Жазбаша аударма тєжірибесі


 Newton’s  having  discovered  the  laws  of  mechanics  determined  the  development of science for many years to come



Pdf көрінісі
бет30/53
Дата01.02.2022
өлшемі0.54 Mb.
#455027
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   53
аударма теория

18. Newton’s  having  discovered  the  laws  of  mechanics  determined  the 

development of science for many years to come. 



 

§ 12. Сабақтас құрмалас сөйлемдер 

 

 

Қазақ  және  орыс  тілдерінде  құрмалас  сөйлемдердің  екі  түрі  белгілі: 



салалас  және  сабақтас.  Олардың  екеуі  де  екі  жай  сөйлемнен 

тұратындықтан күрделі болып табылады. Егер сөйлемнің құрамындағы екі 

жай  сөйлемнің  баяндауышы  тиянақсыз  болса,  ол  сөйлем  салалас  деп 

аталады.  Ал  егер  бірінші  жай  сөйлемнің  баяндауышы  тиянақсыз  болса, 

ондай  сөйлем  сабақтас  деп  аталады.  Сабақтас  сөйлем  басты  мағынасын 

сақтап  тұратын  басыңқы  және  басыңқы  сөйлемде  айтылған  мәліметке 

түсіндірме  жасайтын  бағыныңқы  сөйлемнен  құралған.  Ағылшын  тілінде 

де  сабақтас  құрмалас  сөйлемдер  бар  және  олардың  аударма  барысында 

көптеген  ерекшеліктері  кездеседі.  Ағылшын  тілінде  бағыныңқы  сөйлем 

басыңқы  сөйлемге  Who,  what,  which,  that,  where,  when,  as,  because,  if  

шылауларымен және ешбір шылаусыз қосыла алады. Мысалы: The article 

that  you  read  yesterday  contains  very  important  data  –  Сіз  мақаланы  кеше 

оқығаныңыздан, ондағы өзекті мәселелерден хабардарсыз. The man I know 

is  a  well-known  artist  –  Мен  танитын  адам  –  танымал  суретші.  Сабақтас 

құрмалас сөйлемнің синтаксистік анализін келесідей орындау қажет: 

1.  Ең  әуелі  сөйлемді  талдаған  кезде,  сөйлемнің  тұрлаулы  мүшелері  – 

бастауышпен  баяндауышты  тауып  алу  керек.  Баяндауыш  етістіктің 

санына  қарай  табылады,  ал  бастауыш  оған  серік  болып  келеді.  әдетте 

осы тұрлаулы мүшелер сабақтас құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай 

сөйлемдер санын анықтайды. 

2.  жай сөйлемдер қосылып тұрған шылауларды анықтау қажет (ағылшын 

тілінде  жай  сөйлемдер  шылаусыз  да  қосыла  алатындарын  ұмытпау 

керек)  және  бағыныңқы  сөйлемнің  бағыну  түрін  анықтау  керек,  яғни 

анықтауышты, себеп- салдар, мезгіл т.б. түрлерін анықтау керек. 

3.  енді  бағыныңқы  және  басыңқы  сөйлемдердегі  тұрлаусыз  мүшелерді 

тауып,  содан  кейін  сол  сабақтас  құрмалас  сөйлемді  аударуға  кірісу 

қажет. 

Келесідей  сабақтас  құрмалас  сөйлемдердің  синтаксистік  анализдерін 

жасау  қиын  болып  табылады:  1.  Егер  бастауыш  бағыныңқы  сөйлемде 

тұрса,  ал  баяндауыш  басыңқы  сөйлемде  тұрса,  онда  олар  that,  if, 

whether,  who,  what,  which,  how,  where,  when,  why  шылауларымен  

қосылады.  М:  Whether  the  tax  increase  is  the  right  solution  is  something 

some  observes  have  recently  begun  to  doubt  –  Соңғы  кездері  кейбір 

бақылаушылардың  күмәнданатын  жайттары  –  салық  құнын  өсіру 

мәселенің дұрыс шешімі ме жоқ па? 



 

31 


2.  егер  баяндауыш  бағыныңқы  сөйлемде  тұрса,  баяндауыш  келесі 

етістіктерден  тұруы  мүмкін:  to  be,  to  seem,  to  appear  және    That,  if, 

whether,  who,  what,  which,  how,  where,  when,  why  шылауларымен 

сөйлемнің мағынасына енеді. М: This trend in art is not really new. What 

is  new  is  that  it  has  become  the  general  tactics  used  by  the  artists  now  – 

негізінде  өнер  салалсында  бұл  бағыт  –  жаңа  емес.  Жаңасы  бұл 

суретшілер қолданылатын қазіргі заманның жаңа тактикасы.  

3.  Құрамындағы  жай  сөйлемдері  шылаусыз  қосылатын  сабақтас 

құрамдас  сөйлемдер.  М:  The  report  the  teacher’s  delegation  made  on 

returning  home  was  listened  to  with  great  interest  by  members  of  our 

department-Еліне қайтып орылған сәттегі оқытушылық делегациясының 

паш  еткен  баяндамашы  өте  қызықты  болғандықтан,  біздің  бөлімнің 

қызметкерлері оны зор ықыласпен тыңдады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет