-сурет. Ұзақ жаншылу кезіндегі аяқтың көрінісі.
Патогенезі:
Бұл сырқат негізінен бұлшық еттердің ұзақ уақыт қысылуы кезінде, «жгут салынған» кезінде жергілікті қан айналысының, зат алмасудың, қоректенудің бұзылып, жедел қоректік тапшылыққа (ишемия) соқтырады. Зақымдалған бұлшық ет тіні 75 % миоглобин, 70% — креатинин, 66% — калий, 75 % фосфор жоғалтатыны анықталған. Қысылудан босатқаннан кейін, бүл заттар қан айналымға түсіп, ацидоз, гемодинамикалық және т.б ауыр бұзылыстарды шақырады.
Ағзада, денеде миоглобинемия, миоглобинурия, өте күшті қышқылдану (ацидоз) басталады. Қанның pH – ортасы төмендейді, ал зәрде – қышқылды реакция басым болады. Жайылған қышқылдану кезінде миоглобин бүйрек сүзгішіне улы әсер тигізеді. Гиперкалиемия басталады, содан калийлік улану жалғасады.
Клиникалық белгілері:
Жедел науқас жағдайының тежелуі;
Тәбеттің төмендеуі;
Қанның қоюлығы артады (гемоконцентрация);
Гематокрит көрсеткіші (плазма азайып, қан түйіршіктері көбейеді) артады;
Қан сұйылуы (гемодилюция), зәрде – белок (протеинурия), эритроциттер (эритроцитурия), т.б. заттар кездеседі;
Зәрдің тәуліктік мөлшері (диурез) төмендейді. Олигоурия не анурия байқалады;
Қанда азот қалдығының көбеюі, зәрдегі азот қалдығының санын анықтау өте пайдалы әдіс (500 – 600 мг%) болып саналады;
Гиперкалиемия және басқа элементтердің бұзылуы (магний, натрий, т.б.);
Жаншылудан босатылған аяқ-қол өте ісінген, тіндері тығыз, терісі керілген, кейде қола түстес болып келеді, теріде кейде көпіршіктер пайда болады.
Алғашқы медициналық көмек:
ЭЛЕКТР ТОҒЫМЕН ЖАРАҚАТТАНУ
Электрожарақат - электр тоғының адам ағзасына өтуі нәтижесі. Электрожарақат ОЖЖ, жүрек-тамыр және тыныс алу жүйелерінде терең функционалды өзгерістерді, сонымен қатар жергілікті өзгерістерді тудырады.
Найзағаймен жарақаттану - күшті электрлік разрядпен негізделген, сонымен қатар ауаның соққы тасқынымен, ол адамды бірнеше метрге лақтырып жіберуі мүмкін және ми шайқалуының, сүйектер сынуының себебі болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |