Жұбаева О. ҚАзақ тілінің когнитивті грамматикасы



бет28/85
Дата23.06.2022
өлшемі1.82 Mb.
#459438
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   85
Жұбаева монография

- Немене, күн ұзын бипазданып болмағаның? – деп шайын ұрттай бастады (Ж.Аймауытұлы, Шығ.).
Райдың басқа түрлерінен айырмашылығы тікелей ашық рай жасайтын арнайы қосымшалар жоқ. А.Ысқақов ашық рай мен неғайбыл райларды өзара қарсы қоя отырып, неғайбыл райлардың өзіндік ерекшелігін былайша сипаттайды: «Неғайбыл (ирреальді, қосалқы) райлардың білдіретін негізгі мағыналары әмір, бұйрық, тілек, өтініш, жалыныш, шарт, қажеттілік тиістілік, ләзімдік, мүмкіндік, күмәнділік... сияқты амал-әрекеттермен байланысты болады да, тек келешекке ғана мегзейді. Неғайбыл райлардың бәрі де модальдік реңк білдіру жағынан бір дәрежеде, бір сатыда, бірқатарда тұрады деуге болады. Өйткені, формалары мен мағыналары қаншалықты басқа-басқа болғандарымен, олардың бәрі де амалдың реальсіз екенін білдіреді. Екінші сөзбен айтқанда, амалдың айқын емес екенін білдіретін негативтік сипат – неғайбыл райлардың бәріне де тән жалпы қасиет. Бірақ солай бола тұра, бұлардың формалары басқа-басқа болуларына орай, модальдік реңктері де бөлек-бөлек болып сараланып, әрқайсысы тек өзіне ғана тән, өзгелерде жоқ, жалқы қасиет-сипатқа ие бола кетеді» [78, 316-б.]. Ғалым неғайбыл райларға шартты рай, қалау рай, бұйрық райды жатқызады.
Концептуалды мазмұнды білдіруде шартты рай (формы сослагательного наклонения) тұлғаларының орны ерекше. Шартты рай тұлғасы морфологиялық жолмен берілетін рай концептін активтендіре отырып, оның мазмұнындағы ақиқат шындықпен сәйкес келмеу сипатын актуалдандырады. Ол жалпы сипат алып, ықтималдық реңк үстейді, сөйлем мазмұнының ақиқат шындыққа қатысын білдіре алмайды. Шартты рай қимыл, іс-әрекеттің болу-болмау, орындалу мүмкіндігін, шартын білдіріп, етістік түбіріне, лексика-грамматикалық категориялар тұлғаларына -са/-се қосымшасы жалғану арқылы жасалады. Шартты райлы етістік 3-жақта ықшамдалған тұлғада (жедел өткен жақ тұлғасы сияқты) жіктеледі, сөйлемде негізінен алғанда тиянақсыз тұлға болып қолданылады, сондықтан көбіне-көп шартты бағыныңқылы сөйлемнің баяндауышы қызметінде жұмсалады [34, 197-б.].
Қ.Кемеңгерұлы шартты рай тұлғалы етістіктің мәндерін былайша көрсетеді:


Шартты райдың мағыналық реңктері






Формы

Означает или выражает

Примеры




а) условие

Келсең беремін – если придешь, я дам

Условное наклонение + будущ. время

б) возможность или вероятность (при повторении одного и того же глагола)

Айтсам айтармын – может быть, я передам, скажу

Условное наклонение + пов. накл. 2-го лица

в) изъявление согласия (после долгого колебания)

Оқысаң оқы – если желаешь почитать, то пожалуй, почитай

Условное наклонение + предмет действия-настояще-буд.

г) принадлежность действия

Ойнасам мен ойнаймын – если придется играть, то я (не другой кто) поиграю

Условное наклонение +причастие наст.будущего времени +предмет действия

д) см. пункт г)




Условное наклонение + сослаг. накл.

е) предположние

Сұрасам алар едім – если бы я спросил, то получил бы

Условное наклонение

ж) просто предшествующее по времени обстоятельство

Келсем ешкім жоқ – я пришел, – никого нет

Условное наклонение +екен

з) условие, на основании которого должно следовать действие

Ақша болса екен сұрар едің – если бы были деньги, ты попросил бы

Условное наклонение +еді, едің

и) намерение, желание, мнение

Сен сұрасаң еді – ты бы сам попросил

Условное наклонение +шы 1-го лица

к) сожаление и раскаяние

Алсамшы – зачем я не взял

Шартты рай сөйлем-сөйлесім мағынасын нақтылау арқылы синтаксистік, мәнмәтін сияқты қосымша факторлардың көмегімен жүзеге асады. Әсіресе синтаксистік фактордың орны ерекше. Мұнда шартты рай тұлғалы сөйлемдер, құрмалас сөйлемдердің бағыныңқы мүшелерінде бастауыш, толықтауыштар қолданылады. Мысалы: Е, қаруы бар жігіттер жазылсын, дені сау болса, баламызға жазыл деп айтар едік, басының сақинасы бар (Ж.Аймауытұлы, Шығ.). Артымызда дәулетіміз қалып бара жатқан жоқ, бәрібір, бір-ақ өлім. Қолға қару алсақ, елді де қорғаймыз, мынау отырған жуандардан теңдік те аламыз. Бізге атты кім бе еді? Жолдас соны айтыңыз! (Ж.Аймауытұлы, Шығ.).


Сабақтас құрмалас сөйлемдердің бағыныңқы сыңары шартты білдіру үшін жұмсалып, сөйлемнің ақиқат шындыққа сәйкес келмейтінін білдіреді: Шүйінші берсең, бәт құндыз бастатқан тоғыз, – деген соң таласып отырған үшеуі біріне-бірі ернін шығарды (Ж.Аймауытұлы, Шығ.). Түсінікті. Ар жағын айтпай-ақ қой... Фабрикада не болып, не қойып жатқанынан хабардар болсаң, анау не қылған қыз, айтшы? («Дама в шоколаде»). Бұл мағыналар морфологиялық жолмен берілетін рай концептімен бірге актив қолданысқа түсетін модальділік негізгі концептінің мазмұнында қосымша сипаттардың пайда болуымен байланысты болады.
Шартты рай тұлғалары сөйлем-сөйленімнің шындыққа сәйкес келмейтінін білдіріп, морфологиялық жолмен берілетін рай концептінің мәні мен модальділік негізгі концепті тоғысуы нәтижесінде іс-әрекеттің орындалуының шарты, ирреалдылық мән түзіледі. Сол арқылы концептуалды мазмұн қалыптасып, грамматикалық мән түзіледі. Шартты рай тұлғалы етістіктер бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы ретінде қолданылады. Мысалы: Ояна келсе, баяғы жаман Қартқожа, баяғы жапырайған жаман тымағы, бастама тәсілі, бір жамбасына қисайған жаман кебісі, лаңке шапаны, мойнындағы кішкене қалтаға салған тері сасыған «Ісім ағзам» дұғасы. Қартқожа дамыл көрмейді, тағы ойлады, тағы да жақсы-жақсы түстер көреді. Оянса – жоқ (Ж.Аймауытұлы, Шығ.).
Е, бастаңдар!.. Қазақ тілінде шартты рай тұлғасындағы етістік әр уақытта шарттылық мәнде қолданыла бермейді: «Отырсаң, отыр. Әкеңді танытайын» деген немеше шешесімен екеуі отырған жерде: – Құдаларыңыз сәлем айтты. Күйеу балаңыздың ішкені ас болатын емес. Не қылса да, ел жайлаудан қайтпай тұрып мені бірдеңе қысын дейді. Ендігісін өздеріңіз білесіз, мен мойнымнан түсірдім, – деп, тосыннан тосын қойып қалды (Ж.Аймауытұлы, Шығ.).

  • Күнікейге мен де осындай бір кебіс тіккізіп берейінші, – деді.



  • Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет