1. ТАҚЫРЫБЫ №2, 3 Жүрек ырғағы және өткізгіштік бұзылыстары.Кенеттен өлім. 2. МАҚСАТЫ Жедел медициналық жәрдем беру жағдайында өмірге қауіпті жүрек ырғағы және өткізгіштік бұзылыстарының ЭКГ диагностикасымен студенттерді таныстыру. Ауруханаға дейінгі кезеңдегі жүрек ырғағы және өткізгіштік бұзылыстарындағы электроимпульсті терапия қолдануды зерттеу. Клиникалық өлім белгілерімен, тірілту әдістерімен студенттерді таныстыру. Ересек адамдар мен балалардағы жүрек қызметінің тоқтауы түрлерін, өлім дамуының кезеңін және критериін, клиникалық өлім жағдайында науқастардың жүрек қызметін қалпына келтіру әдістерін, жүректің жабық массажына көрсеткіштерін, ауруханаға дейінгі кезеңдегі электрикалық және медикаментозды дефибриляция әдістерін зерттеу.
3. ОҚЫТУ МІНДЕТТЕРІ Электроимпульсті емдеу әдістерімен студенттерді таныстыру: ауруханаға дейінгі кезеңдегі дефибрилляция, ӨАЖС, кардиостимуляция.
Жүрекше тыпыры, жыбыры кезіндегі жедел көмек көрсету алгоритмімен студенттерді таныстыру.
Пароксизмальды тахикардия (қарыншалық және қарыншаүстілік) кезіндегі жедел көмек көрсету алгоритмімен студенттерді таныстыру.
Морганьи-Адамса-Стокс синдромы, оның этиопатогенезі, клиникасы, диагностикасы, жедел көмек көрсету алгоритмімен студенттерді таныстыру.