Жедел жіті дамитын және өмipгe қaуiп төндіретін жағдай. Ол ауыр механикалық жарақаттың ағзаға әсер етуі нәтижесінен дамиды



бет7/10
Дата07.12.2023
өлшемі48.11 Kb.
#485796
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Печать книги

Білек сүйектерінің сынығы
Білек сүйектерінің сынығы балалардағы қол-аяқ сынықтарының ішінде ең жиі кездесетін сынықтарына жатады. Мұндай сынықтар қолды созып құлағанда, соққы күші тура әсері еткенде туындайды.
Шыбық сүйегінің жоғарғы бөлігінің сынығы.
Балаларда шыбық сүйегінің жоғарғы (проксимальды) бөлігінде жиі мойын аймағы сынып, көбінесе сынық жазығы көлденең жүреді немесе метафиздің бір бөлігін қамтиды. Сондықтан оларды эпифизеолиз, немесе остеоэпифизеолиз деп атайды
Клиникасы және диагностикасы. Шыбық сүйегінің мойны сынған жағдайда осы аймақта ауырсыну, ісік байқалады. Супинация және пронация кезінде ауырсыну болады немесе ондай қимылдарды бала жасай алмайды. Білекті бүгу және жазу қимылдары шектелмейді. Диагноз рентгенографиядан кейін қойылады.
Шынтақ сүйегінің сынуы. Шынтақ сүйегінің білек өсіндісі көбінесе үлкен жастағы балаларда кездеседі. Мұндай сынық тікелей шынтақ сүйегіне білек өсіндісіне тиетін соққыдан туындайды.
Клиникалық көрінісі сүйек сынықтарының ығысуының бар- жоқтығына байланысты болады. Үлкен ығысу кезінде шеткі байламдар үзіліп, шынтақ сүйегінің білек өсіндісі бұлшық еттердің тартуының әсерінен жоғары қарай жылжиды.
Білек сүйектерінің диафиздерінің сынуы
Клиникасы және диагностикасы. Білек сүйектерінің диафиздерінің сынықтары толық ығысса, сынған жер ауырады, білекті қимылдату шектеледі, деформация пайда болады.
Балаларда сүйек қабы астындағы «жасыл шыбық» тәріздес сынықтар жиі кездеседі де клиникалық көрінісі аз болады. Сондықтан, мұндай сынық диагнозы рентгенографиядан кейін қойылады. Егер сынық уақытында анықталмаса сүйек сынықтары дұрыс бітпеуінен білектің қисаюы туындайды.
Шынтақ сүйегінің диафизінің жеке сынуы сирек кездеседі. Шынтақ сүйегінің жоғары үштен бір бөлігінің сынуы, шыбық сүйегінің дөңгелек басының шығуымен қатар жүреді. Оны Монтеджи сынығы деп атайды. Мұндай зақымдану дер кезінде анықталмай, шыбық сүйегінің шыққан дөңгелек басы орнына келтірілмесе, шынтақ буынында қимыл- қозғалысының шектеулілігі пайда болады. Монтеджи сынығын уақытында анықтау үшін шынтақ буынының рентгенограммасында иық-шыбық буындарына және Смит пен Гинзбруг сызықтарын жүргізіп оларға көңіл аударылуы қажет.
Шыбық сүйегінің эпифизеолизі мен остеоэпифизиолизі ең жиі кездесетін сынықтар қатарына жатады. Бұл эпифизеолиз кезінде өсу шеміршегі зақымдану танғандықтан шыбық сүйегінің өсуі тоқтап, Маделунге деформациясы туындайды.
Клиникасы және диагностикасы. Шыбық сүйегінің эпифизеолизі, остеоэпифизиолизі кезінде сынған жер ауырсынады, сүйек ығысқан жағдайда «істік» («штык») тәріздес деформация пайда болады. Диагноз рентгенгенографиядан кейін қойылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет