3-тарау. Білім беру процесіне қатысушылардың функциялары
30. Орта білім беру ұйымының басшысы:
– мектеп түрін (лицей, гимназия, жалпы білім беретін мектеп) ескере отырып, бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес жазғы мектептің қызметін үйлестіреді;
– жазғы мектептің тыныс-тіршілігін және жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қызметкерлердің еңбек функцияларын бөледі;
– оқу процесін ұйымдастыру және санитарлық норма ережелерін сақтау бойынша әкімшілік және педагогикалық құраммен және басқа да қызметкерлермен нұсқаулық жүргізеді;
– жазғы мектептің жұмысын бақылайды.
31. Орта білім беру ұйымы басшысының орынбасары:
– барлық тілек білдірген білім алушылардың ата-аналарынан/заңды өкілдерінен өтініштер қабылдайды;
– оқу жетістіктерін бағалауды талдау және білім алушылардың пәндік білім деңгейін диагностикалау нәтижесі бойынша білім алушылардың сараланған топтарын құрады;
– оқу пәндері бойынша, оның ішінде үлгерімі төмен білім алушыларға білімдеріндегі олқылықтардың орнын толтыру үшін құрылған топтарды немесе сыныптарды ескере отырып, сабақ кестесін жасайды;
– педагогтердің әдістемелік бірлестіктерінде пәндер бойынша ең күрделі тақырыптарды таңдау мен санын талқылауды ұйымдастырады;
– педагогтер, психологтар, оның ішінде волонтер студенттер үшін консультациялар ұйымдастырады;
– бекітілген жұмыс жоспары мен сабақ кестесіне сәйкес педагогтердің қызметін ұйымдастырады;
– білім алушылардың оқу жетістіктеріне мониторинг жүргізеді және педагогтердің жұмысына ағымдағы бақылауды жүзеге асырады;
- білім беру ұйымының педагогикалық кеңесінде қарау үшін жазғы мектеп жұмысының нәтижелері бойынша салыстырмалы талдамалық анықтама дайындайды.
32. Педагогтер:
– жыл бойы оқу жетістіктерінің нәтижелеріне талдау жүргізеді, білім алушылардың пәндік білім деңгейіне диагностика жүргізеді және қорытындысы бойынша білім алушылардың сараланған топтарын/ сыныптарын қалыптастырады;
– білім алушылардың және олардың ата-аналарының/заңды өкілдерінің назарына баланың оқу жетістіктерінің деңгейі туралы ақпаратты және білімдегі олқылықтарды жою бойынша жазғы мектептің жұмыс жоспарын жеткізеді;
– білімдегі олқылықтарды ескере отырып, оқу процесін бекітілген кестеге сәйкес жүзеге асырады;
– құпиялылық режимінен шыққан PISA оқу тапсырмаларын және оқытудың тиімді әдістері мен тәсілдерін (оқу материалын бекіту үшін) пайдалана отырып, бекітілген жоспар мен кестені ескеріп, оқу процесін іске асырады;
– жазғы мектепте сабаққа қатысу есебін өз бетінше жүргізеді;
– білім алушылар үшін жеке консультациялар өткізеді;
– білім алушылардың оқу жетістіктері бойынша өз пәні бойынша жазғы мектепті аяқтау қорытындылары бойынша салыстырмалы талдау жүргізеді, ол келесі оқу жылында оқу процесін құру үшін негіз болады.
33. Мектеп психологтері
– білім алушыларды психологиялық қолдауды қамтамасыз етеді;
– білім алушылар мен олардың ата-аналары/заңды өкілдері үшін консультациялар өткізеді;
– психологиялық тренингтер өткізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |