Қазақстан Республикасы IV бапқа сәйкес 2009 жылғы консультациялар хвқ миссиясының алдын ала қорытындылары 2009 жылғы 15 мамыр



Дата03.07.2016
өлшемі80.78 Kb.


Қазақстан Республикасы - IV бапқа сәйкес 2009 жылғы консультациялар
ХВҚ миссиясының алдын ала қорытындылары
2009 жылғы 15 мамыр
Халықаралық Валюта қорының (ХВҚ) миссиясы Келісімнің IV бабына сәйкес 2009 жылы консультациялар өткізу мақсатында 2009 жылғы 5-15 мамыр аралығындағы кезеңде Қазақстанға келді. Миссия экономикадағы және қаржы секторындағы ахуалдың дамуын талдады және үкіметпен дағдарыс жағдайында өткізілетін экономикалық саясат мәселелерін талқылады.


  1. Ауқымды рецессия және Қазақстанның банк секторында сақталып отырған қиындықтар елдің экономикасына теріс әсерін тигізеді. Экономикалық белсенділіктің төмендеуі жалғасуда және қазіргі уақытта біз ағымдағы жылы экономиканың құлдырауы 2 пайыз болады деп күтудеміз, ал 2010 жылы қалыпты өсу қалпына келеді. Біз бұл болжамның өсу жағына, сол сияқты төмендеу жағына өзгеру тәуекелдері бар деп пайымдаймыз. Мұнайдың барынша жоғары бағасы әсіресе 2010 жылы барынша жоғары өсу қарқынына әкелуі мүмкін, осы уақытта банк секторындағы проблемаларды шешу бойынша батыл шаралардың болмауы немесе созылып кеткен ауқымды рецессия барынша терең және ұзақ құлдырауға әкелуі мүмкін. Алайда, қазіргі уақыттағы бар проблемаларға қарамастан орташа мерзімді перспективалар кейінгі он жылдың ішінде күтулі мұнай өндірудің едәуір ұлғаюын ескере отырып қолайлы болып қалып отыр.

  2. Бұл жағдайларда экономикалық саясат дағдарыстың салдарларын жеңіп шығуы және экономикалық өсуді қалпына келтірудің негізін салуы тиіс. Біз үкіметтің дағдарысқа қарсы бағдарламасының жалпы бағытын қолдаймыз және бірқатар басты салаларда осы жоспарды іске асыра отырып, алға тез қозғалудың болып жатқандығын атап өтеміз. Сонымен қатар, біз банк секторында сақталып отырған проблемаларды барынша нақты және кешенді шешу, осыған байланысты бұл жүйеге сенімді қалпына келтіру үшін болашақта берік қаржы секторының негізін салу және инвестициялық ахуалды жақсартуға ықпал ету қажет деп пайымдаймыз. Біздің көзқарасымыз төменде баяндалады.

  3. Банк секторын нығайту үшін кешенді стратегия қажет. Ірі банктердің қаражатты резервке алу (провизияларды қалыптастыру) деңгейін арттыру бойынша соңғы қабылдаған шаралары құптарлық, себебі бұл осы мекемелердің қаржылық жағдайы туралы барынша анық көріністі қамтамасыз етеді. Алайда экономиканың өсу қарқынының қысқаруы жағдайында активтер сапасының одан әрі нашарлауы болмай қоймайды және біз шетелдік активтер/міндеттемелер бойынша баланстан тыс операцияларды және позицияны қоса алғанда, ірі банктерге қатысты толық диагностикалық бағалау жүргізу қажет деп пайымдаймыз. Мақсатты аудиторлық тексерулер барысы белсенді жүріп жатқан БТА банкке және Альянс-банкке қатысты бағалау нәтижелерін бизнес-жоспарларды әзірлеу кезіндегі олардың ауқымдарын және қайта құрылымдау мен қайта капиталдандыру бойынша тиісті шараларды айқындау үшін пайдалану қажет, олар осы банктерге болашақта экономикалық циклдердің өзгермелі жағдайларға тұрақтылығын қамтамасыз етер еді. Бұл кредиторлармен тығыз өзара іс-әрекетті және ынтымақтастықты талап етеді, оларға деген қатынас қолданыстағы заңнамаға, халықаралық нормаларға және оңтайлы практикаға сәйкес қарама-қайшы емес және әділ болуы тиіс. Сондай-ақ ресми органдар кредиторлармен келіссөздердің нәтижелері үкіметке проблемасы бар банктермен мәселелерді реттеу жөніндегі заңнамаға сәйкес өз өкілеттіктерін қалай жүзеге асыруы тиіс деген талаптар қоюды болдырмауға тырысуы тиіс. Проблемасы бар банктер туралы мәселені тез арада реттеу қажет, себебі осы банктердің болашағына қатысты белгісіздіктің сақталуы кезінде олардың қызметінің негізгі түрлеріндегі жағдай тез нашарлайды. Басқа ірі банктерге келетін болсақ, олардың баланстарын жан-жақты тәуелсіз бағалау олардың қаржылық жағдайы туралы және одан әрі шаралар қабылдау қажеттігі туралы үкіметке барынша нақты мәлімет берген болар еді. Осы жұмыс барысында қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін үкімет тарапынан қосымша қолдау талап етілуі мүмкін, алайда оны жоспарлау кезінде мемлекеттік шығыстарды барынша шектеу қажет.

  4. Банк секторын тиімді қайта құрылымдауды қамтамасыз ету үшін ресми органдарда құралдардың толық жиынтығы болуы маңызды. Осыған байланысты біз төмендегілерді атап көрсетеміз.

  • Банк заңнамасына ұсынылған түзетулер Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (ҚҚА) проблемасы бар банктермен жұмыс жөніндегі мүмкіндіктерінің ауқымын кеңейтеді; алайда тұтастай алғанда проблемасы бар банктермен мәселелерді реттеу жүйесінің бірізділігі мен тиімділігін бұдан әрі жетілдіруге де болады.

  • Активтерді тұрақтандыру қоры үшін көзделген рөлді нақтылау қажет.

  • Депозиттерге кепілдік беру қорының (ДКҚ) қажет болғанда жедел және тиімді іс-қимыл жасауға қабілетті болуы аса маңызды. Бұл үшін ДКҚ туралы заңда көзделген оның ҚҰБ-дан кредиттік желіні алу шарттарын, сондай-ақ басқа рәсімдерді нақты тұжырымдау талап етіледі.

  1. Болашақта ең алдымен ішкі қаржыландыруға, оның ішінде шетел валютасында сыртқы қарыз алуға емес, теңгедегі депозиттерге сүйенетін тұрақты банк жүйесін дамыту мақсатын алға қою қажет. Оған біраз уақыт қажет, өйткені халықтың банктерге деген сенімін қалпына келтіру және халықты депозиттердің қаражатты сақтаудың тартымды тәсілі екендігіне сендіру қажет. Үкіметтің қаржы секторының жұмысына араласуын, оның ішінде жеке секторға меншігін қайтару арқылы сақтықпен қысқарту қажет болады.

  2. Бұл үдерісті қолдау үшін қаржы секторында реттеу мен қадағалауды нығайту, сондай-ақ банктердегі корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру аса маңызды.

  • ҚҚА-не заңдық өкілеттіктер, тәуелсіздік және өз мандатын орындау үшін ресурстар, сондай-ақ банктің қаржы жағдайының нашарлауы анықталған жағдайда дереу және батыл шаралар қабылдау қабілеттілігі мен әзірлігі қажет. Ол үшін: (i) қашықтықтан қадағалауды жүзеге асыру әлуетін, оның ішінде анағұрлым мұқият стресс-тестілеудің көмегімен дамыту; (ii) жергілікті орындарда инспекциялық тексерулердің кезектілігі мен тереңдігін арттыру. Оған қоса, ҚҚА және оның қадағалауды жүргізетін қызметкерлерінің заң тұрғысынан қорғалуын қамтамасыз ету қажет.

  • ҚҚА қабылдайтын банктер капиталының жеткіліктілігіне қойылатын талаптарды арттыру, валюталық көтерме нарықтарда қаражат алу жөніндегі банктердің мүмкіндігін шектеу және шетел валютасында кредиттерді беру үшін теріс ынталандыру жасау арқылы жүйені нығайту жөніндегі шараларды құптауға болады, бұл валюталық хеджирлеудің тиімді құралдары жоқ заемшылар үшін провизиялар құру жөніндегі талаптарды белгілеу арқылы жүзеге асырылады. Алайда, осы шараларды енгізу мерзімдерінің жақын болашақта банктерге қосымша шамадан тыс қысым жасамауы маңызды. Тиісті жағдайлар туындаған кезде ҚҚА-ның көптеген басқа елдердің банк жүйелерінде қабылданғандай, хеджирлеу құралдары жоқ заемшыларды шетел валютасында кредиттеу бойынша барынша қатаң шектеулерді енгізу туралы және байланысты тараптардың баланстан тыс міндеттемелері мен кепілдіктеріне қатысты барынша нақты шектеулер туралы мәселені қараған жөн.

  • Кәсіпорын басшыларының фидуциарлық жауапкершілігін нығайту жөніндегі шараларын құптауға болады. Банктің меншік иелерінің құрамы туралы толық ақпаратты беру банк лицензиясын алу және ұзарту үшін талап болуы тиіс. Бұл байланысты тараптарды кредиттеу жөніндегі шектеулерді іс жүзінде барынша тиімді пайдалану үшін негіз болады.

  • Бірте-бірте заемшылар үшін қаржыландырудың балама көздерінің болуын қамтамасыз ету үшін капиталдың ішкі нарығын дамыту қажет болады. Теңгемен ұзақ мерзімді қаржыландыруды алудың шектеулі мүмкіндігі банктердің ұлттық валютада анағұрлым ұзақ мерзімді несиелерді беруі үшін кедергі болып табылады.

  • Соңғы кезде қабылданған зейнетақы қорларына қатысты реттеу мен қадағалау жөніндегі қадамдарды құптауға болады. Соған қарамастан мемлекеттік кепілдіктердің (сондай-ақ шартты шығындардың) зейнетақы саласына ықпалын толық бағалауды жүргізу қажет.

  1. Ақпанда жүргізілген теңгенің құнсыздануынан кейін инфляцияны табысты түрде тежеуге мүмкіндік болып отыр және біз қазіргі уақытта жүргізіліп отырған ақша-кредит саясатының бағытын орынды деп санаймыз. Біз, сұраныс төмен болған жағдайда, инфляцияны жыл аяғында 9 пайыз деңгейінде тұрады, ал одан кейін 2010 жылдың ішінде біртіндеп төмендейтінін күтеміз. Инфляцияның төмендеу үрдісі байқалған кезде экономикалық саясатты одан әрі біршама ырықтандыруға мүмкіндік пайда болуы ықтимал; алайда ішкі депозиттерді ұстап тұру және банктердің тұрақты қаржыландыру базасына көшуіне жәрдем беру үшін нақты пайыздық ставкаларды оң деңгейде сақтау маңызды.

  2. Біз айырбастау бағамы саясаты саласында бұрынғыша, қаржы секторындағы проблемалар шешілгенге дейін АҚШ долларына байланыстыруды орынды деп санаймыз. Ағымдағы жылдың басындағы төменгі деңгеймен салыстырғанда мұнай бағасының артуын, әсіресе энергетикада шетелдік тікелей инвестициялардың жоғары деңгейде сақталуын, сондай-ақ екіжақты негізде жаңа қаржыландырудың пайда болуын ескере отырып, алдағы кезеңде валюта нарығындағы қаражат ағыны банк секторына сенім бұдан әрі төмендемеген жағдайда, теңгерімді болуы тиіс. Бұл – Ұлттық Банктің теңге бағамының жарияланған ауқымын T/$150 базалық бағамның +/- 3 пайызы шегінде сақтауға мүмкіндік беруі тиіс.

  3. Біз, орташа мерзімді болашақта айырбастау бағамының неғұрлым икемді түріне көшу басымдығы болады деп болжаймыз. Долларға байланыстыру қажетті тұрақтылықты қамтамасыз етеді, алайда іскерлік белсенділіктің ішкі тізбегі АҚШ-тағы тізбекпен ілеспе түрге айналдырылмаса, оның кемшіліктері де болады. Барынша икемді бағам ақша-кредит саясатының тиімділігін арттырып, хеджирленбеген валюталық тәуекелдердің өсуін тоқтатар еді. Ол сондай-ақ биржалық тауарлар бағасының ауытқуына экономиканың жауап қатуына мүмкіндік туғызар еді, алайда бұл салада түзетудің негізгі ауыртпалығын бюджеттік саясат өзіне қабылдауы тиіс. Айырбастау бағамының режимін өзгертуге дайындау үшін пруденциалдық нормативтерді қайта қараумен қатар баланстарды нығайту бойынша шаралар қабылдануы қажет. Сондықтан, біз соңғы уақытта пайда болған шетел валютасындағы ипотекалық кредиттерді және шағын және орта кәсіпорындарға берілетін теңгедегі кредиттерді қайта қаржыландыруды жеңілдету жөніндегі бастамаларды құптаймыз. Өтпелі кезеңде күтілетін жағдайларды басқару және валюта нарығындағы іркілістерді болдырмау үшін сондай-ақ айқын ақпараттық стратегия қажет.

  4. Бюджеттік саясат экономикаға айтарлықтай қолдау көрсетеді. Мемлекеттік борыштың төмен деңгейі және қаржыландыруға жылдам қол жеткізу мүмкіндігі үкіметтің автоматты фискалдық тұрақтандырушыларға негізді ықпал етуіне және шығыстарды сақтауына мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ағымдағы жылы дағдарысқа қарсы жоспар және бюджет шеңберінде берілетін қаражаттың ауқымын есепке ала отырып, қазіргі уақытта осы шығыстарды тиімді іске асыруды нысанаға алған жөн. Бұл ретте дағдарысқа қарсы жоспарды іске асырудың барысы туралы есептерді бұдан әрі де тұрақты ұсыну және «Самұрық-Қазына» қорының қаржылық есептерін уақтылы жария ету қажет.

  5. Егер құлдырау қазіргі уақытта күткендегіге қарағанда неғұрлым ұзаққа созылса, экономикаға бюджеттік саясаттың қолдау көрсетуі үшін 2010 жылы да мүмкіндіктер туады деп болжаймыз. Біздің пікірімізше, кез келген қосымша шығыстар әлеуметтік қорғау жүйесін нығайтуды және инфрақұрылым, денсаулық сақтау және білім беру сияқты дамудың басым салаларына арналған шығыстарға қолдау көрсетуді нысанаға алуы тиіс. Алайда, қазіргі уақытта болып отырған құлдырау әлсірегеннен кейін мұнайға жатпайтын сектордың бюджет дефицитін азайтуға бағытталған орнықты үрдісті және мұнай қорындағы қаржылық ресурстардың жинақталуын жаңартуды қамтамасыз ету маңызды болады.

  6. Үкімет өзінің басым міндеттерінің бірі ретінде жұмыссыздықтың өсуін тежеу екенін жариялады. Осыған байланысты біз жұмыс орындарын құру бойынша күш-жігер жұмсауға қолдау көрсету мақсатында кәсіпорындарға, әсіресе шағын және орта кәсіпорындарға әкімшілік жүктемені төмендету ниетін құптаймыз. Әлеуметтік қорғау жүйесін нығайтумен қатар қайта даярлау бағдарламасын кеңейту бойынша бастама, сондай-ақ жұмыстан шығарылған қызметкерлердің бейімделу проблемаларын жұмсартуға себепші болады.

  7. Қорытынды ретінде біз мынадай басқа да екі мәселеге көңіл аударғымыз келеді. Біріншіден, үкімет жариялаған Өндіруші өнеркәсіптің айқындылығын қамтамасыз ету жөніндегі бастама (EITI) шеңберінде валидация үрдісінің барлық көрсеткіштерін орындау және келесі үш жылдың ішінде осы бастамаға қазақстандық мұнай компанияларының қатысуын кеңейту ниетін қолдаған жөн. Екіншіден, АЖК/ЛҚБ заңы жобасының соңғы нұсқасын Парламент әлі бекіткен жоқ. Біз оның неғұрлым тезірек қабылдануын табанды түрде ұсынамыз.


Каталог: cont
cont -> Мазмұны мамандық бойынша түсу емтиханының мақсаттары мен міндеттері
cont -> Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты «Сот кабинеті»
cont -> Қазақстан Республикасының резидент емес заңды тұлғалары (филиалдар мен өкілдіктер) үшін Банкке ақпарат берудің қажеттігі және бсн алу бойынша жадынама
cont -> Акционерлік қоғамның акционерлерінің құқықтары туралы
cont -> Сұрақ: Акционерлік қоғам қызметіне қатысты ақпаратты қалай алуға болады? Қоғам акционер үшін қандай құжаттар тізбесін және қандай ақпаратты бере алады? Жауап
cont -> «Қазпочта» АҚ АҚпараттық саясаты бекітілді
cont -> Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми әдістемелік кеңесінің 2012 ж мәжілісінің
cont -> Справка тоо «Қазақ энциклопедиясы» включен в Перечень объектов организаций республиканской собственности, подлежащих приватизации
cont -> Конкурс красоты «Миссис Стройкомплекс 2014»


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет