Лагерьге арналған өлеңдер топтамасы
Білім –теңіз,мектепті –кеме дейміз,
Ертеңіне елімнің елеңдейміз.
Ата-ана, ұстаздар, қонақтарға,
«Жас өркен» лагерінен сәлем дейміз.
Қасиетін денсаулықтың сезінген,
Қуат алар бойдағы бар төзімнен.
Басқаларға болсын ісің үлгілі,
Шынығуды баста ерінбей өзіңнен.
Күн құрғатпай жаттығуды бастайық,
Кетпесін деп бойдан қуат,жас тайып.
Ауруды жақындатпай жаныңа,
Әлсіздікті бойдан сылып тастайық.
Жүгір,жүгір ширақ болсын қимылың,
Жалқаулықтың бойыңдағы тый мыңын.
Ерте-кеш пе жемісіңді көресің,
Бұл өзіңе сыйлаған мол сыйлығың.
Ұлылардан ұлағат ап жаңаша,
Байқауларға ой қосамыз таласа.
Талабы зор балаларды танытып,
Таныстырған «Жас өркен» ол тамаша.
Біз сенде алаңсыз ойнаймыз,
Би билеп қоймаймыз.
Мереке-мейрамды керемет тойлаймыз,
Сүйікті лагерьді алайда қимаймыз.
Үзілісте барша бала жиылып,
Лагерь жайлы сөз қозғаймыз қызығып.
Балалардың дем алатын орыны,
Лагерь болса қалар едік тынығып.
Онда әрине әрбір күнің шуақты,
Күнде ертемен бой сергітіп тұрақты.
«Ертегі елі», «Көңілді старт», «Би әлемі»,«Қылқалам», «Әнші бұлбұл»
Өзгеше бір әлем кілті сияқты.
Әрбір күннің қызығына қанбайсың,
Жер әлеммен алтын көпір жалғайсың.
Дәрігер,тәлімгер,тәрбиеші,спортшы ағай-апайлармен бірігіп,
Туған жердің табиғатын шарлайсың.
Талай қызық мәліметтер аласың,
Күннен күнге жалын атып жанасың.
Бір үйдегі баладай боп аз күнде,
Көп баламен тіл табысып,өзіңе дос табасың.
Әрбір күні шыңдап өріс,ойыңды,
Асы қандай дәмді әрі тойымды.
Шіркін,лагерь,керемет қой,керемет,
Өсіреді ақылың мен бойыңды.
Баршаңызды бал тілімен баурайтын,
Бала деген бір бақыт қой самғайтын.
Ата- ананың тілегі мен арманын,
Бала емес пе балбұлақты жалғайтын.
Лагерь -менің байтағым,
Күліп ойнап қайтамын.
Ән саламыз,би билеп,
Тақпақтар да айтамын.
Баулып апай -ағамыз,
Құстай қанат қағамыз.
«Жас өркендей»лагерьге
Алғыс айтамыз!
Cайран сап,ойын құрдық бұл лагерьде,
Көңіліміз серпіліп,тыныш бақта.
Дос таптық жаңадан бір қуанышпен,
Күндеріміз өтіпті -ау көзді ашып -жұмғанша.
Тауға шықтық,гүл тердік,доп ойнадық,
Ән айтып,би биледік,жыр арнадық.
Таңғы сейіл,жаттығу жасадық біз,
Көк аспанның аясында сайрандадық,
Алғыс айтам апайлар мен ағайларға,
Анамыздай қамқор болған барлық жанға.
Тағы да алғысымды жаудырамын,
Ті леймін мен мол бақыт барлығына.
Достарыңызбен бөлісу: |