Бөлімдер, оқуға ұсынылатын тақырыптар/базалық білім мазмұны
|
Сағат саны
|
Кіріспе Алғашқы химиялық ұғымдар
|
1
|
Химия – заттар туралы жаратылыстану ғылымдарының бір саласы, химия ғылымының пайда болуы, дамуы және маңызы туралы қысқаша тарихи мәліметтер
|
4
|
2
|
Атомдар және молекулалар, атом-молекулалық ілім және оның маңызы. Химиялық элементтер, олардың атаулары, таңбалары
|
3
|
Металдар және бейметалдар туралы түсінік (химиялық элементер және жай заттар)
|
4
|
Химиялық реакциялар, олардың жүру белгілері және жағдайлары. Химиялық реакциялардың теңдеулері, зат массасының сақталу заңы, химиялық реакциялардың типтері:қосылу, айырылу, орынбасу, алмасу
|
Атомның құрылысы. Д.И Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық заңы және периодтық жүйесі. Химиялық байланыс
|
5
|
Атомның құрамы және құрылысы, химиялық элементтердің жіктелуі, Д.И. Менделеевтің периодтық заңы, атомдық құрылыс теориясы тұрғысынан Д.И.Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесі
|
3
|
6
|
Химиялық элементтердің электртерістілігі, атомдар арасындағы химиялық байланыстар табиғатының бірлігі
|
7
|
Коваленттік байланыс, полюсті және полюссіз байланыстар, иондық байланыс,металдық байланыс. Заттың аморфты және кристалдық күйлері, кристалл торларының түрлері
|
Ауа. Оттегі. Жану
|
8
|
Химиялық элемент және жай зат, оттектің қасиеттері, алынуы және қолданылуы; жану және баяу тотығу, оксидтер Атмосфералық ауа – газдар қоспасы, заттардың ауада жануы
|
2
|
86
9
|
Экзотермиялық және эндотермиялық реакциялар, реакциялардың жылу эффектісі, термохимиялық теңдеулер
|
|
Сутегі «Тотығу-тотықсыздану реакциялары»
|
10
|
Сутек – химиялық элемент және жай зат, сутектің қасиеттері, қолданылуы және алынуы
|
2
|
11
|
Химиялық элементтердің тотығу дәрежелері, формулалары бойынша қосылыстардағы химиялық элементтердің тотығу дәрежелерін анықтау
|
|
Су. Ерітінділер
|
12
|
Судың құрамы, қасиеттері және қолданылуы, табиғаттағы су, су – табиғи әмбебап еріткіш. Ерітінділер концентрацияларының түрлері, еріген заттың массалық үлесі және мольдік концентрация, қатты заттардың, сұйықтардың және газдардың суда ерігіштігі, кристаллогидраттар
|
2
|
14
|
Судың тірі организмдер үшін маңызы, су және ерітінділердің табиғаттағы, өндірістің түрлі салаларындағы маңызы
|
|
Бейорганикалық заттардың негізгі кластары
|
15
|
Жай және күрделі бейорганикалық заттардың жіктелуі, металдар және бейметалдар, сілтілік металдар және галогендер, химиялық элементтер және жай затта
|
3
|
16
|
Натрий және оның маңызды қосылыстары, қасиеттері, алынуы және қолданылуы. Хлор және оның маңызды қосылыстары, қасиеттері, алынуы және қолданылуы
|
|
17
|
Сілтілік металдар, галогендер және олардың қосылыстарының биологиялық рөлдері. Оксидтер. Қышқылдар Негіздер. Тұздар
|
|
Денсаулығына байланысты жалпы білім беру мекемелеріне бара алмайтын балаларды үйде жеке оқытуды ұйымдастыруға арналғанорта білім беру деңгейінің «Физика» пәнінің оқу бағдарламасы 7-9-сыныптарда оқытылады.
«Физика» курсын 7-9 сыныптарда оқытудың мақсаты – оқушылардың ғылыми дүниетанымының негіздерін, танымдық қызығушылығын, сын тұрғысынан ойлауын, зияткерлік және шығармашылық қабілетін қалыптастыру, физиканың негiзгi заңдарымен танысудан, табиғаттың құбылысын зерттеуден меңгерген білімі және білігін техникада және күнделiктi өмiрде пайдалана білу.
Осы мақсатқа жету үшін мынандай міндеттерді шешу қамтамасыз етедi: 1) қазіргі заманғы әлемнің физикалық бейнесінің негізін беретін
физикалық құбылыстар, ұғымдар, заңдылықтар және теориялық қорытынды туралы білімдерді, табиғаттың ғылыми таным әдістері туралы білімдерді, құбылыстарды бақылау, эксперименттік тапсырмаларды орындау, болжау және жобалауды жүзеге асыру біліктілігін меңгерту;
2) физикалық экспериментті орындау дағдысын, зерттеушілік қабiлетін, өмірлік, тәжірибеде мәні бар есептерді шешу үшін игерген білім және білігін қолдану үдерісінде танымдық қызығушылығын, зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту;
3) оқу және зерттеу жұмысына жауапкершілікпен қарау, қоршаған ортаны қорғау және табиғат құндылықтарын тиімді пайдалану, қоғам және адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, базалық білім негізінде экономикалық және саяси, әлеуметтік, мәдени қызметтерге ат салысу
87
дағдысына тәрбиелеу.
Физика» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
1) 7 сыныпта – аптасына 0,5 сағатты, оқу жылында 17 сағатты; 2) 8 сыныпта – аптасына 0,5 сағатты, оқу жылында 17 сағатты;
3) 9 сыныпта – аптасына 0,5 сағатты, оқу жылында 17 сағатты құрайды. 7-9 сыныптарға арналған «Физика» оқулығының базалық оқу
материалының мазмұны толық сақталды, яғни физиканың барлық бөлімдерін қамтиды, оқушылардың негізгі игерген білімдерін тәжірибеде көбірек қолдануға бағытталған және қазіргі қоғамда өмірлік жағдаяттарға бейімделуге негізделеді. Осыған байланысты оқытылатын тақырыптардың уақыты азайды.
Төмендегі кестелерде «Физика» оқу пәнінің үлгілік күнтізбелік тақырыптық жоспарлары берілген.
31-кесте. «Физика» оқу пәнінің 7-сыныпқа арналған күнтізбелік тақырыптық жоспары
Достарыңызбен бөлісу: |