Ситуациялық есептер
1. Науқас 59 жаста. Алғаш рет жүрек тұсындағы сыққан ауыру сезім, ауыру сезім 40 созылуы, аралас түрдегі ентігу,өлімге деген үрей, айқын әлсіздік. Жағдайы өте ауыр. Науқас тұрқы басын көтерген мәжбүр қалыпта.Терісі бозғылт, ылғалды. ЖСЖ 120 рет. мин,АҚҚ 90/70 мм сб. ЭКГ - III, avF шықпада ST сегменті изосызықтан жоғары, QRS кешені 0,09 сек.. Науқаста негізгі ауруға қандай асқынулар қосарланды?
A.кардиогенді шок;
B. қарыншалық пароксизмальды тахикардия;
C. тромбоэндокардит;
D. миокарда жыртылуы;
E. пароксизмальды қарыншаүстілік тахикардия.
2. Науқас 34 жаста диффузды токсикалық зобпен ауырады, жүрек соғысы жиілеп, ентігу пайда болған. Жүрек тондары қатты, ритм дұрыс емес. Жүрек түрткісінде қысқарған систолалық шу. ЖСЖ – 1мин 198 рет, пульс - 1мин 78 рет, аритмді. АҚҚ 80/50 мм.сб. ЭКГ да: R-R- әртүрлі, QRS кешені 0,11, f толқыны II,III av F, V1; Р тісшесі жоқ. Науқаста қандай ритмдік бұзылыс бар?
А. пароксизмальды тахикардия AV-түйінде;
В. қарыншалық экстрасистолия, аритмиялық шок;
С. жүрекшенің экстрасистолиясы;
D. жүрекшенің тыпыры;
E. жүрекшенің жыбыры.
3. 26-жастағы әйел жүректің қатты қағуына шағымданып жедел медициналық жәрдем шақырған. Анамнезінде осындай ұстамалар болған. АҚҚ 90/70 мм.сб. (жұмыстық АҚҚ 120/80.. ЭКГ-да: ЖСЖ шамамен 200 рет минутына, Р тісшесі анықталмайды, QRS кешені, ST сегменті және Т тісшесі өзгеріссіз. Ең негізгі диагноз?
А. суправентрикулярлы пароксизмальды тахикардия;
В. қарыншалық пароксизмальды тахикардия;
С. жыпылықтаушы пароксизмальды аритмия, аритмиялық шок;
D. синусты тахикардия;
E. WPW синдромы, А типі, аритмиялық шок.
4. 63 жастағы ер адама кеуде тұсындағы ауыру сезіміне, ентігуге шағымданады. Қарап тексергенде тері түсі бозғылт, ылғалды. Жүрек тондары әлсіз. АҚҚ 85/60 мм сб, ЭКГ – ЖСЖ 108рет мин., I, II, avL әкетулерде ST сегменті жоғарлаған, V1-V4 -де 5 мм, QRS кешені 0,09 сек. Ең маңызды қортынды:
А. Артқы қабырға жедел миокард инфаркті, кардиогенді шок;
В. Артқы қабырға жедел миокард инфаркті, пароксизмальды тахикардия;
С. Жедел миокард инфаркті, жүрекше тыпыры;
D. жүрекше фибрилляциясы;
E. Алдыңғы қабырға жедел миокард инфаркті, кардиогенді шок;
Достарыңызбен бөлісу: |