Үйде оқытылатын балалар



бет30/78
Дата25.03.2024
өлшемі6.75 Mb.
#496419
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   78
Үйде оқыту нұсқаулық (pdf.io) (1)

Тақырыптың атауы

Сағат саны

7-8сыныптардағы алгебра курсын қайталау

2

І тарау. Теңдеулер, теңсіздіктер және олардың жүйелері

12

1.

Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу. Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеу

2

2.

Екі айнымалысы бар теңдеулер жүйесі. Теңдеулер жүйесі арқылы мәтінді есептерді шығару.

3

3.

Бір айнымалысы бар сызықтық емес теңсіздіктер жүйесі.

3

4.

Екі айнымалысы бар теңсіздік. Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңсіздіктер жүйесі.

3




Бақылау жұмысы

1

ІІ тарау.Сандар тізбегі

13

5.

Сандар тізбегі және оның берілу тәсілдері

2

6.

Арифметикалық прогрессия. Арифметикалық прогрессияның п-ші мүшесінің формуласы. Арифметикалық прогрессияның алғашқы п мүшесінің қосындысының формуласы

4

7.

Геометриялық прогрессия. Геометриялық прогрессияның п-ші мүшесінің формуласы. Геометриялық прогрессияның алғашқы п мүшесінің қосындысының формуласы.

4

8.

Шексіз кемімелі геометриялық прогрессия мүшелерінің қосындысының формуласы.

2




Бақылау жұмысы

1

ІІІ тарау.Тригонометрия элементтері

28

9.

Бұрыш пен доғаның градустық және радиандық өлшемдері

2

10.

Кез келген бұрыштың тригонометриялық функциялары. Тригонометриялық

3

73







функциялардың қасиеттері




11.

Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктер. Өрнектерді түрлендіруде негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктерді қолдану

4

12.

Келтіру формулалары

4

13.

Қосу формулалары

3

14.

Тригонометриялық функциялардың қосбұрышы және жартыбұрышының формулалары.

4

15.

Тригонометриялық функциялардың қосындысы мен айрымын көбейтіндіге түрлендіру формулалары. Тригонометриялық функциялардың көбейтіндісін қосындысы немесе айрымға түрлендіру формулалары

3

16.

Құрамында тригонометриялық функциялары бар өрнектерді түрлендіру

4




Бақылау жұмысы

1

ІV тарау. Ықтималдықтар теориясының элементтері және математикалық статистика

2

17.

Ықтималдықтар теориясының негізгі ұғымдары және математикалық статистика. Ықтималдықтың түрлері. Ықтималдықтарды табудың тәсілдері

1

18.

Статистикалық мәліметтерді кескіндеу. Статистикалық мәліметтердің сандық сипаттамалары

1

5-9-сыныптардағы математика курсын қайталау

11

Барлығы

68


9-сынып, Геометрия
9-сынып геометрия курсы оқылатын материалдың теориялық маңыздылығының, дедукциялық рөлінің және қарастырылатын объектілердің абстракциялық дәрежесінің артуымен сипатталады.
9-сынып оқушылардың білім қоры векторлық-координаталық әдіс және түрлендірулер (қозғалыс және ұқсастық) әдісі сияқты геометриялық фигуралардың қасиеттерін игерудің жаңа әдістерімен толықтырылады, сонымен қатар стереометрия элементтерімен танысады.
Практикалық мазмұнды мысалдарды қарастыру оқушылардың геометриялық формалар мен қоршаған әлемдегі қатынастарды айыра білу және оларды геометрия тілімен суреттей білу біліктігін дамытады.
Геометрияны оқыту үдерісінде жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық циклдегі оқу пәндерімен пәнаралық байланыстар жүзеге асырылады.

27-кесте. 9-сынып геометрия курсын үлгілік тақырыптық жоспарлау аптасына 1 сағат





Оқу материалының мазмұны

Сағат саны

1. 8-сынып геометрия курсын қайталау

2

2. Жазықтықтағы векторлар

9

1

Вектор ұғымы. Коллинеар векторлар. Вектордың ұзындығы (модулі) және бағыты. Векторлардың теңдігі.

1

2

Векторларды қосу және оның қасиеттері. Векторларды азайту.

1

3

Векторды санға көбейту. Векторлардың коллинеарлық критерийі. Векторды санға көбейтудің қасиеттері.

1

4

Жазықтықтағы векторды екі коллинеар емес векторлар бойынша жіктеу.

1

5

Тікбұрышты координаталар жүйесіндегі векторлар. Вектордың координаталары.

1

74




6

Векторлардың арасындағы бұрыш. Вектордың координаталық осьтердегі проекциялары.

1

7

Векторлардың скалярлық көбейтіндісі.

1

8

Тікбұрышты координаталар жүйесінде түзудің әртүрлі берілу тәсілдері.

1




Бақылау жұмысы.

1

3. Жазықтықтағы түрлендірулер

6

1

Жазықтықты түрлендіру. Қозғалыс және оның қасиеттері. Фигуралардың теңдігі және оның қасиеттері.

1

2

Жазықтықтағы қозғалыстар – осьтік және центрлік симметриялар, параллель көшіру, бұру.

1

3

Гомотетия. Ұқсастық түрлендіру және оның қасиеттері. Ұқсас фигуралар.

1

4

Үшбұрыштар ұқсастығының белгілері.

1

5

Тікбұрышты үшбұрыштардың ұқсастығы.

1




Бақылау жұмысы.

1

4. Көпбұрыштар

7

1

Сынық сызық. Дөңес көпбұрыштар. Дөңес көпбұрыштың бұрыштарының қосындысы.

1

2

Шеңберге іштей сызылған бұрыштар және олардың қасиеттері.

1

3

Шеңбердің хордалары мен қиюшы кесінділерінің пропорционалдығы туралы теорема.

1

4

Шеңберге іштей және сырттай сызылған төртбұрыштар.

1

5

Дұрыс көпбұрыштар. Іштей және сырттай сызылған шеңберлердің радиустарын, қабырғаларды, периметрді және ауданды байланыстыратын формулалар.

1

6

Дұрыс көпбұрыштарды салу.

1




Бақылау жұмысы.

1

5. Үшбұрыштарды шешу

4

1

Синустар және косинустар теоремалары.

1

2

Үшбұрыштарды шешу.

1

3

Геометриялық және практикалық мазмұнды есептерді шешуде тригонометрияны қолдану.

1




Бақылау жұмысы..

1

6. Шеңбердің ұзындығы және дөңгелектің ауданы

3

1

Шеңбердің ұзындығы. π саны. Шеңбердің доғасының ұзындығы. Бұрыштың радиандық өлшемі.

1

2

Дөңгелектің және оның бөліктерінің (сегменттің және сектордың) ауданы.

1




Бақылау жұмысы..

1

7. Қайталау. Есептер шығару

3

Барлығы

34


9-сынып, Информатика
Ақпарат және ақпараттық үдерістер (1 сағат): компьютерлік желілерде ақпараттық қауіпсіздік, ақпаратты қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы.
Компьютер – ақпаратты өңдеу құралы (1 сағат): қазіргі заманғы программалық қамтамасыз етулер және оның даму үрдісі, қызметтік программалар.
Алгоритмдеу және программалау (8 сағат): файл және оны баптау, құрылымдық мәліметтер; салынған циклдер; массив туралы түсінік, массивтерді өңдейтін стандартты алгоритмдер; символдық жолдар, символдар бойынша жолдарды өндеу, символдық жолдармен жұмыс істеуге арналған
75
функция.
Ақпараттық модельдеу (2 сағат): компьютерлік модельдеу, есептеу эксперименті, программалау тілі арқылы модельдер жасау.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (4 сағат): деректер қоры, деректер қорының құрылымы, деректер қорының кестесі; жазулар, жиектер, деректер типі; кестелік процессор құралдарымен деректер қорының кестесін құру, іздеу амалдары, сұрыптау, қорытынды мәнің шығару; видео ақпаратты өндеу, видео файлдардың пішімі, видеоны құру және өңдеу бойынша программалары, программа интерфейсі; жобаны құру, ашу, сақтау; видео монтажы, анимациялар және визаулды әсерлер, дыбыстық әсерлерді баптау, бейнені шығару; фильмді көрсету.
Жобалық іс-әрекет (1 сағат).

76

4. «Жаратылыстану» білім саласының оқу бағдарламалары бойынша балаларды үйде оқыту ерекшеліктері



Білім алушылардың ғылыми дүниетанымдық көзқарастарын, жоғары адамгершілік қасиеттерін және тәжірибелік дайындықтарын қалыптастыруда «Жаратылыстану» білім саласы пәндеріне ерекше орын беріледі. Аталған міндеттерді шешу тәсілдерінің бірі – білім алушылардың өзіндік жұмысын белсендендіруді тәжірибеге енгізу, себебі бұл балалардың оқу жұмысындағы ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасайды,
Қазіргі кезде денсаулық мүмкіндігінің шектеулігіне байланысты үйде оқитын балалар барлық дерлік мектепте бар. Үйде оқудың бір себебі – баланың түрлі себептермен шағын жарақат алуы, бұндай жағдайда бала біраз уақыттан кейін оқуын мектепте жалғастырады. Ерекше диагнозы бар, сонымен қатар мүгедек балалар үйде оқуға мәжбүр, бұл жағдайда олардың сыртқы ортамен байланыс жасауын қамтамасыз ету ата-аналары және мұғалімдер арқылы жүреді.
Білім алушының психологиялық-дене қызметі дамуының және мүмкіндіктерінің ерекшеліктеріне байланысты, үйде білім беру процесін ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктері:
- баланың жеке ерекшелігіне бейімделген оқыту жүйесі (уақыты, екпіні, сипаты);
- мұғалім мен білім алушының психологиялық деңгейдегі байланысын құру;
- білім алушымен өткізілетін сабақтардың көпнұсқалы болуын ұйымдастыру, яғни сабақтардың білім беру ұйымында, үйде және құрамдастырылып (мектепте-үйде) өткізілуі;
- оқу жоспарының икемділігі, яғни оқу жоспарын таңдау психологиялық-медициналық-педагогикалық ұсыныстар негізінде ата-аналармен бірлесе отырып жүзеге асырылады;
- білім берудің заманауи құралдарын қолдану (компьютер).
Оқу процесін дұрыс ұйымдастыру әр білім алушының «Жаратылыстану» білім саласы пәндерін зерделеуге дайындығына, сонымен қатар оның үйрену/оқу деңгейіне тікелей байланысты. Білім алушылар жаңа материалды меңгеруге және тиімді оқуға әр түрлі дайындалған. Олардың дайындық деңгейінің тұлғалық ерекшеліктерін келесі көрсеткіштер арқылы қадағалауға болады:
- оқу біліктері;
- оның үйренушілік немесе білім алушылық – ақыл қабілеті (сонымен қатар креативтілігі);
- танымдық қызығушылығы;
- үйренушілік немесе білім алушылық қабілеті – бағдарламалық, сонымен қатар бағдарламадан тыс білім мен біліктерден құралады.
«Жаратылыстану» білім саласы пәндерінің оқу бағдарламалары табиғаттағы процестер және адам іс-әрекеті туралы білімді қамтиды. Пәндердің
77
мазмұнын анықтау барасында мұғалім үйде оқитын білім алушының жас және психологиялық ерекшелігін және келесі жағдайларды:
- негізгі орта білім деңгейіндегі білім алушының пәнге қызығушылығы көріне бастайды. Пән мұғалімі сабақтарда бұл ерекшелікті есепке ала отырып, курстың мазмұнын айқын, көрнекі, қызықты ұсыну үшін табиғаттың, қоршаған ортаның құбылыстарын, саяхатшылар мен ғалымдардың ашқан жаңалықтары мен зерттеулерінің нәтижелерін;
- мұғалім әңгімелеу, түсіндіру, эвристикалық әңгімелеу әдістерін, оқытудың көрнекілік және практикалық тәсілдерін;
- жас ерекшелігіне қарай ойын, саяхат технологиясы элементтерін;
- проблемалық оқыту технологиясын, жобалау технологиясын, интерактивті оқыту технологиясы әдістерін;
- оқулықтың мәтіндік және мәтінен тыс компоненттерін, карталарды, пәнге қатысты түрлі жиынтықтарды қолдануды және білім алушының денсаулық жағдайына байланысты танымдық қызығушылығын төмендетпеу үшін тапсырмалар мөлшерін есепке алуы тиіс.
Жеке оқыту технологиясының теориясы педагогикалық негізге сүйенеді, осыған байланысты білім алушының үйренушілік деңгейі бойынша ақыл-ой ерекшелігі, оқу материалының белгілі көлемін меңгеру үшін қажетті уақытқа сәйкестендіріледі. Егер әр білім алушының жеке мүмкіндіктері мен қабілетіне сәйкес материалды тиімді меңгеруі үшін қажетті уақыт берілетін болса, бұндай жағдайда мектеп бағдарламасымен қарастырылған базалық білімді меңгеру мүмкіндігі артады. Жеке оқыту барысындағы мектеп бағдарламасын меңгеруді бірнеше деңгейге бөлуге болады, мысалы:
- бірінші деңгей – ең төмен немесе минималды білім мазмұны; - екінші деңгей – базалық мазмұн;
- үшінші деңгей – вариативті немесе шығармашыл.
Оқыту процесі барысында мазмұн деңгейі өзгеруі мүмкін. Пән мұғалімдері білім алушы оқудың нақты кезеңінде өзінің интеллектуалдық қабілеттері мен мүмкіндіктерін барынша қолдана алуын жүзеге асыруына жағдай жасауы, сонымен бірге қолжетімділік принципін сақтауы тиіс. Аталған педагогикалық технологияның негізгі принциптері ретінде келесі шарттарды атауға болады: артықшылық (мысалы, бір тапсырманы орындау қиындық тудырса, басқа тапсырманы орындау жеңілірек болуы мүмкін, яғни баланың қызығушылығын тудыратын тапсырма беру); дарындылық (барлық бала дарынды, яғни баланың бойындағы дарынды анықтау қажет).
Осылайша, «Жаратылыстану» білім саласы пәндерінің мұғалімдері білім алушының оқу материалының мазмұнын ажырату және есте сақтау, оны меңгеруге қойылатын талаптар көлемінде суреттеу, талдаудың бастапқы (қарапайым) дағдысын меңгеру, пайымдау ретін құрастыру білігін анықтайды. Алдын ала қойылған мақсат қарапайым және қолжетімді болуы тиіс. Қолжетімділік негізгі принциптердің бірі ретінде, неғұрлым жоғары деңгейге сүйенуі тиіс, ол танымдық міндеттердің шешімін іздеуде қажетті білім қорын, барлық интеллектуалдық мүмкіндіктер мен қабілеттерді қолдануды қажет етеді. Екінші деңгей – білім алушы оқу материалын есте сақтауы, оның
78
мағынасын түсінуі және оқу жағдаяттарында орынды қолдана білуі тиіс. Бұл деңгейдегі білім алушы мақсатқа жетуге бағытталғандығымен және интеллектуалдық іс-әрекетінің жинақылығымен, жинақтау және талдау жасау дағдысының дамығандығымен ерекшеленеді.
Үшінші деңгей – білім алушы қойылған мақсатты шығармашылықпен орындайды. Ол оқу материалын түсінуі, оны түсіндіруі, таныс және өзгертілген оқу жағдаяттарында қолдана алуы, шығармашылық сипаттағы өздік жұмыстар орындауы тиіс. Бұл деңгейдегі білім алушы аса белсенді, түрлі міндеттерді шешудің тиімді жолдарын іздейді, сонымен қатар бірінші және екінші деңгейдегі білім алушыларға қарағанда материалды тереңірек зерттеуге қабілетті.
Үйде оқыту Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес ұйымдастырылуы тиіс. Сонымен қатар «Жаратылыстану» білім саласы пәндерінен үйде оқытудың күнтізбелік-тақырыптық жоспарын құрастыру барысында пән мұғалімдері негізгі орта білім беру деңгейінің 6-9-сыныптарына арналған типтік оқу бағдарламалары негізге алулары тиіс.
География пәнін оқытудыңмақсатыоқушылардың бойында ғылыми-жаратылыстану білімдерін, табиғат, қоғам және экономиканың жүйелі байланысы жайлы, саналы бірлестігі бар ғажайып ғаламшар ретіндегі Жер туралы түсініктері пен көзқарастарын дамыту. Қазақстан Республикасының әсем табиғаты және экономикасының ерекшеліктері туралы білімдерін қалыптастыру, функционалдық сауаттылықты және жүйелі-кешенді немесе «географиялық» сананы дамыту.
Пәнге оқытудың міндеттері:
1) география ғылымы және Жер туралы серіктес ғылымдардың негізін меңгеру, табиғатқа, оның дамуына, табиғаттың, қоғамның және экономиканың байланысына диалектикалық-материалистік көзқарастың қалыптасуы;
2) табиғат ресурстарын үнемді де тиімді пайдалануға және қоршаған ортаны қорғауға, табиғи және экологиялық жағдайды бағалау мен болжауға қажетті білім мен біліктілікті меңгеру;
3) қазіргі дүниежүзілік дамудың негізгі бағыттарымен, экономиканың және қоғамның дамуы барысында туындайтын жеке бір аймақты, сол сияқты барлық дүние жүзін қамтитын проблемаларды және сұрақтарды оқып-білу;
4) оқу еңбегіне қажетті біліктілік пен дағдыларды қалыптастыру, зерттеушілікке құштарлықты, зейін және байқағыштықты, логикалық ойлауды, есте сақтау қабілетін, сөз шеберлігін және көптілділікті, қиялдау, аумақтық бейнені қалыптастыра білу шеберлігін, қоршаған ортаны эстетикалық тұрғыдан қабылдау, өмірге шығармашылық көзқарасын және өз білімін арттыруға, дамытуға талпынушылықты қалыптастыру;
5) географиялық, саяси, экономикалық, басқа да ғылыми және әдістемелік ақпаратты, карталарды, мерзімді баспасөз басылымдарын, ғаламторды, білім берудің цифрлық ресурстарын қолдана білу дағдыларын дамыту;
6) өз өмірі және әрекеті барысында географиялық білімді тиімді 79
пайдалана білуі үшін білім, дағды және шеберлікті меңгеру;
7) жоғары отансүйгіштік сезімге, Қазақстан Республикасының Конституциясын сыйлауға тәрбиелеу, белсенді өмірлік көзқарас қалыптастыру.
4. Бағдарламада берілген барлық практикалық іс-әрекеттер тәжірибелік дағдыларды дамытушы және қалыптастырушы болып табылады, міндетті түрде бағаланатын практикалық жұмыстар бөліп көрсетілген.
Төмендегі кестелерде қозғалыс қызметі мен дене қалпының бұзылуына байланысты білім алушыны үйде оқытуға арналған жаратылыстану, география, биология, физика және химия пәндерінің үлгілік күнтізбелік-тақырыптық жоспарларын ұсынамыз. Мысалы, «География» оқу пәнінен 6-сыныпта 0,5 сағат апталық жүктеме берілген жағдайда (оқу жылында 17 сағат), пәннің базалық білім мазмұнын қамтуды ұйымдастыру жолы үлгі ретінде төменде көрсетілген.

28-кесте.Оқу материалын тақырыптық жоспарлау жобасы (6-сынып)







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет