Жазғы демалыс лагерлерінде дене шынықтыру сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру



бет31/36
Дата02.01.2022
өлшемі1.82 Mb.
#452323
түріСабақ
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36
Жазғы демалыс лагерлерінде дене шынықтыру сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру.

Психологиялық жұмыстар


«Топтағы бірлікті нығайту» тренингі.
Мақсаты: Ойынның көмегі арқылы топтағы қарым-қатынасты жақсартып, бірлікті нығайту.
Танысу «Менің атым»

Топ шеңбер бойымен тізіліп отырады. Таныстыру өзі қалаған оқушыдан басталып, сағат тілімен ары қарай жалғасады.

Таныстыру шарты төмендегідей:

Оқушылар сүйікті мульфильмдері мен ертегілерінің кейіпкерлері болып бір-бірімен танысады (ойлануға уақыт беріледі). Және де тренинг аяқталғанша сол есімдерімен бір-бірлерін атаулары қажет. Егер де ұмытып қалған болса, қайтадан сұрап алу керек.


Қыздыру жаттығуы «Геометриялық фигура» ойыны

Белгілі бір уақытта барлық қатысушы топтар бірігіп геометриялық фигура жасаулары керек.

Тіктөртбұрыш – 12 секунд ішінде.

Текше – 10 секунд ішінде.

Үшбұрыш – 8 секунд ішінде.

Ромб – 6 секунд ішінде.

Шеңбер – 3 секунд ішінде.
Негізгі тренинг «Адам.Шатыр.Жер сілкінісі» ойыны

Топ үш-үштен топтасып бөлінеді. Бір адам артық қалуы керек. Егер қатысушы саны жетпесе жүргізуші қоса ойынға қатысуға болады.

Ойынның шарты: жүргізуші «Адамдар ауысамыз!» деген бұйрық берсе, шатыр астындағы адамдар жылдам-жылдам орындарын ауыстырады. Сол кезде артық тұрған адам өзіне паналайтын шатыр тауып алуы керек. Артық қалып қалған оқушы жүргізушінің келесі бұйрығын мұқият тыңдап тұруы қажет. Жүргізуші «Шатырлар ауысамыз!» деген бұйрық бергенде шатырлар ауысып, артық қалған оқушы жылдам біреуге шатыр болуға тырысады. Тағы да артық қалған оқушы жүргізушінің келесі бұйрығын тосады. Келесі бұйрық «Жер сілкінісі» дегенде шатырлар да, адамдар да ауысады. Осы кезде артық қалған адам өзіне орын табуға тырысады. Осылайша бірнеше қайталауға болады.
Қоштасу «Хат жазу» ойыны

Қ ажетті құралдар: ақ парақ, қалам (түрлі-түсті болса жақсы), скочь.

Барлығымыз ақ парақты алып, бір-біріміздің арқамызға жабыстырамыз. Жабыстырып болған соң қолымызға қалам алып,бір-бірімізге тілек жазуды бастаймыз. Бір жазған адамға бірнеше рет жазу рұқсат етілмейді. Хат жазу аяқталған соң жабыстырылған парақты алып, өз орнымызға отырамыз.

Соңында бүгінгі өткен тренинг бойынша оқушылардың алған әсерлері мен сезімдері жайында талдау жасалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет