Алматы, 2021 жыл
Молекулярлы биология және генетика негіздері пәнінен силлабусын құрастырған_____________________________ Тұмарбай Жанел Ержанқызы, оқытушы
ЦӘК отырысында қаралды «_____» ______ 2019ж № «_____» хаттама
ЦӘК меңгерушісі: _________Молданова А.К.
Әдістемелік кеңес мәжілісінде бекітілді.
«_____» ______ 2021 ж
Әдістемелік кеңес төрайымы _________ Казиева А.К.
Оқытушылар туралы мәліметтер
№
р/с
|
А.Т.Ж.
|
Қызметі
|
Өткізетін пәндері
|
Электронды поштасы, ұялы телeфоны
|
1.
|
Тұмарбай Жанел Ержанқызы
|
оқытушы
|
Молекулярлы биология және генетика негіздері
|
8 778 930 20 32
orazxanova@gmail.com
|
1.Силлабустың құрылымы:
1.1 Кіріспе
Медициналық биология және генетика білім беру жүйесіндегі негізгі пән болып табылады және ол ақуыздармен нуклеин қышқылдарының құрылысын және қасиеттерін, матрицалық (қалыптық) синтезді, генетикалық материалдардың құрылымын және қызмет етуін, жасушалардың және олардың органеллаларының құрылысы мен қызмет етуінің молекулалық негіздерін, жасушалардың өсу, даму, бөліну және өлу құбылыстарын зерттейді.
Медициналық генетика тұқым қуалайтын аурулардың пайда болу себептерін және дамуын, оларды анықтау, алдын алу және емдеу мәселерін де зерттейді. Медициналық генетиканы оқып-зерттеу жасуша қызметі мен құрылысының молекулалық негізін, гендер экспрессиясының реттелуін, матрицалық синтезді, сигналдардың берілу механизімдерін түсінуге мүмкіндік береді. Мұның өзі қалыпты тіршілік үдерісін ғана емес, олардың бұзылыстарын, гендік және хромосомалық мутациялармен байланысты көптеген тұқым қуалайтын ауруларды анықтауға қажет.
Медициналық жоғары оқу орындарындағы білім берудің интеграциялық ұстанымына сәйкес молекулалық биология пәнін оқып үйрену жасушаның құрылысы мен қызмет етуінің, гендердің экспрессиялануының реттеуінің, матрицалық синтез, сигналдарды өткізу тетіктерін түсінудің молекулалық негіздерінің базасын қалыптастырады. Ал, бұл өз кезегінде, қалыпты тіршілік ету және көптеген аурулардың пайда болу себептері болып табылатын гендік және храмасомалық мутациялардың молекулалық тетіктерін ұғыну үшін қажет. .
Курс аяқталған соң студенттердің білімін емтихан түрінде жүргізіледі.
Курсқа бөлінген сағат саны 45 оның ішінде теория 34 сағат, 5сағат ОСӨЖ, 6 сағат емтихан.
Достарыңызбен бөлісу: |