Жұбаева О. ҚАзақ тілінің когнитивті грамматикасы


Сөйлеуші және басқалармен сәйкес келуі



бет46/85
Дата23.06.2022
өлшемі1.82 Mb.
#459438
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   85
Жұбаева монография

Сөйлеуші және басқалармен сәйкес келуі: Қанша қиналсақ та, ештеңе деп шағымданбаушы едік. Шағымданғанда қайда барасың? (Ж.Аймауытұлы, Шығ.).
Жекеше ІІ жақ тұлғасы көпше І жақ ретінде қолданылғанда, форманың «адресат» инвариант белгісі мен «сөйлеуші жәні басқалар» контекст семасының негізінде пайда болып, стилистикалық реңкке ие болады.
Бірнеше адресатпен сәйкес келуі: Тағы бір жаманы – қауға жыртық, астауға жеткенше, бір-ақ тостағандай су қалды. «Өңкей тоғышар, қауғасының жыртығын да бүтіндемейді, қайтерсің?» деп кейіп те қояды (Ж.Аймауытұлы, Шығ.). Байға қыдыр дарыды‚ суға кетiп бара жатсаң‚ Iлияс пайғамбар қолдайды‚ баланы Баба түктi шәштi әзiз бередi‚ сиырды Зәңгi ата бағады‚ қойды Шопан ата сақтайды (Ж.Аймауытұлы, Шығ.).
Сөйлеуге қатыспайтын жақпен (жақтармен) сәйкес келуі: Анығында әлеуметшілдік, камүншілдік тұрмыс алдымызда деп отырмыз. Арманға жету үшін, қиялға сүңгімей болмайды. Қиялға сүңгімей нағыз өмірді жазған болмайсың (Ж.Аймауытұлы, Шығ.). Жас шыбықты екi басын иiп ұстап‚ қоя берсең‚ жазылып кетедi ғой‚ сол сияқты асыл темiрдi қошқардың мүйiзiндей ғып‚ шиыршықтап қойған. Шиыршығы жазылғанша‚ кеңейгенше серiппе «сiресе бередi де‚ дөңгелектердi қозғайды‚ содан барып тiлi айналады» деген сияқты түрде (Ж.Аймауытұлы, Шығ.).
Жекеше 2-жақ формасының 3-жақ форма ретінде қолданылуы – шығарма кейіпкерінің жалпыланған, типтік бейнесін көрсету үшін қолданылатын стилистикалық тәсілдердің бірі. Типтендіру стилистикалық тәсіліне форманың «адресат» инвариант семантикалық белгісі мен «сөйлеуге қатыспайтын жақ» контекст семасы әсер еткен. «Адресат» формасының семасы мәтіннің экспрессивтілігін күшейтіп, оны тыңдаушыға (оқырманға) да қатысты етеді.
Сонымен, жекеше 2-жақ тұлғасы жақ грамматикалық категориясы шеңберінде, яғни парадигмалық деңгейде мынадай морфосемалардан құралған семантикалық құрылымға ие болады: іс-әрекет иесі, бірегейлік, сөйлеу әрекетіне қатысу, нақты адресат. Синтагмалық деңгейде бұл морфосемалармен жақтау құралдары бірлесе әрекет етеді. Дерексіз денотативті жағдаят көмегімен жалпыланған жақты субъект көрінеді. Контекст құралдары арқылы форманың «адресат» негізгі белгісі бейтараптанып, түрлі модальді-экспрессивті, стилистикалық реңктерге ие ауыспалы мәндер пайда болады. Осындай ауыспалы мәндердің қатарында: сөйлеушімен сәйкес келуі, сөйлеуші және басқалармен сәйкес келуі, адресатпен сәйкес келуі, сөйлеу әрекетіне қатыспайтын жақпен (жақтармен) сәйкес келуі атауға болады. «Жақ» морфосемасының жойылуы нәтижесінде мағына персонификация стилистикалық реңкіне ие жақсыз субъектіге сәйкес келеді:
Еңкіл, еңкіл, еңкіл құрт
Еңкіл басты қара құрт


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет