатынасын тәртіпке салып, реттеп отыратын белгілі әлеуметтік бақылау қалыптастырады.
3. Қоғамдық өмірдің тұрақтылығы мен бірқалыптылығын қамтамасыз етеді.
4. Біріктіруші функция. Бұл жалпы ережелерге байланысты әлеуметтік топтар, қауымдастықтардың бірігуі, бір-біріне бағыныштылығы, бір-біріне тәуелділік үдерістерін қамтиды, біріктіреді.
5. Коммуникативті, яғни байланыс функциясы. Бұл өзара әрекет және ақпарат алмасу негізінде жүзеге асады. Институт мүшелерінің байланысының өзіндік ерекшеліктері бар.
6. Трансляциялық функция. Бұл әлеуметтік тәжірибе ретінде көрінеді. Әрбір институттың өздерінің құндылықтары, нормалары мен мінез-құлықтары үлгілерін меңгеру негізінде индивидтерді әлеуметтендіретін белгілі тетіктері бар. Сонымен әлеуметтік ұйымдар мен институтар қоғамда аса маңызды функцияларды атқарып, миллиондаған адамдар өзін-өзі басқаруға белсенді қатысып, өмір мектебінен өткізіп, оларды әлеуметтендіру үдерісінде айрықша рөл атқарады.
Институттар
Әлеуметтік құрылымдар ауқымы мен маңызы жағынан әртүрлі болады. Егер жұманың кешінде покер ойнау мекемесіне бару керек болса оның жарасы жеңіл. Ойыншылар ойынды сенбіге ауыстырса да, төлейтін ақшаны өсірсе де бүл осы топтың мүшелерінен басқа адамдардың өміріне эсер ете қоймайды. Егер еңбек өтілінің көптігіне төлем жасау немесе отбасы мәселелері бойынша демалыс алу саясатын өзгертетін болса, онда бүл фирманың қызметкерлеріне ғана емес, басқаларға да әсерін тигізуі мүмкін, оның үстіне бүл басқа фирмаларға үлгі болуы ықтимал. Дегенмен бір корпорациядағы (немесе әлеуметтік құрылымдағы) өзгеріс тек белгілі бір кәсіп түріне ғана эсер етуі мүмкін. Ал басқа әлеуметтік құрылымдағы өзгерістер біздің өміріміздің түп негізін қалыптастыра алады. Біз бұл құрылымдарды әлеуметтік институттар деп атаймыз. Институт - адамның негізгі қажеттіліктеріне лайық, тұрақты және күрделі әлеуметтік құрылым. Оның басты ерекшелігі - бірнеше буынның өмірін қамтиды, әрі қүндылықтардың, нормалар мен мәртебелердің және рөлдердің күрделі жиынтығын құрайды және адамның негізгі қажеттіліктерін қанағаттандырады. Мәселен, отбасы институтының өзіне тән тұрақты ерекшеліктері - өмірлік серігіңді табу және бала тәрбиелеу. « Ү ғы м да р д ы ң қоры т ы н ды сы : и нст и т ут т ар, рөлдер ж эн е м ә р т вб ел ер » кестесінде денсаулық сақтау саласының мысалында негізгі әлеуметтік үғымдардың өзара қалай байланысатыны дәлелденеді.
Достарыңызбен бөлісу: |